- мәліметтерді және жедел ақпаратты өңдеуге оқыту (жедел ақпарат циклі: яғни есептерді жинау, бағалау, құру және деректерді тарату);
- жедел талдау негіздеріне оқыту;
- кейіннен оқыту, мониторинг және аналитиктердің қызметін қолдау, сондай-ақ жедел ақпаратқа негізделген қызметті іске асыру.
4.0. Жоба ауқымының кенеюі: жедел ақпарат негізінде тергеу жүргізудің қосымша компонентін іске асыру көмегімен жобаның оң нәтижелерін күшейту
4.1. Тиісті ведомстволармен және лауазымды тұлғалармен кеңестер мен басқа да іс-шаралар өткізу арқылы төменде көрсетілген жедел ақпаратты пайдалануға негізделген инструменттерді енгізу және артықшылығын түсіндіру:
а) жедел ақпараты стратегиялық талдау (тәуекелді бағалау, бейіндеу т.б.)
б) телефонмен сөйлесулерге базалық/тереңдетілген талдау
в) ақпарат берушімен базалық/терендетілген жұмыс
г) ақпарат берушілер туралы деректер базасы
д) бар жедел деректер базасына ғылыми деректер енгізу
е) электрондық ақпараттық алмасуды қорғау үшін шифрлік бағдарлама
4.2. 4.1-іс-шарасында санамаланған жедел ақпаратқа негізделген инструменттерді ұстау үшін қажетті құрал-жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әрбір көмек алушы мемлекетке белгілеу.
4.3. Құрал-жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және орнату.
4.4. Тиісті ведостволармен мұқият консультациялар негізде 4.1-іс-шарасында жедел ақпарат инструменттерін қолдау үшін қажет етілетін оқыту түрлерін анықтау; қатысушылар тізімін дайындау және тиісті оқуды ұсыну.
4.5. 4.1-іс-шараларына сәйкес жедел ақпаратты өңдеу бойынша аналитиктер қызметіндегі прогресс мониторингі (тұрақты негізде) және қажетіне қарай аналитикалық жүйелердің тиісті түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін есірткіге қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының аналитикалық бөліністеріне кейіннен техникалық және сараптамалық қолдау көрсету.
4.6. Көмек алушы мемлекеттерде аналитикалық қызмет және жағдайды дамуына мониторингі мақсатында «Кәсіби орталық» (КО) құру. Орталықтың жұмысына құқық қорғау органдарының аналитиктері, тәжірибелі техникалық персонал, ЮНОДК үйлестірушісі, бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпарттық технологиялар бойынша сарапшылар қатысады. Кәсіби орталықтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бас байланыстырушы тұлға ретінде Тәжікстанның ЕБА-ның бас талдаушысы тағайындалды. Әрбір қатысушы елдің байланыстырушы адамы (талдаушы немесе деректер әкімшісі) байланысты ұстап отыратын болады және тиісті ақпартты байланыстырушы адамға жіберіп отырады. Кәсіби орталық: талдау бөліністерінің мониторингін, жедел ақпарат жүйесін және күнделікті талдау қызметін; проблемаларды анықтау, сондай-ақ ортақ деректерді бір іздендіріп топтастыруды жүзеге асырады. Бұл қызмет талдау бөлімшелерінің кәсіби білімінің мүмкіндіктерін бірыңғай деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді. Кәсіби орталық «кәсіби дербестікке» қол жеткізу және талдаушылар мен деректер әкімшілерінің халықаралық техникалық қолдауға тәуелділігін төмендетуге жағдай жасайды.
4.7. Трасшекаралық ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды бекіту және білімді кеңейту мақсатында қатысушы мемлекеттердің тұрақты жарты жылдық өңірлік кеңестерін ұйымдастыру.
VI. ЕСЕП БЕРУ. ЖОБАНЫҢ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Бастапқы құжаттарда көрсетілгендей, мониторинг, шолу және есеп берудің барлық тетіктері бұрынғысынша қалдырылады. 2008 жылы ЮНОДК стандартарына сәйкес жобалау қызметіне аралық бағалау жүргізіледі. Жобаны соңғы бағалау 2010 жылға жоспарланып отыр. Жобаның бюджетінде оның орындалуын соңғы бағалауға жеткілікті қаржы бөлінген.
VII. ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТІК ТЕТІГІ
Есірткіге қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау қызметін нығайтуға көмек көрсете отырып, осы жоба ЮНОДК-тың өңірлік бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын басқа да жобалардың іс-шараларын толықтырады. Осылайша жобаның сәттілігінің ажырамас шарты оның өзге де жобалармен үйлесімділігі болып табылады. AD/RER/F23 жобасының үйлестірушісі Орталықазиядағы ЮНОДК-тің өңірлік өкілдігінің тікелей басшылығымен мынадай үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады және қамтамасыз ететін болады:
- жедел ақпаратты талдау, өңдеу және жедел ақпарат негізінде тергеу жүргізу саласында ОАӨАҮО жобасымен ынтымақтастық және үйлестіру;
- Жедел мәліметтерді пайдалану тұжырымдамасына қатысты ТАJ/H03 жобасымен ынтымақтастық және үйлестіру;
- Жобаның тиісті компонентіне жататын мәселелер бойынша ТАJ/Е24 жобасымен ынтымақтастық және үйлестіру;
- қылмыстар бойынша деректерге талдау жүргізуге байланысты оның мақсаттарын орындауда AD/KYR/G64 (Қырғызстанның Есірткіні бақылау жөніндегі агентгігі) жобасымен ынтымақтастық және үйлестіру;
- Ауғанстан мен Әзірбайжандағы тиісті іс-шараларға байланысты ЮНОДК жобасымен/мақсатымен ынтымақтастық және үйлестіру;
- Ақпартты талдауға байланысты бөлігінде КАДАП және СКАД ЕС бағдарламасымен іс-шараларды ынтымақтастыру және үйлестіру;
- «Кәсіби орталық» құру бойынша AD/ТАJ/03/Н03 жобасымен ынтымақтастық және үйлестіру.
VIII. ҚҰҚЫҚТЫҚ КОНТЕКСТ
Бастапқы жобалық құжатта белгіленген құқықтық контекст, мыналармен ауыстырылған:
Төменде көрсетілген күндер БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) көмек көрсету туралы стандарттық базалық келісімге (КСБК) қол қойған келесі мемлекеттердің үкіметтері осы жобалы құжат шеңберінде ЮНОДК-қа ұсынылатын КСБК-мен тиісті түзетулерге қатысты көмекке келіседі. Үкіметтер, атап айтқанда, КСБК-ның IX бабының (Жеңілдіктер мен иммунитеттер) және X бабының (БҰҰДБ тарапынан көмек көрсету құралдары) ережелері берілген жоба шеңберінде ЮНОДК қызметіне қолданылады және КТСБК XI бабының (Көмек көрсетуді тоқтата тұру немесе тоқтату) және XII бабының (Дауларды шешу) ережелері берілген жоба шеңберінде ЮНОДК қызметіне қатысты қолданылады.
| Әзірбайжан Республикасының Үкіметі | 2001 жылғы 6 қаңтар |
| Қазақстан Республикасының Үкіметі | 1994 жылғы 4 қазан |
| Қырғыз Республикасының Үкіметі | 1992 жылғы 14 қыркүйек |
| Тәжікстан Республикасының Үкіметі | 1993 жылғы 1 қазан |
| Түрікменстан Үкіметі | 1993 жылғы 5 қазан |
| Өзбекстан Республикасының Үкіметі | 1993 жылғы 10 маусым сондай-ақ |
БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) Көмек көрсету туралы стандартты базалық келісімнің (КСБК) тарапы болып табылмайтын Ауғанстан Үкіметі ЮНОДК жобалы құжатының (осы құжатқа қоса беріледі) стандартты толықтыратын ережелерімен тиісті өзгерістерді есепке ала отырып, қазіргі жобалы құжат шеңберіндегі ЮНОДК-пен орындалатын көмек көрсету бойынша іс-шараларға қолданылу қажеттілігіне келіседі. Үкімет «Құқықтар, құралдар, жеңілдіктер мен иммунитеттер» атты стандартты қосымша ережелер бөлімінің берілген жоба шеңберінде ЮНОДК қызметіне қолданылатыны туралы растайды.
Осы жобалы құжат ережелері мен КСБК (немесе стандартты қосымша ережелер) ережелерінің арасында келіспеушілік болған жағдайда осы жобалы құжаттың шарттары басымдылық күшке ие болады.
Мемлекеттік қызметкерлер немесе кеңесшілердің не болмаса, Үкімет атынан әрекет ететін немесе оның атынан тұлғамен жасалған келісім-шарт негізінде осы жобаны орындау үшін тартылған басқа да тұлғаларына келген қандайда бір зиян, зақым, ауру немесе өлімі үшін ЮНОДК жауапкершілікте болмайды. Тараптар орнын толтыру ретінде Үкімет төлейтін зиян, зақым, ауру немесе өлім сияқтылармен байланысты қандайда бір соманы төлеуді ЮНОДК-тан талап ете алмайды.
Үкіметтер осындай оқиғалар болған жағдайда барабар өтемақы бар екенін және осы жоба шеңберінде олар жалдаған барлық тұлғаларға қолданылатынын растайды.
Ресми пайдалануға арналған мүліктер мен заттар Тараптар аумағында кедендік төлемдерден, кедендік баж, салықтардан және осы жинаулармен және төлемдермен байланысты салымдардан оларды жасаудан басқа жерлердегі немесе тиісті кедендік орган жұмыс уақытынан басқа уақытта тасымалдау, сақтау және кедендік рәсімдеулерден, сондай-ақ кедендік рәсімдеулер мен халықаралық ұйымдармен қарастырылған тәртіпте осындай қызмет түрлерін қоспағанда.
ЮНОДК қаражаты есебінен сатып алынған жабдық кім сатып алумен айналысқанына қарамастан, ресми түрде берілмегенше немесе өзге де тәсілмен орналастырылмайынша оның меншігі болып қалады.
ЮНОДК қаражаты есебінен сатып алынған құрал-жабдық, тараптың келісімімен жобаның мақсатында пайдалану үшін жобаның әрекет етуінің кез келген кезеңінде кез келген тарапқа берілуі мүмкін. Алайда меншік құқығын беруді қоса алғанда жабдықты орналастыруға қатысты соңғы шешім мүдделі тарап/тараптар және ведомство/ведомстволармен консультациялар негізінде мұндай шешім қабылдау үшін бар күшін салатын ЮНОДК-та қалады.
ЮНОДК қаражаты есебінен сатып алынған құрал-жабдық ресми түрде берілетін ведомство жобаның мақсаттарына қатаң сәйкестікте және ЮНОДК-пен уағдаластыққа сәйкес пайдалануы үшін жауапкершілікте болады; ол жабдыққа тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі және шығындарды көтеруі тиіс. Қосымша, осы ведомство берілген сақтандыруды ұйымдастыруы және шығындарды көтеру тиіс. Ұзақ мерзімде пайдаланылатын жабдыққа қатысты ведомство оның егжей-тегжейлі тізімдемесін жасауға жауапкершілікте болады.
ЮНОДК осы жоба шеңберіндегі қызмет нәтижесінде алынған барлық материалға (құжаттар, есептер, зерттеу нәтижелері, жариялымдар және т.б.) қатысты авторлық құқықтар мен зияткерлік меншікке тиісті құқықтарын сақтайды.
ЮНОДК-тың осы жобалы құжат шеңберіндегі қызметі жыл сайынғы негізде жүзеге асатын барабар қаржыландыруға тәуелді. Қажет етілетін қаражат болмаған жағдайда ЮНОДК осы құжат шеңберінде көмек көрсетуді өзі тоқтатуға құқылы.
Осы жоба БҰҰ-ның Ішкі қадағалау жөніндегі бөлінісі және БҰҰ Аудиторлар кеңесі тарапынан тексеріске/аудитке жатады. ЮНОДК мұндай тексерістің/аудиттің жүргізілуін үйлестіретін болады және тексеріс қорытындылары бойынша ұсынымдардың орындалуын қабылдауға міндеттенеді.
Жобалы құжатқа өзгерістер қатысатын тараптардың жазбаша келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.
2-қосымша: Жұмыс сипаттамасы және қызметтік міндеттері (жалғасы)
Жоба бойынша ассистент (ЖА)
| Жобаның атауы және нөмірі: | АD/RER/00/F23 - «Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының деректер мен ақпарат жинау бойынша әлеуетін нығайту» |
| Лауазымның атауы: | Жоба бойынша ассистент (ЖА) (біреу) |
| Қол қою орны: | Ташкент |
| Мерзімі: | 36 ай |
Жоба бойынша ассистент Жобаны үйлестірушінің жалпы басшылығымен және ұлттық бағдарлама қызметкерімен/жоба басшысымен тығыз байланыста тиісті елдерде мыналарды:
- жобаны басқарумен, іске асырумен және оның мониторингіне байланысты жұмыста Жоба үйлестірушісіне көмек көрсетуді;
- жобалы бюджетті шолу мен қайта қарауда Үйлестірушіге көмек көрсету;
- жыл сайынғы бюджеттік ұсыныстардың жобасын әзірлеуді;
- тиісті елдердегі жоба бюджетінің мониторингін және оны бақылауды, сондай-ақ Жоба үйлестірушісіне тиісті ақпарат ұсынуды;
- жоба мониторингінің жетілдірілген жүйесін әзірлеуде көмек көрсету, жоба басшылығының және Өңірлік Басқарманың ұсыныстарына сәйкес қаржылық және басқару мониторингі рәсімдерін қадағалауды;
- жұмыс жоспарларын, мониторинг бойынша есептерді (жартыжылдық және жылдық), құжаттарды, анықтамалық құжаттарды, жобаның бірінші жартысы өткеннен кейін және ол аяқталған соң бағалау комиссиясын жүргізу үшін материалдардың алғашқы нұсқаларын әзірлеуді;
- жабдықтарды жеткізу және жоба бойынша шығыстар мониторингін;
- конференциялар мен семинарлар өткізуге көмек көрсетуді;
- оқу курстарын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетуді;
- жобалы құжаттарды және кездесулерді ағылшын тілінен орыс тіліне және орыс тілінен ағылшын тіліне аударуды;
- мүдделі адамдармен және ведомстволармен бағдарламалық мәселелер бойынша хат-хабар дайындауды және жүргізуді;
- жол жүрумен, яғни визаларды, іссапар ұйғарымдарын ресімдеуді, іссапар шығыстарын және іссапар төлемдерін жүзеге асырумен байланысты рәсімдерді орындауды;
- қажет болған жағдайда басқа да міндеттерді орындауды жүзеге асыратын болады.
БІЛІКТІЛІК:
Жобаны басқару тәжірибесі. БҰҰ-ның техникалық көмек көрсету жөніндегі жобаларымен жұмыс және қарым-қатынас жасау тәжірибесі. Ағылшын және орыс тілдерінде сөйлей және жаза білу. Жобаға қатысушы елдердің тілін білетіндерге артықшылық беріледі; компьютерлік сауаттылық, коммуникабельділік және жағымды тұлғааралық қасиеттер міндетті түрде болуы керек.
2-қосымша: Жұмыс сипаттамасы және қызметтік міндеттері
2.1-қосымша Жобаны үйлестіруші
| Жобаның атауы және нөмірі: | AD/RER/00/F23 - «Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының деректер мен ақпарат жинау бойынша әлеуетін нығайту» |
| Лауазымның атауы: | Жобаны үйлестіруші (L-4) (біреу) |
| Қол қою орны: | Ташкент |
| Мерзімі: | 36 ай |
МІНДЕТТЕРІ: Орта Азиядағы ЮНОДК Өңірлік Өкілінің басшылық етуімен және оның нұсқауларына, сондай-ақ Құқық қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшінің техникалық басшылығына сәйкес Жобаны үйлестіруші жалпы басшылыққа және AD/RER/00/F23 - «Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының деректер мен ақпарат жинау бойынша әлеуетін нығайту» жобасын іске асыруға жауап береді және мынадай міндеттерді орындайды:
- қатысатын үкіметтік құрылымдармен бірлесіп, оқу курстарын, семинарларды, жұмыс сессияларын және отырыстарды өткізуді қосқанда, жоба бойынша жұмыс жоспарының орындалуын үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
- жобаның бюджеттік қаражатын пайдалануды қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда жоба бюджетіне өзгерістер енгізеді;
- құрал-жабдықтарды бөлуді санкциялайды және жоба қаражатының шығыстарын қадағалайды;
- жобаның жергілікті персоналын қабылдайды, дайындайды және басқарады;
- заңнамалық және әкімшілік көмек көрсету мен оқытуды өткізу бойынша басым талаптарды ашады және айқындайды;
- консультанттарды тарту қажеттілігін анықтайды, ұсынылған консультациялар үшін қызметтік міндеттер әзірлейді, консультанттарды іздеуге, іріктеуге және қабылдауға көмек көрсетеді;
- құжаттаманы дайындайды және семинарларға арналған материалдарды, жұмыс сессияларын, оқу курстары мен отырыстарын, баянжазбаларды, жұмыс құжаттарын және т.б. қосқанда ЮНОДК немесе консультанттар дайындаған құжаттарды салыстырады және т.б.;
- ақпаратты өңдеу мен алмасуға жауап беретін үкіметтік бөліністер арасындағы бірлескен жұмысты ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жетілдіру жөніндегі хаттамалар жасауға көмек көрсетеді;
- семинарлар, жұмыс сессияларын, отырыстар және т.б. ұйымдастырады;
- жобаны ұлттық Үйлестірушілермен/Басшылармен және жоба бойынша Ассистенттермен бірлесіп, нұсқамалық оқу сессияларын, ұлттық семинарларды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау курстарын және қосалқы өңірлік кеңестерді ұйымдастыруды қосқанда, барлық жобалық іс-шараларды өткізеді;
- деректер туралы сұрау салуларды дайындауды, ЮНОДК-ға кірмейтін мемлекеттік құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен байланыс орнатуды қосқанда барлық жалпы және әкімшілік мәселелерді шешеді; нұсқаушыларға, компьютер мамандарына, әдіскерлерге, консультанттарға, заң мәселелері жөніндегі ЮНОДК кеңесшілеріне оларды жобалық іс-шараларға қатысуға дайындау бойынша ұсынымдар береді;
- семинарларда, жұмыс сессиялары мен отырыстарда ресурстарды бөлуші ретінде қатысады;
- жобаның ұлттық Үйлестірушілермен/Басшылармен және жоба бойынша Ассистенттермен бірлесіп, жоба бойынша жұмыс барысы және жоба бойынша жеткізілімдері іске асыру барысы туралы есептер дайындайды;
- Жоба бойынша жұмыс барысында алынған тәжірибе мен нәтижелер аясында өңірдегі ақпаратты өңдеу және олармен алмасу бойынша одан әрі ықтимал іс-әрекеттер үшін ЮНОДК-тың жобалық құжаттамасының стандарттық форматына сәйкес жоба бойынша жобалық ұсыныстар мен идеялар дайындайды;
- қажет болған жағдайда Орта Азиядағы ЮНОДК-тың қалған барлық жобаларын қолдайды және көмек көрсетеді.
БІЛІКТІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАР:
Криминология, құқық немесе тиісті сала бойынша жоғары университеттік білім не болмаса есірткіні бақылау және қылмыстық тергеу жүргізу саласында құқық қорғау қызметіне маманданған полиция, кеден және басқа да мемлекеттік деп танылған орта білім беру мекемесінде балама академиялық даярлық. Есірткіні бақылау саласында кемінде сегіз жыл жұмыс өтілі, оның екі жылы халықаралық деңгейде болуы тиіс.
Мүмкіндігінше БҰҰ-ны техникалық қолдау бағдарламаларындағы жұмыс өтілі; құқық қорғау қызметіндегі тәжірибе және Орта Азиядағы ахуалды білу. Кәсіби компьютерлік дағды және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді білу. Жағымды тұлғааралық, басқарушылық және дипломатиялық қасиеттер, коммуникабельділік болуы керек.
Бірінші университеттік дәрежесі бар және кемінде 9 жыл тиісті кәсіби тәжірибесі бар кандидатураларда қарастырылуы мүмкін. Ағылшын тілінде міндетті түрде жетік сөйлеуі керек; жобаға қатысушы елдердің тілін білетіндерге артықшылық беріледі.
2.2-қосымша: Жұмыс сипаттамасы және қызметтік міндеттері (жалғасы)
Жобаның ұлттық қызметкері (ЖҰҚ)
| Жобаның аты және нөмірі: | AD/RER/00/F23 - «Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының деректер мен ақпарат жинау бойынша әлеуетін нығайту» |
| Лауазымның атауы: | Жобаның ұлттық кеңесшісі (ЖҰК) (бір) |
| Қол қою орыны: | Ташкент |
| Мерзімі: | 36 ай |
МІНДЕТТЕРІ:
Жобаның ұлттық қызметкері (ЖҰҚ) жобаны Үйлестірушінің жалпы басшылығымен мыналарды:
- жобаны басқарумен, іске асырумен және оның мониторингіне байланысты қызметте жобаны Үйлестірушіге көмек көрсетуді;
- ай сайынғы есептерді үнемі құруды;
- жұмыс жоспарларын, есептерді және анықтамалық құжаттарды тәуелсіз дайындауды;
- жобалы бюджетті шолуды және қайта қарауды;
- жыл сайынғы бюджеттік ұсыныстардың жобасын әзірлеуді;
- жоба бюджетінің мониторингін және оны бақылауды;
- жоба бойынша жабдықтар мен шығыстардың бөлінуін бақылауды;
- оқу іссапарлары мен тағылымдамаларға қатысты тиісті тағайындаулар мен ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етуді;
- ұлттық персоналды басқаруда көмек көрсетуді;
- байланыс жасау және ұлттық серіктестерді инспекциялауды;
- жоба шеңберінде басқарушылық, төрешілдік және әкімшілік жұмыста көмек көрсету үшін тиісті халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен байланысты қамтамасыз етуді;
- Жобаны үйлестірушіге ресми миссияларды, сапарларды және басқа да осындай іс-шараларды дайындауда көмек көрсетуді;
- оқу курстары мен іссапарлар ұйымдастыруда және оларды өткізуде көмек көрсетуді, сарапшылар мен консультациялық миссияларды жүзеге асыру кезінде ынтымақтастық пен қолдау көрсетуді;
- қажет болған жағдайда басқа да міндеттерді орындауды жүзеге асыратын болады.
БІЛІКТІЛІК:
Жоғары білім, ағылшын және орыс тілдерінде сөйлеу және жаза білу; жобаға қатысушы елдердің тілін білетіндерге артықшылық беріледі; компьютерлік сауаттылық; БҰҰ-да немесе басқа да халықаралық ұйымдарда 5 жыл жұмыс тәжірибесі; жұмыс рәсімдерін жақсы білу; бастамашылық және ұйымдастырушылық қабілеттер; коммуникабельділік және жағымды тұлғааралық қасиеттер; мүмкіндігінше елдегі есірткі ахуалын білу.
2-қосымша: Жұмыс сипаттамасы және қызметтік міндеттері (жалғасы)
2.5-қосымша. Жергілікті есептеу желісіне (ЖЕЖ)
қызмет көрсету жөніндегі мамандар
| Жобаның атауы және нөмірі: | AD/RER/00/F23 - «Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының деректер мен ақпарат жинау бойынша әлеуетін нығайту» |
| Лауазымның атауы: | ЖЕЖ қызмет көрсету жөніндегі мамандар (үш) |
| Қол қою орны: | Ташкент |
| Мерзім: | 36 ай |
Жоба шеңберінде ЖЕЖ қызмет көрсету жөніндегі маман Жобаны үйлестірушінің басшылығымен және оның тапсырмаларына сәйкес мынадай міндеттерді орындайтын болады:
- Жобаны үйлестірушіге барлық жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы есепті және жоба басшылығының міндетті талабы болып табылатын міндеттерді орындау туралы баяндаманы ұсынады;
- компьютерлік жабдықтарды есепке алу және оларға техникалық қызмет көрсету арқылы жоба персоналына көмек көрсетеді;
- ақпаратты жинау, сақтау, талдау және қауіпсіз алмасу үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуші/әзірлеуші компанияларды анықтауда Жоба үйлестірушісіне көмек көрсетеді;
- осы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын техникалық талаптарды көрсете отырып, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуге тендерлік құжаттаманы дайындауда Жобаны үйлестірушіге көмек көрсетеді;
- анықталған қажеттіліктерге оның сәйкес болуына кепілдеме беру үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің барлық процесі кезінде таңдап алынған компаниямен жұмыс барысында Жобаны үйлестірушіге көмек көрсетеді;
- қажетті жабдықтарды анықтауда және бағдарламалық қамтамасыз етуді неғұрлым мақсатты пайдалануға кепілдік беретін техникалық талаптардың нақты спецификациясынан тұратын компьютерлік жабдықтарды жеткізу үшін тендерге қатысуға шақырулар дайындауда арнайы бағдарламалық қамтамасыз етеді;
- ақпаратпен алмасудың оңтайлы техникалық құралдарын анықтауда ұлттық билік органдарына көмек көрсетеді;
- ұсынылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық жабдықтарды пайдалануға және жұмыс мәселелерін барабар шешуге қатысты ұлттық билік органдарына көмек көрсетеді;
- арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша ұлттық билік органдарының өкілдері үшін оқу ұйымдастыруда Жобаны үйлестірушіге көмек көрсетеді;
- жоба персоналына тиісті білім беру;
- қажет болған жағдайда компьютерлік технологиялар және есептеу желілері саласында ЮНОДК-нің Өңірлік кеңсесіне басқа да іс-шараларды жүзеге асыруда қолдау және көмек көрсетеді.
БІЛІКТІЛІК:
Информатика, статистика және қолданбалы математика бойынша университеттік дәреже; Ақпаратты басқару жүйесі (АБЖ) және ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс тәжірибесі; ақпаратты басқару және мәліметтерді жіберу желісі саласындағы жұмыс тәжірибесі, есептеу желісі мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы практикалық дағды; БҰҰ жүйесіндегі жұмыс тәжірибесіне артықшылық беріледі; топпен жұмыс істей білу.
Ағылшын тілінде жақсы сөйлеу және жазу дағдысы міндетті түрде болуы керек; жобаға қатысушы елдердің тілін білетіндерге артықшылық беріледі.
ҚОСЫМША: БККСШ-ға кірмейтін елдер үшін стандартты құқықтық мәтін
Базалық көмек көрсету туралы стандартты шарт (БККСШ) тараптары болып табылмайтын елдерде қолдану үшін жобалық құжаттарға стандартты қосымша
Стандартты мәтін: жобалы құжатты толықтыратын ережелер:
Құқықтық контекст
Үкіметтің, ЮНОДК-нің және атқарушы агенттіктің жалпы міндеттері.
1. ЮНОДК-нің осы жобаға көмек көрсетуінің барлық кезендері мен аспектілері Біріккен Ұлттар Ұйымы құзыретті органдарының тиісті қаулылары мен шешімдерінің негізінде, сондай-ақ осындай жобаларды орындау кезінде қолданылатын саясат пен рәсімдер, оның ішінде ЮНОДК-нің Мониторинг жүйесінің, бағалауы мен есептілігінің талаптары ескеріле отырып іске асырылады.
2. Үкімет ЮНОДК қолдаған осы жобаға және жобалы құжатқа сәйкес оның міндеттерін іске асыруға жауапты болады.
3. Аталған жобалы құжат шеңберінде Үкіметке және халыққа (нақты елдің немесе облыстың) көмек көрсетіледі; тиісінше Үкімет аталған жобаны іске асыру жөніндегі қызметпен байланысты барлық тәуекелдерді көтереді.
4. Үкімет жобаға ұлттық персоналды, оқу базасын, жер учаскелерін, жабдықтарды, сондай-ақ басқа да қызметтер мен құралдарды ұсынады. Ол аталған құжаттың бірінші бетінде көрсетілетін, жобаның үкіметтік құрамдас бөлігін іске асыруға тікелей жауапты болатын бірге қызмет ететін мемлекеттік агенттікті (бұдан әрі - «бірге қызмет ететін агенттік») анықтауға тиіс.
5. ЮНОДК Үкіметтің салымын толықтыруға және Атқарушы агенттік арқылы қажетті сараптаманы, оқытуды, жабдықтарды және жобаның қаржылық сметасы шеңберінде басқа да қызметтерді ұсынуға міндеттенеді.
6. Жоба басталғаннан кейін Атқарушы агенттік тәуелсіз мердігер мәртебесіне сәйкес жобаның орындалуы үшін негізгі жауапкершілікті өз мойнына алады. Сонымен бірге негізгі қызмет ЮНОДК-мен және әріптес агенттіктің келісімімен жүзеге асырылады. Осы мақсатта жобалы құжатта тиісті іс-шаралар, сондай-ақ осындай жауапкершілікті Үкіметке немесе жобаны орындау кезінде ол тағайындаған субъектіге тапсыру шарттары ескертілген.
7. Үкіметтік қатысу БҰҰЖБ-ның қызметіне ақшалай салым түрінде ішінара жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда Атқарушы агенттік тиісті қызметтер мен құралдарды, сондай-ақ ЮНОДК-қа және Үкіметке барлық орын алған шығыстар туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.
(а) Үкіметтің қатысуы
1. Үкімет жобаға жобалы құжаттарда белгіленген көлемдер мен мерзімдерде қызметтер, құрал-жабдықтар және құралдар ұсынады. Үкіметтің жобаға қатысуымен байланысты бюджеттік қаражат, заттай немесе ақшалай мөлшерде, жобалы бюджеттерде көзделуі тиіс.