Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 қаңтардағы № 49 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережесi бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы астында теңiз сауда кемелерінің жүзу құқығын берудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы № 1231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 48, 584-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы № 1231 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 наурыздағы № 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 17, 180-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген
Кемелер мен оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеудің ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының (бұдан әрi Заң) негiзiнде әзiрлендi.
2. Ереже мыналарды анықтайды:
1) теңiз кемелерi мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң тәртібі;
2) өзен кемелерi мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң тәртібі;
3) шағын өлшемдi кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудің тәртібі.
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi терминдер қолданылады:
теңiз кемесi - анықтамасы 1978 жылғы 7 шiлдеде Лондонда жасалған Теңiзшілердi даярлау, оларға дипломдар беру және вахта атқару туралы халықаралық конвенцияның 2-бабында көзделген кеме;
шағын өлшемдi кеме - ұзындығы 7 метрден кем, 75 а.к. (55 квт) кем қуатты қозғалтқышы бар және жалпы сыйымдылығы 80 регистрлік тонна, демалыс, серуен немесе суда жүргiзiлетiн басқа жұмыстарға арнайы арналған, жүзетiн құрылыс;
өзi жүзетiн шағын өлшемдi кеме (механикалық қозғалтқышы бар кеме) механикалық қондырғымен қозғалысқа келтiрiлетiн кез келген кеме;
өз бетiмен жүзбейтiн шағын өлшемдi кеме - өздiгiнен қозғалуға арналған механикалық қондырғысы жоқ кеме;
тiркеу нөмiрi - осы Ережемен белгiленген рәсiмге сәйкес мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру кезiнде берiлетiн кеме нөмiрi;
өзен кемесi - кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өзi жүзетiн немесе өз бетiмен жүзбейтiн қалқымалы құрылыс, соның iшiнде аралас (өзен-теңiз) жүзетiн кеме, паром, түбiн тереңдету және түбiн тазарту снарядтары, қалқымалы кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылыс;
кеме қатынасы - iшкi су жолдарында жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүк пен почтаны кемемен тасымалдау, қалқымалы объектiлердi сүйреу, пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру, балық және басқа кәсiпшiлiктер, мұзжарғыштардың лоцмандық алып өтуi, су кеңiстігiн қорғау, құтқару операциялары, түбін тереңдету, гидротехникалық және басқа жол жұмыстары, сондай-ақ басқа шаруашылық, ғылыми және спорт мақсаттары үшiн қолданумен байланысты қызмет;
аралас (өзен-теңiз) жүзетiн кеме - iшкi су жолдарында және теңiз iшкі суларында пайдалануға арналған кеме;
аумақтық уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық көліктік бақылау басқармасы;
кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi.
4. Кемелердi мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу), сондай-ақ олардың мемлекеттік тiркелуiн растайтын құжаттың телнұсқасын алу кезiнде Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептелген алым алынады. Кемелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн бюджетке алым төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Салық кодексi белгiлейдi.
2. Теңiз кемелерi мен оларға құқықтарды
мемлекеттік тiркеу тәртібі
5. Теңiз кемесi (бұдан әрi - кеме) Қазақстан Республикасы теңiз порттарының біріндегі Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе бербоут-чартер тiзiлiмiнде тiркелуге жатады.
Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы киль салынған немесе сарапшының қорытындыларымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстары жүргiзiлген жағдайда салынып жатқан кемелер тiркелiмiнде мемлекеттік тiркелуi мүмкiн.
6. Шетел мемлекетiнiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген кеме Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында ол шетел мемлекетінің кемелер тiзiлiмiнен шыққаннан кейін ғана және кеменiң мұндай тiзiлiмнен шыққандығын куәландыратын құжат көрсетілгеннен кейiн ғана тіркеліне алады.
7. Кеменi бербоут-чартерлiк тiзiлiмге бербоут-чартер шартында мемлекеттік тiркеудің алдында қазақстандық кеме жалдаушы уәкiлеттi органнан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында уақытша жүзу құқығын беру туралы рұқсат алуы тиiс.
8. Кеменi:
1) Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне енгізу теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiктi (1-қосымша) және кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi (2-қосымша) берумен куәландырылады;
2) кеме кiтабына енгізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беретiн және кемеге меншiк құқығының айғағы болатын кеме билетiн (3-қосымша) берумен куәландырылады;
3) бербоут-чартерлiк тiзiлiмге енгізу бербоут-чартерлiк шартта жалдап алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен уақытша жүзу құқығын беру туралы куәлiктi (4-қосымша) берумен куәландырылады;
4) жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiне енгізу кемеге (жасалынып жатқан кемеге) (5-қосымша) құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы куәліктi берумен куәландырылады.
9. Кемелердi, оның iшiнде жасалынып жатқан кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудi және осы Ереженің 8-тармағында көрсетiлген құжаттарды берудi порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
10. Егер қазақстандық кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан белгiленген тәртiппен шығарылмаған болса, онда оның шетел мемлекетінiң кеме тiзiлiмiнде тiркелуi заңды күшiнде болмайды.
11. Тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу үшiн қажеттi және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жауап беретiн, қабылдап алынуы кезiнде порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң лауазымдық тұлғасы кiрiс құжаттарын есепке алу кітабына тиiстi жазу енгiзетiн құжаттарды қабылдау. Ұсынылатын құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген кезде немесе олар жеткiлiксiз болса, өтiнiш берушіден құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтiнiш берушiнің талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тарту туралы дәлелденген жазбаша растама берiледi.
Өтiнiш берушiге құжаттардың тiзбесімен қоса тiркеуге алынғандығына, сондай-ақ олардың тапсырылған күнi көрсетілген қолхат берiледi. Қолхат құжаттардың тiркеуге қабылданғандығын растайды;
2) осы кемеге туындап отырған құқықтар мен тiркелiп қойған құқықтар арасында қарама-қайшылықтардың, сондай-ақ тiркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру үшiн негiздiң жоқтығын анықтау;
3) көрсетiлген қарама-қайшылықтар мен тiркеуден бас тартудың немесе тоқтата тұрудың басқа да негiздерi болмаған жағдайда Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне, кеме кiтабына және бербоут-чартерлiк тiзілімге жазбаларды енгізу;
4) тiркеудi растайтын құжаттарды беру.
12. Кеменi меншiк құқығында алған кез келген тұлға отыз күннің iшiнде Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына кеменiң өзiн және оған меншiк құқығын тiркеуге тиiс.
Кеменi бербоут-чартерлiк шартта пайдаланатын кез келген тұлға отыз күннің iшiнде оны бербоут-чартерлiк тiзілімде тiркеуге тиiс.
Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш мынадай құжаттар қоса берiлген кеме тiзiлiмiнiң сауалнамасын (6-қосымша) қамтуы тиiс:
кемеге меншiк құқығын растайтын құжаттан;
өлшем куәлiгiнен;
кеменi мемлекеттік тiркегенi үшiн бюджетке алым сомасының төленгендiгiн растайтын құжаттан;
білiктiлік куәлiгiнен;
шетел мемлекетiнің кемесi осы мемлекеттің жалауы ауыстырылғанға дейiн тікелей тіркелген тiзiлiмнен алынып тасталғанын және ипотекамен жүктелмегендiгiн растайтын құжаттан;
жолаушылар куәлiгiнен (жолаушылар кемесi үшiн).
Кеменi бербоут-чартерлiк шартта бербоут-чартерлiк тiзiлiмде тiркеу кезiнде осы тармақтың 4-9-абзацтарында көрсетiлген құжаттардан басқа мынадай құжаттар ұсынылады:
уәкiлеттi органның шетелдiк кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменің атын анықтау туралы шешiмi;
бербоут-чартер;
туы ауысқанға дейiн кеме тiкелей тiркелген шетелдiк мемлекеттің құзыреттi билiк орындары берген сол мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзiмiне тоқтатылғанын растайтын құжат;
кеме иесінiң және кеменің тiркелген ипотекасын немесе оған ауыртпалығын кепiлге ұстаушының кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге көшiруге жазбаша рұқсаты;
бербоут-чартер бойынша кеменi жалдаушының аты-жөнi мен мекен-жайын растайтын құжат.
Жасалынып жатқан кемеге құқықтарды тiркеу құқық иесiнің немесе ол (олар) уәкiлеттiк берген тұлғаның тиiстi дәрежеде ресiмделген сенiмхаты болған жағдайда оның өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi, оған кеме құрылысы фактiсiн растайтын құжаттар, атап айтқанда:
кеме жасауға арналған шарт;
кеменi жасаушы ұйымның киль салынғандығы туралы жазбаша растамасы немесе тең бағалы құрылыс жұмыстарының жүргiзiлгенiн растайтын сарапшының қорытындысы қоса берiледi.
Кемелер мен оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне, кеме кiтабына, бербоут-чартер тiзiлiмiне және жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiне мемлекеттік тiркеу кезiнде осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген, тиiстi тiркеу нөмiрлерi берiлген құжаттар табыс етiледi. Кеме кiтабына енгiзiлген кеменiң тiркеу нөмiрiне "к" әрпi қосылады.
13. Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттік немесе орыс тiлдерiнде жасалған болуы тиiс;
2) ресми шетелдiк құжаттар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде немесе консулдық мекемелерiнде жария етілуі тиiс.
Қажет болған жағдайларда қарауға, сондай-ақ соларға қатысты көрсетiлген талаптар орындалған құжаттардың белгiленген тәртiппен расталған көшiрмелерi қабылдануы мүмкiн. Ұсынылатын құжаттар шет тiлінде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегi расталған аудармасы қоса беріледi;
3) құжаттардың мәтiндерi анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылған болуы тиiс;
4) тазаланған немесе үстiнен жазылған, сызылған сөздер мен оларда айтылмаған өзге де түзетулерi бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бірыңғай түсіндiруге мүмкіндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттік тiркеуге қабылдауға жатпайды;
5) тiркеуге қажеттi барлық құжаттар екi данада берiледi, олардың біреуi-түпнұсқа, ал екiншісi нотариалды расталған көшiрме болуы тиiс. Түпнұсқа тiркелгеннен кейiн құқық иесiне қайтарылуы тиiс.
14. Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу барлық қажеттi құжаттар тапсырылған сәттен бастап отыз күннің iшiнде жүргiзіледi.
Егер кеме мемлекеттік тiркеуге жатпаса, бұл туралы мемлекеттік тiркеуге құжаттар берiлген сәттен бастап кеменi ұсынған тұлғаға жетi күннен кешiктiрiлмей жазбаша хабар беріледі.
15. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеуден "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген жағдайларда бас тартылады.
Бас тарту туралы кеменi мемлекеттік тiркеуге ұсынған кеменiң иесiне бас тартудың негiзiн көрсете отырып жазбаша хабар берiледi.
16. Кеменi мемлекеттік тiркеу порты мемлекеттік тiркеу портының теңiз әкімшiлігiне және кеменi мемлекеттік тiркеудiң жаңа портының теңіз әкімшілiгiне жіберілетін кеме иесiнiң өтiнiшi (еркiн нысандағы) негiзiнде өзгертiлуi мүмкiн.
17. Кеменi мемлекеттік тiркеу порты өзгертілген жағдайда кеменi мемлекеттік тiркеудiң бұрынғы портының теңiз әкiмшiлiгi кеменi мемлекеттік тiркеудiң жаңа портының теңiз әкiмшiлiгiне кеме iсiн өткiзедi, бұл туралы Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнiң "Ескерту" бағанына тиiстi жазба енгiзiледi. Кеменi мемлекеттік тiркеу портының алда өзгертiлетiндiгi туралы кеменiң иесi осы сипаттағы кеменің тiркелген ипотекасын немесе өзге де ауыртпалығын кепiлге ұстаушыны хабардар етуi тиiс.
18. Кеме iсiн алған порттың теңiз әкiмшiлiгi кемеге жаңа реттiк тiркеу нөмiрiн бередi және осы Ережеге сәйкес кеменi мемлекеттік тiркеудiң бұрынғы портында жүргiзiлген Мемлекеттік кеме тiзіліміндегі барлық мәлiметтi кеменi мемлекеттік тiркеудiң жаңа портында жүргiзiлетiн Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне енгiзедi.
Кеменi мемлекеттік тiркеудiң жаңа портының теңiз әкiмшiлiгi кеменi тiркеудiң бұрынғы портының теңiз әкiмшiлiгiне кеменi тiркеу рәсiмiнiң аяқталғандығы туралы хабарлауы тиiс. Осы хабарды алысымен, кеменi мемлекеттік тiркеудiң бұрынғы портының теңiз әкiмшiлiгi кеменi мемлекеттік тiркеудiң жаңа портын және кеменiң жаңа реттiк тiркелу нөмiрiн көрсете отырып, Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне жазба енгiзедi.
19. Кеменi мемлекеттік тiркеудiң жаңа портының теңiз әкiмшiлiгiне кеменi мемлекеттік тiркеу портын өзгерту туралы өтiнiшпен бірге кеменiң мемлекеттік тiркелгенi үшiн бюджетке алым сомасының төленгендiгiн растайтын құжат көрсетіледі.
20. Мемлекеттік кеме тiзілімінде немесе кеме кiтабында тiркелген кеменi шетелдiк алдаушының иелiгiне немесе бербоут-чартер бойынша пайдалануға беру кезiнде мұндай кеме тиiстi тiзілімде тiркей отырып және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын тоқтата отырып, уәкілеттi органның шешiмi негiзiнде шетел мемлекетiнің туын көтеріп жүзуге уақытша көшірiлуi мүмкiн.
21. Кеменi шетел мемлекетiнің туын көтеруге көшiру туралы шешiмдi кеме иесiнің немесе ол соған уәкiлеттiк берген тұлғаның мынадай құжаттарды қоса бере отырып, тiркеу портының теңiз әкiмшiлiгi жiберген өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресімделген сенiмхаты болған кезде қабылдайды және құжатты түрде ресімдейді:
1) егер кеменi кепiлдiкке салған жағдайда, ипотеканы кепілдiкке ұстаушының кеменi шетел мемлекетінiң туын көтеруге көшiруге жазбаша келісімi қажет (белгiленген тәртiппен белгіленген және тiркелген кеме ипотекасын ұстаушылар алдын ала қанағаттандырылмаған кезде);
2) кеменi жалдаушы мемлекетінің құзыреттi органдарының немесе кеме туын көтеруге көшiрілетін өзге де шетел мемлекетiнің белгiленген тәртiппен куәландырылған, сол мемлекеттің заңнамасында Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркелген кемеге осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығын беруге тыйым салатын ережелердің жоқтығын және кемеге осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығының берiлу мерзiмi бітiсiмен кеме Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туын көтеруге қайтарылатынын растайтын құжат;
3) шетел мемлекетiнің туын көтеріп жүзу құқығының берiлуiн немесе бұл құқықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығының тоқтаған сәтiнде берiлетiндiгін растайтын құжат;
4) бербоут-чартер.
22. Порттың теңiз әкiмшiлiгi құжаттарды алу кезiнде құжаттардың тiзбесi бар, сондай-ақ олардың тапсырылған күнi көрсетілген қолхат бередi.
23. Бас тартуға негiздер жоқ болған жағдайда осы Ереженің 15-тармағына сәйкес Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында "Ескерту" бағанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығының тоқтаған күнi, кеменi шетел мемлекетiнiң туын көтеруге көшiруге рұқсат етілген мерзiм, туын көтеріп кеменің жүзуiне рұқсат етiлген мемлекеттің аты, бербоут-чартер бойынша шетелдік кеме жалдаушының аты-жөнi мен заңды мекен-жайы көрсетiледi.
24. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына тиiстi белгi енгізiлген күн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын тоқтата тұру күнi болып есептеледi. 8-тармақта көрсетiлген тиiстi куәлiкке белгi енгізу өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
25. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатылған мерзiм iшiнде оның бортында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiк немесе бұл құқықтың тоқтағандығы туралы белгi қойылған кеме билетi болуы тиiс.
26. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатылған мерзiм iшiнде кемеге құқықтарды, шектеулердi (ауыртпалықтарды) осы Ережеге сәйкес Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына тiркеудi жүргiзу жалғастырылады.
27. Бербоут-чартердiң күшi тоқтаған немесе уәкiлетті органның рұқсатында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде Мемлекеттік кеме тiзілiмiне немесе кеме кiтабына "Ескерту" бағанына кеме иесiнiң өтiнiшi негiзiнде тиiстi жазба енгiзіледi және осы Ережеде белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы жаңа куәлiк немесе жаңа кеме билетi беріледi.
28. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi осындай құқықты растайтын және кеме мен оған құқықтар Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркелгенге дейін, бірақ бір жылдан аспайтын уақытқа жарамды кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлiк (бұдан әрi - Уақытша куәлiк) (7-қосымша) берген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын пайдаланады.
29. Уақытша куәлiктi Қазақстан Республикасының консулдық қызметi құқық иесiнiң мынадай құжаттарды қоса берген өтiнiшi негiзінде бередi:
1) сатып алу-сату шарттары мен кемеге меншiк құқығын растайтын өзге де құжаттар;
2) кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің бұл мемлекеттің тiзiлiмiнен шығарылғанын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжаттар;
3) өлшем куәлiктерi;
4) біліктілік куәлiктерi;
5) жолаушылар куәлiктерi (жолаушы кемелерi үшiн).
30. Егер кеменi қазақстандық кеме жалдаушы экипажсыз кеме жалдау шарты бойынша (бербоут-чартер) қабылдаса, өтiнiшке осы Ереженің 12-тармағының 11-15-абзацтарында санамаланған құжаттар қоса беріледi.
31. Уақытша куәлiк беру туралы өтiнiш берген кезде жеке тұлға оның жеке басын растайтын құжатты, ал заңды тұлғаның өкiлi - заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарын (немесе белгiленген тәртiппен куәландандырылған олардың көшiрмелерiн), сондай-ақ заңды тұлғаның атынан әрекет ету өкiлеттігін растайтын құжатты көрсетедi.
32. Қажетті құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасы консулдық қызметiнiң лауазымды тұлғасы құжаттарды есепке алу кiтабына тиісті жазба енгiзедi. Уақытша куәлiктi беру туралы әрбір жазба тiркеу нөмiрiмен сәйкестендiрiледi. Мұндай нөмiр құжаттарды қабылдау кезiнде берiледi және қабылданған құжаттардың кiрiс нөмiрiмен сәйкес келедi. Ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейiн Қазақстан Республикасының консулдық қызметi Уақытша куәлiк бередi. Берiлген Уақытша куәлiк туралы Қазақстан Республикасының консулдық қызметi он күн мерзімде уәкілеттi органға Уақытша куәлiктің көшiрмесiн қоса бере отырып, хабар жiбередi.
33. Қазақстан Республикасынан тыс жерден сатып алынған кеменi Мемлекеттік кеме тiзiлiмінде немесе кеме кiтабында тiркеу Қазақстан Республикасының тiркеуi болжанып отырған порттың теңiз әкiмшiлігiне кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш берілісімен осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
34. Мемлекеттік кеме тiзілiмін, кеме кiтабын, бербоут-чартер тiзiлiмiн және жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiн жүргiзудi қағаз және электронды тасымалдаушыларда порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
Мемлекеттік кеме тiзiлiмiн, кеме кiтабын, бербоут-чартер тiзiлiмiн және жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiн жүргiзу тәртібін уәкiлетті орган белгiлейдi.
35. Мемлекеттік тiркеудi куәландыратын жаңа құжаттарды бере отырып, "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес кемелердi қайта тiркеу жүргізіледі.
36. Кеменi қайта тiркеудi ресiмдеу үшiн мемлекеттік тiркеу портының теңiз әкімшілігіне кеменi қайта тiркеу туралы өтiнiш беру керек.
37. Кеменi мемлекеттік тiркеу портының теңiз әкiмшiлiгiне кеменi қайта тiркеу туралы өтінішпен бірге бюджетке кеменi мемлекеттік қайта тiркегенi үшiн алым сомасының төленгендiгiн растайтын құжат көрсетiледi.
3. Өзен кемелерi мен оларға құқықтарды
мемлекеттік тiркеудiң тәртібі
38. Өзен кемесi Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеуге жатады.
39. Жалдау шарттарында кiреге алынған (кеменi экипажсыз жалдау шарты), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық берiлген шетел кемесi оның негiзгi тiркелу мемлекетiнiң кемелер тiзiлiмінде тiркелуi тоқтатыла тұрғаннан кейiн Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркелуi тиiс.
40. Шетел мемлекетiнiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеме шетел мемлекетiнiң кеме тiзілімінен шығарылғаннан және осындай тiзілiмнен кеменiң шыққанын куәландыратын құжат көрсетiлгеннен кейiн Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тiркелуi мүмкiн.
41. Кеменi Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне енгізу:
1) кемеге меншiк құқығын растайтын кеме куәлiгiн (8-қосымша);
2) шетел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiктi (9-қосымша) берумен куәландырылады.
42. Мемлекеттік тiркеу мынадай тәртіппен жүргiзiледi:
1) оларды алу кезiнде аумақтық уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзетiн осы Ережеге сәйкес кемелердi мемлекеттік тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдау. Ұсынылатын құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген кезде, өтiнiш берушіден құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтiнiш берушінің талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледi;
2) осы кемеге мәлiмделiп отырған құқықтар мен тiркелiп қойған құқықтар арасында қарама-қайшылықтардың, сондай-ақ тiркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру үшiн негiздiң жоқтығын анықтау;
3) көрсетiлген қарама-қайшылықтар мен мемлекеттік тiркеуден бас тартудың немесе тоқтата тұрудың басқа да негiздерi болмаған жағдайда Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне жазбаларды енгізу;
4) мемлекеттік тiркеудi растайтын құжаттарды беру.
43. Кеменi меншiк құқығында сатып алған кез келген тұлға отыз күннiң iшiнде Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне кеменің өзiн және оған меншiк құқығын тiркеуге мiндеттi.
Кеменi жалға алу шартында (кеменi экипажсыз жалға алу шарты) пайдаланатын кез келген тұлға отыз күннің iшiнде оны Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тiркеуге мiндеттi.
Кемелердi мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш мынадай құжаттар қоса берiлген кеме тiзiлiмiнiң сауалнамасын (10-қосымша) қамтуы тиіс:
кемеге меншік құқығын растайтын құжатты;
жүзуге жарамдылық туралы куәлiктi;
өлшем куәлiгiн (аралас (теңiз-өзен) жүзген кемелер үшiн);
бiліктілік куәлiгiн;
теңiз, өзен кемелерi мен шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттік тiркеу үшiн бюджетке алым сомасының төленгендігін растайтын құжатты.
Жалға алу шартында кеменi (кеменi экипажсыз жалға алу шарты) Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тiркеу кезiнде осы тармақтың 4-8-абзацтарында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
уәкілеттi органның шетелдiк кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменің атын анықтау туралы шешiмi;
жалға алу шарты;
туы ауысқанға дейін кеме тiкелей тiркелген шетелдік мемлекеттің құзыреттi билiк орындары берген және сол мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзiмi тоқтатылғанын растайтын құжат;
кеме иесінің және кеменiң тiркелген ипотекасын немесе сол сипаттағы кеменің ауыртпалығын кепілге ұстаушының кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге көшiруге жазбаша рұқсаты;
қазақстандық жалдаушының аты-жөнi мен мекен-жайын растайтын құжат.