2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі)
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 290-314 қосымшалар) (үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
290, 291, 292, 293, 294, 295, 296, 297, 298, 299, 300, 301, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
290-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 849833 мың теңге (сегіз жүз қырық тоғыз миллион сегіз жүз отыз үш мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әскери доктринасының 4-бөлімінің 4.2-т.; «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 Заңы; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңы; «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 4, 8-баптары; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1106 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитетінің мәселелері» 2004 жылғы 28 қазандағы № 1108 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Жұмылдыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 684-16 қаулысының 58-т.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Энергетика саласында, атом, минералдық ресурстар, мұнай-газ және атом өнеркәсібін қоса алғанда, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және басқару процесін үйлестіру; жұмылдыру, әскери жағдай және әскери уақыт кезеңінде Қарулы Күштерді, басқа әскерлер мен әскери құрамаларды, Қазақстан Республикасының халқын электр энергиясымен қамтамасыз ету тәртібін анықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Энергетика және минералдық ресурстар саласында мемлекеттік реттеу мен басқарудың үйлестіру процесін жетілдіруді қамтамасыз ету, атом, мұнай-химия және атом өнеркәсібін қоса алғанда мемлекеттік саясатты іске асыру; өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру; әскери уақытқа арналған нормативтік құқықтық актіні әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Отын-энергетикалық кешенді, мұнай-хи- мия өндірісін, энергетикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікті, радиациялық қауіп- сіздікті, минералдық-шикізаттық базаны және минералдық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін энергетика және минералдық ресурс- тар саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру үшін орталық орган аппараттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету; лицензиялық шарттар мен ережелердің сақталуын бақылау, лицензиялар беруді қамтамасыз ету; энергетика және минералдық ресурстар саласында қызмет түрлері бойынша біліктілік талаптарын бекітуге инспекция жүргізу; Лицензиарлардың функциясын орындау: - лицензияланатын қызмет түрлерімен айналысуға үміттенуші субъектілерге инспекция жүргізу; - лицензиялық шарттар мен ережелерді лицензия алушылардың орындалуына тексеріс (инспекция) жүргізу; - лицензиялық бланкілерді қосымшаларымен сатып алу. Қазақстан Республикасында, жер қой- науын мемлекеттік геологиялық зер- делеуге құқықты қоса, пайдалы қаз- баларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, оның ішінде мемлекет меншігіндегі техногендік түзілістерді жер қойнауын пайдалану құқығын беру; Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу: - Қазақстан Респуб- ликасы Үкіметінің қаулысымен бекітіл- ген конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурсты жариялау; - геологиялық ақ- паратты сатып алу және конкурстық ұсыныстарды беру туралы конкурсқа қатысушыларды хабардар ету; - конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру, конкурс нәтижелерін шығару және оларды жариялау. Жер қойнауына мемлекеттік мониторинг жүргізу. Пайдалы қазбалар қорларына, пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелері туралы геологиялық және экономикалық ақпаратқа, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жөнінде жұмыс жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамаға және мониторингке мемлекеттік сараптама ұйымдастыру және жүргізу, пайдалы қазбалар қорын бекіту. Көлік шығыстары. Техникалық сүйемелдеу, ұйымдастыру техникасы құралдарына және басқа негізгі құралдарға қызмет көрсету және жөндеу. Жұмылдыру, әскери жағдай және әскери уақыт кезеңінде электр энергиясын пайдалану туралы нұсқаулықты әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Жер қойнауын пайдалану мониторин- гін жүзеге асыру. Геология және жер қойнауын пайдаланудың аумақтық басқармаларының, оның геологиялық қорларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Өз құзыретінің шегінде мемлекет- тік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды және олардың орындалуын бақылауды қоса алғанда мемлекеттік қажеттілікке арналған геологиялық зерттеу жүргізуге арналған тапсырыс берушінің мемлекеттік функцияларын жүзеге асыру. Ғимараттарды, көлік құралдарын ұстап тұру және қызмет көрсетуі, «Восто- казнедра» ТУ мен «Южказнедра» ТУ-да күзет дабылдамасын орнату. Ғимараттар мен автокөлікті жалға беру. Техникалық сүйемелдеу, қызмет көрсету және ұйымдық техникалар мен өзге де негізгі құралдарды жөндеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минерал- дық ресурстар министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтер көрсетуді мына бағыттар бойынша сатып алу: - геология және жер қойнауын пайдалану; - мұнай-газ саласы; - электр энергетикасы; - тиісті салалар бойынша халықаралық стандарттарды үйрету. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың қызметін материалдық-техникалық жарақтандыру | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және ми- нералдық ресурстар министрлігі |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Ақпарат жүйелерін техникалық, технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету және алып жүру: Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық басқармалардың WEB-сайтын; - «1-С: 7.7 кәсіпорны»; - «Қаржыландыру жоспарларын қалып- тастыру және нақтылау» ИИС-і. Ақпараттық жүйелерді пысықтау, алып жүру және пайдалану: - «Энергетика және минералдық ресурстар саласында лицензиар шеңберінде лицензияланатын қызмет түрлерін лицензиялау». Шығыс материалдарды жинақтаманы және қосалқы бөлшектерді сатып алу. Есептеу техникалары мен жабдықтарды жүйелік-техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу. Жергілікті желілерді монтаждау. Министрлік, ведомство және аумақтық басқармалар үшін есептеу, желілік, телекоммуникациялық және электр жабдықтары мен бағдарла- малық өнімдерді сатып алу, орнату, монтаждау. Телекоммуникациялық қызметтерді төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минерал- дық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже:
Энергетика саласында, атом, минералдық ресурстар, мұнай-газ, мұнай-химия және атом өнеркәсіптерін қоса алғанда, энергия үнемдеу, жер қойнауын пайдалану саласында жаңартылатын және дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және мемлекеттік реттеу; жұмылдыру және әскери уақыт кезеңінде электр энергиясын пайдалану тәртібін анықтайтын нормативтік-құқықтық акті.
- кәсіби деңгейін көтеру - 27 адам;
- мемлекеттік тілде оқыту - 92 адам;
- ағылшын тілінде оқыту - 24 адам.
Түпкі нәтиже:
Энергетика саласында, атом, минералдық ресурстар, мұнай-газ, мұнай-химия және атом өнеркәсібін қоса алғанда, энергия үнемдеу саласында тұрақты дамуды қамтамасыз ету, қайта жаңартылатын және дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану; жұмылдыру және әскери уақыт кезеңінде электр энергиясын пайдалану тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актіні аумақтық және жергілікті атқару органдарына олардың есебінен жеткізу.
Қаржылық-экономикалық тиімділік:
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын - 64185 теңге;
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға арналған орташа шығын - 27967 теңге;
бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқытуға арналған орташа шығын - 35000 теңге.
Уақтылығы: кестемен бекітілген мерзімдерге сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелген функцияларды орындау; мемлекеттік тілді үйрету курсынан өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 9%; ағылшын тілін үйрету курсынан өткеннен кейін ағылшын тілінде құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 3%; біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 1%; лицензиялау туралы қолданыстағы заңнаманы сақтау және лицензия алушылардың жолсыздықтарын азайту; лицензияланатын қызмет түрлерін алуға үміткер субъектілерге оперативті инспекция жүргізу; Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыруды нормативтік құқықтық базасының нарықтық жағдайларын жетілдіру және оған бейімделу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
291-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары жөніндегі мердігерлерге берілуі тиіс мемлекеттік мүлікті есепке алуды
жүргізуді қамтамасыз ету» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 18192 мың теңге (он сегіз миллион бір жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы» 2000 жылғы 28 шілдедегі № 422 Жарлығы; «Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орны бойынша Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қарашадағы № 1568 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: уәкілетті органды олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау мақсатында мұнайгаз жобалары шеңберінде пайдаланылатын мемлекеттік активтердің болуы және жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; мұнай-газ жобалары шеңберінде пайдаланылатын мемлекеттік активтердің есебін жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге берілуге жататын мемлекеттік мүліктің бухгалтерлік есебін қамтамасыз ету және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейін мемлекетке мердігер беретін мүліктің есебін қабылдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары жөніндегі мердігерлерге берілуі тиіс мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Капитал-мұнайгаз | 1. Мемлекеттік мекемені бекітілген штат саны - 16 бірлік шегінде ұстау. 2. Мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге пайдалану құқығы берілуге жататын мемлекеттік активтердің есебін жүргізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге берілуге жататын мемлекеттік активтердің есебін жүргізу; құны 65 млрд. теңге мемлекеттік активтердің тізілімін жүргізу.
Пайдаланудан алынған материалдық ресурстарды әлеуметтік сипаттағы мұқтаждығы үшін Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру.
Түпкілікті нәтиже: мұнай-газ жобаларында мердігерлер пайдаланылатын мемлекеттік тиісті мүліктің тиісті есебін жүргізу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір қызметкерді ұстауға арналған шығын - 1100 мың теңге; Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тиімділікке өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің шарттарына және концессияның шартына сәйкес активтерді беру жөніндегі міндеттерді орындау жолымен қол жеткізіледі.
Уақтылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес.
Сапасы: «Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті шешім бойынша мердігердің пайдалануында тұрған және Қазақстан Республикасының газ-көлік жүйесі мен шаруашылық қызметінің ішкі және халықаралық концессиясының шарты бойынша концессионерге берілген мемлекеттік мүліктің бухгалтерлік есебін жүргізу» нұсқаулығына сәйкес есепке алуды жүргізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
292-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жер қойнауын пайдалану геологиясы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 99881 мың теңге (тоқсан тоғыз миллион сегіз жүз сексен бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 18-бабы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы;»«Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қолданыстағы тау-кен және мұнай өңдеу кәсіпорындары үшін пайдалы қазбалардың қосымша қорларын анықтауға жіберген геологиялық зерттеулердің тиімді жүйесін құру және жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көмірсутегі шикізаттарының, ірі мыс кен орындарының, қорғасын, мырыш, алтын, сирек кездесетін металдарын орналасуының өңірлік және локалды заңдылықтарын анықтау; геология барлау жұмыстарын жүргізу үшін техниканың жаңа үлгілерін әзірлеу; геология барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жаңа ғылыми концепциялар мен тәсілдемелерді әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Жер қойнауын пайдалану геологиясы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Жер қойнауын пайдалану геологиясы саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді келесі бағыт бойынша жүргізу: 1. Минералдық-шикізат базасының даму болжамы және жағдайына баға беру және оны ақпаратпен қамтамасыз ету. 2. Қазақстан аумағында геологиялық даму концепциясын игеру. 3. Геологиялық-барлау жұмыстарының жаңа технологиясын игеру. 4. Геологиялық саланы ақпаратпен қамтамасыз ету, мемлекеттік гео- логиялық зерделеуді өткізу әдісін бойынша ғылыми игерулер. 5. Геологиялық барлау жұмыстарын өткізу технологиясының жаңа тәжірибелі-конструктурларын және олардың техникамен қамтамасыз етуін игеру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: әртүрлі деңгейде локализациялы металлогенді жобалау бойынша мамандандырылған петрометаллогенді карталар; екі хронодеңгейлі кембрий жүйесі және геологиялық карта құрастыру табаны негізінде - стратиграфиялық тиянақ кесімі Атласы; геологиялық ұңғыма маңы кеңістігі және ұңғыманың техникалық жағдайына баға беру үшін ұңғыма іші бейне суреттерді шрифтау әдісі; бүйірлік оқпаның бағдарлау әдістемесі; 1:1000000 масштабы ҚР космогеологиялық картасы; «Жерді қашықтықтан космостық интерпретациялау негізінде ҚР аумағының геодинамикалық атласын және Каспий маңы геодинамикасының» Атласы; Батыс Қазақстан бойынша геологиялық коллекцияның электронды түрі.
Түпкі нәтиже: петрометаллогенді картаның негізінде жаңа қатты пайдалы қазбалар кен орындарын ашу; геологиялық карта жасау үшін стртиграфиялық негіз; ұңғыма маңындағы кеңістікке геология туралы ұңғымалардың техникалық жағдайына баға және ақпарат; ҚР территориясында және Каспий аймағында геодинамикалық үлгі; пайдалы қазбалар кен орындарын шығару үшін космогеологиялық негіз; пайдалы қазбалар кен орындарын ашу үшін геологиялық карта жасау тапсырмасын шешу үшін геологиялық коллекцияның электрондық түрі.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: жер қойнауын пайдаланудағы геология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге жалпы құны мынаны құрайды:
- «Минералды-шикізаттық базасының болжамының дамуы және оны ақпаратпен қамтамасыз ету жағдайына баға» бағыты бойынша (5 есепнама-ұсыныс, аяқталатын жұмыс) - 7550 мың теңге;
- «Қазақстан территориясында геологиялық даму концепциясын меңгеру» бағыты бойынша (2 есепнама-ұсыныс, аяқталатын жұмыс) - 44838 мың теңге.
- «Геологиялық-барлау жұмыстарының жаңа технологиясын меңгеру» бағыты бойынша (2 есепнама-ұсыныс, аяқталатын жұмыс) - 11000 мың теңге.
- «Геологиялық салаларды ақпаратпен қамтамасыз ету, мемлекеттік геологиялық зерделеуді өткізу әдісі бойынша ғылыми игерулер» бағыты бойынша (4 жаңа меңгеру) - 28707 мың теңге.
- «Геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуде тәжірибелі-конструкторлық жаңа технологияны жетілдіру» бағыты бойынша (1 жаңа жетілдіру) - 7786 мың теңге.
Уақтылығы: ғылыми-техникалық жетілдірулерді жүргізу бекітілген уақыты және жалпы сәйкестігі.
Сапасы: минералды шикізат, көмірсутекті және жер асты суларының маңызды түрлерінің қиын ашылатын кен орындарын ашу үшін ғылыми негіз салу; пайдалы қазбалар кен орындарын ашу кезінде геологиялық барлау жұмыстарының шығынын және мерзімін қысқарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
293-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Отын-энергетика кешені, мұнай-химия және минералдық ресурстар
саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 898900 мың теңге (сегіз жүз тоқсан сегіз миллион тоғыз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың 2004-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысы; «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы (екінші кезең)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: атом энергетикасын дамытуға және қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған ғылымды қажетсінетін ядролық технологияларды әзірлеу; шикізаттық бағыттан алшақтауға ықпал ететін экономиканың салаларын әртараптандыру жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін шарттар әзірлеу, КТМ қондырғысында тәжірибелік зерттеулерді ғылыми және техникалық тұрғыдан қолдау және оның пайдалануын қамтамасыз ету; ауыр иондарды пайдаланумен физика, химия, биология саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған ғылымды қажетсінетін технологияларды, әдістер мен жүйелерді әзірлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жетекші атомдық державалардың тәжірибесі есебінен озық технологиялар негізінде Қазақстанда атом саласын ғылыми-техникалық қолдау, радиоэкологиялық зерттеулердің аппаратуралық және әдістемелік базаларын дамыту, қазіргі халықаралық талаптар деңгейінде радиоактивті қалдықтармен және ядролық отынмен игерілген тиімді айналыс жүйесін құру, радиофармпрепараттары өндірісінің ұлттық саласын құру;
плазманың КТМ бірінші қабырға мен дивертор материалдарына әсер етуінің материалтану зерттеулері; плазма материалдарының жоғарғы бетімен өзара іс-қимыл процестерін, КТМ-де қабырғалық плазма мен тозаңдық бөлшектердің түзілуін зерттеу; динамикалық процестерді зерделеу және КТМ плазмасының диагностикасы; КТМ плазмасын басқарудың қазіргі компьютерлік технологиясы мен ақпараттық жүйесі; КТМ-де қызмет көрсету қызметкерлерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
жете зерттелмеген шағын және орташа кенді және кенсіз объектілердің өлшемдерін (қоры, құрамы, құрылымы) бағалау әдістерін әзірлеу; қатты пайдалы қазбалардың шағын және орташа кен орындарын игеру кезінде, кенді және кенсіз объектілер туралы толық ақпарат болмаған жағдайда, тау-кен жұмыстарын жобалаудың жылдам әдістерін әзірлеу, жете зерттелмеген жер қойнауын пайдаланудың шағын және орташа кен игеру объектілерін экономикалық бағалау және инфрақұрылымдық факторларын ескере отырып, әдістерін әзірлеу және оларды игеру тәуекелдерін бағдарламалық қамтамасыз ету.