Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 409 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында (бұдан әрі - Жоспар):
«Ағымдағы жағдайды талдау. Мақсат және міндеттер» деген 1-бөлімде:
он үшінші абзацтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру»;
«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:
2-тармақтың атауындағы «Ірі перспективалық инвестициялық жобаларды және» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету
Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Қазына» ОДҚ» АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі - АӨК) кредит беру үшін орналастырылатын қаражатты мақсатты пайдалану шарттарында депозиттерді ЕДБ-да орналастыратын болады.
Екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер ЕДБ қаражатын орналастырған сәттен бастап 14 айға дейінгі мерзімде орналастырылатын болады.
Осы бағдарлама бойынша мынадай:
кең және жан-жақты таратылған филиалдық желілері;
АӨК субъектілеріне кредит беру саласында жұмыс тәжірибесі бар;
қаражатты іске асыру және орналастыру үшін жеткілікті персоналы болатын;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның пруденциалдық нормативтерін, Қазақстандық қор биржасының талаптарын сақтайтын;
қаржылық жағдайы тұрақты банктермен жұмыс жүргізіледі.
ЕДБ арасында қаражатты орналастыру көлемі АӨК-нің басым субъектілері бойынша ашық кредиттік желілерінің болуына және әрбір банкке арналған лимитке байланысты әрбір банк үшін жеке айқындалатын болады.
Агент-банктер осы бағдарламаны іске асыру барысы туралы ай сайын «Қазына» ОДҚ» АҚ-ға есеп береді.
Қарыз алушы үшін түпкі ставка жылына 16%-дан аспауға тиіс.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін бөлінетін қаражатты нысаналы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қазына» ОДҚ» АҚ мен ЕДБ арасында тиісті шарттар жасалатын болады. Осы операциялар барысында ЕДБ-ға түсетін қаражат АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылуы тиіс, бұл ретте ақ қант, өсімдік майы, жеміс-көкөніс және жеміс өнімдерін, ет, сүт өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға басымдылық берілетін болады.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ЕДБ-мен, салалық одақтармен, қауымдастықтармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, қаржыландыру үшін ұсынылатын АӨК субъектілерінің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.
Тұтастай алғанда осы міндеттерді орындау елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге, ішкі қажеттіліктегі импорт үлесін азайтуға және азық-түлік нарығын импорттық экспансия тәуелділігінен арылтуға мүмкіндік береді.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоспарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында:
2-бөлімнің тақырыбындағы «ірі перспективалық инвестициялық жобаларды және» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөліммен толықтырылсын:
«
2-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету |
6-4 | АӨК субъектілерін қаржы- ландыру жөніндегі қаражатты негізді орна- ластыру шарттарын жасасу | «Қазына «ОДҚ» АҚ мен ЕДБ арасында тиісті шарттар жасасу | «Қазына «ОДҚ» АҚ, ЕДБ (келісім бойынша) | 2008 жылғы сәуір -мамыр | Талап етілмейді | |
6-5 | АӨК субъектілеріне ЕДБ-нің кредит беруі | Кредиттік шарттар | ЕДБ (келісім бойынша) | 2008 жылғы 1 шілдеге дейін | «Қазына «ОДҚ» АҚ- ның келісілген депозиттері шеңберінде | «Қазына «ОДҚ» АҚ-ның қаражаты |
6-6 | ЕДБ-нің қаражатын пайдалану мониторингі | «Қазына «ОДҚ» АҚ-на есеп | ЕДБ (келісім бойынша) | Ай сайын | | |
»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоспарды іске асыру жөніндегі ұсынылатын іс-шаралар жоспарында:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөліммен толықтырылсын:
«
1-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету |
6-4 | Қаржыландыру үшін ұсыныла- тын АӨК субъектілерінің тізбесін қалыптастыру | АӨК субъектілерінің тізбесі | АШМ, ЕДБ (келісім бойынша), қауымдастық, одақтар (келісім бойынша) | 2008 жылғы сәуір | Талап етілмейді | |
»;
Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |