55-бапта:
тақырыбы «қорларға» деген сөзден кейін «және инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкінің клиенттеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пайлық инвестициялық қордың пай ұстаушыларына немесе инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкінің клиенттеріне тіркелген жылжымайтын мүлік олардың ортақ үлестік меншігі болып танылады.
Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін немесе ислам банкі инвестициялық депозит қаражаты есебінен сатып алған жылжымайтын мүлік объектісіне ортақ үлестік меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде құқықтық кадастрда мұндай объектінің меншік иелері пайлық инвестициялық қордың пай ұстаушылары немесе инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкінің клиенттері (инвестициялық пай ұстаушылардың немесе ислам банкі клиенттерінің деректері және ортақ үлестік меншік құқығында оларға тиесілі үлестердің мөлшерлері көрсетілмей) екені көрсетіледі.»;
2-тармақ:
«ұстаушыларға» деген сөзден кейін «немесе инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкінің клиенттеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
«(басқарушы компания)» деген сөздерден кейін «немесе ислам банкі» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Ислам банкі тіркеуге ислам банкі жарғысының, ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелердің және ислам банкінің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуіне берілген лицензиясының нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етеді.».
2-бап. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын, 2), 4), 6), 8) - 15), 17) - 21), 24), 27) - 29), 31) - 43), 45) - 47) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы ақпанның 12-сі.
№ 133-ІV ҚРЗ