01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен ; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 84-бап өзгертілді
84-бап. Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату
1. Талап ету құқығын қоса алғанда, борышкердің мүлкін сатуды уәкілетті органмен келісілген және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргізу арқылы конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттық жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ мүлiктi сату жоспарына сәйкес сатылмай қалған мүлкi тиiстi кезектегi өз талаптарына толық көлемде қанағаттана алмаған кредиторларға, олардың келісімiмен ортақ үлестiк меншiкке сату жоспарында көрсетілген ең төменгі баға бойынша берiлуге тиiс.
11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 85-бап өзгертілді
85-бап. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн
қалған мүлiк
1. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған ақша конкурстық басқарушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе борышкердiң басқа құрылтай құжаттарына сәйкес борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне не оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) бередi.
2. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ сатылмай қалған сондай-ақ кредитор талаптарды қанағаттандырудың есебiне қабылдамаған заттай мүлкi, меншiк иесiне немесе борышкер, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда заңды ұйымның қатысушыларына (құрылтайшыларына) берiледi.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 86 - бап өзгертілді
86-бап. Банкротты қарыздан босату
1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталған соң банкрот атқаруға қойылған және заңды ұйымды банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелерi мен өзге талаптарды орындаудан босатылады.
2. Егер банкрот деп тану туралы өтініш берілген кезге дейінгі үш жыл ішінде өз мүлкінің бір бөлігін жасырса немесе жасыру мақсатында басқа тұлғаға берсе, бухгалтерлік кітаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажетті есептік ақпаратты жасырып қалса немесе бұрмаласа, банкрот қарыздардан босатылмайды.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 13.03.03 ж. № 395-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 87-бап өзгертілді
87-бап. Конкурстық басқарушының есебi
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін конкурстық басқарушы уәкілетті органмен келісілген өз қызметі туралы есепті, тарату балансы мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану туралы есепті қоса сотқа ұсынады.
Есепті нысаны мен оны келісу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2. Сот конкурстық басқарушының есебiн және тарату балансын бекiтедi және олар табыс етiлген кезден бастап он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
Конкурстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін сот бір апта мерзімде уәкілетті органға конкурстық басқарушының бірінші кезектегі кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары туралы мәліметі бар бекітілген есебінен үзінді көшірме жібереді.
Конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарымда конкурстық басқарушыға сыйақы төлеуге және борышкердiң сатылмай қалған мүлкiне байланысты реттелмеген мәселелер де шешiлуi тиіс. Сот ұйғарымның көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкілетті органға, статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ банкроттың талаптары қанағаттандырылмаған кредиторларына жiбередi.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 88-бап өзгертілді
88-бап. Борышкердi таратуды аяқтау
3. Бұл туралы заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне жазба енгiзiлген соң, борышкердiң таратылуы аяқталды, ал борышкер жұмыс iстеуiн тоқтатты деп есептеледi.
4. Борышкерді заңды тұлғалардың тіркелімінен алып тастау туралы бұйрықтарды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар сотқа және уәкілетті органға жібереді.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 89-бап өзгертілді
7-тарау. Банкроттықтың оңайлатылған рәсімдері
2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 89 - бап өзгертілді
89-бап. Таратылатын борышкердiң банкроттығы
1. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталған кезде заңды тұлғаның органы немесе тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. Тарату комиссиясы аталған мән-жайларды анықтаған кезде ол туралы заңды тұлға-борышкердiң басқарушы органына хабарлауға мiндеттi.
2. Сот іс қозғаған кезден бастап борышкер мүлкінің меншік иесіне және оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) осы Заңның 28-бабында көзделген салдарлар қолданылады.
90-бап. Соттың iстi қарауы
1. Таратылатын заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы iс қозғаған сот бiр айлық мерзiмде борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм шығарады.
2. Егер iстi қарау кезiнде борышкердегi бар мүлiк (активтер) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратыны анықталса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Соттың шешiмi борышкердi әдеттегi тәртiппен таратуды жалғастыруға негiз болып табылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 91-бап өзгертiлдi
91-бап. Борышкердi тарату тәртібі
Осы Заңның 65-88-баптарында көзделген тәртiппен борышкердi таратуды конкурстық басқарушысы жүзеге асырады.
ҚР 2001.07.11 ж. № 239-II Заңымен ; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 92-бап өзгертілді
92-бап. Борышкердiң банкроттық тәртiппен таратудан бас тартуының
салдары
1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртібімен таратылуға тиiстi болатын мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандырмау заңды тұлғаның тоқтатылуы туралы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазба енгiзуден бас тартуға негiз болып табылады.
2. Кредиторлар осы Заңға немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес борышкердiң өтелмеген мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса, борышкер мүлкiнiң иесiне, құрылтайшыларға (қатысушыларға), тарату комиссиясына (таратушыға) қанағаттандырылмай қалған талаптарын ұсынуға құқылы.
93-бап. Таратылатын борышкердiң кредиторының өтiнiшi бойынша
банкроттығы
1. Меншiк иесi, заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) тарапынан оны тарату шешiм қабылдануы кредитордың мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуiне кедергi болмайды.
2. Борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда осы таратудың ережелерi қолданылмайды, ал борышкердiң таратылуы осы Заңның 65-88-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 13.03.03 ж. № 395-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 94-бап өзгертiлдi
94-бап. Жоқ борышкердiң банкроттығы
1. Сот жоқ борышкерге қатысты банкроттық туралы істі кредитордың, прокурордың мәлімдемесі бойынша қозғауы мүмкін.
Осы Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген ережелер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды.
2. Iс қозғалған күннен бастап бес күн мерзiм iшiнде келмеген борышкердi сот банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.
3. Жоқ борышкерді таратуды, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган тағайындайтын конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енгiзiлген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген ережелер бойынша кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртібі туралы жарияланым шығарады, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
5. Жоқ борышкердің мүлкі болмаған жағдайда не егер оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткілікті болмаса, сот уәкілетті органның келісімімен және мәлімдеуші табыс еткен растаушы құжаттар негізінде жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізуді қозғамай банкрот деп тану туралы шешім шығарады.
Жоқ борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды мәлімдеуші он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
Жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінде мынадай нұсқаулар болуға тиіс:
1) борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату туралы;
2) уәкілетті органға жоқ борышкердің таратылуын ұйымдастыруды тапсыру туралы;
3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы туралы.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 95-бап өзгертiлдi
95-бап. Жоқ борышкердiң таратылуы
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 75-бабында көзделген кезек ретiмен жүзеге асырылады. Кредиторлар тарату балансы бекітілген кезге дейiн өз талаптарын конкурстық басқарушының қарауы нәтижелерi жөнiнде сотқа шағым жасауға құқылы.
2. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін конкурстық басқарушы тарату балансын және кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалануы туралы есепті қоса өзінің қызметі туралы есепті сотқа табыс етеді.
Конкурстық басқарушының есебі ол сотқа табыс етілгенге дейін уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
3. Борышкер конкурстық басқарушының есебін бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазба енгізілген кезден бастап таратылды деп есептеледі, бұл таратылған борышкердің кредиторлар алдындағы берешегін есептен шығару үшін негіз болып табылады.
4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан өкілдік етуге уәкілетті тұлғалар болмаған кезде конкурстық іс қозғалмай жүргізілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредитор талаптарының тізілімі мен қорытынды есептің жасалуын ұйымдастырады.
Жоқ борышкердің мүлкі болған жағдайда уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатуды ұйымдастырады. Мұндай мүлікті сатудан түскен ақша жоқ борышкерді таратуға байланысты шыққан шығыстарды жабуға жұмсалады. Егер алынған ақша жоқ борышкерді таратуға шыққан шығынның құнынан асып кетсе, ол осы Заңда белгіленген кезектілікке сәйкес тиісті кезектегі кредиторлар арасында бөлінеді.
8-тарау. 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-тарау. Қала салушы заңды тұлғалардың
банкротқа ұшырау ерекшеліктері
100-бап. Қала салушы борышкерлер - заңды тұлғалардың банкроттығы
1. Қала салушы ұйым болып табылатын борышкер - заңды тұлғаның осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша банкрот деп танылуы мүмкiн.
2. Заңды тұлғаларды қала салушы ұйымдарға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 101-бап өзгертiлдi
101-бап. Банкроттық туралы iстi қарау
1. Қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы істі қараған кезде әкімнің уәкілеттік берген өкілі арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік іске қатысушы тұлға деп танылады. Сот қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы іс қозғалғаннан кейін бұл туралы әкімнің өкіліне және уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне, сондай-ақ борышкердiң пiкiрiне өзге де тұлғалардың оны банкрот деп тану туралы өтiнiшiне борышкердiң қала салушы ұйымға жататындығын растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
3. Борышкер - қала салушы ұйымның банкроттық туралы iсiн қарауға дайындаған кезде судья қала салушы ұйымдар тiзбесiн көшiрме сұратып алады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 102-бап өзгертiлдi
102-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
103-бап. Кредиторлардың талаптарын өтеу
1. Қазақстан Республикасы, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс соттың тиiстi шешiмi шыққанға дейiнгi кез-келген уақытта борышкер - қала салушы ұйымның барлық кепiлдiк және конкурстық кредиторлардың алдындағы талаптарын бiр мезгiлде өтеудi жүзеге асыруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiп бойынша кредиторлардың талаптарын өтеген ретте банкроттық туралы iс қысқартылуға тиiс.
3. Борышкердiң қала салушы ұйымның кредиторлар алдындағы талаптарын Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өтеуi борышкердiң мүлкiн алып қоюмен немесе олардың өзгеше жолмен сатып алуымен жүргiзiлмеуге тиiс.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 9-1 тараумен толықтырылды
9-1-тарау. Ауыл шаруашылық ұйымдары банкроттығының
ерекшеліктері
103-1-бап. Ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттығы
1. Ауыл шаруашылық ұйымы болып табылатын борышкер осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып банкрот деп танылуы мүмкін.
2. Ауыл шаруашылық ұйымдарының дәрменсіздігі анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзімі оның алдындағы жылдан ерте басталмаған міндеттемелер ескеріледі. Бұл ретте, осы мерзімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не міндеттемелердің уақтылы орындалмауының себептері болып табылған ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды.
103-2-бап. Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің
пікіріне қосымша тіркелетін құжаттар
Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне осы Заңмен көзделген құжаттардан басқа мыналар қосымша тіркеледі:
1) жердің кадастрлық сипаттамасы;
2) банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туралы деректер.
Борышкер кредитордың, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органның немесе прокурордың мәлімдемесіне берген пікірінде өзінің дәрменсіздігін таныған жағдайда қосымша құжаттарды табыс ету міндетті болмайды.
Борышкерді банкрот деп таныған немесе оған оңалту рәсімдерін қолданған жағдайда қосымша құжаттар алуға байланысты шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
103-3-бап. Оңалту рәсімінің мерзімін ұзарту
Егер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың не ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан оңалту рәсімінің мақсатына жету мүмкін болмаған ретте, сот уәкілетті органның қорытындысы бар болған жағдайда оңалтуды басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен оңалту рәсімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
103-4-бап. Конкурстық іс жүргізу
1. Конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен уәкілетті орган осы Заңның 65-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген конкурстық іс жүргізу мерзімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
2. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің конкурстық массасының құнын ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, оларға мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жерді қорғау жөніндегі іс-шаралар;
2) егіс және егін жинау жұмыстары, жануарларды, құстарды, бал арасын ұдайы молайту және өсіру, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдерін ұқсату;
3) борышкер мүлкін сату үшін қалыпты жағдайда ұстауға байланысты шаралар.
Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөніндегі шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
103-5-бап. Конкурстық массаны қалыптастыру және сату
1. Конкурстық басқарушы борышкердің жер пайдалану құқығының тиісінше ресімделуін қамтамасыз етуге міндетті, бұл ретте шыққан шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
2. Борышкердің мүлкін сату осы Заңның 84-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, борышкердің мүлкін сату жоспарына, қызметтің негізгі түрін міндетті сақтай отырып, конкурстық массаны бірыңғай лотпен аукцион нысанындағы конкурстық сауда-саттыққа бастапқы қою жөніндегі қосымша шарт енгізіледі.
3. Егер аукцион болмай қалған не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты алмаған жағдайда, оны одан әрі сату уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің келісімімен бөлектенген лот бойынша жүзеге асырылады.
4. Конкурстық массаны бөлектенген лот бойынша сатып алушы болмаса, кредиторлар өз талаптарын банкрот мүлкі есебінен, өз талаптарының сомасына барабар осы Заңның 75-бабында белгіленген конкурстық массаны бөлу кезектілігіне сәйкес заттай қанағаттандыруға құқылы.
5. Конкурстық массаны сату жөніндегі аукцион өткізудің уақыты мен орнын кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық басқарушы анықтайды.
6. Борышкердің - ауылшаруашылық ұйымының конкурстық массасын сату жөніндегі аукционды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
ҚР 01.7.98 ж. № 256-1 Заңымен 10-тарау алып тасталды
11-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 01.7.98 ж. № 256-1 Заңымен 106-бап өзгертілді
106-бап. 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 107-баппен толықтырылды ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 107-бап өзгертiлдi
107-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік
Осы заңды бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының