781. Салалық уәкілетті орган (концессионер таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы) мемлекет кепілгерлігін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, салалық сараптаманың және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімінің экономикалық сараптамасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын алуға үміткер қарыз алушы конкурсқа ұсынған концессиялық жоба ТЭН-ін ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның қаржылық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушыға жіберетін тиісті қорытындыны дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 781-1-тармақпен толықтырылды
781-1. Концессионер таңдау жөніндегі конкурстың ұйымдастырушысы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобасының қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін ұсыну лимитінің шегінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігін беру туралы ақпаратты дайындайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 781-2-тармақпен толықтырылды
781-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені Республикалық бюджет комиссиясына шығарады. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін ұсыну лимитінің шегінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін айқындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурс ұйымдастырушысына Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзінді көшірмені алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 781-3-тармақпен толықтырылды
781-3. Қарыз алушы концессиялық жоба құрылысының құнын ұлғайту ТЭН-ін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сараптамасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін ұлғайтуға қаржылық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тиісті қорытынды дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 781-4-тармақпен толықтырылды
781-4. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту:
1) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер немесе конкурс өткізу кезінде ескерілмеген толықтырулар енгізілсе және осындай өзгеріс немесе толықтыру сомасын қосымша қаржыландыру туралы концессия шарты тараптарының бірлескен шешімі қабылданса;
2) егер ұлғайту құрылыс жұмыстарының ұзақ мерзімділігіне және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген концессия объектісінің құрылысы құнына концессионерге тәуелді емес объективті себептердің (форс-мажорлық жағдайлар, инфляция, дағдарыс, салық саясатының өзгеруі және басқалары) ықпал етуіне байланысты болса, концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 782-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
782. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның концессиялық жобаның қаржылық сараптамасы бойынша қорытындысы мыналарды:
мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;
мемлекет кепiлгерлiгiн алғаны туралы өтiнiм бiлдiргенге дейiн үш жылдан кем емес кезең iшіндегі қарыз алушының қаржылық жай-күйiн және заңды мәртебесiн;
қарыз алушы берген мемлекет кепiлгерлiгi бойынша қамтамасыз етiлуiн;
қаржылық және техникалық тәуекелдердi;
мемлекет кепiлгерлiгiн алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексiнiң талаптарына қарыз алушының сәйкес келуiн бағалауды қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 782-1-тармақпен толықтырылды
782-1. Мемлекеттің берілген кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың міндетті шарттары мыналар:
1) мемлекет кепілгерліктерінің жоспарланған кезеңге арналған жалпы лимитінің болуы;
2) концессиялық жобаның экономикалық өзін-өзі өтеу параметрлерінің сақталуы (оның ішінде болжамды кассалық айырмашылықтардың болмауы, таза келтірілген құнның оң көрсеткішінің болуы, концессиялық жоба кірістілігінің ішкі нормасын сақтау) және концессия шартында көзделген қаржы ковенанттарын орындау (қарыз алушының кейбір қаржылық көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде ұстау міндеттемелері);
3) концессия объектісі құрылысының ұлғаю құны кемінде 20 (жиырма) пайыз құрайтын мөлшерге дейін концессия объектісінің құрылысына/реконструкциясына концессионер салатын жеке қаражат мөлшерін теңбе-тең ұлғайту;
4) сақтандыру шарты ұсынылмай мемлекет кепілгерлігі берілген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі жөніндегі міндеттемелерді орындауға алынған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының сомасын ұлғайту болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 782-2-тармақпен толықтырылды
782-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган кезекті қаржы жылының лимиті шегінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігін ұлғайту туралы мәселені қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 782-3-тармақпен толықтырылды
782-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бюджет комиссиясының шешімі хаттамасынан үзінді көшірмені және қаржылық сараптама қорытындысының көшірмесін салалық уәкілетті органға (концедентке) жолдайды.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 783-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
783. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптар қанағаттандырылған кезде, бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға алынған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделген және берілген, қарыз алушы мемлекет кепілгерлігін ұсынғаны үшін біржолғы төлемді (алымды) алдын ала төлеген соң, мемлекет кепілгерлігі кепілгерлік шартын жасау арқылы беріледі.
Бұл ретте, сақтандыру шартын беру мерзімдері мен шарттары және қарыз қайтарымын қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шартына қойылатын талаптар кепілгерлік шартында көзделеді.
Кепілгерлік шартының мерзімі концессия шартын қолдану мерзімінен аспауы тиіс.
Концессия шарты жасалған сәттен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қарыз алушы сақтандыру шартын жасауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 783-1-тармақпен толықтырылды
783-1. Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде салалық уәкілетті орган (концедент) тиісті шешім қабылдау үшін қаулы жобасын әзірлейді және оны мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 783-2-тармақпен толықтырылды
783-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасына келісім алынғаннан кейін және егер концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның табиғи монополия салаларында іске асырылған жағдайда, концессия шартына қосымша келісім жасалады. Концессия шартына қосымша келісім заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 783-3-тармақпен толықтырылды
783-3. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптар қанағаттандырылған кезде, концессия шартына қосымша келісім жасалған, мемлекет кепілгерлігін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға алынған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделген және берілген, қарыз алушы мемлекет кепілгерлігінің ұлғайған бөлігі үшін біржолғы төлемді (алымды) алдын ала төлеген соң, кепілгерлік шартына қосымша келісім шарт жасау арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүргізіледі.
784. Облигацияларды ұстаушыларының мүдделерiн бiлдiру туралы шарт мыналарды қамтиды:
Қарыз алушыларға қойылатын талаптарды:
а) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша ағымдағы мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн қажеттi алдағы төлемдер мөлшерiнде шартты салымның (қызмет көрсету шотының) арнайы шотында ақша сомасын жинауды жүргiзу;
б) концессия объектісін құру үшін ғана пайдаланыла алатын инфрақұрылымдық облигацияларын орналастырудан арнайы несие шотына ақша сомасын жинауды жүргізу;
в) банктiк шоттардың, оның iшiнде ҚР ҰБ және екiншi деңгейдегi банктердегi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушының өкiлiне бар-жоғы туралы мәлiметтердi заңнамада белгiленген тәртiппен ұсыну;
г) облигацияларды ұстаушының өкiлiне мемлекеттік емес қарыз толық өтелгенге дейiн жыл сайынғы бизнес-жоспарды ұсыну;
д) қаржылық есептiлiктiң үлгiлiк нысанын (бухгалтерлiк балансты, қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есепте) және қаржылық жай-күйiн анықтайтын басқа да қажеттi құжаттарды облигацияларды ұстаушының өкiлiне ай сайын ұсыну;
Облигацияларды ұстаушының өкiлi қарыз алушының қаржы-экономикалық жай-күйiне талдау жүргiзуi және бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға тиiстi талдау қорытындылары туралы ақпаратты ұсынуы қажет.
Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қарыз алушымен және облигацияларды ұстаушының өкiлiмен бiрлесiп анықтайтын шартты салымның арнайы шотына (қызмет көрсету шоты) ақша аударудың нормасы мен кезеңдiлiгiн (кестесiн) қамтиды.
Ақшаны қарыз алушы шартты салымның арнайы шотына (қызмет көрсету шоты) келісімге сәйкес тиiстi соманы тұрақты аудару арқылы аударады.
Шартты салымның арнайы шотының (қызмет көрсету шотының) қаражатын жинау мен қалпына келтiру мерзiмiн бұзған жағдайда қарыз алушы жолсыздықтың әрбiр жағдайы үшiн алдағы төлемдер сомасынан мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн нөл бүтiн оннан бiр пайыз мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
785. Мемлекет кепiлгерлiгiн алуға үмiткер тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған талаптарға сәйкес болуы тиiс.
786. Мемлекет кепiлгерлiгi әрбiр концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары негiзiнде берiледi.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 786-1-тармақпен толықтырылды
786-1. Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде концессия шартының жобасы мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісілгеннен кейін салалық уәкілетті орган (конкурсты ұйымдастырушы) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және тиісті шешім қабылдау үшін оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
787. Кепiлгерлiк шарты нысанындағы мемлекет кепiлгерлiгi екi данада ресiмделедi.
13-бөлім. Концессиялық міндеттемелерді есепке алу және мониторингі
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 83-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83-тарау. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібі
788. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеуді және есепке алуды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
789. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері;
2) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері тіркеуге және есепке алуға жатады.
790. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.
Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді есепке алуды жүргізу үшін тиісті тізілімге мәліметтерді енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу жүзеге асырылады.
791. Тізілім тіркеу журналы мен дерекқорда жүргізіледі. Нөмірленген және тігілген, тізілімді жүргізуге жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының мөрімен және қолымен куәландырылған тіркеу журналы мынадай ақпаратты:
1) тіркеу күнін;
2) тіркеу нөмірін;
3) концессия шартының атауы мен нөмірін;
4) концессия шарты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін;
5) жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен қолын қамтиды.
Дерекқор ақпаратты жинау, өңдеу мен сақтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін білдіреді.
792. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерін тіркеу тиісті концессия шарттары негізінде мемлекеттік концессиялық міндеттемеге тіркеу нөмірін беру және мемлекеттік концессиялық міндеттемелер тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
793. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерін есепке алу концессия шартының негізгі есепке алу сипаттамаларын (концессия шартының нөмірі мен күні, концессионер, концессия шартының орындалу нысанасы мен мерзімі, инвестициялық шығындарды өтеу бойынша жыл сайынғы төлемақыларды қоса алғанда, Үкіметтің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері, пайдалану шығындарының өтемақылары, концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақылар, сондай-ақ инфляцияны ескере отырып, концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемі мен қолжетімділік төлемі, мемлекеттік концессиялық міндеттемелер төлеуді жүзеге асыру шарттары), сондай-ақ қажет болған кезде - концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің жекелеген көрсеткіштерін және оның жобалау-сметалық құжаттамасының немесе жұмыс жобасы (олар болған кезде) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.
794. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу концессия шартына қол қойылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
795. Концессия объектісінің құрылысы аяқталғаннан кейін, концессия объектісін пайдалануға мемлекеттік қабылдау актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі негізінде концессия объектісі пайдалануға қабылданғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күн ішінде дерекқорға тиісті өзгерістер енгізу жолымен Үкіметтің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін нақтылау жүргізіледі.
796. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу мен есепке алуды тиісті концессия шарттары негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
797. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу мемлекеттік концессиялық міндеттемеге тіркеу нөмірін беру және оны мемлекеттік концессиялық міндеттемелер тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
798. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін есепке алу концессия шартының негізгі есепке алу сипаттамаларын (концессия шартының нөмірі мен күні, концессионер, концессия шартының орындалу нысанасы мен мерзімі, инвестициялық шығындарды өтеу бойынша жыл сайынғы төлемақыларды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері, пайдалану шығындарының өтемақылары, концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақылар, сондай-ақ инфляцияны ескере отырып, концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемі мен қолжетімділік төлемі, концессиялық міндеттемелер төлеуді жүзеге асыру шарттары), сондай-ақ қажет болған кезде - концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің жекелеген көрсеткіштерін және оның жобалау-сметалық құжаттамасының немесе жұмыс жобасының (олар болған кезде) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.
799. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу концессия шартына қол қойылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
800. Концессия объектісінің құрылысы аяқталғаннан кейін концессия объектісін пайдалануға мемлекеттік қабылдау актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі негізінде, концессия объектісі пайдалануға қабылданғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде дерекқорға тиісті өзгерістер енгізу жолымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін нақтылау жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 84-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
84-тарау. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің мониторингі
801. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның атынан тиісінше концессиялық міндеттемелерді есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және орындау процесін бақылау жөніндегі мемлекет қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мониторингін білдіреді.
802. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер мониторингінің объектілері:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері;
2) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері болып табылады.
803. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің мониторингі:
1) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу;
2) мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің концессия шартына сәйкес орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және бақылау;
3) мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалу жағдайларына ықпал ететін көрсеткіштерді есепке алу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
804. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің мониторингін жүргізу үшін мынадай құжаттар:
1) концессионерлердің есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметі туралы аудиттелген есептері;
2) концессия объектілерін пайдалануға мемлекеттік қабылдау актілерінің көшірмелері;
3) концессионерлердің өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден және есепті кезеңдегі концессия объектілерін пайдаланудан алынған табыстары туралы есептері;
4) айыппұл ведомостілері негізінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалу жай-күйі туралы деректерді ағымдағы жаңарту үшін концессия шарттары тараптарының өз міндеттемелерін орындау жөнінде ақпарат жинау жүзеге асырылады.
805. Алынатын ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшелері жинақтайды және талдайды, тиісінше, ол автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорында жиналады және сақталады.
806. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер мониторингінің нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауларының ағымдағы жай-күйі туралы есептер, кестелер, диаграммалар түрінде, қағаз тасығыштарда, сол сияқты электрондық ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау жүйесі пайдаланыла отырып та ресімделеді.
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 1-қосымша
Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарының
жобасы
Өңір __________________________________________
Бюджеттің түрі _________________________________
Кезең __________________________________________
Өлшем бірлігі ___________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ______________
Мемлекеттік мекеме ______________________________
Әкімшінің коды Мемлекеттік мекеменің коды Бағдарлама Кіші бағдарлама Ерекшелік | Шығыстардың атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы
(белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының
өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам/мемлекеттік мекеменің басшысы
_________________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
Қаржыландырудың жеке жоспарын
жасауға жауапты мемлекеттік мекеменің
құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_________________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 2-қосымша
«Бекітемін»
Орталық атқарушы органның
жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен
орталық атқарушы органның
жауапты хатшысының өкілеттіктері
жүктелген лауазымды адам)/бюджеттік
бағдарламалар әкімшісінің
басшысы ____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
»____» _________________ 200_г.
М.О.
Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың
жеке жоспары
Өңір _________________________________________
Бюджеттердің түрі ____________________________
Кезең _________________________________________
Өлшем бірлігі __________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _____________
Мемлекеттік мекеме ____________________________
Әкімшінің коды Мемлекеттік мекеменің коды Бағдарлама Кіші бағдарлама Ерекшелік | Шығыстардың атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің басшысы * __________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
Қаржыландырудың жеке жоспарын
жасауға жауапты мемлекеттік мекеменің
құрылымдық бөлімшесінің басшысы ____________ ___________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
* Мемлекеттік мекеме бір уақытта бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болған жағдайда бұл жол толтырылмайды
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 2-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 2-1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 2-1-қосымша
Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың
жеке жоспары
20___ ж. «___» _____________
Өңір ________________________________________
Бюджеттердің түрі ____________________________
Кезең _______________________________________
Өлшем бірлігі ________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ___________
Бюджеттік код сыныптамасының атауы | Бюджеттік кодының сыныптамасы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар | |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | |
ӘББ | ММ коды | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Ерекшелік | |
Барлығы | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшының Т.А.Ә.:
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының Т.А.Ә.: