Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 19 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 13 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
59-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «компанияларын» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын ислам арнайы қаржы компанияларын» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат):
1) 406-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Ислам банкінің банк қызметін жүзеге асыруы кезінде оның тауарларды сатып алу-сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.»;
2) 727-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ислам банкі заем беруші болып табылатын банк заемы шарты бойынша ақша заемы мерзімділік және қайтарымдылық талаптары бойынша және ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы алынбай жүзеге асырылады.»;
3) 756-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк салымдарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленуі мүмкін.»;
4) 883-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Банк қызметін жүзеге асыру кезінде мүлікті сенімгерлікпен басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.».
3. 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 19 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):
1) 12-баптың 1-тармағында:
3) тармақша «пайлары» деген сөзден кейін «, ислам бағалы қағаздары» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақшаның бірінші абзацы «мүлікті бөлуден түсетін табыстар;» деген сөздерден кейін «исламдық қатысу сертификаттары бойынша төлеуге жататын табыстар;» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) ислам бағалы қағаздары - ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;»;
1 тармақшаның 6 абзацы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
31) тармақшадағы «адам» деген сөз «дара кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде резидент емес заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) тармақшаның сегізінші абзацындағы «түріндегі барлық төлемдер» деген сөздер «түріндегі» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер;»;
2 тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
2) 59-баптың 3-тармағындағы «дауазымды» деген сөз «лауазымды» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 60-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) ислам бағалы қағаздары бойынша табыстарды есепке алу саясаты.»;
4 тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
4) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс.»;
5) 85-баптың 1-тармағында:
18) тармақша «сыйақылар» деген сөзден кейін «, ислам жалдау сертификаты» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;»;
6 тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
6) 92-бап «құндық балансынан» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ салық кезеңінде жұмсалған және осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес ескерілетін кейінгі шығыстардан» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 99-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «сомасы алып тасталуға жатады.» деген сөздер «сомасы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;
14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар алып тасталуға жатады.»;
8-15 тармақшалар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
8) 102-баптың 2-тармағындағы «бабына сәйкес айқындалатын еңбекке ақы төлеу түріндегі» деген сөздер «баптың 2-тармағында көрсетілген салық салуға жататын қызметкердің табыстары бойынша жұмыс берушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 110-баптың 1-тармағының төртінші абзацы «қоспағанда,» деген сөзден кейін «салық салуға жататын» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 117-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 122-бабына сәйкес салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы І топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.»;
7-тармақтың бесінші абзацындағы «қосу немесе» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақта:
жетінші абзацтағы «немесе алу» деген сөздер алып тасталсын;
сегізінші абзацтағы «122-бабына» деген сөздер «122-бабының 3-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 133-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық салынатын табыстың 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:
нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;
коммерциялық емес ұйымдарға және қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүліктің құнын. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмекті;»;
12) 134-баптың 2-тармағына өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі;
13) 141-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы» деген сөздер «алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 143-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;»;
15) 154-баптың 1-тармағындағы «бойынша» деген сөзден кейін «осы тарауда және» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
«40) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс.»;
17-21 тармақшалар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
17) 161-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаттары үшін әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылады.»;
18) 166-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық кезеңі ішінде жұмыс орны өзгерген жағдайда осы тармақтың ережелері қызметкердің жаңа жұмыс орны бойынша қолданылмайды.»;
3-тармақтағы «он бес жұмыс күнінен» деген сөздер «күнтізбелік он алты күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 179-баптың 1-тармағы «орналасқан» деген сөзден кейін «(тұрғылықты)» деген сөзбен толықтырылсын;
20) 186-баптағы «тұрғылықты» деген сөз «орналасқан (тұрғылықты)» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 191-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «алты айдан» деген сөздер «күнтізбелік жүз сексен үш күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 192-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;»;
23) 201-баптың 8-тармағының 11) тармақшасындағы «табыстар салық салуға жатпайды.» деген сөздер «табыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс салық салуға жатпайды.»;
24 тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
24) 220-баптың 3-тармағындағы «резидент еместің есебіне жазылған табыстарының және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын резидент емес және (немесе) салық агенті табыс еткеннен кейін» деген сөздер «мынадай күндерден неғұрлым кеш:
өтініш берілген күннен;
резидент еместің есебіне жазылған табыстарының және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын резидент емес және (немесе) салық агенті табыс еткен күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 250-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) ислам банкінің қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:
жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін процентсіз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ислам банктерінің мүлікті беруі Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде ислам банкі алуға тиіс табыс бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға тиіс табысқа сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме баға сомасы жатады, ол ислам банкінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған коммерциялық кредит туралы шартының талаптарымен айқындалады.
Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға өткізуі жағдайларына қолданылмайды.»;
26) 262-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Есепке жатқызудың барабар әдісін пайдаланатын ислам банктерінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде мүлікті сатып алумен және берумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдісін қолдануға құқығы бар.»;
27-29 тармақшалар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
27) 355-бапта:
«резидент еместер» деген сөздер «резидент емес заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі салық агенттері болып танылады.»;
28) 357-бапта:
2-тармақтағы «қызметкерге күнтізбелік ай үшін есептелген табысының жалпы сомасы» деген сөздер «күнтізбелік ай үшін осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған салық салу объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 4) және 5) тармақшаларындағы «өтемдер», «өтемдері» деген сөздер «өтемақы төлемдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 359-бапта:
1-тармақта «бабының 1-тармағына» деген сөздер «бабына» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.»;
30) 365-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «Халық қа?арманы» атағына ие болған» деген сөздер - «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған» деген сөздермен, 403-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 545-баптың 4) тармақшасындағы, 546-баптың 1) тармақшасының бесінші абзацындағы, 6) тармақшасының үшінші абзацындағы және 7) тармақшасының екінші абзацындағы «Халық қа?арманы» атағын алған» деген сөздер «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
31-43 тармақшалар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
31) 367-баптың 1-тармағындағы кестенің 5-жолы 3-бағанының екінші абзацындағы «1» деген цифр «10» деген цифрлармен ауыстырылсын;
32) 368-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі, 2-тармағының бірінші абзацы мен 2) тармақшасындағы «оралымды» деген сөз «жедел» деген сөзбен ауыстырылсын;
33) 369-баптың 1-тармағындағы «оралымды» деген сөз «жедел» деген сөзбен ауыстырылсын;
34) 373-бапта:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар:»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.»;
35) 406-баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде «қалаған» деген сөз «қаланған» деген сөзбен ауыстырылсын;
36) 416-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «25 000» деген цифрлар «2 500» деген цифрлармен ауыстырылсын;
37) 419-баптың 2) тармақшасындағы «ойнауға» деген сөз «ойынына» деген сөзбен ауыстырылсын;
38) 422-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіркелген салықтың ставкалары»;
1-тармақтың бірінші абзацы «салық салу» деген сөздерден кейін «объектісінің» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармағындағы «атқарушы» деген сөз «өкілді» деген сөзбен ауыстырылсын;
39) 426-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Патент - төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.»;
40) 446-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуметтік салықты және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.»;
41) 447-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрініс табады.»;
42) 456-баптың 1-бағанына өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
43) 471-бапта:
кестенің 1.45 жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл мүшесі бұзылған балалар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну»;
мынадай мазмұндағы 1.45-1, 1.45-2, 1.45-3, 1.45-4, 1.45-5 жолдармен толықтырылсын:
1.45-1 | мүгедектер, оның ішінде психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
1.45-2 | қарттар мен мүгедектер үшін жалпы үлгідегі медициналық- әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
1.45-3 | қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін аумақтық күндіз болатын орталықтарда арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
1.45-4 | қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін оңалту орталықтарында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
1.45-5 | қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін үйде күндізгі күтім жасайтын арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
44) 495-бапта:
3-тармақтың кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
№ Рет | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлем ақы ставкалары (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 2,23 |
2. | Көміртегі тотықтары | 0,73 |
3. | Метан | 0,04 |
4. | Күкірт диоксиды | 10 |
5. | Азот диоксиды | 10 |
6. | Күл | 12 |
7. | Күкіртті сутегі | 62 |
8. | Меркаптан | 9966 |
6-тармақта:
кестенің 1.3.5 жолының 3-бағанындағы «0,033» деген цифрлар «0,33» деген цифрлармен ауыстырылсын;
кесте мынадай мазмұндағы 1.3.7 жолмен толықтырылсын:
1.3.7 | техникалық және элементарлық күкірт | 3,77 | |
45-47 тармақшалар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
45) 511-баптың 5-тармағында:
бірінші бөліктегі «, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
46) 603-баптың 2-тармағында «салық кезеңінің соңында» деген сөздерден кейін «, қосылған құн салығының қайтарылуға жатпайтын асып кеткен сомасын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
47) 635-баптың 10-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «бұзушылықтарды жойған» деген сөздерден кейін «немесе бұрын жіберілген расталмаған сұрау салулар бойынша мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын уәкілетті орган растаған» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-баптың 8) тармақшасы «номиналды түрде» деген сөздерден кейін «(ислам банкіндегі инвестициялық депозиттен басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.
Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесімен ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік берілмейді.
Ислам банкін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауында белгіленген.»;
3) 8-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін банк сатып алған жағдайларда қолданылмайды.» деген сөздер «тұлғалардың;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) ислам банкі осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асырғанда - өзге заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін банк сатып алған жағдайларда қолданылмайды.»;
4) 11-1-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі «заңды тұлғалар» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ, акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ислам банкі өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша сатып алған заңды тұлғалар» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Ислам банкі үшін, егер ол өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алса, ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға уәкілетті орган рұқсатының болуы талап етілмейді.»;