ЮНДОК: _______ _____ ЮНОДК-тың атқарушы
Директоры
Қужат Т. Муршудли және
А. Бергенева, Ж. Акишеваның
қатысуымен әзірленді
2008 жылғы шілде
1. Жобаның негізгі мақсатындағы өзгерістер (егер бар болса) - жоқ.
2. Міндеттер мен шарттарды өзгерту (егер бар болса) - жоқ.
3. Күтілетін нәтижелердегі өзгерістер
ОАӨАҮО-ның Пилоттық фазасы
ОАӨАҮО-ны құру туралы келісімге қол қою және ратифиакциялаудың кідіруіне байланысты, жоба донорларымен және қатысушы мемлекеттермен консультациялардан кейін Орталықтың қызметін пилоттық негізде бастау ұсынылды, ол келісілгендей 2007 жылдың 1 қарашасында басталды.
Пилоттық фаза негізгі құрамды қалыптастыруға, құзырлы өкілдерді қызметке жіберуді, құрал-жабдық сатып алуды, Интерполдың «1-24/7» қорғалған платформасын енгізуді, бірқатар операцияларды бастауды қамтамасыз етуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Халықаралық тендерді және жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуді қажет ететін ғимаратты жөндеу бойынша дайындық жұмыстары басталды.
Пилоттық фазаның стратегиялық жоспары әзірленді. Ол ОАӨАҮО, яғни Орталық өз қызметін Келісімді ратификациялау процесі аяқталғаннан кейін бірден толық көлемде бастауы үшін негіз құрайды.
Қазіргі уақытқа дейін мыналар жүзеге асырылды:
- Қатысушы мемлекеттердің өкілдерінен құрылған жоба тобы ОАӨАҮО-ны құру туралы егжей-тегжейлі жоспар әзірледі. 2005 жыл бойы Жоба тобы ОАӨАҮО-ны құру туралы келісімді және құқықтық негізін, сондай-ақ Орталықтың қызметі үшін қажетті басқа да құжаттарды әзірледі;
- 2008 жылдың маусымына. Ресейден басқа барлық мемлекеттердің Президенттері ОАӨАҮО-ны құру туралы келісімге қол қойды. Ресей тарапы ресми түрде Орталыққа қосылуға мүдделі екенін және алдағы уақытта Келісімге кол қоюға әзірлігін білдірді. Келісім төрт мемлекеттің ратификациялауынан кейін күшіне енеді. Түрікменстан Парламенті оны 2007 жылдың 28 желтоқсанында ратификациялады. Ратификациялау процесіне Әзірбайжанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда бастама көтерілді;
- Қазақстан Үкіметі Алматы қаласында ОАӨАҮО үшін ғимарат бөлді. Венадағы UNOV офисі ғимараттын жөндеу жұмыстарына халықаралық тендер жариялады. Мердігер жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді бастады.
- Қауіпсіздік тәртібін реттейтін құжаттар, кәсіби стандарттар, төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережесі әзірленді;
- Орталықтың құрылымы және ОАӨАҮО-ны басқару жүйесі әзірленді, бұл ОАӨАҮО-ны құру туралы келісімде және ОАӨАҮО туралы ережеде көрініс тапты;
- ОАӨАҮО-да қызмет өткеру туралы ереженің құрамдас бөлігі болып табылатын ОАӨАҮО-ның жеке құрамына төлемдер жүйесі дайындалды;
- Келісімге сәйкес әр мемлекеттің құзыретті үйлестіруші органдарының басшыларынан және ОАӨАҮО-ның директорынан тұратын Кеңес Орталықтың Басқарушы комитетінің рөлін атқаратын болады;
- 2007 жылдың қазан және желтоқсанында, сондай-ақ 2008 жылдың маусымында халықаралық комиссия (сондай-ақ ЮНОДК қатысқан) жүзеге асырған бірқатар әңгімелердің нәтижелері бойынша пилоттық фаза кезеңінде ОАӨАҮО-да жұмыс істеу үшін 8 қызметкер іріктелді. Қазақстанның Президенті пилоттық фазаның директорын белгіледі, ол өз міндетін орындауға 2008 жылғы 31 наурыздан бастап кірісті;
- Жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан ОАӨАҮО-ға өкілетті өкілдерін жіберді. Әзірбайжан мен Өзбекстан да өз өкілдерін қызметке жіберуді жоспарлауда;
- Пилоттық фаза басталғаннан бастап Орталық ақпараттық бюллетеньдер әзірледі және таратты; онда алынған есірткілерге талдау, заңсыз айналымның тенденциясы, ашу тәсіддері берілген;
- Ауғанстанға прекурсорлардың ағынына қарсы іс-қимыл жөніндегі ТАРСЕТ өңірлік операциясын үйлестіру функциясы ОАӨАҮО-ға жүктелді;
- Еурокомиссия қаржыландыратын САDАР жобасы шеңберінде құрылған салалық бейіндік бөліністері үшін ОАӨАҮО үйлестіруші орталық болатыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді;
- 2008 жылдың маусымына ОАӨАҮО үйлестіретін, оның ішінде ОАӨАҮО-ға қатысушы болып табылмайтын мемлекеттермен халықаралық операциялардың нәтижесінде есірткі әкелудің бірқатар арналары әшкереленді, қылмыстық топтардың қатысушылары ұсталды, 200 кг героин тәркіленді;
- Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның құзырлы органдарымен жұмыс тетіктері байланыстың қорғалған арналары мен ынтымақтастық жолдары туралы келісімге қол жеткізілді;
- Интерполдың 1-24/7 қорғалған платформасы Орталықта 2007 жылдың желтоқсанында орналасты, Интерполдың қызметкерлері жүйені пайдалану бойынша тренинг өткізді;
- Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) СЕNN СОММ байланыстың қорғалған жүйесіне рұқсат берді, қазіргі уақытта ол ОАӨАҮО-да тестік сынақтан өтуде. Жобаға Еуропол, Интерпол, ДКҰ ерекше қолдау көрсетіп отыр. ОАӨАҮО-ны құру туралы бастама айтарлықтай саяси қолдау тапты.
Жүзеге асырылған өзге де іс-шаралар туралы қосымша ақпарат жарты жылдық және жылдық есептерде ЮНОДК-тың сайтында көрсетілген.
Осылайша күтілетін нәтижелерге қол жеткізілді, көптеген іс-шаралар табысты орындалды, кейіннен қайта қаралатын құжаттардан алуға жатады. Сондықтан төменде көрсетілген міндеттер және күтілетін нәтижелер ғана жаңа құжатта көрсетілген.
Жақын арадағы мақсат: ОАӨАҮО-ны құру жобасына қатысушы мемлекеттерге көмек көрсету
Өзгерістер жоқ
1-нәтиже: ОАӨАҮО үшін құқықтық база әзірленді, келісімге кол қойылды
Қызметі:
а) Қалған тараптың Келісімге қол қоюын қамтамасыз ету;
b) Келісімді ратификациялауға көмек көрсету.
Көрсеткіштер:
1) Келісімге барлық мемлекеттердің президенттері қол қойды;
2) Келісімді кем дегенде төрт ел ратификациялады және ол күшіне енді, бұл ОАӨАҮО-ның кең ауқымда қызметіне мүмкіндік береді.
2-нәтиже: ОАӨАҮО үшін орын белгіленді және келісілді. ОАӨАҮО ғимараты жөндеуден өтті және тиісті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді.
Қызметі:
а) Келісім күшіне енгеннен кейін келісімге қабылдаушы тараптың кол қоюын қамтамасыз етуіне байланысты өзгелерден басқа қабылдаушы тарап:
1. қажетті ғимаратты өтеусіз беруді
2. Шетелдік құқық қорғау органдарының байланыс офицерлеріне, сондай-ақ Орталықтың шетелдік аға персоналдарына тиісті иммунитет ұсынады
3. Орталықтың көлік құралдары мен ғимаратына тиісті иммунитетті ұсынады деп белгіленсін.
b) ОАӨАҮО-ның ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу.
с) Офистік және компьютерлік құралдардың, жиһаздардың, көлік құралдарының және т.б. қалған бөлігімен қамтамасыз ету қажет.
Көрсеткіштер:
1) Келісімге қабылдаушы тараптан Қазақстанның Үкіметі қол қойды, бұл ОАӨАҮО-нық қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
2) ОАӨАҮО-ның ғимараты жөнделді, қызметті қамтамасыз ету үшін жабдықталды.
3-нәтиже: Ақпарат алмасу мен оның қауіпсіздігі жөніндегі саясат әзірленді және стандартты жедел рәсімдер енгізілді
Қызметі:
а) Ақпарат алмасу мен оның қауіпсіздігі жөніндегі саясатты әзірлеу үшін Жұмыс тобын (ЖТ) құру. ЖТ сондай-ақ ақпаратты жинау бойынша стандартты жедел рәсімдерді әзірлейді. Оған стандартталған нысандар мен жүйелер енгізіледі, бұл әрбір қатысушы мемлекеттің ақпаратты ұсынуы мен пайдалануы кезінде қатар жүруді қамтамасыз етеді;
b) Жекелеген адамдар, адамдар тобы, қылмыстық ұйымдар, олардың іс-қимыл түрі мен басқа да маңызды ақпарат қамтылған криминалдық ақпараттың бірыңғай деректер базасын құру;
с) ЮНОДК-тың AD/RERF23 жобасы, сондай-ақ құқық қорғау органдарында деректер базасынан құрылған ұлттық жүйелерден деректердің үйлесімі бойынша жұмыс атқару;
d) Ақпаратты стандартталған бағалау және рұқсат тәртібін енгізуді қарау;
е) Санкцияланбаған енуді болдырмау үшін деректерді, ақпаратты, қағаздар мен материалдарды қорғау үшін қауіпсіздік ережесін енгізу;
f) Қызметкерлерді, байланыс офицерлерін және аналитиктерді тексеруді қамтамасыз ету және олардың деректерге рұқсаты деңгейін белгілеу (Деректер рұқсат деңгейіне сәйкес жіктелетін болады);
g) Деректерді қорғау жөніндегі ұлттық заңдарды назарға алу (ақпараттар алмасу мақсатында) яғни байланыс офицерлері ұсынатын елдердің заңнамасына сәйкес деректер сақталуы тиіс;
h) Жабық ақпаратпен жұмыс істейтін барлық қызметкерлерді қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерімен қамтамасыз ету;
і) Деректерді электрондық пошта арқылы беру үшін тиісті шифрлік құрылғы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсыну;
j) Интерполдың тиісті арналарын пайдалануды қолдау;
k) Ақпарат мониториигінің қатаң жүйесін енгізу;
l) Жіктелген материалдарды сақтау қауіпсіздігі үшін алдын ала нақты шаралар қабылдау.
Көрсеткіштер:
1) Ақпарат алмасу мен оның қауіпсіздігі және стандартталған жедел рәсімдерді енгізу жөніндегі саясат әзірленді. Ақпаратты жинау рәсімі белгіленді.
2) Криминалдық ақпараттың деректер базасы құрылды және ақпаратты барлық қатысушы мемлекеттер ұсынады. ОАӨАҮО-ның жеке құрамы мен өкілетті өкілдердің рұқсат деңгейін қамтитын қауіпсіздік хаттамалары әзірленді және қолданылуда.
3) Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету стандарттары қатысушы мемлекеттердің деректерді қорғау жөніндегі ұлттық заңнамасына сәйкес келеді.
4) Байланыстың қауіпсіз арналары енгізілді, шифрлаудың бағдарламалық құралдары қолданылады. Жеке құрам қазіргі заманғы технологияларды пайдаланылуға оқытылған.
4-нәтиже: ОАӨАҮО-ның штат саны тексерілді және қабылданды.
Қызметті:
Барлық штатты тиісті ұлттық органдардың тексеруін қамтамасыз ету және тексеріс нәтижелерін алу. Орталық жеке құрамының шыншылдығы мен сатылмайтындығын жоғары деңгейін қамтамасыз ету тиісті детекторлар мен өзге әдістемені қолдану жолымен тексерілуі мүмкін.
Көрсеткіштер:
1) Үміткерлерді іріктеудің өлшемдері әзірленді;
2) ОАӨАҮО-ның барлық бос орындарына конкурстық іріктеу негізінде орналастырылады;
3) ОАӨАҮО-ға жоғары кәсіби құрам қабылданды;
4) Полиграфта кенеттен тексеруді қоса алғанда жеке құрамды ұдайы тексеру қамтамасыз етілді;
5) ОАӨАҮО қызметкерлерінің тиімділігін бағалау жүйесі әзірленді және қолданылуда.
5-нәтиже: ОАӨАҮО-ға қатысушы мемлекеттердің өкілетті өкілдері (байланыс офицерлері) Орталыққа қызметке жіберілді
Қызметі:
а) Қатысушы мемлекеттерден өкілетті өкілдерді қызметке жіберуді қамтамасыз ету;
b) Өкілетті өкілдер желісі арқылы ынтымақтасуға ақпарат алмасу және ықпал ету.
Көрсеткіштер:
1) ОАӨАҮО-ға қатысушы мемлекеттерден өкілетті өкілдер Орталыққа қызметке жіберілді;
2) Өкілетті өкілдердің қажетті жедел ынтымақтастықты қамтамасыз ететін тиісті деңгей мен тәжірибелері бар;
3) Өкілетті өкілдер Орталықтың аналитикалық және үйлестіру қызметіне қатысады.
6-нәтиже: ОАӨАҮО-ның аналитикалық қызметі әзірленді
Қызметі:
а) ОАӨАҮО-да ақпаратты талдау бойынша жаңа бағдарламалық өнімдерді пайдалануға оқытылған қызметкерлермен жасақталған мамандандырылған аналитикалық бөлініс құру (аналитиктер ОАӨАҮО-ның өкілетті өкілдерімен және қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. ОАӨАҮО-ның қызмет етуін қамтамасыз ету үшін жақын келешекте осындай дағдыларды меңгерген өкілетті өкілдердің тартылуы мүмкін);
b) Тиісті аналитикалық бағдарламалар өнімдерді және оларды пайдалану бойынша тренингті қамтамасыз ету.
Көрсеткіштер:
1) Аналитикалық бөлініс қызмет атқаруда.
2) Аналитиктер оқытылған.
3) Орталықтың жедел тиімділігін қамтамасыз ету үшін сапалы аналитикалық өнімдер мен құжаттар ұдайы әзірленуде.
7-нәтиже: ОАӨАҮО қызметкерлеріне және өкілетті өкілдерге
төлемдер жүйесі әзірленді, келісілді және қолданылуда
Қызметі: ОАӨАҮО қызметкерлері үшін еңбекақы, тұрғын үй жалға алу және медициналық сақтандыруға қаражат төлеуді қамтамасыз ету;
а) Әрбір қатысушы мемлекеттің екі өкілетті өкілі тұрғын үй жалға алу бойынша қосымша ақы мен қаражат (қызметке жіберуші мемлекеттің төлейтін ақшалай төлеміне қосымша) ұсыну;
b) Қажет болғанда қатысушы болып табылмайтын мемлекеттер ОАӨАҮО-ға жіберілген өкілетті өкілдерге ұқсас төлемдер төлеу мүмкіндігін қарастыру;
с) Қатысушы мемлекеттерге Орталықты ұстау мәселесін жобаны орта мерзімді бағалаудан кейін қарау.
Көрсеткіштер:
1) Төлем жүйесі әзірленді және қолданылуда.
2) Орталықты ұстау жағдайлары мен тәртібі белгіленетін (ЮНОДК жобасы әзірленгеннен кейін) ОАӨАҮО үшін шығу стратегиясы әзірленді.
8-нәтиже: Өкілетті өкілдер мен Орталықтың персоналы тиісті дайындықтан өтті
Қызметі:
а) Оқытуға қажеттілікті анықтау.
b) Жедел ақпаратты талдау және басқа да тиісті салаларда оқыту;
с) Бірлескен операцияларды ұйымдастыру бойынша оқытуды өткізу;
d) Деректер базасын қолдау бойынша Орталықтың техникалық персоналына оқу өткізу;
е) Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері мен рәсімдері бойынша оқу өткізу.
Көрсеткіштер:
1) Оқуға қажеттіктер анықталды және тренингтер өткізілді;
2) ОАӨАҮО-ның штаты өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін оқытылды.
9-нәтиже: Жобаны бағалау жүргізілді - орта мерзімді және аяқталуы бойынша
Қызметі:
а) Халықаралық мамандарды жалдау;
b) Қайта қаралған жобаны іске асыру басталғаннан кейін екі жылдан соң жобаны орта мерзімді бағалауды жүзеге асыру.
с) Аяқталғаннан кейін жобаны соңғы бағалау.
Көрсеткіштер:
1) Тәуелсіз мамандар конкурстық негізде іріктелді және жобаны бағалау жүзеге асырылды.
10-нәтиже: Орталықтың пилоттық қызметін қолдауды қамтамасыз ету
Қызметі:
а) Орталықтың пилоттық қызметін қолдауды Келісім күшіне енгенге дейін және ОАӨАҮО штатын толық жасақтағанға дейін қамтамасыз ету;
b) Ақпаратты жинау, талдау және алмасу, сондай-ақ бақыланатын жеткізілімдер сияқты халықаралық операцияларды ұйымдастыру және қолдау тетіктерін әзірлеу және тестілеу;
с) Өңірде және одан тыс құзыретті органдармен және халықаралық ұйымдармен ОАӨАҮО-ның ынтымақтасу үшін негіз құру;
d) Орталықты «Заслон», «Транзиттік тасымал», «ТАRСЕТ» және тағы басқа сияқты операцияларға қолдауды тарту.
Көрсеткіштер:
1) Халықаралық операциялар үшін тетіктер әзірленді және сынақтан өткізілді.
2) Құзыретті органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық тетігі құрылды.
3) Орталық түрлі халықаралық операцияларды үйлестіруші рөл атқарады.
11-нәтиже: ОАӨАҮО үшін маркетингтік стратегияны әзірлеу және енгізу.
Қызметі:
а) ОАӨАҮО-ның корпоративтік танымалдығын қамтамасыз ету;
b) ОАӨАҮО логотипі мен стилін әзірлеу;
с) ОАӨАҮО веб-сайтын әзірлеу және қолдау;
d) ОАӨАҮО бойынша материалдар әзірлеу;
е) Жобаның директорына/директордың орынбасарына, аға үйлестірушісіне қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының басшы құрамымен ұдайы кездесулерді практикалау және ОАӨАҮО-нық үйлестіруші рөлін ілгерілету және ОАӨАҮО мүмкіндіктері туралы тікелей ақпарат ұсыну;
f) Құқық қорғау органдарымен және Интерпол, Еуропол, БКҰ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЭЫҰ сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты және үйлестіруді қамтамасыз ету үшін тетік (өңірлік кездесулерді қоса алғанда) әзірлеу және қолдану;
g) ОАӨАҮО қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттердің байланыс офицерлеріне Орталық қызметі туралы ұдайы хабарландыруды қамтамасыз ету;
h) Жобаның директорына/директордың орынбасарына, аға үйлестірушісіне өңірлік және өзге де кездесулерді ОАӨАҮО туралы көбірек ақпарат тарату үшін пайдалану.
Көрсеткіштер:
1) ОАӨАҮО логотипі әзірленді;
2) ОАӨАҮО веб-сайты қолданады;
3) ОАӨАҮО туралы ақпаратты тарату мақсатында тиісті материалдар мен іс-шаралар пайдаланылады;
4) ОАӨАҮО маркетингтік танымалдығын қамтамасыз ету.
4. Ұсыныстарға өзгерістер (бар болса) - өзгерістер жоқ
5. Жобаны басқаруда және құрылымына өзгерістер (бар болса)
Сатып алуды ЮНОДК жүзеге асыратындықтан, ЮНОПС (UNOPS) ассоциацияланған орындаушы агенттік ретінде жобаны орындау процесіне тартылмайды.
6. Мониториигтегі, есептіліктегі және бағалаудағы өзгерістер (бар болса) - өзгерістер жоқ
7. Құқықтық контекст - Жаңа құқықтық контекстпен ауыстырылды.
Үкіметтермен стандартты келісім
Төменде санамаланған үкіметтер Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен Көмек көрсету туралы Стандартты Негізгі Келісімге (ККСНК) көрсетілген күні қол қойып, ККСНК осы жобалы құжат шеңберінде ЮНОДК ұсынатын көмек көрсетудегі тиісті өзгерістермен қолданылды деп келісті. Үкіметтер атап айтқанда ККСНК IX бабы (Артықшылықтар мен Иммунитеттер) және X бабы (БҰҰЖБ қызметін орындау үшін жабдықтар) аталған жоба шеңберінде ЮНОДК қызметінде қолданылатынын растайды. ККСНК XI бабы (Жұмысты тоқтата тұру немесе тоқтату) және XII бабы (Дауларды реттеу) аталған жоба шеңберінде ЮНОДК қызметіне қолданылады.
| Әзірбайжан Республикасының Үкіметі | - 2001 жылғы 6 қаңтар |
| Қазақстан Республикасының Үкіметі | - 1992 жылғы 5 қазан |
| Қырғыз Республикасының Үкіметі | - 1992 жылғы 14 қыркүйек |
| Ресей Федерациясының Үкіметі | - 1993 жылғы 17 қараша |
| Тәжікстан Республикасының Үкіметі | - 1993 жылғы 1 қазан |
| Түрікменстан Үкіметі | - 1993 жылғы 5 қазан |
| Өзбекстан Республикасының Үкіметі | - 1993 жылғы 10 маусым |
Осы жобалы құжаттағы шарттарға келіспеушілік болған жағдайда ККСНК-дағы осындай шарттардай басым күшке ие болады.
Шарттар
ЮНОДК үкіметпен/үкіметтермен немесе оның/олардың атынан жалданған мемлекеттік билік органдары қызметкерлерінің, консультанттардың немесе басқа да адамдардың осы жобаны іске асыру барысында жаралануы, сырқаттануы немесе өлімі болған жағдайда жауапкершілікте болмайды. Тараптар ЮНОДК-тан Үкіметке мұндай жағдайларда өтеуі мүмкін кез келген жарақаттануды, ауруды немесе өлімді өтеуді немесе шығындарды төлеуді талап етпейді.
Үкімет/үкіметтер мұндай жағдайлардағы барабар өтемақы осы жобаға байланысты онымен/олармен немесе оның/олардың атынан тартылған барлық қызметкерлерге қарастырылатынын және қолданылатынын қамтамасыз етуі және растаулары қажет.
Құрал-жабдық
Осы жоба шеңберінде Үкімет ЮНОДК әкелетін құрал-жабдықты ОАӨАҮО құру туралы қатысушы елдер арасындағы келісімнің 22-бабына сәйкес кедендік баж салымдарымен және төлемдерден босатылады.
ЮНОДК-ты қаржысына сатып алынған құрал-жабдық қай тарап оның сатып алуды жүзеге асыратынына қарамастан, оны бергенге немесе қандайда бір тәсілмен есептен шығарғанға дейін ЮНОДК-ты жеке меншігі болып қала береді.
ЮНОДК-ты қаржысына сатып алынған құрал-жабдықтар ЮНОДК-тың келісімімен жобаны іске асыру мақсаты үшін аталған жоба барысында кез келген уақытта кез келген ұйымға/ведомствоға берілуі мүмкін. Алайда құрал-жабдықтарды соңғы сызып тастау меншік құқығын тапсыруды қоса, тиісті тараппен/тараптармен немесе ұйыммен/ұйымдармен келісу негізінде осындай шешімдерді қабылдауға талпынуы қажет ЮНОДК қабылдайды.
ЮНОДК-тың қаржысына сатып алынған құрал-жабдықтар тапсырылған ұйым/ведомство ЮНОДК-тың келісімі негізінде тек аталған жоба мақсаты үшін берілген құрал-жабдықты пайдалануды қамтамасыз етуге жауапты және оны ұстауды қамтамасыз етуге және шығыстарды жабуға міндеттенеді. Ұйым/ведомство сондай-ақ аталған құрал-жабдықты тиісті сақтандыруды қамтамасыз етуге және шығыстарды төлеуге міндеттенеді. Шығысталмайтын құрал-жабдық кезінде ұйым/ведомство аталған құрал-жабдыққа тиісті түгендеу есебін жүргізуге міндеттенеді.
Авторлық құқықтар туралы ереже
ЮНОДК осы жоба шеңберінде іске асырылатын қызмет нәтижесі болып табылатын авторлық құқықтарды және зияткерлік меншікке (құжаттар, есептер, зерттеулер, мақалалар және т.б.) тиісті құқықтарды өзіне қалдырады. Жазбаша сұрау салу негізінде жоба аяқталғаннан кейін Үкіметке/үкіметтерге осы материалдарды өтеусіз пайдалануға құқық берілуі қажет.
Міндеттерден бас тарту
Осы жобалы құжат шеңберіндегі ЮНОДК-тің қызметін іске асыру жыл сайынғы негізде ЮНОДК арқылы донор елдердің тарапынан барабар қаржыландырудың болуына байланысты. Қажетті қаржыландыру болмаған жағдайда, ЮНОДК бір жақты негізде осы құжат шеңберінде көмекке көрсетуді тоқтатуға құқылы.
Бақылау және аудит туралы ереже
Осы жоба БҰҰ-ның Ішкі бақылау жөніндегі басқармасының және БҰҰ-ның Аудит жөніндегі комитетінің бақылауына және аудиттеуіне жатады. ЮНОДК аталған бақылаудың/аудиттің жүргізілуін үйлестіреді және бақылаудың/аудиттің келісілген ұсынымдарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Жоба шеңберінде туындаған дауларды қайта қарау/шешу
Осы жобалы құжатқа тартылған тараптардың жазбаша келісімімен өзгерістер енгізілуі мүмкін. Осы жобалы құжаттың ережесіне кірмейтін кез келген тиісті мәселе БҰҰ органдарының тиісті қарарлары және шешімдері негізінде шешілуі тиіс. Аталған параграф шеңберінде басқа тараппен енгізілген кез келген ұсынысты әр тарап толық және оңтайлы қарастыруы қажет.
8. Жобалы бюджет
| Бюджетті ң желісі | | <2007 | 2007 | 2008 | Алдағы жылға бюджеттер | Жалпы жоспарланған сома |
| шығыстар (а) | шығыстар (b) | Ұсынылған өзгерістер (c) | Шығыстар Ай саны: 5 (bx) | Баланс (c-сx) | 2009 (d) | 2010 (e) | >=2011 (f) | (f=a+b+c+d+e+f) |
| 1500 | Жобалы іссапарлар | 98,716 | 65,108 | 100,000 | 46,300 | 53,700 | 90,000 | 95,000 | 85,000 | 533,900 |
| 15-99 | Барлығы: Іссапарлар | 98,716 | 65,108 | 100,000 | 46,300 | 53,700 | 90,000 | 95,000 | 85,000 | 533,900 |
| 1100 | Халықаралық сарапшылар | 243,568 | 192,011 | 221,600 | 81,100 | 140,500 | 240,000 | 240,000 | 240,000 | 1,377,179 |
| 1150 | Аз мерзімге халықаралық кеңесшілерді жалдау | 48,314 | 11,146 | 30,000 | 14,900 | 15,100 | 50,000 | 30,000 | 30,000 | 199,500 |
| 1300 | Жобаның әкімшілік персоналдары | | | | 0 | 0 | | | | 0 |
| 1400 | БҰҰ-ның волонтерлары | | | | 0 | 0 | | | | 0 |
| 1600 | Жобаның персоналдарына өзге де шығыстар | 49,392 | 110,436 | 470,000 | 253,100 | 216,9000 | 105,000 | 105,000 | 105,000 | 944,900 |
| 1700 | Ұлттық жоба штаты | | | | 0 | 0 | | | | 0 |
| 19-99 | Барлығы: персонал | 341,273 | 313,593 | 721,600 | 349,100 | 372,500 | 395,000 | 375,000 | 375,000 | 2,493,500 |
| 2100 | Мердігерлер | 14,436 | 9,640 | 2,519,100 | 2,000 | 2,517,100 | | | | 2,543,200 |
| 2200 | Гранттар | 0 | 0 | | 0 | 0 | 2,010,000 | 2,100,000 | 2,100,000 | 6,210,000 |
| 29-99 | Барлығы: мердігерлер | 14,436 | 9,640 | 2,519,100 | 2,000 | 2,517,100 | 2,010,000 | 2,100,000 | 2,100,000 | 8,753,200 |
| 3100 | Жеке стипендиялар | 181 | 1,689 | 12,800 | 2,800 | 10,000 | 50,000 | 50,000 | 30,000 | 144,700 |
| 3200 | Оқу турлары | | | | | 0 | | | | 0 |
| 3300 | Жергілікті оқыту | | | | | 0 | | | | 0 |
| 3400 | Топтық тренингтер | | | | | 0 | | | | 0 |
| 3500 | Кездесулер | 125,452 | 23,883 | 23,000 | 11,200 | 11,800 | 25,000 | 25,000 | 25,000 | 247,400 |
| 39-99 | Барлығы: тренингтер | 125,633 | 25,572 | 35,800 | 14,000 | 21,800 | 75,000 | 75,000 | 55,000 | 392,100 |
| 4100 | Шығысталатын құрал-жабдықтар | 1,276 | 196 | 15,000 | 5,300 | 9,700 | 25,000 | 30,000 | 30,000 | 101,500 |
| 4200 | Шығысталмайтын құрал-жабдықтар | 59,006 | 5,261 | 10,000 | 1,800 | 8,200 | 20,000 | 20,000 | 20,000 | 134,300 |
| 4300 | Ғимарат | 6,573 | 0 | 39,000 | 21,000 | 18,000 | 160,000 | 200,000 | 200,000 | 605,600 |
| 4500 | Құрал-жабдықтар - жергілікті сатып алу | | | 0 | | 0 | | | | 0 |
| 49-99 | Барлығы: құрал-жабдық | 66,855 | 5,457 | 64,000 | 28,100 | 35,900 | 205,000 | 250,000 | 250,000 | 841,400 |
| 5100 | Құрал-жабдықтарды пайдалану | 17,639 | 24,669 | 31,500 | 16,100 | 15,400 | 40,000 | 55,000 | 55,000 | 223,900 |
| 5200 | Есептер | 0 | 0 | 28,700 | 1,700 | 27,000 | 20,000 | 20,000 | 20,000 | 88,700 |
| 5300 | Өзге де шығыстар | 2,223 | 9,406 | 6,500 | -2,600 | 9,100 | 6,500 | 6,500 | 6,500 | 37,700 |
| 5400 | Жалпы операциялық шығыстар | 6,776 | 6,503 | 47,000 | -400 | 47,400 | 60,000 | 60,000 | 60,000 | 240,300 |
| 5500 | Өкілдік шығыстар | | | | | 0 | | | | 0 |
| 59-99 | Барлығы: өзге де | 26,638 | 40,578 | 113,700 | 14,800 | 98,900 | 126,500 | 141,500 | 141,500 | 590,500 |
| (а) 90-99 | Барлығы | 673,551 | 459,948 | 3,554,200 | 454,300 | 3,099,900 | 2,901,500 | 3,036,500 | 3,006,500 | 13,632,200 |
| 5601 | Есепті агенттік шығыстары | 6,471 | 6,789 | | 0 | 0 | | | | 13,300 |
| | Барлығы: Бөлінген қаржы | 680,022 | 466,737 | 3,554,200 | 454,300 | 3,099,900 | 2,901,500 | 3,006,500 | 3,006,500 | 13,645,500 |
| 5602 | РПП ЮНОДК | 76,080 | 53,004 | 462,000 | 59,000 | 403,000 | 377,200 | 394,700 | 390,800 | 1,753,800 |
| 5603 | Бірлескен жоба бойынша РПП ЮНОДК | 0 | 0 | | 0 | 0 | | | | 0 |
| (b) 56-00 | Жобаны қолдау бойынша шығыстар | 82,551 | 59,793 | 462,000 | 59,000 | 403,000 | 377,200 | 394,700 | 390,800 | 1,767,100 |
| | | | | | | 0 | | | | 0 |
| (c=a+b) | Барлығы (Барлығы + РПА) | 756,102 | 519,741 | 4,016,200 | 513,300 | 3,502,900 | 3,278,700 | 3,431,200 | 3,397,300 | 15,400,000 |
| | | | | | | | | | | |
| (d) | Бөлінген қаржы үшін резерв | | | | | | | | | |
| (е=c+d) | Барлығы | 756,102 | 519,741 | 4,016,200 | 513,300 | 3,502,900 | 3,278,700 | 3,431,200 | 3,397,300 | 15,400,000 |