2) кредит тәуекелі - қарыз алушылар өздерінің қаржылық міндеттемелерін төлемеу немесе мерзімін өткізіп төлеу салдарынан туындауы мүмкін залалдар.
3) төлем қабілетітілігі тәуекелі - қолайсыз сыртқы мән жайлардың салдырынан қарыз алушыда борыштық міндеттемелерді өтеуге кездестін қиындықтарға байланысты тәуекел.
4) пайыздық тәуекел - бюджеттік кредиттер жөнінде пайыздық ставканы өзгерту мүмкіндігіне байланысты тәуекел.
755. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет алдында мынадай түрде қарыз тәуекеліне талдау жүргізеді:
1) мемлекет алдында орта мерзімді кезеңге берешек сома кредит шарттарының талаптарын (берешекті өтеу мерзімі, пайыздық ставкалар, айырбастау бағамы) негізге ала отырып, республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс көлемді болжамдайды;
2) жүргізілген болжамды есептеулерді дәл осындай кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштермен және республикалық бюджеттің өлшемдерімен салыстырады;
3) мемлекет алдындағы борыш тәуекелін олардың болжымданған ықпалын сипаттайтын тәуекелдерді айқындау және сипаттау жолымен бағалауды жүзеге асырады.
80-тарау. Үкіметтiк сыртқы қарыздар, байланысты гранттар қаражаты және бiрлесiп қаржыландыру қаражаты есебiнен қаржы операцияларын жүзеге асыру тәртібі
756. Несие шоты - қарыз беруші-бейрезидентте ашылған ағымдағы шот, онда тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушіге, сондай-ақ арнайы шотты толықтыруға тiкелей төлемдер жүзеге асырылатын үкiметтiк сыртқы қарыз немесе грант сомасы орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 757-тармақ жаңа редакцияда
757. Қазақстан Республикасы Үкіметінің одан әрі қарыз алуын көздемейтін бірлесіп қаржыландырумен байланысты гранттарды қоспағанда, және грант туралы шартта өзгеше айтылмаған болса, үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар есебінен қаржылық операциялар бюджеттік бағдарлама әкімшісі қаражатты алуға арналған өтінімдердің негізінде шетел қарыз берушісінің немесе донордың атына жіберілетін нысан бойынша және қарыз шартына немесе байланысты грант туралы шартқа сәйкес, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар қаражатын бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті қарыз немесе байланысты грант туралы шартта көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
758. Несие шотынан қаражатты алуға арналған өтiнiмдерге екi қойылатын қолдар тобы бұрыштама соғады, онда қойылатын қолдың бiрiншi тобы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға қойылған қолдың екiншi тобы бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне бекітілген. Бұл ретте, қойылған қолдың бiрiншi тобы мәртебесiне ие болу бюджеттік бағдарламалар шеңберiнде үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты пайдалануды реттеумен және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен, екiншi қойылатын қолдар тобы иегерлерiнiң мәртебесi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың мақсатты пайдаланылуына, сондай-ақ төлемдi алушы - ақшаны алушы деректемелерiнiң дұрыстығына және растығына толық жауапкершiлiкпен анықталады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 759-тармақ өзгертілді
759. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шоттан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын алуға арналған өтінімде бірінші топтың қолын алу және бірлесіп қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаражат алуға арналған өтініммен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мыналарды:
төлемнiң мақсаты көрсетiлген iлеспе хатты;
бірлесіп қаржыландыру бойынша қаржылық операциялар жүргізген кезде аумақтың қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт және келісімді тіркеу туралы хабарлама;
қарыз алу шарты немесе байланысты грант туралы келісімнің шеңберінде жасасқан келісімшарттарға төлемдер жүргізілген жағдайда осы келісімшарттарға сәйкес төлем жүргізілетін құжаттардың (орындалған жұмыстардың сертификаттары және/немесе сол немесе өзге қызметтердің берілгені туралы инвойстар, оның ішінде келісімшарттың талаптарында бұл көзделген жағдайларда, банктік кепілдіктердің көшірмелері) көшірмелері, олар бойынша бастапқы төлемдер жүргізу кезінде, одан кейінгі кез келген өзгерістер мен толықтырулары бар көшірмелерін қоса алғанда, осы келісімшарттардың көшірмелері, сондай-ақ егер, бұл қарыз алу шарты және байланысты грант туралы келісім бойынша рәсімдермен көзделген болса, келісімшарттар жасасуға арналған шетелдік қарыз берушінің ресми мақұлдамалар көшірмелерін;
келісім-шарт жасалмай жүргiзiлетiн шығыстар бойынша бiржолғы төлемдер жасалған жағдайда бастапқы құжаттардың көшiрмесiн (шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды, кiрiс кассалық ордерлердi, түбiртектердi, қолхаттарды және өзге де құжаттарды);
үкіметтік сыртқы қарыздарды және байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі қаржылық операцияларды қоспағанда, қарыз шарты бойынша немесе байланысты грант туралы келісім бойынша қабылданған қаржы рәсiмдерiне сәйкес шетел қарыз берушiсiне немесе донорға ұсынуға қажет құжаттардың көшiрмесiн;
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша есеп беретiн сомалар жөнiнде қосымша ақпаратты, оның ішінде келісімшарттардың, жұмыс көлемі ведомостарының, инвойстердің, сертификаттардың электрондық нұсқасын ұсынады;
тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурстық комиссияның шешімі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 760-тармақ өзгертілді
760. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шоттан үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты алуға арналған өтінімнің үкіметтік сыртқы қарыздар және байланысты гранттар шеңберінде жасасқан келісімшарттарға және қарыз шартының талаптарына немесе байланысты гранттар туралы келісімге сәйкестігін тексереді, қол қояды және оны шетелдік қарыз берушіге немесе донорға беру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының соңғы айында үкіметтік сыртқы қарыз қаражаттарын немесе байланысты грантты алуға арналған өтінімдерді ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанына дейін қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 761-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
761. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 757-759-тармақтарына сәйкес қарау үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған несие шотынан, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған арнайы шоттан және бірлесіп қаржыландыру шотынан қаражат алуға арналған өтінімді мынадай:
егер жүргiзiлетiн қаржы операциясы қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң талаптарына немесе қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң шеңберiнде жасалған келісім-шартқа қайшы келген;
республикалық немесе жергiлiктi бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулар жоқ немесе жеткiлiксiз болған;
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңнамасында, қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде көзделген тиiстi ережелер мен рәсiмдердi бұзған;
жүргiзiлетiн қаржы операциялары бойынша құжаттарда сәйкессiздiк және қателік орын алған жағдайда оларды бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi жойғанға дейiн қабылдамауы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 762-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
762. Үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражатын немесе байланысты гранттарды несие шотынан алу бюджеттi атқару кезiнде мынадай түрде:
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы түсімдерінің бюджеттік сыныптамасына сәйкес түсімдер ретінде сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына аударған кезде;
ҚР ББС кiрiстер сыныптамасына сәйкес түсiмдер мен шығыстар (бiр мезгiлде) ретiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) тiкелей берушiлерге аударған кезде ескерiледi.
Осы Ережеде көзделген сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотына қаражат аудару шетел қарыз берушілерінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметіне қарыз қаражатын немесе байланысты грантты беретін донорлар қарыз немесе байланысты грант туралы шарт талаптарына сәйкес шоттардан қаражат алуға бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің өтінімі негізінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 763-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
763. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына осы шоттан бұрын жүргізілген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, қарыз немесе байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес көрсетілген шотты толықтыруға арналған үкіметтік сыртқы қарыз қаражаттарынан немесе байланысты гранттан басқа өзге де қаражаттар есепке алынбайды.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 764-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 764-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
764. Сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарынан жобаларды іске асыруға байланысты бюджеттік бағдарламалар ұлттық немесе шетел валюталарында қаржыландырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 765-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
765. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шоттарға сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан айырбасталған қаражат қана есепке алынады.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 766-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
766. Екінші деңгейдегі банк пен бюджеттік бағдарлама әкімшісі арасында жасалған шартқа сәйкес екінші деңгейдегі банк есептейтін сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы немесе сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотының шотындағы қалдыққа есептелген сыйақылар, сондай-ақ екінші деңгейдегі банк төлейтін өсімақылар түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша республикалық бюджетке есептеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 767-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
767. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шоттарын ашуға шарттар жасасқан кезде мынадай тармақтарды:
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қарыз немесе байланысты грант туралы халықаралық шарттарына сәйкес ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы қаражаттың қозғалысы туралы үзінді көшірмелерді алу құқығын;
банктiң төлем күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша арнайы шоттан төлемдер жүргiзу мiндеттемесiн көздеуi қажет.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердiң екiншi деңгейдегi банктердегi шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 768-тармақ өзгертілді
768. Үкіметтiк қарыздарды және байланысты гранттарды бiрлесiп қаржыландыру қаражатын жұмсау бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi төлеуге берiлген шоттың және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылатын осы Ереженің 81-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтiнiмнiң негiзiнде жүргiзіледi. Бiрлесiп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтiнiм екi қойылған қол тобымен куәландырылады, онда бiрiншi топқа бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган, ал екiншi топқа - жобаны iске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi қол қояды.
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді он жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына және келісілу рәсімінен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелерін қабылдауға жоспарлы тағайындаулардың келісім-шарттар талаптарына сәйкестігін қарайды, қол қояды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін оны бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарып береді.
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді келісу рәсімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолымен және жауапты орындаушы мөртабанының бедерімен расталады.
Бiрлесiп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісуден кейінгі күнтізбелік он бес күн ішінде жарамды болады.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 768-1-тармақпен толықтырылды
768-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған Үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты грант қаражатын жұмсау үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шетел валютасында ақша аударуға арналған өтінішті және осы Ереженің 81-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға арналған өтінімді ұсынады.
Сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын алуға арналған өтінім қойылған қолдардың екі тобымен куәландырылады, онда бірінші топқа бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал екінші топқа - жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қол қояды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға арналған өтінімді бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шарттар мен келісімшарттардың талаптарына сәйкестігін қарайды және келісілу рәсімінен кейін қол қояды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарып береді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға өтінімді келісу рәсімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолымен және жауапты орындаушы мөртабанының бедерімен расталады.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 768-2-тармақпен толықтырылды
768-2. Ұлттық валютада сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын жұмсау қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты алуға өтінімімен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қолма-қол ақшаны қайта айырбастаудың бақылау шотында ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан шетелдік валютаны қайта айырбастауға арналған өтінімді сағат 10-00-ге дейін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне береді. Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қолма-қол ақшаны қайта айырбастаудың бақылау шотынан сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатының жұмсалуы қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне бюджеттік бағдарлама әкімшісі беретін сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға төлем шотының және өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.
Қарыз немесе байланысты грант валютасынан өзгеше ұлттық валютада сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын жұмсау қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтің сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтің сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға өтінімімен бірге аумақтың қазынашылықтың бөлімшесіне сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қолма-қол ақшаны қайта айырбастаудың бақылау шотындағы сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан шетелдік валютада қайта айырбастаудың өтінімін сағат 10-00-ге дейін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне береді. Қарыз немесе байланысты грант валютасынан өзгеше шетел валютасында сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотына сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қолма-қол ақшаны қайта айырбастаудың бақылау шотынан шетелдік валютада қайта айырбастаудың төлеміне шот пен өтінімі бір мезгілде беріледі.
Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шоттан сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын жұмсау шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынатын сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алу өтінімі негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 768-3-тармақпен толықтырылды
768-3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында (сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы шотта) ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан қайта айырбасталған ұлттық (шетел) валютасындағы ақшаларды бюджеттік бағдарлама әкімшісі мақсаттылығы бойынша 5 жұмыс күні ішінде пайдалануы тиіс.
Көрсетілген мерзім ішінде ұлттық (шетел) валютасындағы ақшаны пайдаланбаған не түгел пайдаланбаған жағдайда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі ұлттық (шетел) валютасындағы қайта айырбасталған (айырбасталған) сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы шетел валютасындағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, оларды айырбастау үшін құжаттарды аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы тармақта көрсетілген құжаттардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
81-тарау. Мемлекет кепілгерлігімен қарыздар алу және оларды пайдалану, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару тәртібі
769. Мемлекет кепiлгерлiгiн алудың және пайдаланудың осы тарауы (бұдан әрi - тарау) мемлекеттік емес қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекет кепiлгерлiгiн беру рәсiмiн (бұдан әрi - мемлекет кепiлгерлiгi) анықтайды.
770. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру процесi мынадай негiзгi кезеңдерінен тұратын iс-шаралар кешенiн қамтиды:
инвестициялық жобаларды iрiктеу;
концессиялық жобалар тiзбесiн қалыптастыру, қарау және бекіту;
мемлекет кепiлгерлiгiн беру.
771. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру процесінің негiзгi қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкiлеттi органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі, бюджеттi атқару, қоршаған ортаны қорғау, Республикалық бюджет комиссиясы, Банк Концессиясы мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе қарыз беруші болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 772-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
772. Қарыз алушылар:
1) техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) және облигацияларды шығару проспектісінің жобасын конкурстық өтінімдер құрамында дайындауды;
2) осы Ережеге және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарау үшін талап етілетін құжаттама беруді қамтамасыз етеді;
3) жыл сайын қарыз берушіге және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға алдыңғы сақтандыру шартының мерзімі өткенге дейін кемінде бір ай қалғанда сақтандыру шартын береді;
4) концессия шартын жасасады;
5) облигацияларды ұстаушылардың өкілімен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 773-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
773. Салалық уәкілетті органдар:
1) ТЭН мен концессиялық ұсыныс дайындауды жүзеге асырады;
2) концессиялық жобалардың салалық сараптамасын жүргізеді;
3) салалық сараптама нәтижелері бойынша тиісті қорытынды береді;
4) мемлекет кепілгерлігін, инфрақұрылымдық облигациялар шығару проспектісінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімі сараптамасының оң қорытындысын алуға үміткер әлеуетті концессионер конкурсқа ұсынған концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамалардың басқа да қорытындыларын қамтитын құжаттаманы жібереді;
5) концессия шартын жасасады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 774-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.04. № 427 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 774-тармақ жаңа редакцияда
774. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) концессиялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
2) кепілгерлік шартын жасайды;
3) мемлекет кепілгерліктерін ұсынады.
775. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган жоспарланған қызметтi iске асыруға, оларды iске асыру туралы шешiм қабылдау алдындағы кезеңдегi жоспарланған қызметтiң экологиялық талаптарына сәйкестiгiн бағалауға байланысты ықтимал терiс салдарлардың алдын алу және өндiрiгіш күштердi орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруiн сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында концессиялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 776-тармақ жаңа редакцияда
776. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган: бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама жүргізу және бағалау мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;
конкурстық құжаттаманы және концессия шартын келіседі;
жоспарланған кезеңге мемлекет лимитін беру немесе кепілгерлігінің лимит көлемінің ұлғаюы бойынша ұсынысты, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде олар бойынша мемлекет кепілгерлігі лимитінің берілуі немесе көлемінің ұлғаюы мүмкін концессиялық жобалар тізбесінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
777. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі:
1) қарыз берушілер алдында облигацияларды шығару проспектісімен белгіленген міндеттемелерді эмитенттердің орындауын бақылайды;
2) шартты салымның арнайы шотында (қызмет көрсету шоты) эмитенттің қаражат жинау мониторингін жүзеге асырады;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шартты салымның арнайы шотында (қызмет көрсету шоты) эмитенттің қаражат жинау бойынша міндеттемелерін орындауы туралы ақпарат береді
4) қарыз берушінің құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған шараларды қолданады;
5) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларына сәйкес өз іс-әрекеттері туралы және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы қарыз берушіге ақпарат береді;
6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен кепілдік беру шартын жасасады;
7) қарыз алушымен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасады;
8) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шартты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 778-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
778. Республикалық бюджет комиссиясы:
жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін беру немесе лимит көлемінің ұлғаюын лимитін;
концессиялық жобалардың тізбесін;
әрбір концессиялық жоба үшін жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігі лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін анықтайды.
779. Мемлекеттің кепілгерлігін беру процесінде басқа мемлекеттік органдар және заңнамаға сәйкес концессиялық жобаларды бағалауды (сараптауды) жүргізуге өкілеттік берілген өзге ұйымдар өз құзыреті бөлігінде қатысады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 779-1-тармақпен толықтырылды
779-1. Кепілгерлік бойынша міндеттемелерді мемлекет орындаған жағдайда республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты орындау сақтандыру шарты негізінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 779-2-тармақпен толықтырылды
779-2. Мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Банк арасында жасасқан тапсырма шарты негізінде Банк жүзеге асырады.
82-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлгерлiгiн беру рәсiмi
780. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын мемлекеттi емес қарыз есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалардың тiзбесiн бекiткеннен кейiн салалық уәкiлеттi орган қарыз алушымен концессия шартын жасасады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 781-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 781-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)