Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 тамыздағы № 764 Қаулысы
Ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды талдау. Мақсат және міндеттер» деген 1-бөлімде:
мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
«4) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.»;
жиырма екінші абзацтағы «кредит беруді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруды» деген сөздермен толықтырылсын;
мындай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:
«2-1) елдің азық-түлік нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету;»;
жиырма сегізінші абзацтағы «шағын» деген сөзден кейін «және орта» деген сөздермен толықтырылсын;
«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:
2-тармақта:
мәтіндегі «ШКДҚ» деген аббревиатура «ДАМУ» КДҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
«жобаларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
«ЕДБ-нің филиалдық желісі» деген сөздерден кейін «және өзге де қаржы ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на (бұдан әрі - ШКДҚ)» деген сөздер «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға (бұдан әрі - «ДАМУ» КДҚ)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«ЕДБ және өзге қаржы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) айқындайтын болады.»;
жетінші абзацтағы «Агент-банктер» деген сөздер «ЕДБ және өзге қаржы ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтар алынып тасталсын;
он алтыншы абзацтағы «қамтамасыз етеді» деген сөздерден кейін «, бұл ретте оларға сауда-делдалдық қызметті қаржыландыру мүмкіндік берілетін болады» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтармен толықтырылсын:
«ЕДБ мен қаржы ұйымдарын қорландыру мынадай шарттармен берілетін болады:
шағын және орта бизнес жобаларын жүз пайыз бірлесе қаржыландыру;
шағын және орта бизнестің түпкілікті қарыз алушылары үшін жылдық ставка жылдық 12,5 пайыздан аспауы тиіс;
ЕДБ мен қаржы ұйымдары үшін игеру мерзімі - ақша қаражатын алған күннен бастап 6 ай;
бұрын берілген кредитті қайта қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі алынған қаражат көлемінің 30 пайызынан аспауы тиіс;
бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 300000 АЕК-ге дейін.»;
он жетінші абзацта:
«мақұлдайтын шағын» деген сөздерден кейін «және орта» деген сөздермен толықтырылсын;
«тиісті талаптарға сәйкес келетін» деген сөздер «олардың басым салаларға сәйкестігі мәніне» деген сөздермен ауыстырылсын;
он тоғызыншы абзацта:
«ЕБД-ның филиалдық желісі» деген сөздер «тізбеде көрсетілген ЕБД-ның филиалдық желісі және қаржы ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«ДАМУ» КДҚ жергілікті атқарушы органдармен бірге шағын және орта бизнес жобаларын өзіндік бірлесіп қаржыландыру бағдарламаларын ашуы мүмкін.»;
жиырмасыншы абзацтағы «ынтымақтастық туралы» деген сөздер алынып тасталсын;
жиырма бірінші абзацта:
«шағын» деген сөзден кейін «және орта» деген сөздермен толықтырылсын;
«басталған және» деген сөздер алынып тасталсын;
«әкімдіктерге» деген сөзден кейін «ЕДБ мен қаржы ұйымдарының есептері негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«ДАМУ» КДҚ шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың өңірлік салалық бағдарламалары бойынша жергілікті атқарушы органдар беретін қаражат есебінен қарыз алушыларға тікелей кредит беруді жүзеге асыруы мүмкін.»;
2-1 тармақта мындай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Агроөнөркәсіптік кешендегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға және оларды нығайтуға жағдай жасау мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін ескере отырып, инвестициялық бағдарламалар іске асырылатын болады.
Осы мақсатта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жарғылық капиталын ұлғайту жолымен қаржы ресурстары бөлінетін болады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
мәтіндегі «ШКДҚ» АҚ» деген аббревиатуралар «ДАМУ» КДҚ» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6-7, 6-8, 6-9, 6-10, 20-2-жолдармен толықтырылсын:
6-7 | «Қазына» ОДҚ» АҚ-ның қаражатын бір қарыз алушыға 300000 АЕК дейінгі лимитпен және салалық белгісі бойынша шектеулердің болмауымен қарыз алушылар үшін жылдық 12,5 %-дан аспайтын түпкілікті ставканы шектеу талаптарында ЕДБ-мен бірлесіп, шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасына екінші деңгейдегі банктерге орналастыру. Бұл ретте ЕДБ тарапынан қаражат бөлу ұқсас талаптарда «Қазына» ОДҚ» АҚ қаражатына 1:1 арақатынасында болуы тиіс | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне есеп | «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойын- ша), ЭБЖМ, әкімдік- тер | 2008 жылғы тамыз | «Қазына» ОДҚ» АҚ-да бар қаражат шеңберін- де | «Қазына» ОДҚ» АҚ қаражаты |
6-8 | Шағын және орта бизнес субъектілерін қарыз алушылар үшін жылдық 14%-дан аспайтын түпкілікті ставкамен өңірлік басымдықтарға сәйкес 2008 жылғы шұғыл шығындарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тінің қаулысы | ИСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойын- ша), ЭБЖМ, Әділет- мині, Қаржы- мині, әкімдік- тер | 2008 жылғы шілде | 28 млрд. теңге | Респуб- ликалық бюджет |
6-9 | «ДАМУ» КДҚ-ның қарыз алушы үшін Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасынан аспайтын түпкілікті ставкамен өңдеуші өнеркәсіптегі, көліктегі, байланыстағы және қызметтердің жекелеген салаларындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің рентабельді жобаларына кредит беру | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне есеп | ИСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойын- ша), әкімдік- тер | 2008 жылғы тамыз - жел- тоқсан | «ДАМУ» КДҚ» АҚ-да бар қаражат шеңберін- де | «ДАМУ» КДҚ» АҚ қаражаты |
6- 10 | «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ны капиталдандыру | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тінің қаулысы | ИСМ, ЭБЖМ, Әділет- мині, Қаржы- мині, АШМ | 2008 жылғы тамыз - жел- тоқсан | 4,0 млрд. теңге | Респуб- ликалық бюджет |
20- 2 | Республикалық бюджеттің дамуға арналған нысаналы трансферттері есебінен Алматы қаласындағы уәкілетті ұйымды капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдау | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тінің қаулысы | ИСМ, ЭБЖМ, Әділет- мині, Қаржы- мині, Алматы қаласы- ның әкімі | 2008 жылғы тамыз - жел- тоқсан | 10,0 млрд. теңге | Респуб- ликалық бюджет »; |
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
«ШКДҚ» АҚ - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ДАМУ» КДҚ» АҚ - «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ - «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар жоспарында:
мәтіндегі «ШКДҚ» АҚ» деген аббревиатуралар «ДАМУ» КДҚ» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
«ШКДҚ» АҚ - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ДАМУ» КДҚ» АҚ - «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |