3. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтiк аударымдар сомаларын Қордың шотына осы сомалар төлеушiнiң банктiк шотынан есептен шығарылған күнi аударуға мiндеттi.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Төлеушiнiң банк шоттары болмаған немесе төлеушінің банк (банктер) шотында (шоттарында) ақша жеткіліксіз болған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен төлеушiнiң қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 18-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау
Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнeн кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өзi тiркелген салық органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша есептi табыс етедi.
Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртібін халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның келісімi бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
19-бап. Артық төленген әлеуметтiк аударымдарды қайтару
Төлеушiнiң артық төлеген әлеуметтiк аударымдар сомасын Қор өтiнiш түскен күннен бастап банктiк он күн iшiнде төлеушiнiң банк шотына аударуға тиiс.
3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау
20-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш
беру және әлеуметтiк төлемдер тағайындауға
арналған құжаттарды қарау мерзімдері
1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш беру өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Өтiнiшке тiзбесi осы Заңмен белгiленетiн құжаттар қоса тiркеледi.
2. Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдап алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға бередi.
3. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды қарайды және әлеуметтiк төлемдер тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындаудан бас тартылған жағдайда ол бас тарту себептерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлап, табыс етiлген құжаттарды Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi.
4. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның табыс етiлген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол табыс етiлген құжаттарды сараптамаға жiберiп, оларды беруге негiз болған құжаттардың бар-жоғын тексере алады. Бұл ретте, әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдаудың кешiктiрiлуi және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабардар етiлуге тиiс.
5. Кейiнгi өтiнiштер берiлген кезде әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган өтiнiш қайталап берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде төлем тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және төлем тағайындаудан бас тарту себептерi мен шағымдану тәртібін көрсете отырып, ол туралы Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.
Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
6. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.
Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық:
еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда - әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеген күннен бастап;
асыраушысынан айрылған жағдайда - қайтыс болуы туралы куәлікте көрсетілген қайтыс болған күннен бастап, не азаматты хабарсыз кеткен деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап;
жұмысынан айрылған жағдайда - ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелу үшін өтініш жасаған күнінен бастап;
жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайда - еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген, жүктілігі және босануы бойынша демалыс берілген күннен бастап;
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайда - еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берілген күннен бастап;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда - баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап туындайды.
Бұл орайда, жұмысынан айрылуына, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылуына байланысты Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берілген күнге дейінгі он екі айдан аспайтын мерзімнен бастап тағайындалады.
7. Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне өтiнiш берiлген күн Қордан әлеуметтiк төлемдер тағайындауға өтiнiш берiлген күн деп есептеледi.
8. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақтылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми ставкасынан аспайтындай мөлшерде индекстелуге тиіс.
21-бап. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда
әлеуметтiк төлем тағайындау және оның мөлшерi
1. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайдағы әлеуметтiк төлем өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш берген уақытта жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан, тағайындалады.
2. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2)тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн куәландыруды жүргiзу мен белгiлеу туралы мәлiметтер қоса тiркеледi.
3. Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн куәландыру, белгiлеу тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды. Құжаттарды ресiмдеу мерзiмi өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан аспауға тиіс.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқық туындаған күннен бастап, еңбек ету қабiлетiнен айрылды деп белгiленген барлық кезеңге тағайындалады.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген жағдайда әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айрылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган Орталыққа және оның құрылымдық бөлiмшелерiне әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
Қайта куәландырылушы еңбек етуге қабiлеттi деп танылған жағдайда, әлеуметтiк төлемдi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган оны еңбек етуге қабiлеттi деп шешiм шығарған күннен бастап әлеуметтiк төлем тоқтатылады. Бұл ретте уәкiлеттi орган Орталыққа және оның құрылымдық бөлiмшелерiне шығарылған шешiм туралы үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
5. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшіндегі табыстың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген ең төмен жалақының сексен процентiн шегергендегi орташа айлық мөлшерiн табысты алмастырудың, еңбек ету қабiлетiнен айрылу мен қатысу стажының тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициентi - 0,6 болады.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi: жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi сексеннен жүз процентке дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,7; жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi алпыстан сексен процентке дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,5; жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi отыздан алпыс процентке дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,3 болады.
Қатысу стажының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы үшiн: алты айдан кем болғанда - 0,1; алты айдан он екi айға дейiн - 0,7; он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн 0,85; отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн - 0,9; қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн - 0,95; алпыс және одан да көп айларға - 1,0 болады.
6. Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен кезде еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайында берiлетiн әлеуметтiк төлемдер тоқтатылады.
22-бап. Асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк
төлемнiң тағайындалуы және оның мөлшерi
1. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушысының мына отбасы мүшелерi асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындалуына және алуға құқылы:
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) он сегiз жасқа толмаған және, егер олар он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi. Бұл ретте аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерi мен немерелерiнiң еңбек етуге қабiлеттi ата-аналары болмаған немесе олар ата-аналарынан алимент алмаған жағдайда. Егер осы тармақшада аталған адамдар орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайда, әлеуметтiк төлем оқу орнын бiтiргенге дейiн берiледi;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының бiреуi немесе жұбайы, не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi, егер ол қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларын, аға-iнiлерiн, апа-сiңлiлерiн немесе немерелерiн күтiп-бағумен айналысатын болса.
2. Өздерi үшiн мiндеттi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген ата-ананың - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес айрылып қалған әрбiр ата-ана үшiн асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленедi.
3. Бала кезiнен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтiк төлемдер мүгедектiк белгiленген мерзiмге тағайындалады.
4. Асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
3) асыраушысының қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi немесе адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттық шешiмi;
4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшiрмесi (неке туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының тууы туралы, асырап алу туралы куәлiктер);
5) отбасы мүшелерiнiң оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы оқу орнынан алынған анықтама (оқу жылының басында жыл сайын жаңартылады);
6) қорғаншылық туралы құжат (қажет болған жағдайларда);
7) мүгедектiк тобын куәландыруды жүргiзу және белгiлеу туралы мәлiметтер (он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi бала кезiнен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда) қоса тiркеледi.
5. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.
6. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлем үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.
Әлеуметтiк төлемнiң үлесiн бөлу әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.
7. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi санының өзгергенi және тиiсiнше әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiмдi әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi. Бұл ретте әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейедi немесе азаяды.
8. Асыраушысынан айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшіндегі табыстың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген ең төмен жалақының сексен процентi шегерiлген орташа айлық мөлшерi табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу стажының тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Асыраушысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлем алу құқығы сақталатын кезең бойына ай сайын төленiп тұрады.
9. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушы қайтыс болғанға дейiн асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауындағы бiр адам болса - 0,4, асырауында екi адам болса - 0,5, асырауында үш адам болса - 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса - 0,8 болады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициентi мен қатысу стажының коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
23-бап. Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем
тағайындау және оның мөлшерi
1. Жұмысынан айрылған жағдайда берiлетiн әлеуметтiк төлем жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органға адам жұмыссыз ретiнде тiркеуге өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
2. Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) тұрғылықты жерi бойынша мәлiметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның анықтамасы қоса тiркеледi.
3. Жұмысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшіндегі табыстың орташа айлық мөлшерiн тиiсiнше табысты алмастыру коэффициенттерiне және қатысу стажының коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте кiрiстi алмастыру коэффициентi - 0,3 болады, ал қатысу стажының коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
4. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген жағдайда, оның жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдердi күнтiзбелiк есептеумен алғанда:
алты айдан он екi айға дейiн - кемiнде бiр ай үшiн;
он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - екi ай бойы;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн - үш ай бойы;
отыз алты айдан жоғары - төрт ай бойы алуға құқығы бap.
5. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдер алып тұрса, бiрақ жұмысқа орналасуына байланысты жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдер алу құқығынан айрылған жағдайда, кезектi әлеуметтiк төлемдер жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлем алған әрбiр айы үшiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мұндай қатысушысы үшiн он екi ай шегерудi негiзге ала отырып тағайындалады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 23-1-баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
23-1-бап. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемді тағайындау және оның мөлшері
1. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қордан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
2. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) еңбекке жарамсыздық парағы;
4) салық төлеушінің куәлігі;
5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі қоса беріледі.
3. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалады.
4. Жүктілігі және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айда алынған орташа айлық табысты 4,2 коэффициентіне, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 4,7 коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдердің жүктілігі және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін анықтаған кезде - 5,7 коэффициенті, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 6,2 коэффициенті қолданылады.
Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған кезде төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін анықтаған кезде 1,9 коэффициенті қолданылады.
Кірістің орташа айлық мөлшері, әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдар он екі айға жетпейтін мерзімге аударылған болса, табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын Қорға әлеуметтік аударымдар түскен айдың санына бөлу жолымен анықталады.
Егер әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен артық болса, онда табыс ретінде - қаралып отырған кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген табыс алынады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 23-2-баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
23-2-бап. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тағайындалуы және оның мөлшері
1. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қордан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
2. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем екі және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.
3. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;
4) салық төлеушінің куәлігі;
5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
6) отбасы құрамы туралы мәліметтер қоса беріледі.
4. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жасқа толған күнді қоса алғандағы мерзімге дейін тағайындалады.
Бір жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда әлеуметтік төлемдер қайтыс болған айға қоса төленеді.
5. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері, егер әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
Табысты ауыстыру коэффициенті - 0,4 болады.
Бұл орайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық процентінен аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 24- бап жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу және арттыру
Қордан төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау) және арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.