Қолданыстағы және жаңа Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әкімдіктерге бюджеттік кредит беру есебінен кредиттік тұрғын үй салу көзделген, оның ішінде 2008 жылы - 860 мың шаршы метр, оның ішінде Астана бойынша 330 мың шаршы метр, Алматы бойынша 186 мың шаршы метр.
Бұл тұрғын үйді салудың 1 шаршы метрінің құны 56 515 теңгеден аспайтын мөлшерде белгіленген және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу шығындарын есепке алмайды. Көрсетілген шығындарды есепке ала отырып 1 шаршы метрін салу құны 80 000 - 100 000 теңгеге дейін өседі.
Белгілі бір үйдегі пәтерлердің бір бөлігіне қажеттіліктің болмауы себебінен құрылыс салушылар үлескерлер алдындағы шарт міндеттемелерін орындамаған жағдайда, әкімдіктер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен бірлесіп, жаңа үйлер салудың орнына осы бағамен салынып қойылған пәтерлерді сатып алуы мүмкін.
Құрылыс компаниялары қызметінің нәтижесінде үлескерлердің тәуекелдерін азайту тетігі ретінде мынадай жүйелі шаралар қабылданатын болады:
1) тұрғын үй құрылысындағы үлескерлер құқықтарын қорғауды арттыру, оның ішінде құнды қағаздарды эмиссиялау, құрылыс компанияларының банкроттық рәсімдерін жетілдіру және құрылыс компанияларының банкротқа ұшырауына жол берген тұлғалардың, қылмыстық жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) нормативтік құқықтық актілерге құрылыс салушылардың коммерциялық нарық үшін, жергілікті атқару органдарының Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін көздейтін өзгерістер енгізу.
Тұрғын үй салудың барлық объектілері 3 санатқа бөлінеді:
үлескерлерді қорғау жөніндегі шаралардың қабылдануымен тоқтата тұрылуы тиіс объектілер (құрылыс ұйымы заңнаманы бұзған жағдайда және т.б.);
мемлекеттің қатысуынсыз аяқталатын объектілер;
аяқталуы үшін мемлекеттік қолдауды қажет ететін объектілер құрылысшыларды, өз кезегінде, мынадай кіші топтарға бөлуге болады:
жылжу мен сатудың ашық саясатына, құрылыс мерзімдерін сақтайтын нақты баға саясатына ие - жоғары рейтингті компаниялар (3-1-топ);
жылжу мен сатудың онша нақты емес саясаты, ашық емес баға саясаты бар, құрылыс мерзімдерінен кешігетін - орта рейтингті компаниялар (3-2-топ);
жылжу мен сатудың барабар емес саясаты, баға саясаты, құрылыстың мерзімінен едәуір кешігуі немесе құрылыстың жоқтығы - төмен рейтингті компаниялар (3-3-топ).
Орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялардың тікелей жұмысы және белсенді қатысуы басымды түрде Астана, Алматы қалаларындағы құрылыс объектілеріне көзделіп отыр және 3-1 және 3-2-топтарға жатқызылады.
Тоқтата тұруға жататын объектілер бойынша, сондай-ақ құрылыс салушылары 3-3-топқа жататын объектілер бойынша құрылысты аяқтау жөніндегі Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жүктелетінін белгілеу керек. Үшінші санатқа жататын тұрғын үй құрылыстарының барлық объектілері облыстар әкімдіктерінің ерекше бақылау аймағында болады.
Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялардың тікелей жұмысы және белсенді қатысуы 3-санатқа жататын объектілерді сататын құрылыс компаниялармен бірге көзделіп отыр.
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жанындағы ведомствоаралық комиссиялар шеңберінде ҚИК, ЕДБ және құрылыс салушылар арасында әлеуметтік маңызы бар объектілерді үлескерлердің қатысуымен салуды аяқтауға, ипотекалық кредит беруді дамытуды қолдауға бағытталуы тиіс берілетін қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану жөнінде келісім жасалатын болады.
Ипотекалық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыруға қатысатын барлық мүдделі органдар, оның ішінде, «Қазына ОДҚ» АҚ, ҚИК, ЕДБ және құрылыс салушылар мемлекет бөлетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл міндетті іске асыру ЕДБ-нің қорландырылуын арттыруды, үлескерлердің қаражатын пайдалана отырып, басталған тұрғын үй объектілерінің құрылысын салуды аяқтау мақсатында ипотекалық кредиттер нарығындағы ұсыныстардың көлемін сақтап қалуды қамтамасыз етеді.
Жергілікті бюджеттерден осы мақсаттарға бөлінетін қаражат үлескерлердің құқықтарын қорғауға және тізбесін әкімдіктер құрған комиссиялар (бұдан әрі - комиссия) айқындайтын басталған объектілердің құрылысын аяқтауға бағытталатын болады.
Үлескерлердің қатысуы бар тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтау үшін әкімдіктерде жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдар құрылады (анықталады) жергілікті бюджеттердің қаражаты» деген сөздерден кейін «және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері.
Бұл ретте, елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жағдайды реттеудің мынадай тетіктерін пайдаланатын болады.
1-тетік.
Құрылысына кредит беру мүмкіндігін екінші деңгейдегі банктер растайтын тұрғын үй объектілері бойынша әкімдіктер ЕДБ-ны тұрғын үй құрылысына кредит беру үшін қорландыру мақсатында олармен өзара іс-қимыл жасайды. ЕДБ кредит беруге дайын, бірақ қазіргі жағдайдағы жай-күйдегі емес, құрылыс объектілері болады. Бұл ретте, осы объектілер бойынша барлық коммерциялық тәуекелдер ЕДБ-ға жүктелетін болады.
Тараптар арасындағы қатынастар әкімдіктер мен ЕДБ филиалдары арасында қол қойылған келісімдермен реттеледі.
ЕДБ тізбесін Мемлекеттік комиссия бекітетін болады.
ЕДБ-ны қорландыруды әкімдіктер жергілікті бюджеттердің есебінен алдын ала капиталдандырған негізделген депозиттерді уәкілетті органдардың орналастыруы жолымен жүзеге асыру жоспарлануда.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын уәкілетті атқарушы органдар құрылысты аяқтау мақсатында қаржыландыруға ұсынылатын объектілердің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.
Аталған тізбені комиссия қарайды. Комиссия объектілер тізбесін бекіткеннен кейін объектілер құрылысын аяқтау және үлескерлердің құқықтарын қорғау үшін ЕДБ-ның кредит ресурстарына қажеттілігінің көлемі жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
2-тетік.
Құрылысын қажетті ресурстары жоқ және құрылысты аяқтау мүмкіндігі күмән келтіретін компаниялар жүргізіп отырған үлескерлердің қатысуы бар тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз етуді әкімдіктер жергілікті бюджеттердің қаражаты және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдарға жүктейтін болады.
Осы ұйымдар «проблемалы» объектілерді сатып алады (оның ішінде, банкроттық рәсімін қолдана отырып), содан кейін бұл ұйымдар құрылыстың аяқталуын қамтамасыз ете алады. Осы ұйымдардың үлесіндегі тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін не нарықтық құны бойынша сатылады, не коммуналдық меншікке беріледі.
3-тетік.
Бұл тетік ұсынысты қысқарту және сұранысты арттыру жолымен тұрғын үй нарығының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында қолданылады. Ол өзіне мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:
1) Астана қаласы әкімінің құрылыс объектілерінде құрылыс салушылардан пәтерлер сатып алуы;
2) ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компанияның және олардың еншілес ұйымдарының қызметкерлер арасында одан әрі бөлуі үшін салынып жатқан үйлерде пәтерлер сатып алуы.
4. Қаржы секторы субъектілерінің тұрақтылығын сақтауға жәрдемдесу
Үкімет ел экономикасының қаржы секторы мен маңызды субъектілерінің орнықтылығын сақтау бойынша жүйе құру үшін қажетті шаралар қабылдайтын болады.
Бұл бағытты іске асыру шеңберінде тиісті іс-қимылдар жоспарын әзірлейтін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға жүктелетін болады.
Бұл бағытты іске асыру шеңберінде жобаларды бірлесіп қаржыландыру, тікелей және портфельді инвестициялау, бірлескен қорлар құру құралдары пайдаланылатын болады.
5. Банктердің сыртқы қорландыруға тәуелділігін азайтуға бағытталған шаралар қабылдау
Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (бұдан әрі - ҚҚА) реттеуіш талаптарды қатаңдату жолымен ЕДБ-нің сыртқы қорлануға тәуелділігін азайту жөніндегі шараларды қабылдайтын болады, сондай-ақ Ұлттық Банктің ЕДБ белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда, оның ішінде, сыртқы міндеттемелер мен активтері өсуінің шектелуіне байланысты қарыз беруді регламенттейтін тиісті келісімдер жасалатын болады.
6. Мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың өзара тиімді іс-қимылын, оның ішінде, қаржы нарығы субъектілері қызметінің мониторингі мен бақылау, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және қаржы нарығы субъектілерінің қабылданған міндеттемелері үшін жауапкершілігін арттыру үшін қамтамасыз ету
ҚҚА, Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, қаржы секторының жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін, сондай-ақ тиісті ақпарат алмасу шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимыл мен ақпараттар алмасуды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Бұл бағытта мониторинг жүргізу үшін қосымша индикаторлардың тізбесі айқындалады.
Мемлекеттің нарықтағы дұрыс ұстанымдануы жөніндегі саясатын одан әрі іске асыру және елдің экономикалық құрамдас бөлігінің жайлы, адал бағалауға қол жеткізуі үшін халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыс жанданатын болады.
Үкімет пен Ұлттық Банк халықаралық қаржы институттары мен рейтингтік агенттіктер тарапынан сыпайы бағаларды алу мақсатында мемлекеттің жүзеге асырып жатқан әлеуметтік-экономикалық және ақша-кредит саясаты туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Сондай-ақ экономика мен қаржы нарығының маңызды субъектілерінің қабылдаған міндеттемелер үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында ел заңнамасының талаптары қатаңдатылатын болады, оның ішінде ЕДБ басшыларына банктерді банкроттыққа дейін жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу.
Жоғарыда көрсетілген шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қолдауға ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
№ 1039 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1329 (бұр.ред.қара); 2008.16.04. № 347 (бұр.ред.қара) ; 2008.04.05. № 409 (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 600 (бұр.ред.қара); 2008.23.08. № 764 (бұр.ред.қара); 2008.23.12. № 1206 (бұр.ред.қара); 2009.25.05. № 768 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауапты орындау- шылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыс- тар | Қаржы- лан- дыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Ішкі көздер есебінен екінші деңгейдегі банктерді қорландыруды арттыру |
1. | «2007 жылға арналған респуб- ликалық бюджет туралы» Қазақс- тан Республика- сының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Заңы | ЭБЖМ (жи- нақтау), Қаржымині, ИСМ, ҰБ, ҚҚА, «Қа- зына» ОДҚ» АҚ, «ҚИК» АҚ, «ҚИККҚ» АҚ (келісім бойынша) | 2007 жылғы қазан | Талап етіл- мейді | |
2. | Қажет болған жағдайда елдің әлеуметтік-эко- номикалық да- муының тұрақ- тылығын қамтама- сыз ету үшін Қазақстан Рес- публикасының Үкіметі резервінің қа- ражатын ұлғайту | Қазақстан Респуб- ликасының Заңы | ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ, ҰБ, ҚҚА, «Қа- зына» ОДҚ» АҚ, «ҚИК» АҚ, «ҚИККҚ» АҚ (келісім бойынша) | 2007 жылғы желтоқ- сан | 2008 жылға арнал- ған респу- блика- лык бюджет жалпы шығыс- тары- ның көлемі шеңбе- рінде | |
3. | ЕДБ-ге қысқа мерзімді кре- диттер беру жолымен олар- дың өтімділігін қолдау жөнінде шаралар қабылдау | Қазақс- тан Ре- спубли- касының Үкіме- тіне ақпарат | ӨҰБ (келі- сім бойынша) | Ай сайын | Жүргі- зіліп отыр- ған қаржы- кредит саяса- ты шең- берінде | ҰБ |
2. шағын және орта бизнес жобаларына одан әрі орнықты кредит беруді қамтамасыз ету |
4. | Қазақстан Республикасының кей- бір заңнамалық актілеріне ұлт- тық даму институттарының мәсе- лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы- ның жобасын әзірлеу және Қазақ- стан Республикасы Парламен- тінің Мәжілісіне енгізу | Қазақс- тан Ре- спубли- касы Үкіме- тінің қаулысы | ИСМ (жина- қтау), ЭБЖМ, Қаржымині, Әділет- мині, ҚҚА (келісім бойынша), «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойынша) | 2007 жыл- ғы қа- раша | Талап етіл- мейді | |
5. | ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
6. | Шағын және орта бизнесті қаржы- ландыру бойынша қаражатты негі- зді орналастыру шарттарын жасасу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | «Қазына» ОДҚ» АҚ, «ДАМУ» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), ЕДБ(келі- сім бойынша) | Ай сайын | «Қазы- на» ОДҚ» АҚ-ның, «ДАМУ» КДҚ» АҚ-ның қолда бар қаража- ты шең- берінде | «Қа- зына» ОДҚ» АҚ, «ДАМУ» КДҚ» АҚ қа- ражаты |
6-1. | «ДАМУ» КДҚ» АҚ-ға қаржылық агенттік мәртебесін беру мәселесін пысықтау | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне есеп | ИСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойынша), «ДАМУ» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), ҚҚА | 2007 жылғы желтоқсан - 2008 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | |
6-2. | Бірыңғай бюджеттік сыныптамада қаржылық агенттікке жергілікті бюджеттен кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаны көздеу | Қазақстан Республика- сы Үкіметі- нің қаулысы | ЭБЖМ | 2007 жылғы желтоқсан - 2008 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | |
6-3. | «ДАМУ» КДҚ» АҚ бөлімшелеріне және ЕДБ-ге кредит алу туралы жергілікті атқарушы органдармен келісімдер жасасу, асыру жөніндегі өкілеттерді беру, сондай-ақ келісімдерді іске асыру мәселесін қарау | ЭБЖМ-ге ақпарат | ҚҚА, «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойынша), «ДАМУ» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), ЕДБ | 2007 жылғы желтоқсан - 2008 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | |
2-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету |
6-4 | АӨК субъектілерін қаржыландыру жөніндегі қаражатты негізді орна- ластыру шарттарын жасасу | «Қазына «ОДҚ» АҚ мен ЕДБ арасында тиісті шарттар жасасу | «Қазына «ОДҚ» АҚ, ЕДБ (келісім бойынша) | 2008 жылғы сәуір -мамыр | Талап етілмейді | |
6-5 | АӨК субъектілеріне ЕДБ-нің кредит беруі | Кредиттік шарттар | ЕДБ (келісім бойынша) | 2008 жылғы 1 шілдеге дейін | «Қазына «ОДҚ» АҚ- ның келісілген депозиттері шеңберінде | «Қазына «ОДҚ» АҚ-ның қаражаты |
6-6 | ЕДБ-нің қаражатын пайдалану мониторингі | «Қазына «ОДҚ» АҚ-на есеп | ЕДБ (келісім бойынша) | Ай сайын | | |
6-7 | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның қаражатын бір қарыз алушыға шағын және орта бизнестің өндірістік жобалары бойынша 589160 АЕК дейінгі лимитпен және салалық белгісі бойынша шектеулердің болмауымен қарыз алушылар үшін жылдық 12,5 %-дан, ал тиімді ставка жылдық 14 %-дан аспайтын түпкілікті ставканы шектеу талаптарында ЕДБ-мен бірлесіп, шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасына екінші деңгейдегі банктерге орналастыру. Бұл ретте ЕДБ тарапынан қаражат бөлу ұқсас талаптарда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаражатына 1:1 арақатынасында болуы тиіс | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне есеп | «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойын- ша), ЭБЖМ, әкімдік- тер | 2008 жылғы тамыз | «Қазына» ОДҚ» АҚ-да бар қаражат шеңберін- де | «Қазына» ОДҚ» АҚ қаражаты |
6-8 | Өңірлердің шағын және орта бизнес субъектілерін қарыз алушылар үшін жылдық 14%-дан аспайтын тиімді ставкамен 2008 жылғы шұғыл шығындарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тінің қаулысы | ИСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойын- ша), ЭБЖМ, Әділет- мині, Қаржы- мині, әкімдік- тер | 2008 жылғы шілде | 28 млрд. теңге | Респуб- ликалық бюджет |
6-9 | «ДАМУ» КДҚ-ның қарыз алушы үшін Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасынан аспайтын түпкілікті ставкамен өңдеуші өнеркәсіптегі, көліктегі, байланыстағы және қызметтердің жекелеген салаларындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің рентабельді жобаларына кредит беру | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне есеп | ИСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойын- ша), әкімдік- тер | 2008 жылғы тамыз - жел- тоқсан | «ДАМУ» КДҚ» АҚ-да бар қаражат шеңберін- де | «ДАМУ» КДҚ» АҚ қаражаты |
6-10 | «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ны капиталдандыру | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тінің қаулысы | ИСМ, ЭБЖМ, Әділет- мині, Қаржы- мині, АШМ | 2008 жылғы тамыз - жел- тоқсан | 4,0 млрд. теңге | Респуб- ликалық бюджет |
3. Елдің ипотекалық нарығында тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету |
7. | «Қазына» ОДҚ» АҚ-ны капитал- дандыру | Акцияларшығару | ИСМ, Қаржымині, ЭБЖМ | 2007 жылғы қараша | 122 млрд. теңге | Респу- блика- лық бюджет қара- жаты |
8. | ҚИКАҚ-ны капиталдандыру мен бюджеттік кредит беру | Акцияларшығару, кредит- тік ке- лісім жасасу | Қаржымині,ЭБЖМ | 2007 жылғы қараша | 20,5 млрд. теңге | Респу- блика- лық бюджет қара- жаты |
9. | «ҚИККҚ»«АҚ-ны капиталдандыру | Акцияларшығару | Қаржымині,ЭБЖМ | 2007 жылғы қараша | 1,025 млрд. теңге | Респу- блика- лық бюджет қара- жаты |
10. | Қазақстан Респу- бликасының әлеу- меттік-экономи- калық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бөлінетін қаражатты, бірі- нші кезекте ипо- тека нарығында, мақсатты және тиімді пайда- лануды қамтама- сыз ету | «Қазына»ОДҚ» АҚ мен ЕДБ арасында тиісті келісім- дер жасасу | «Қазына» АҚ, «ҚДБ» АҚ (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша) | 2007 жылғы жел- тоқ- сан - 2008 жылғы II тоқсан | «Қазы- на» ОДҚ» АҚ-ның, қолда бар қаража- ты шең- берінде | «Қа- зына» ОДҚ» АҚ-ның қара- жаты |
11. | ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
12. | Серіктес банктер берген ипотекалық кре- диттер бойынша талап ету құқық- тарын сатып алу жөнінде»«ҚИК» АҚ талаптарына өз- герістер енгізу жөніндегі мәсе- лені пысықтау | «ҚИК» АҚ дирек- торлар кеңесі- нің шешімі | Қаржымині,»ҚИК» АҚ | 2007 жылғы қараша- желтоқсан | Болжан- байды | |
13. | ЕДБ-дан өтінім- дердің түсуіне қарай «ҚИК» АҚ талаптарына сәйкес келетін ипотекалық кре- диттер жөнінде ЕДБ-дан талап ету құқықтарын алу | ИСМ-ге, Қаржы- миніне ақпарат | «ҚИК» АҚ | Апта сайын | «ҚИК» АҚ-ың қолда бар қа- ражаты шеңбе- рінде | «ҚИК» АҚ-ың қара- жаты |
14. | «ҚИК» АҚ-ның сыртқы қор нары- ғына шығу мүм- кіндігін қарау | Қазақс- тан Ре- спубли- касының Үкіме- тіне ақпарат | Қаржымині, «ҚИК» АҚ | 2007 жылдың соңына дейін | Болжан- байды | |
15. | Астана және Алматы қалала- рында үлескер- лердің қатысуы- мен коммерция- лық тұрғын үй құрылысын тұрақ- тандыру жөнінде ведомствоаралық комиссиялар құру | Астана және Ал- маты қа- лалары әкімде- рінің өкімде- рі, ИСМ-ге ақпарат | Астана және Алма- ты қала- ларының әкімдері, Қаржымині,ҚҚА, «ҚИК» АҚ, ҚазҚҚ, құрылыс салушылар қауымдас- тығы, жекелеген құрылыс компания- лары мен ЕБД (келі- сім бойынша) | 2007 жылғы қазан | Талап етілмейді | |
16. | Үлескерлердің қатысуымен ком- мерциялық тұрғын үй құрылысын тұрақтандыру бойынша ведомст- воаралық комис- сиялардың үлес- керлердің қаты- суымен салынып жатқан проблема- лы әрбір тұрғын үй объектісі бойынша іс-қи- мыл жоспарын бекіту | ИСМ-ге ақпарат | Астана және Алматы қалалары- ның үлес- керлердің қатысуымен коммерция- лық тұрғын -үй құры- лысын тұ- рақтандыружөніндегі ведомство- аралық ко- миссиялары | 2007 жылғы қараша | Талап етіл- мейді | |
17. | Үлескерлердің қатысуымен проб- лемалы тұрғын үй объектілерінің құрылысын тұрақтандыру бойынша нақты шараларды іске асыру | ИСМ-ге ақпарат | Астана және Ал- маты қала- ларының үлескерлер қатысатын коммерция- лық тұрғын үй құрылы- сын тұрақ- тандыру жөніндегі ведомство- аралық ко- миссиялары | Апта сайын | Талап етіл- мейді | |
18. | Жарнама туралы заңнаманы бұзу- шылықтарды анық- тау мақсатында тұрғын үй ғима- раттарын салу туралы жарнама- ға нөлдік цикл- ды салуға рұқсат беруге дейін, сондай-ақ уәкілетті органның құрылыс салушы лицензия- сының қолданы- луын тоқтата тұ- ру кезеңінде тыйым салу бөлі- гінде шығарыла- тын жарнамаға мониторинг жүргізу | ИСМ-ге ақпарат | МАМ, облы- стардың, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері | Ай сайын | Талап етіл- мейді | |
19. | Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттары- ның құрылысын ұйымдастыру жө- ніндегі қызмет- пен айналысуға сәйкестік лицен- зиясының болуы мәніне құрылыс салушыларды тек- серуді жүргізу | ИСМ-ге ақпарат | Облыстар- дың, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері | Тоқсан сайын | Талап етіл- мейді | |
20. | Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтанды- ру жөнінде шаралар қабылдау | Қазақ- стан Респу- бликасы Үкіме- тінің қаулысы | Қаржы- мині, ИСМ, ЭБЖМ, Әділет- мині, Астана қаласы- ның әкімі | 2008 жылғы сәуір- желтоқсан, 2009 жыл | 41 млрд. теңге | Респуб- ликалық бюджет |
20-1. | Астана қаласындағы уәкілетті ұйымды республи- калық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферт- тері есебінен капиталдан- дыру жөнінде шаралар қабылдау | Қазақстан Республи- касы Үкіметінің қаулысы | ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині, Астана қаласының әкімі | 2008 жылғы маусым- желтоқсан | 17,2 млрд. теңге | Респуб- ликалық бюджет |
20-2 | Республикалық бюджеттің дамуға арналған нысаналы трансферттері есебінен Алматы қаласындағы уәкілетті ұйымды капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдау | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тінің қаулысы | ИСМ, ЭБЖМ, Әділет- мині, Қаржы- мині, Алматы қаласы- ның әкімі | 2008 жылғы тамыз - жел- тоқсан | 10,0 млрд. теңге | Респуб- ликалық бюджет |
21. | Проблемалы құрылыс компа- нияларында Қа- зақстанда, одан тыс жерлерде де құрылыспен бай- ланысты емес активтерінің болуын тексеруді жүргізу | Үлескер- лердің қатысуы- мен ком- мерция- лық тұр- ғын үй құрылы- сын тұ- рақтан- дыру жө- ніндегі ведомст- воаралықкомис- сиялары- на ақпа- рат | Қаржымині | 2007 жылғы жел- тоқсан | Талап етіл- мейді | |
22. | «Қазақстан Рес- публикасының кейбір заңна- малық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлес- тік қатысу мәсе- лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының Қазақстан Респу- бликасы Парла- ментінің Мәжілі- сіне енгізу | Қазақс- тан Ре- спубли- касы Үкіме- тінің қаулысы | ИСМ | 2007 жылғы қараша | Талап етіл- мейді | |
23. | Тұрғын үй құры- лысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу бойынша жергілікті атқа- рушы органдарға ұсынымдар әзір- леу | Қазақс- тан Ре- спубли- касының Үкіме- тіне ақпарат | ИСМ | 2007 жылғы қараша | Талап етіл- мейді | |
24. | Тұрғын үй құры- лысындағы үлес- керлер құқық- тарын қорғауды арттыру, оның ішінде бағалы қағаздарды эмис- сиялауды жүзеге асыру, құрылыс компанияларының банкроттық рә- сімдерін жетіл- діру және қыл- мыстық жауап- кершілік бел- гілеуді қоса алғанда, құрылыс компанияларының банкротқа ұшы- рауына жол берген тұлғалар- дың жауапкерші- лігін арттыру мәселелері бойынша Қазақ- стан Республи- касының заңна- масын жетілдіру жөнінде ұсыны- стар әзірлеу | Қазақс- тан Рес- публика- сының Үкіметі-не ұсы- ныстар | Қаржымині (жинақ- тау), ИСМ, ҚҚА | 2007 жылғы жел- тоқсан | Талап етіл- мейді | |
4. Қаржы секторы субъектілерінің тұрақтылығын сақтауға жәрдемдесу |
25. | Қаржы секторы- ның және ел эко- номикасының ше- шуші субъекті- лерінің тұрақ- тылығын сақтау бойынша жүйе құру үшін іс- қимыл жоспарын әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | «Казына» ОДҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰБ (келі- сім бойын- ша), ҚҚА (келісім бойынша), Қаржымині,ЭБЖМ, ИСМ | 2007 жылғы қараша | Талап етіл- мейді | |
5. Банктердің сыртқы қорландырудан тәуелділігін қысқартуға бағытталған шаралар қабылдау |
26. | Ұлттық Банктің белгілі бір шарттарды орын- даған кезінде ЕДБ-ге қарыз беруін регла- менттейтін ке- лісімдер жасасу | Қазақс- тан Ре- спубли- касының Үкіме- тіне ақпарат | ҰБ, ҚҚА, ЕДБ (келі- сім бойын- ша) | 2007 жылғы қараша | Талап етіл- мейді | |
6. Мемлекеттің қатысуымен, оның ішінде қаржылық нарық субъектілері қызметінің мониторингі мен бақылау жасау, мемлекеттік қолдау шаралары мен қаржылық нарық субъектілерінің міндеттеме қабылдауға жауапкершілігін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен өзгеде ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету |
27. | Қаржы секторы жай-күйінің мониторингін жүргізу (негізгі индикаторлардың тізбесін бел- гілеу), сондай- ақ мүдделі мем- лекеттік органдар арасында іс-қимыл мен ақпарат алмасу үдерісін жетіл- діру | Ақпарат алмасу туралы бірлес- кен бұйрық | ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) ЭБЖМ, Қаржымині,СА | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
28. | Қаржы нарығы субъектілерінің қабылданған міндеттемелер үшін жауапкер- шілігін арттыру мақсатында ел заңнамаларының талаптарын қа- таңдату жөнінде ұсыныстар әзір- леу, оның ішінде ЕДБ басшылары үшін банктерді банкроттыққа дейін жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу | Қазақстан Республика-сының Үкіметіне ұсыныстар | ҚҚА (жинақ- тау), ҰБ (келісім бойынша) ЭБЖМ, Қаржымині,мүдделі тараптар | 2007 жылғы жел- тоқсан | Талап етіл- мейді | |
29. | Халықаралық рей- тингтік агент- тіктермен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жандандыру, олармен жұмыс жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ, (жинақ- тау), Қаржымині, ҰБ, ҚҚА (келісім бойынша), мүдделі тараптар | 2008 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | |
30. | Елде қолайлы инвестициялық жағдай жасауға ықпалын тигі- зетін, экономи- каның тұрақтылы- ғын қамтамасыз ету жөнінде қабылданатын шараларды түсін- діру бойынша Қазақстанда және әлемде ауқымды ақпараттық науқан өткізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қаларының әкімдікте- рі, мүдделі органдар | Ай сайын | Талап етілмейді | |