2. Бірге қызмет ететін агенттік жағдайға және атқарушы агенттіктің келісімі бойынша жұмыспен толық қамту негізінде жобаның директорын тағайындайды. Жобаның директоры Қызмет ететін агенттік ұйғарған жобаны іске асыру жөніндегі міндеттерді орындайтын болады.
3. Жоба бюджетінің үкіметтік құрамдас бөлігіне кіретін баптар бойынша күтілетін шығыстар жобаны іске асыру бойынша ұсыныстарды құрастыру мерзіміне қол жетімді, барынша дұрыс ақпаратқа негізделуі тиіс. Жобаны іске асыру кезінде бағаның ауытқуына байланысты жоғарыда аталған құрамдас бөлікті ақша жағынан түзету қажет болуы мүмкін; кез келген жағдайда ол жобаны орындауға жататын қызметтің, жабдықтың және техникалық құралдардың жалпы көлеміне сәйкес анықталады.
4. Үкімет Атқарушы агенттіктің келісімі бойынша егер жоба мүддесінде мақсатқа сай деп танылатын болса, кадр қызметінің «адам-ай» ескертілген саны шеңберінде жоба персоналын жеке тағайындауға шамалы түзетулер енгізуі мүмкін. Мұндай түзетулер туралы ақпарат барлық ақшалай қаражат тарту жағдайларында ЮНОДК-ға ұсынылуы тиіс.
5. Үкімет жобаның ұлттық қызметкерлеріне ЮНОДК-та тағылымдамадан өтуіне байланысты олар қызметте болмаған кезде де еңбек ақы төлеуді және тиісті ақшалай сыйақы беруді жалғастырады.
6. Үкімет жабдықтың импортымен, оны тасымалдаумен, әзірлеумен, сақтаумен және сол елдің аумағында туындаған басқа да шығындармен байланысты кедендік баждарды және басқа да төлемдерді төлеу бойынша шығыстарды жабады. Ол жабдықтың сақталуына, оны монтаждауға, техникалық қызмет көрсетуге, сақтандыруға және қажет болған жағдайда жобалық объектіге жеткізілгеннен кейін айырбастауға жауапты болады.
7. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ережеге сәйкес Үкімет жобаға кез келген жарияланған және жарияланбаған есептерді, карталарды, есеп беру құжаттарын және оны іске асыруға қажетті басқа да деректерді ұсынады.
8. Осы жоба шеңберінде ЮНОДК қызметінің нәтижесінде алынған кез келген жаңалыққа патенттік, авторлық және одан басқа осындай құқықтар ЮНОДК-ге тиесілі. Егер тараптар әрбір нақты жағдайда басқа туралы уағдаласпаса, Үкімет жалға алу бажы мен кез келген осындай алымдарды төлемей, осындай жаңалықтарды және жұмыс нәтижелерін өз елінің аумағында пайдалануға құқылы.
9. Үкімет жобаның барлық қызметкерлеріне қолайлы пәтерақы шегінде тұру үшін үй-жаймен қамтамасыз етуде көмек көрсетеді.
10. Үкімет жобаға ақшалай қаражат ретінде ұсынатын жобалы құжатта көзделген қызметтер мен құралдар жобалы бюджетте ескертілуі тиіс. Бұл соманы Үкімет ЮНОДК-ге төлем кестесіне сәйкес төлейтін болады.
11. Төлем кестесінде белгіленген жоғарыда аталған салымды ЮНОДК-ге уақытында (немесе уақытынан бұрын) төлеу жобалы жұмыстың басталу немесе жалғасу шарты болып табылады.
(б) ЮНОДК мен атқарушы агенттіктің қатысуы
1. ЮНОДК Атқарушы агенттік арқылы жобаға қызмет көрсетеді, жобалы құжатта белгіленген жабдықтар мен құралдарды жеткізуді жүзеге асырады. Жобалы бюджетте ЮНОДК тарапынан салымға бөлінетін бюджеттік қаражат ескертілуі тиіс.
2. Атқарушы агенттік Үкіметпен және ЮНОДК-мен жоба басшысының кандидатурасы мәселесі бойынша кеңеседі, ол атқарушы агенттіктің басқаруымен елдің аумағында атқарушы агенттіктің жобаға қатысуы үшін жауапты болады. Жоба басшысы сарапшылардың және жобаны іске асыру үшін тағайындалған басқа да персоналдың жұмысын, сондай-ақ ұлттық серіктес персоналы үшін өндірістен қол үзбей оқыту жүргізуді үйлестіретін болады. Жоба басшысы ЮНОДК ұсынатын барлық материалдық-техникалық ресурстарды басқару және тиімді пайдалану, оның ішінде жобаға берілетін жабдықтар үшін жауапты болады.
3. Атқарушы агенттік Үкімет пен ЮНОДК-нің келісімі бойынша жобаның халықаралық және басқа да штатын тағайындайды, жобалы құжатқа сәйкес тағылымдамадан өту үшін кандидаттарға іріктеу жүргізеді және ұлттық серіктес персоналын оқытудың стандарттарын айқындайды.
4. Тағылымдамалар Атқарушы агенттіктің тиісті рәсімдері негізінде жүзеге асырылады.
5. Атқарушы агенттік Үкімет пен ЮНОДК-нің келісімі бойынша қосалы келісім-шарт негізінде жобалы жұмыстың бір бөлігін немесе толық көлемін орындауы мүмкін. Қосалқы мердігерді таңдау атқарушы агенттіктің рәсімдеріне сәйкес Үкімет пен ЮНОДК-нің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
6. Осы жобаны іске асыру процесінде ЮНОДК атынан және оның қаражатына сатып алынған барлық жабдық, бағдарамалық қамтамасыз ету, материалдар мен жарақтар ЮНОДК-нің меншігі болып қала отырып, тек жобаның мақсатына сәйкес пайдаланылуы тиіс, оның атынан Атқарушы агенттік оның мазмұнын қамтамасыз етеді. ЮНОДК ұсынатын жабдықта ЮНОДК мен Атқарушы агенттіктің маркасы болуы тиіс.
7. Қажет болған жағдайда жабдықтардың қорытынды берілуіне залал келтірмей жобаны іске асыру кезеңінде жергілікті билік өкілдеріне сақтау үшін жабдықтарды уақытша беру бойынша іс-шаралар қабылдануы мүмкін.
8. ЮНОДК, Үкімет тарапынан жобаға көмек көрсету аяқталар алдында ЮНОДК мен Атқарушы агенттік ЮНОДК ұсынған барлық жобалы жабдыққа иелік ету мәселесін келісу керек. Егер оны жоба шеңберіндегі қызметті жалғастыру не тікелей жоба аяқталғаннан кейін іс-шараларды жүзеге асыру талап етсе, мұндай жабдыққа меншік құқығы Үкіметке беріледі. Алайда ЮНОДК өзінің қарауы бойынша жабдықтың бір бөлігіне немесе жалпы жабдыққа меншік құқығын өзіне қалдыра алады.
9. Келісілген мерзімде ЮНОДК тарапынан көмек көрсету аяқталғаннан кейін Үкімет пен ЮНОДК, сондай-ақ қажет болған жағдайда Атқарушы агенттік оның нәтижелеген бағалау мақсатында жобадан шығатын немесе онымен байланысты іс-шараларға шолу жасайды.
10. Егер Үкімет ЮНОДК-ға осындай жобаға қатысты ақпараттың таралуын шектеу туралы жазбаша сұрау салу жібермесе, ЮНОДК инвестициялық жобаларға, әлеуетті инвесторларға қатысты ақпарат ұсына алады.
Құқықтар, жеңілдіктер, артықшылықтар және иммунитеттер
1. ЮНОДК тарапынан көмек көрсету туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНОДК) мен Үкімет арасында жасалған Келісімге сәйкес жобаға қатысы бар ЮНОДК мен БҰҰ-ның басқа да ұйымдарының персоналы аталған Келісімде көзделген барлық құқықтарды, жеңілдіктерді, артықшылықтарды және иммунитеттерді пайдалануға тиіс.
2. Егер Үкімет БҰҰ волонтерлерінің қызмет көрсетуіне сұрау салса, ол ЮНОДК персоналына ұсынылатындай құқықтар, жеңілдіктер, артықшылықтар және иммунитеттер ұсынады.
3. Атқарушы агенттіктің мердігерлері және оның персоналы (жобаны іске асырушы елдің жергілікті персоналын қоспағанда):
(а) жобаны іске асыру кезінде олар ресми түрде жасайтын барлық іс-әрекеттерге қатысты сот талқылауына тартудан босатылуы;
(б) мемлекеттік міндеттіліктен босатылуы;
(в) өздерінің жұбайларымен және барлық туған-туыстарымен көші-қон шектеулерінен босатылуы;
(г) жобаны іске асыру немесе жеке пайдалану мақсатында елге шетел валютасында белгілі бір орташа сома әкелу артықшылығын, сондай-ақ елге әкелінген кез келген соманы шоттан алу құқығын пайдалануы; сонымен қатар валюталық операцияларды реттеу рәсіміне сәйкес бұл соманы жобаны орындау кезінде еңбек ақы түрінде алуы;
(д) өздерінің жұбайларымен және асырауындағы адамдармен бірлесіп, халықаралық дағдарыс кезінде дипломатиялық персоналдармен тең дәрежеде репатриация мүмкіндіктерін пайдалануы тиіс.
Қажет болған жағдайда жобаны іске асыру үшін жобаны үйлестіруші немесе бас техникалық кеңесші тағайындалуы мүмкін.
4. Атқарушы агенттік мердігерлерінің барлық қызметкерлері осы жобаға қатысты құжаттаманың қол сұқпаушылығын пайдалануы тиіс.
5. Үкімет атқарушы агенттік жалдайтын кез келген фирмаға немесе ұйымға, сондай-ақ жергілікті персоналды қоспағанда кез келген осындай фирманың немесе ұйымның персоналына:
(а) жобаны орындау кезінде персонал алатын еңбек ақыға;
(б) жоба іске асырылатын елге әкелінген соң кейіннен одан шығарылуы мүмкін кез келген жабдыққа, материалға және керек-жараққа;
(в) аталған алымды төлеу түрлері мен шығыс көлемдері, сондай-ақ сақталуға жататын тиісті рәсімдер Үкіметпен келісілгенде және қажет болған жағдайда жобалы құжатта көрсетілгенде жобаны іске асыру үшін ол іске асырылатын елде сатып алынған отын және аталған жабдықтардың техникалық қызмет көрсетуіне арналған қосалқы бөлшектер сияқты жабдықтардың, материалдардың және тиесілі заттардың кез келген елеулі көлемдеріне қатысты салынатын кез келген салықтарды, баждарды, комиссиялық немесе алымдарды төлеуден босатылады немесе оларды төлеу бойынша шығыстарды жабады; сондай-ақ
(г) ЮНОДК мен Атқарушы агенттік персоналына жеңілдіктер берілген жағдайда қызметкерлер, фирма немесе ұйым не олардың персоналы жеке пайдалану үшін елге әкелген жеке автомобильдерді қосқанда кез келген әкелінген мүлік елге енгізілген соң кейіннен осы қызметкерлер кеткен жағдайда елден шығарылады.
6. Үкімет:
(а) осы жобаға қызмет көрсететін сарапшылар мен басқа да адамдарды уақтылы бекітуге; сондай-ақ
(б)
(і) осы жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтарға, материалдарға және керек-жарақтарға; және
(іі) жергілікті персоналды қоспағанда ЮНОДК персоналының, оның Атқарушы агенттіктерінің немесе олардың атынан жұмыс істейтін басқа да адамдарға тиесілі немесе оларға арналған мүлікке кеден бажынан уақтылы босатуға кепілдік береді.
7. Егер ол немесе ЮНОДК иммунитет сот әділдігін жүзеге асыруға кедергі келтіреді, ал оның күшін жою жобаның сәтті аяқталуына ықпал етпейді және ЮНОДК мен Атқарушы агенттіктің мүдделеріне қысым жасамайды деп есептесе, Атқарушы агенттік фирмаларға немесе ұйымдарға, сондай-ақ олардың персоналына ұсынылатын жоғарыда аталған артықшылықтар мен иммунитеттердің күшін жоюы мүмкін.
8. Атқарушы агенттік өзінің тұрақты өкілі арқылы жоғарыда санамаланған артықшылықтар мен иммунитеттер қолданылатын персоналдың тізімін Үкіметке ұсынады.
9. Осы жобалы құжатта немесе Қосымшада ештеңе осы жобалы құжатта аталған кез келген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты кез келген басқа құқықтық актімен берілетін құқықтарды, жеңілдіктерді, артықшылықтарды және иммунитеттерді шектемейтіндей түсіндірілуі керек.
Көмек көрсетуді тоқтату немесе қысқарту
1. ЮНОДК-нің ойынша, егер жобаның сәтті аяқталуын немесе оның мақсаттарына қол жеткізуді қиындататын мән-жайлар туындаса, ЮНОДК Үкіметті немесе Атқарушы агенттікті жазбаша хабарлама арқылы кез келген жобаға көмек көрсетуді тоқтата алады. ЮНОДК сол немесе қосымша жазбаша хабарламамен ол жобаға көмек көрсетуді қайта бастауға дайын болатын жағдайларды көрсетеді. Көмек көрсету Үкімет осы жағдайларды қабылдаған уақытқа дейін тоқтатылатын болады, басқа жағдайда ЮНОДК Үкіметке және Атқарушы агенттікке жобаға көмек көрсетуді қайта бастауға дайын екендігі туралы жазбаша хабарлайды.
2. Егер 1-параграфта баяндалған жағдай көмек көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама берілгеннен кейін он төрт күн ішінде өзгеріссіз қалса, ЮНОДК Үкімет пен Атқарушы агенттікке тиісті жазбаша хабарлама жіберіп, кез келген сәтте жобаны іске асыруды қысқарта алады.
3. Осы параграфтың ережелері жалпы құқықтық принциптерге сәйкес осындай жағдайларда немесе өзге қарым-қатынаста ЮНОДК-ға ұсынылатын кез келген құқықтар мен құқық қорғау құралдарына залал келтірмеуі керек.
| ЛОГИКАЛЫҚ ШЕҢБЕРЛІК МАТРИЦА 3 және 4 нәтижелер: 2006 жылдың желтоқсанында қайта қарау нәтижесінде қосылған жобаның жаңа нәтижелері (1 және 2 нәтижелер жобаны іске асырудың алдыңғы сатыларында сәтті ақталғанын атап өтіңіздер) |
| Мінездеуші түйіндеме | Күтілетін нәтиже | Нәтижелердің бағасы |
| Іс-шара | Нәтижелер | Орындаудың объективті тексеру көрсеткіштері | Тексерудің көздерімен құралдары |
| 3.0 Географиялық қамтуды кеңейту: F23 жобасын жүзеге асыруға Ауғанстан мен Әзірбайжанның қосылуы | 3.0 Ауғанстан мен Әзірбайжанда ақпарат жинау мен алмасу механизмі құрылған және есірткіге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдары бөліністерінің әлеуеті күшейтілген | | |
| 3.1 Құқық қорғау органдарының кәсіби дайындығын және қолда бар ақпарат көздерінің дәрежесін анықтау үшін Ауғанстан мен Әзірбайжанның құқық қорғау қызметінде жедел ақпаратты пайдалану бойынша талдау және тергеу мүмкіндіктерін бағалауды өткізу | 3.1 Ауғанстанмен Әзірбайжанның есірткіге қарсы күрес саласында құқық қорғау қызметіне қатысты тұтынушылықты түсінуді жақсарту | 3.1 Өткізілген бағалау туралы есептің толық деңгейі | 3.1 Ағымдағы ахуалдың нақты сипаты бар есеп жобаның ұлттық басшысымен қаралады |
| 3.2 Ауғанстан мен Әзірбайжанның талдау ақпараттық және жедел жүйелерге, сондай-ақ ақпараттық-технологиялық жабдықтарға қажеттілігін анықтау | 3.2 Ауғанстан мен Әзірбайжанның құқық қорғау қызметінде пайдаланылатын жабдықтарды тұтынуды жақсы түсіну | 3.2 Жабдықтардың нақты тізімі дайындалған | 3.2 Қажетті жабдықтардың тізімі бенефициария үкіметтік ведомстволарымен және жоба басшысы арасында келісілді |
| 3.3 Алдыңғы сатыларда жобаны орындау барысында алынған тәжірибе негізінде жобаны іске асыруы стратегиясын әзірлеу | 3.3 Ауғанстан мен Әзірбайжан F23 жобасының бірінші фазасын іске асыру кезінде туған проблемаларына қайта тап болатынын мүмкіндігі аз | 3.3 Жүзеге асыру стратегиясын сақтау деңгейі | 3.3 Жоба басшысы жобанының орындалу барысының үздіксіз мониторингін жүзеге асырады |
| 3.4 Ауғанстан мен Әзірбайжанның есірткінің заңсыз айналымы туралы деректерді жинау саласындағы мүмкіндіктерін арттыру үшін ұсынымдар дайындау | 3.4 Ауғанстан мен Әзірбайжан есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажетті сатыларды көлемде түсіну | 3.4 Ұсынымдардың жете суреттемесі бар құжат тиісті үкімет ведомстволары/органдары үшін қолайлы | 3.4 Тиісті үкіметтік ведомстволар ұсынылатын ұсынымдарды әзірлеу мен келісімді анықтайды |
| 3.5 Ауғанстан мен Әзірбайжаннық Үкіметтері есірткіге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдары арасындағы ақпаратпен алмасуға қатысу үшін жетекші ведомстволар мен ұлттық қызметтерді белгілейді | 3.5 Жоба іс-шаралары бойынша байланысу адамдары анықталған | 3.5 Негізгі үкіметтік ведомстволарда байланысу адамдарының белгілі бір саны және жоба қызметін қолдау дәрежесі белгіленген | 3.5 Жоба басшысы байланысты қадағалайды және ведомстволар арасындағы ынтымақтыстық мониторингін жүзеге асырады |
| 3.6 Ақпараттар мен деректерді жинау үшін тиісті жабдықтарды сатып алу және орнату | 3.6 деректерді жинау жүйесі құрылған | 3.6 Орнатылған құрал-жабдықтардың белгілі бір саны мен түрі, сондай-ақ оның тұтынуға сәйкестік дәрежесі | 3.6 - Жоба басшысы мониторинг пен жабдықтарды әкелуін бақылауды және инсталляциясын жүзеге асырады. - жабдықтардың оларды пайдалануға тиістілігі туралы үкіметтік ведомстволардан/ органдардан сын-пікір |
| 3.7. Сұрау салу бойынша есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жергілікті тұтынуларға сәйкес үйлестірілген және жобаланған ақпараттық жүйені әзірлеуге ықпал ету | 3.7 Осындай лауазымды адамдардың тобы ұсынылған жабдықтарды пайдалануға машықтауын арттырады | 3.7, 3.8 - ұсынылған оқудың сапасы - оқудан өткен лауазымды адамдардың саны - оқу барысында алынған дағдыларды лауазымды адамдардың пайдалану дәрежесі | 3.7, 3.8 Жоба басшысы оқу сессияларын өткізу мониторингін, сондай-ақ оқушылардың дағдыларын арттыруды жүзеге асырады |
| 3.8 Түрлі оқу сессияларын өткізу: - ұсынылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануды үйрету - мәліметтер мен жедел ақпараттарды өңдеуге үйрету (жедел ақпарат циклы: яғни жинау, бағалау, есеп жасау және деректерді тарату) - жедел талдау негіздерін оқыту - одан әрі үйрету, мониторинг және талдаушылар қызметін қолдау, сондай-ақ жедел ақпаратқа негізделген қызметті жүзеге асыру | 3.8 Осындай лауазымды адамдардың тобы жедел ақпараттарды өңдеудің түрлі аспектілерге машықтануды арттырады |
| 4.0 Жоба ауқымын кеңейту: жедел ақпаратқа негізделген қосымша компоненттерді жүзеге асыру жолымен жобаның оң нәтижелерін нығайту | 4.0 Ақпараттарды жинау мен алмасу механизмі күшейтілген және есірткіге қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының мүмкіндігі кеңейтілген. | | |
| 4.1 Тиісті ведомстволармен және қабылдаушы-мемлекет қызметкерлерімен кеңестер және баска да іс-шаралар өткізудің көмегімен жедел ақпаратты пайдалануға негізделген келесі құралдарды енгізу: а) қылмыстар бойынша жедел ақпараттың стратегиялық талдауы (тәуекелді бағалау және т.б.) б) телефон сөйлесулерінің базалық/тереңдетілген талдауы в) хабарлаушымен базалық/тереңдетілген жұмыс г) хабарлаушылар туралы деректер базасы д) ғылыми деректерді қолда бар жедел деректер базасына енгізу е) электрондық ақпараттық алмасуды қорғауға арналған шифрлы бағдарлама | 4.1 Мақсатты ведомстволар мен бөлімдер 4.1. Іс-шарасында көрсетілген жедел ақпарат негізінде тергеу құралдарының білімі мен қолдауды кеңейтті. | 4.1 Тиісті ведомстволар мен лауазымды адамдарға ұсынылатын алмасу ақпаратының көлемі жедел ақпараттармен жұмыс жасаудағы олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға арналған | 4.1 Жоба басшысы жоба тиісті ведомстволарға көрсетуі қажет қолдау түрінің құжаттық тізбесін жасайды. |
| 4.2. Әр қабылдаушы мемлекетке арналған 4.1. Іс-шарасында көрсетілген жедел ақпаратқа негізделген құралдарды қолдау үшін қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді анықтау | 4.2 Жедел ақпаратқа негізделген тергеуді қолдау үшін әрбір мемлекетке қажетті жабдықтарды пайдалануды түсінуді жақсарту. | 4.2 Әрбір қабылдаушы-мемлекетке қатысты жабдықтар тізімінің тиістілігі мен қолдану дәрежесі | 4.2 Қажетті жабдықтардың толық тізімі үкіметтік бенефициар ведомстволардың және жоба басшыларының арасында келісілген |
| 4.3 Жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және орнату | 4.3 Жедел ақпарат негізінде тергеу жүйесін жетілдіру әрбір мемлекетте жұмыс істейді | 4.3 - жаңа жабдықтың түрі мен саны анықталды - жабдықты қажеттілікке пайдалануға сәйкестігі | 4.3 - Аталған жабдықты әкелуді және инсталляциялауды есепке алу - жабдықтардың олардың қажеттілігіне сәйкестігі туралы үкіметтік ведомстволардын/ органдардың сын-пікірлері |
| 4.4 Тиісті бенефициар-ведомстволармен тиянақты кеңескеннен кейін 4.1. Іс-шарасында көрсетілген жедел ақпарат негізінде тергеу жүргізу үшін құралдарды қолдауға талап етілетін оқу түрлерін анықтау, қатысушылар тізімін дайындау және тиісті оқу ұсыну. | 4.4 Осындай лауазымды адамдардың тобында жедел ақпарат негізінде белгілі құралдарды пайдалануға тереңдетілген дағдылары бар | 4.4, 4.5 - Ұсынылатын оқудың сапасы - оқытылған лауазымды адамдардың саны - оқу барысында лауазымды адамдардың алған дағдыларын пайдалану дәрежесі - өткізілетін жаңа оөу сессияларының саны | 4.4, 4.5 ,4.6 Жоба басшысы оқу сессияларын өткізу маниторингін, оқушылардың машықтануын арттыру, сондай-ақ ақпараттық алмасу кезеңін іске асырады. |
| 4.5 4.1. Іс-шарасында көрсетілген жедел ақпаратты пайдалануға негізделген құралдарды іске асыруға қатысты қылмыстар жөніндегі талдаушылар жұмысы прогресінін мониторингі (ұдайы негізде) және қажеттілігі бойынша талдау жүйесінің тиісті дәрежедегі жұмысын қамтамасыз ету үшін есіткіге қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының талдау бөліністеріне техникалық және сараптамалық қолдау көрсетуді ұсыну | 4.5 Құқық қорғау органдары мамандарының біліктілігін арттырудағы сондай-ақ ақпаратпен алмасудағы үдерісінің беріктігі |
| 4.6 «Кәсіби орталық» құру (КО). КО мониторингтің және талдау жұмысының және қабылдаушы-мемлекеттерде болып жатқан жағдайларды бақылаудың механизмі болады. Оның жұмысына құқық қорғау ведомстволарының талдаушылары, тәжірибелі техникалық персонал, ЮНОДК үйлестірушісі және бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар жөніндегі сарапшылар. Негізгі байланыс адамы ретінде КО-ның қызмет етуіне жәрдемдесетін Тәжікстан ЕБА аға талдаушысы тағайындалады. Байланыс Адамы (талдаушы немесе деректердің әкімшілігі) әрбір қатысушы елде байланыс ұстайды және тиісті ақпаратты негізгі байланыс адамына жібереді. КО келесі қызметті жүзеге асырады: талдау бөліністерінің үдеріс мониторингін, жедел ақпарат және күнделікті талдау жұмысының жүйелерін; проблемаларды анықтау, сондай-ақ жалпы мәселелердің классификациясын бірегейлеу. Бұл қызмет талдау бөліністерінің кәсіби білімдерінің/ мүмкіндіктерінің бірлескен дәрежесін анықтауға көмектеседі. КО «кәсіби дербестікке» жетуге көмек көрсету құралы болады және талдаушылар мен деректер әкімшіліктеріне халықаралық техникалық деректерді қолдаудан аз мөлшерде тәуелді етеді. | 4.6 Деректердің талдаушылары мен әкімшіліктері техникалық халықаралық деректерден аз мөлшерде тәуелді болу үшін «Кәсіби дербестікке» жету бойынша көмек көрсетілген | 4.6 - КО-ны пайдалану және дербес қолданылу дәрежесі - жедел ақпаратпен алмасу мониторингінің көлемі |
| 4.7 Білімдерін кеңейту және трансшекаралық ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды нығайту мақсатында қатысушы-мемлекеттердің ұдайы жарты жылдық өңірлік кеңесін ұйымдастыру. | 4.7 Құқық қорғау қызметі саласында қатысушы елдер арасында деректермен неғұрлым қарқынды алмасу | 4.7 - өткізілген өңірлік кеңестер саны - кеңеске қатысушылар саны - аталған кеңестерге қанша тиісті органдардың өкілдері қатысады - ынтымақтастықпен және ақпаратпен алмасу дәрежесінің артуы | 4.7 - Өткізілген кеңестерді есепке алу мен оған қатысушылардың тізімі - кеңестің қажеттілігі саласында қатысушылардың сын-пікірі мен бақылағыштары |
ЖОБАЛЫ ҚҰЖАТҚА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
(ЖОБАЛЫҚ РЕВИЗИЯ)
| Жобаның атауы және нөмірі: | AD/RER/H22: Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО). |
| Жобаның бекітілген мерзімі: | 48 ай, басталуы: 2004 ж. қаңтар |
| Жобаның көзделген мерзімі: | |
| Орналасу жері: | Қазақстан, Алматы |
| Стратегиялық саласы | есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл |
| Атқарушы ведомство | ЮНОДК |
ЮНОДК бюджеті
Қатысушы мемлекеттердің және қабылдаушы тараптың үлесі Өкілетті өкілдердің еңбекақысын төлеу; Орталықты орналастыру үшін үй-жай өтеусіз беріледі
Қысқаша түсінік
Жобаны іске асыру 2004 жылдың соңында басталды және оны фазаларға бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім сол уақыттағы донорлық қаражаттың шектеулілігіне байланысты жоба шеңберіндегі іс-шараларды бірте-бірте жүзеге асыру қажеттілігінен туындады.
Жобаның бірінші фазасы барысында қатысушы мемлекеттердің әрқайсысының өкілдерінен тұратын сарапшылардың өңірлік тобы (Жоба тобы - ЖТ) құрылды. ЖТ институттық құжаттарды әзірледі, Орталықтың орналасатын жерін белгіледі. Жобаның екінші фазасында жөндеу жұмыстары басталды, Орталықтың жеке құрамын іріктеу және орналастыру, құрал-жабдықты беру және ұйымдастырушылық шаралар мен сарапшылардың қолдауы жүзеге асырылды. Бастапқы екі фазаны табысты жүзеге асыру ОАӨАҮО-ны құру туралы келісімді мақұлдауға әкелді, нәтижесінде оған мемлекет басшылары қол қойды. Келісімді ратификациялау басталды. 2007 жылдың 1 қарашасында Келісімнің күшіне енуіне дейін Орталық «пилоттық фаза» шеңберінде шектелулі жұмыс істей бастады.
Дайындық фазалары аяқталғаннан кейін жобаны толық көлемді іске асыруға көшу қажет, ОАӨАҮО қызметін қолдауды қамтамасыз ету үшін бастапқы жобалы құжатта жеке құрамға және құзырлы өкілдерге тренинг ұсыну, Орталықтың мүмкіндіктерін күшейту, сондай-ақ Орталықтың ұлттық ведомстволармен және өңірлік, халықаралық деңгейде ынталандыру ынтымақтастығы көзделген. Орталықты ұстау бойынша шығыстарды қатысушы мемлекеттер өздеріне алған сәтке дейін оны ЮНОДК арқылы донор-елдер тарапынан қаржылық қолдау өте маңызды.
Жобаның екі фазасының табысы донорлар тарапынан қосымша қаржылай қолдауды негіздеді, оның жалпы көлемі бастапқы бюджеттен артты. Қазіргі уақытта 7,700,052 $ көлеміндегі қаржыландыру ОАӨАҮО-нің инфрақұрылымын және оның мүмкіндіктерін дамыту бойынша толық көлемді қызметті бастау үшін жеткілікті.
Жобаны қайта қараудың басқа себептері:
- бастапқыда 2004 жылдың қаңтарында жоспарланғанмен, жобаны іске асыру 2004 жылдың соңында басталды.
- ОАӨАҮО-ны құру туралы Келісімге қол қою және ратифиакциялаудың ұзақ процесі.
- АҚШ доллары бағамының айтарлықтай төмендеуі.
Осылайша осы жобаны қайта қарау орындалған іс-шараларды алып тастау, олардың орнына бірқатар жаңа іс-шараларды енгізу, бірінші жылы Орталықтың қызметін қолдауды қамтамасыз ету үшін 2011 жылдың желтоқсанына дейін бюджетті және жобаның ұзақтығын көбейту туралы міндеттер бар.
Қолы: Мерзімі: Тегі/қызметі:
Қазақстан Республикасының
Үкіметі атынан: _______ _____ ____________________