6. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 27-1), 34-1), 34-2), 34-3), 34-4), 34-5), 34-6), 60-1), 65-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) инвестициялық жоба - инвестициялаудан белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған және инвестицияларды көздейтін, сондай-ақ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар кешенді іс-шаралар;»;
«34-1) ислам арнайы қаржы компаниясы - осы Заңға сәйкес акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
34-2) ислам арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер - ислам арнайы қаржы компаниясы сатып алатын мүлік және талап ету құқықтары, олар бойынша түсімдер;
34-3) ислам бағалы қағаздары - шығару талаптары исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкес келетін, материалдық активтердегі бөлінбейтін үлесті иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтер мен табыстарға, нақты жобаларды қаржыландыру үшін осы бағалы қағаздар шығарылған қызметтерге немесе активтерге билік ету құқығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар;
34-4) ислам бағалы қағаздарының номиналды құны - ислам бағалы қағаздарын оларды бастапқы орналастыру аясында ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген талаптар бойынша сатып алу кезінде инвестор төлейтін ислам бағалы қағаздары құнының ақшалай түрі;
34-5) ислам бағалы қағаздарын өтеу - ұстаушыға тиесілі ислам бағалы қағаздары санының осы шығарылымдағы ислам бағалы қағаздарының жалпы саны қатынасына бара-бар үлеске сәйкес келетін ақша сомасын бөлінген активтер есебінен ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген мерзімдерде төлеу;
34-6) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі - эмитентпен жасалған шарттың негізінде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін ұйым;»;
«60-1) оригинатор - ислам банкі, ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке (ұлттық басқарушы холдингтің келісімі болғанда) тиесілі, активтерін ислам арнайы қаржы компаниясына сатып алу-сату шартының негізінде беретін және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалар;»;
«65-1) резервтік қор - қалыптастыру және пайдалану тәртібі ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде айқындалатын ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындаған залалдарды жабуға арналған қаражат;»;
2) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Ислам бағалы қағаздары проспектісіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуге тиіс.
Эмитенттің ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жағдайларда ислам бағалы қағаздарын шығарудың, орналастырудың, айналымға енгізудің және өтеудің шығарылым проспектісінде белгіленген талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.»;
5-тармақ «облигациялар шығару проспектісіне» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын шығару проспектілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 23-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Ислам бағалы қағаздарына төлем жасау тек қана ақшалай жүзеге асырылады. Эмитенттің орналастырылатын ислам бағалы қағаздарына толық төлем жасалғанға дейін осы ислам бағалы қағазын ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімі жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны сатып алушының жеке шотына есепке жатқызу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.»;
4) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
«5-1-тарау. Ислам бағалы қағаздарын шығарудың және олардың айналымының ерекшеліктері
32-1-бап. Исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері
Мыналар исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері болып табылады:
1) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде ислам бағалы қағаздары құнының проценті түріндегі сыйақыны есептеп шығаруға, сондай-ақ ислам бағалы қағаздары бойынша табысқа кепілдік беруге құқығы жоқ;
2) ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат темекі, алкогольдік өнімдерді, қару-жарақ пен оқ-дәріні шығаруға және (немесе) саудалауға, құмар ойын бизнесімен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға бағытталмауға тиіс.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам бағалы қағаздары эмитентінің қызметіне қойылатын сақталуға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
32-2-бап. Ислам бағалы қағаздарының түрлері
1. Ислам бағалы қағаздарына:
1) ислам инвестициялық қорларының акциялары мен пайлары;
2) исламдық жалдау сертификаттары;
3) исламдық қатысу сертификаттары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ислам бағалы қағаздары болып танылған өзге де бағалы қағаздар жатады.
2. Инвестициялық портфельді басқарушылар ислам инвестициялық қорлары пайларының эмитенттері болып табылады.
Ислам арнайы қаржы компаниялары исламдық жалдау сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттарының эмитенттері болып табылады.
32-3-бап. Исламдық жалдау сертификаттары
1. Ислам арнайы қаржы компаниясы оларды шығару кезінде айналым мерзімін алдын ала белгілей отырып шығаратын, ұстаушылары жалдау (қаржы лизингі) шарты бойынша табыстар алу құқығын иеленетін ислам бағалы қағаздары исламдық жалдау сертификаттары болып табылады.
2. Исламдық жалдау сертификаттары оларды ұстаушыларға мынадай құқықтар:
1) жалдау (қаржы лизингі) шарты бойынша табыстар алу;
2) бөлінген активтерді құрайтын мүлік үлесіне сәйкес келетін, ұстаушыға тиесілі исламдық жалдау сертификаттары санының орналастырылған исламдық жалдау сертификаттарының жалпы санына бара-бар мөлшерінде ақша сомасын алу;
3) эмитенттің (оригинатордың) қызметі туралы ақпарат алу, оның ішінде исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектісінде айқындалған тәртіп бойынша эмитенттің (оригинатордың) қаржылық есептілігімен танысу;
4) қоғам тіркеушісінен немесе номиналды ұстаушыдан исламдық жалдау сертификаттарына ұстаушылардың меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алу құқығын;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтар береді.
3. Ислам арнайы қаржы компаниясы исламдық жалдау сертификаттарын шығару, оларды орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға мүлік сатып алу, сондай-ақ осы мүлікті жалдау (қаржы лизингі) шарты бойынша түскен төлемдерді исламдық жалдау сертификаттарын ұстаушыларға бөлу үшін құрылады.
4. Исламдық жалдау сертификаттарының айналымы ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтеріне кіретін мүлікті жалдау (қаржы лизингі) шартын жасасқаннан кейін мүмкін болады.
5. Исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектісінде оригинатор ислам арнайы қаржы компаниясынан мүлікті сатып алған жағдайда исламдық жалдау сертификаттарын мерзімінен бұрын өтеу талаптары көзделуі мүмкін.
6. Исламдық жалдау сертификаттарын шығарудың, орналастырудың, айналымға енгізудің және өтеудің өзге де талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
32-4-бап. Исламдық қатысу сертификаттары
1. Ислам арнайы қаржы компаниясы бағалы қағаздарды шығару кезінде олардың айналым мерзімін алдын ала белгілей отырып, жаңа инвестициялық жобаны ұйымдастыру, қолда бар инвестициялық жобаны дамыту немесе қарапайым серіктестік шарты негізінде кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру үшін тартылған қаражатты пайдалану мақсатымен не акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға құру арқылы шығарылатын ислам бағалы қағаздары исламдық қатысу сертификаттары болып табылады.
2. Оригинатор инвестициялық жобаға мүлікті енгізу арқылы және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі акцияларды (қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыра отырып, инвестициялық жобаға қатысады.
3. Исламдық қатысу сертификаттарының айналымы инвестициялық жобаны іске асыру басталғаннан кейін мүмкін болады. Исламдық қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған қаражаттың кемінде он процентін инвестициялау инвестициялық жобаны іске асыруды бастау болып табылады.
Эмитент инвестициялық жобаны іске асыру басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушыларға исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде көзделген бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялау жолымен оларды айналымға енгізу мүмкіндігі туралы хабарлауға міндетті.
4. Инвестициялық жоба бойынша табыс ислам арнайы қаржы компаниясы мен оригинатор арасында исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісі талаптарына сәйкес бөлінеді.
5. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде белгіленген мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға құқылы.
6. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын:
1) исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда;
2) исламдық қатысу сертификаттары бойынша дефолт жағдайында;
3) ислам арнайы қаржы компаниясын тарату туралы шешім қабылданған жағдайда сатып алады.
7. Инвестициялық жобаны іске асырушы заңды тұлға оригинатордың бастамасы бойынша таратылған жағдайда оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға міндетті.
8. Оригинатор таратылған жағдайда қарапайым серіктестік шарты өз қолданылуын тоқтатады. Осы инвестициялық жобаны құрайтын мүлікті исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушылардың өкілі исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушыларға аталған мүлікті өткізуден алынған ақшаны исламдық қатысу сертификаттарын шығару көлеміндегі үлестеріне сәйкес төлей отырып өткізуге тиіс.
9. Исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушылар исламдық қатысу сертификаттарын шығару талаптарында көзделген жағдайларда оригинатормен бірлесіп, қаржыландыруға арналған инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде шешімдер қабылдауға құқылы.
32-5-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қызметі
1. Ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат есебінен қаржыландыру объектілерінің исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкестігін айқындауды:
1) осы Заңның 32-2-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген ислам бағалы қағаздарына қатысты - Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған ислам банкінің исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңесі немесе ұлттық холдингтің, ұлттық басқарушы холдингтің немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі заңды тұлғаның шешімі бойынша жеке шарттың негізінде тартылған исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес;
2) осы Заңның 32-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ислам бағалы қағаздарына қатысты - ислам акционерлік инвестициялық қоры акционерлерінің жалпы жиналысының немесе басқару органдарының ұсынымы бойынша ислам пайлық инвестициялық қорының басқарушы компаниясының шешімі бойынша жеке шарттың негізінде тартылған исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес жүзеге асырады.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес шешімдер қабылдауда тәуелсіз.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес мәміле жасасу сатысындағы ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілені осы Заңның 32-1-бабында көрсетілген исламдық қаржыландыру принциптеріне сай емес деп таныған жағдайда, мұндай мәміле жасалмайды және орындалмайды.
3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 32-1-бабында көрсетілген исламдық қаржыландыру принциптеріне сай емес деп таныған жағдайда, мұндай мәміле оригинатордың не ислам инвестициялық қорының басқарушы компаниясының талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
32-6-бап. Ислам арнайы қаржы компаниясы
1. Ислам арнайы қаржы компаниясын ислам арнайы қаржы компаниясына мүлік және (немесе) бөлінген активтер беретін оригинатор құрады.
Ислам арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Ислам арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшадан құралады.
3. Ислам бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру кезіндегі олардың номиналды құны бір шығарылым шеңберіндегі барлық ислам бағалы қағаздары үшін бірдей болып табылады және ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде айқындалады.
4. Ислам арнайы қаржы компаниясының атауында «ислам арнайы қаржы компаниясы» деген сөздер жазылуға тиіс.
5. Ислам бағалы қағаздарының бұған дейінгі шығарылымын өтеу аяқталғанға дейін ислам бағалы қағаздарын одан әрі шығаруға тыйым салынады.
6. Ислам арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізуге міндетті.
7. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеудің қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Уәкілетті орган ислам арнайы қаржы компаниясының ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру туралы өтінішінің негізінде шешім шығарады және ол жөнінде ислам арнайы қаржы компаниясын өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша түрде хабардар етеді. Уәкілетті орган ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, ол жөнінде ислам арнайы қаржы компаниясын жазбаша түрде хабардар етеді.
8. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
9. Ислам арнайы қаржы компаниясы ислам бағалы қағаздары бойынша тиісті резервтік қорлар құруды қоса алғанда, бөлінген активтер бойынша түсімдерді өзі шығарған ислам бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерін орындауға ғана пайдаланады.
10. Бөлінген активтер ислам арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражатынан бөлек есепке алынады.
11. Осы Заңға сәйкес ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі мемлекеттік тіркелген күннен бастап ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарының осы шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерге қатысты өндіріп алу ислам арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтерден басқа, өзге де активтер есебінен міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.
12. Ислам арнайы қаржы компаниясы бухгалтерлік есепті жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншікті қаражаты мен бөлінген активтер бойынша қаржылық есептілікті бөлек табыс етеді.
13. Ислам арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыруының және қаржылық есептілікті жасауының тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
32-7-бап. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің функциялары мен міндеттері
1. Акцияларды қоспағанда, ислам бағалы қағаздарын шығару және олардың айналымы кезінде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың эмитент және үшінші тұлғалар алдындағы мүдделерін білдіруді жүзеге асырады.
Эмитент бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қатарынан ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілін таңдауды дербес жүзеге асырады.
Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі эмитенттің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
2. Эмитент пен ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі мен мән-жайлары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындауын бақылайды;
2) қаржыландыру объектілерінің ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес келуін бақылайды;
3) ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдайды;
4) ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүлікке, ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілені жүзеге асыру бөлігінде эмитенттің қаржылық есептілігіне, сондай-ақ көрсетілген қаражат активтеріне инвестицияланған заңды тұлғаларға мониторингті жүзеге асырады;
5) исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде, егер бұл оларды шығару талаптарында көзделген болса, ислам арнайы қаржы компаниясының мүдделерін білдіреді;
6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына сәйкес ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға өзінің іс-әрекеттері туралы және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы хабарлайды.
4. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі:
1) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін мән-жайларды анықтауға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды аталған мән-жайлар туралы күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
2) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүліктің жай-күйі туралы хабарлауға;
3) уәкілетті органды және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды өкіл ретіндегі өз өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы эмитентпен жасалған шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
4) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі ретінде өз қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттар беруге;
5) қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға міндетті.
5. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген функциялар мен міндеттерді орындау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.».
7. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Ислам инвестициялық қорлары
1. Акционерлік инвестициялық қор не исламдық қаржыландыру принциптерін сақтай отырып, қор активтерін инвестициялауды жүзеге асыратын жабық пайлық инвестициялық қор ислам инвестициялық қоры болып табылады.
2. Ислам инвестициялық қорларының ислам бағалы қағаздарын ұстаушылары өкілінің міндеттерін кастодиан жүзеге асырады.
3. Ислам инвестициялық қорының инвестициялық декларациясы исламдық қаржыландыру принциптеріне сай болуға және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуге тиіс.»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Ислам инвестициялық қорының атауында осы қордың ислам қоры болып табылатыны көрсетілуге тиіс.».
8. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат):
кіріспе «бағытталған және» деген сөздерден кейін «ол, талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді және ислам банктерінде орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
32-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) ислам банктері жүзеге асыратын банк операциялары:
жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін процентсіз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;
кәсіпкерлік қызметті мынадай түрде қаржыландыру:
коммерциялық кредитті бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру;
лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызмет;
ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік қызмет;».
10. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):