Ағымдағы қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттен алынған, жоғары тұрған бюджетті нақтылау (түзету) немесе секвестрлеу кезінде азайтылған (шығарып тасталған) нысаналы трансферттер сомасын қайтару үшін төмен тұрған бюджеттер белгіленген тәртіппен тиісті бюджетті нақтылауды (түзетуді) жүзеге асырады. Төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджет әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының тиісті кодынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулылары қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке азайтуға немесе алып тастауға жататын нысаналы трансферттер сомасын қайтаруды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 262-1-тармақпен толықтырылды
262-1. Жергілікті атқарушы органдардың өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жалпы сипаттаға трансферттердің көлемдері туралы заңмен (облыстық мәслихаттың шешімімен) белгіленген шығыстардың жекелеген бағыттарының белгіленген және төленген сомасының арасындағы айырма соманы қайтару тиісті бюджеттің түзету және оларды бөлген тиісті жоғары тұрған бюджеттің кірісіне бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына түсімдер сыныптамасының кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 263-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
263. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 264-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
264. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33-тарау. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу тәртібі
265. Тәртіп Бюджет кодексіне сәйкес Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) әзірлеуге бірыңғай амалды қамтамасыз ету үшін әзірленді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 266-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
266. Келісім:
шешіміне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсат пен міндеттерді;
нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тура және түпкілікті нәтижелер;
жергілікті атқарушы органның қол жеткізілген тура және түпкілікті нәтижелері туралы есепті тиісті жоғарғы тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсынуы туралы міндеттемені;
тараптардың шешімі бойынша анықталатын басқа да талаптар.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 267-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
267. Келісім бір қаржы жылына осы Ереженің 93-қосымшасына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірмей:
жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің.
Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілген нысаналы трансферттерді одан әрі бөлген жағдайда, аудандар бюджеттері арасында (облыстық маңызы бар қалалар) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы мен аудан әкімі (облыстық маңызы бар қала) арасында жасалады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 268-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 268-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 268-тармақ өзгертілді
268. Келiсiм әрбiр нысаналы трансферт бойынша жеке жасалады:
нысаналы даму трансферттерi бойынша бiрнеше инвестициялық жобалар болған жағдайда, 2 және 3-қосымшалар инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде толтырылады.
Бірнеше нысаналы трансферттер бойынша бір Келісімді жасауға жол беріледі.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органнан шарттарды тіркеу және төлем жүргізу рұқсат берілетін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесімен хабарландыру хатының көшірмесін алғаннан кейін, 10 жұмыс күні ішінде аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 269-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен 269-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
269. Келісім жасасу кезіндегі негізгі сәттер:
1) Келісім жасасу кезінде мақсаттарды, міндеттерді, тікелей және соңғы нәтижелерді ескерген жөн, онда:
«Мақсаттары» деген 2.2-тармақта мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған мақсаттары көрсетіледі;
«Міндеттері» деген 2.3-тармақта мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес мақсатқа қол жеткізуге бағытталған міндеттері көрсетіледі;
«Тікелей нәтижелер» деген 2.4-тармақта Әкімнің нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізуі тиіс орындалатын мемлекеттік функциялардың, көрсетілетін қызметтердің, іс-шаралардың (оның ішінде сандық сипаттамасының) көлемі көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ағымдағы қаржы жылына ұсынған бюджеттік өтінімге сәйкес нысаналы даму трансферттері шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың атауы бойынша тізбесі көзделеді. Бұл ретте жалғаспалы сипаттағы объектілерді іске асырған жағдайда ағымдағы қаржы жылында орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі көрсетіледі, ал олар аяқталған жағдайда ағымдағы қаржы жылында аяқталған инвестициялық жобалардың атаулары көрсетіледі.
«Түпкілікті нәтижелер» деген 2.5-тармақта бюджеттік бағдарламаның және мемлекеттік орган қадағалайтын саланың (жүйенің) мақсатына қол жеткізуге тура нәтиженің әсер ету деңгейі (дәрежесі) көрсетіледі.
Түпкілікті нәтижені айқындау кезінде саладағы (қызмет аясындағы) бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты проблемалардың шешілуін көрсеткен жөн.
3.2-тармақта (аудару мерзімі) нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша немесе нысаналы даму трансферттері бойынша нысаналы трансферттің түрін ескерген жөн;
2) ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Келісімнің 2-қосымшасын толтыру бойынша:
Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер туралы аралық есепте тікелей нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы, осы кезеңге жоспарланған нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептерін көрсете отырып, нысаналы трансферттер сомасының белгілі бір уақыт кезеңіндегі игерілуі туралы деректер келтіріледі.
Келісімнің 2-қосымшасы мынадай тәртіппен жасалады:
«Мемлекеттік органның атауы» деген жолда Келісім жасасқан жергілікті атқарушы орган көрсетіледі;
«Нысаналы трансферттің атауы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының атауы көрсетіледі;
«Есеп кезеңі» деген жолда есепті қаржы жылының жарты жылдығы көрсетіледі;
«Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы» деген жолда 1 шілдедегі жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі;
«(бюджеттік бағдарламаның атауы)» және «(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды» деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер іске асырылатын төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының (кіші бағдарламасының) атаулары мен коды толтырылады;
«Тікелей нәтиже» деген жол бойынша:
«Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар)» деген бағанда жасасқан Келісімде көзделген, жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуі тиіс жоспарланатын (орындалатын) іс-шаралар көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша бұл бағанда іс-шаралар әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша көрсетіледі;
«Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы» деген бағанда іс-шаралардың нақты орындалуы, яғни жартыжылдық қорытындылары бойынша жұмыстар неше пайызға орындалғаны және қызметтер көрсетілгені, жұмыстар мен қызметтердің орындалу кестесінің сақталуы көрсетіледі, жұмыстар мен қызметтердің жартыжылдықтағы орындалу (тауарларды сатып алу) сатысы сипатталады. Нысаналы даму трансферттері бойынша тікелей нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
«Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда атқарылмау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады. Жоспарланған іс-шаралар кестеден кешіккен жағдайда кешігу себептері көрсетіледі;
«Жоспар мың теңгемен» және «Факті мың теңгемен» деген бағандарда есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жоғарғы тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы мен олардың есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша нақты атқарылуы көрсетіледі;
«Ауытқуы мың теңгемен» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы мен олардың есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетіледі;
4) Келісімнің 3-қосымшасын толтыру бойынша:
Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер туралы қорытынды есепте тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы, нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері көрсетіле отырып, ағымдағы қаржы жылының нысаналы трансферттер сомасының игерілуі туралы деректер келтіріледі.
Келісімнің 3-қосымшасы мынадай тәртіппен жасалады:
«Мемлекеттік органның атауы» деген жолда Келісім жасасқан жергілікті атқарушы орган көрсетіледі;
«Нысаналы трансферттің атауы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының атауы көрсетіледі;
«Есеп кезеңі» деген жолда есепті қаржы жылы көрсетіледі;
«Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы» деген жолда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі;
«(бюджеттік бағдарламаның атауы)» және «(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды» деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер іске асырылатын төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының (кіші бағдарламасының) атаулары мен коды толтырылады;
«Тікелей нәтиже» деген жол бойынша:
«Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар)» деген бағанда жасасқан Келісімде көзделген, жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуі тиіс жоспарланатын (орындалатын) іс-шаралар көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша бұл бағанда іс-шаралар әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша көрсетіледі;
«Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге кол жеткізу сатысы» деген бағанда іс-шаралардың нақты орындалуы, яғни, жыл қорытындылары бойынша жұмыстар неше пайызға орындалғаны және қызметтер ұсынылғаны, жұмыстар мен қызметтердің орындалу сатысы көрсетіледі, жұмыстар мен қызметтердің есепті жылдағы орындалу (тауарларды сатып алу) сатысы сипатталады. Нысаналы даму трансферттері бойынша тікелей нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
«Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда атқарылмау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады. Жоспарланған іс-шаралар кестеден кешіккен жағдайда кешігу себептері көрсетіледі;
«Жоспар мың теңгемен» және «Факті мың теңгемен» деген бағандарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы мен олардың ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақты атқарылуы көрсетіледі;
«Ауытқуы мың теңгемен» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомалары мен олардың ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетіледі;
«Түпкілікті нәтиже» деген жолда:
«Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар)» деген бағанда жасасқан Келісімде көзделген түпкілікті нәтижелер, яғни, кол жеткізілген тікелей нәтиженің мақсаттарға қол жеткізуге күтілетін әсері көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша түпкілікті нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
«Нәтижелерге нақты қол жеткізу» деген бағанда түпкілікті нәтижелердің нақты орындалуы, яғни, қол жеткізілген тікелей нәтиже салаға қандай әсер көрсеткені, ондағы проблема қаншалықты шешілгені көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша түпкілікті нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады.
«Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады;
5) 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген есептерге еркін нысанда толтырылған, нысаналы трансферттер есебінен саладағы (қызмет аясындағы) проблемалардың шешілуі, қол жеткізілген мақсаттар, нәтижелердің көрсеткіштері туралы түсіндірмелерді қамтитын талдамалық жазба қоса беріледі.
Талдамалық жазба облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы ақпаратты қамтиды, олардың есепті кезеңдегі жұмсалуының негізгі бағыттарын, қол жеткізілген мақсаттар мен нәтиже көрсеткіштерінің талдауын, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу негіздемелері және себептерімен бірге нысаналы трансферттердің игерілген және игерілмеген сомаларының сипаттамасы қамтылады;
Нысаналы даму трансферттері бойынша қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын объектілер арасында қайта бөлген жағдайда талдамалық жазбада оларды қайта бөлу себептері көрсетіледі.
6) Нысаналы трансферттердің түріне және бағытына қарай Келісімде басқа да ерекше, заңнамаға қайшы келмейтін (міндеттер, құқықтар, жауапкершілік, Келісімге өзгерістер енгізу шарттары) шарттар көзделуі мүмкін.
34-тарау. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бюджеттік субсидиялар төлеу тәртібі
270. Бюджеттік субсидиялар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергiлiктi атқарушы органның немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттар шешiмiнде, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңын немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру туралы қаулысымен анықталған сомалар шеңберiнде берiледi.
ҚР Үкіметінің 2011.27.10. № 1211 Қаулысымен 270-1-тармақпен толықтырылды
270-1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бюджеттік субсидиялар бөлу көзделген болса, оларды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
271. Бюджеттік субсидиялар төлеу үшiн оларды алушылар бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiне олардың бюджеттен өтеудi талап ететiн шығындарды жүзеге асырғанын растайтын құжаттар ұсынады. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi оларды қарағаннан кейiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде көзделген тәртiппен және нысанда бюджеттік субсидия беру жүзеге асырылған әр бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік субсидиялардың жүзеге асырылуы тиіс бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны және төлеуге берiлетiн шоттарды қалыптастырады.
272. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi тиесiлi бюджеттік субсидияларды олардың тiкелей алушыларына аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн және төлеуге берiлетiн шоттарды екi данада ұсынады. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi бюджеттік субсидияларды төлеудiң негiздiлiгiн, бюджеттік субсидия алушыларға тиесiлi соманы есептеудiң дұрыстығын, бюджеттік субсидияларды аудару yшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттарды толтырудың растығын және толықтығын қамтамасыз етедi.
35-тарау. Шетел валютасын айырбастау және аудару тәртібі
273. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің пайдасына шетел валютасында төлемдер мен ақша аударуды жүргiзу үшiн шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүзеге асырылады.
274. Валюта түрлерi бойынша ҚР ҰБ белгiлеген лимиттен асып түспейтiн сомаға валюта түрлерi бойынша шетел валютасын сатып алу жөніндегі операция алдын ала мәлiмет ұсынбастан жүзеге асырылады.
275.Валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген шетел валютасының лимитінен артатын сомаға валюта түрлері бойынша шетел валюталарын қайта айырбастау аумақтық бөлімшелеріне мемлекетік мекеме қайта айырбастау күніне дейінгі келесі мерзімде:
валюта түрі мен сомасын көрсете отырып, шетел валютасын сатып алу қажеттілігі туралы хатты ұсынғаннан кейін;
АҚШ доллары, еуро, ағылшын фунт стерлингi, швейцария франкiсi, ресей рублi - үш күн ішінде;
жапония иенасы - бес күн ішінде жүзеге асырылады.
276. Аумақтық бөлiмшесi сол күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық түрде хат жібереді, ол, өз кезегiнде, оларды Ұлттық Банкке дейiн жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 277-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
277. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме осы Ереженің 94-қосымшасына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін шотты және шетел валютасын айырбастауға арналған өтінімді қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде сағат 10-00-ге дейін ұсынады (жібереді).
Шетел валютасын айырбастауға арналған өтінімді мемлекеттік мекеме қағаз тасығышта 2 данада жасайды және береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 278-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 278-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
278. Төлеуге берілетін шотта және (немесе) шетел валютасын айырбастауға арналған қағаз тасығыштағы өтінімде қандай да бір қажетті деректемелер болмаған, қолдар және (немесе) мөр бедері қолдардың және (немесе) мөр бедерлері бар құжатқа сәйкес келмеген, шот сомасы шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім сомасына сәйкес келмеген кезде орындалмастан мемлекеттік мекемеге қайтару себептері көрсетіле отырып, қайтарылады.
Электрондық түрдегі төлеуге берілетін шотта және (немесе) шетел валютасын айырбастауға арналған өтінімде қателер бар болған, оларда қандай да бір қажетті деректемелер болмаған, ЭЦҚ қате болған, валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген лимиттен асатын шетел валютасын резервтеу болмаған кезде, төлеуге берілетін шоттан және шетел валютасын айырбастауға арналған өтінімді қабылдамау себептері көрсетіле отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-да орындалмастан қайтарылады.
279. Бағамдық айырмашылыққа байланысты қажеттi төлем сомасы тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiле сомасынан асып түскен жағдайда, аумақтық бөлiмшесi қазынашылық жүйеге енгiзiлген төлеуге берiлетiн шотты және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi бекiтпейдi, ол туралы мемлекеттік мекемені хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 280-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
280. Мемлекеттік мекеме сол күні аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бағамдық айырма сомасына қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде: міндеттемелерді тіркеуге арналған өтінім, шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім және төлеуге берілетін шот береді.
281. Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша мiндеттемелер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспары бойынша қабылданбаған міндетемелер сомасы болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бағамдық айырма сомасына мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiм деректерiн ҚБАЖ-ға енгізудi және хабарлама қалыптастыруды жүзеге асырады.
282. Бағамдық айырма сомасына төлемдер бойынша берiлген бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының пайдаланылмаған қалдықтары болмаған жағдайда - бұрын қазынашылық жүйеге енгiзiлген төлеуге берiлетiн шот пен шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм қабылданбайды және төлеуге берiлетiн шотпен, шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiммен және бағамдық айырма сомасына арналған мiндеттемелермен бiрге орындамай мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
283. ҚР ҰБ-дан электрондық түрдегi төлем құжаттары мен шетел валютасындағы кореспонденттік шоттары бойынша үзiндi алғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган үзiндiнi алған күнi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы тиiстi шоттарына шетел валютасының түрлерi бойынша оны есептеу жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 284-тармақ жаңа редакцияда
284. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган шетел валютасын түрлерi бойынша мемлекеттiк мекеменiң шетелдiк валютадағы тиiстi шоттарына есептеген күнi аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндi көшірмелерді қалыптастырады және мемлекеттiк мекемеге шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштi мемлекеттiк мекеменiң одан әрi ұсынуы үшiн қағаз тасығышта бередi, сондай-ақ аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысының белгiсi соғылған және шетел валютасындағы шоттарға ақша есептелген күнiн көрсетiп, қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер 8-17 есебiн қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi көшiрменi дербес жасайды.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 285-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
285. Мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы ақшаны аударуды жүзеге асыру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтінішті осы Ереженің 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде сағат 16.00-ге дейін ұсынады (жібереді). Қағаз тасығышта шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш 2 данада ұсынылады.
286. Аумақтық бөлiмшесi шетел валютасында ақшаны аударуға арналған өтiнiштi тексергеннен кейiн деректерді ҚБАЖ-ға енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 287-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
287. Қағаз тасығышта шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініште түзетулер болған, төлем мақсаты, қойылатын қолдар және (немесе) мөр басқан құжатқа қойылатын қолдар мен мөр бедерінің үлгілеріне, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған жағдайда шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш қайтару себептері көрсетіліп орындалмастан, мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажетті деректемелер, төлем мақсаты болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштен бас тарту себептерін көрсете отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-да бас тартылады.
288. Ұлттық Банктен шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi және электрондық түрдегi төлем құжаттарын алғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган үзiндiнi алған күнi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы шоттарынан шетел валютасындағы ақшаны есептен шығару жөнiнде операция жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 289-тармақ жаңа редакцияда
289. Мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндi көшірме қалыптастырылғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы оларды қағаз тасығышта мемлекеттiк мекемеге бередi және қағаз тасығышта ұсынылған жауапты орындаушының белгiсi соғылған, шетел валютасындағы шоттан ақшаны есептен шығарған күнi көрсетiлген шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң бiр данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер 8-17 есебiн қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi көшiрменi дербес қалыптастырады.
290. Айырбасталған шетел валютасын мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы шотқа есептелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде мақсатқа сай пайдалануы тиiс. Шетел валютасын пайдаланбаған не жете пайдаланбаған жағдайда осы мерзiм аяқталғаннан соң келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей аумақтық қазынашылық бөлiмшесi шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм беру қажеттiлiгi туралы мемлекеттік мекемеге жазбаша хабар бередi.