3. Халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
3) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің ережелерін осы Заңның 21 және 22-баптарына сәйкес тиісті қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
6) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
8) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
9) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 26-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 26- бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
26-бап. Аудан әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
1. Аудан әкiмдiктерiнiң қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістерi туралы халыққа хабарлап отыру;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) заңдарда белгiленген тәртiппен қабылдау және тiркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10) тармақша өзгерді
10) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру ;
11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
12) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
13) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
14) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
15) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 27-бап жана редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті
атқарушы органдар
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелері болып табылады және:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана):
тиісті деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметін қоса алғанда, сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі);
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар):
базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметін қоса алғанда, сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі) органдарына бөлінеді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті осы Заңның 24, 25 және 26-баптарына сәйкес белгіленеді.
5-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
28-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттардың мемлекеттік жүйесi
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттік реттеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдардың, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтiк құжаттар жүйесiнiң қолданылуымен қамтамасыз етiледi.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтiк құжаттар) Қазақстан Республикасы заңдарының құрамдас бөлiгi болып табылады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтiк құжаттар жүйесi:
1) мемлекеттік қала құрылысы нормативтерi мен регламенттерiн;
2) мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерiн, құрылыс нормаларын, жобалау және құрылыс жөніндегі ережелер жинағын, технологиялық жобалау нормаларын;
3) құрылыстағы мемлекеттік стандарттарды және техникалық талаптарды;
4) құрылыста басшылыққа алынатын республикалық құжаттарды;
5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау нормативтерiн;
6) құрылыстағы өзге де мемлекеттік қадағалау органдарының нормативтерiн қамтиды.
3. Халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгiзiлген мемлекеттік нормативтiк құжаттар жүйесi, сондай-ақ:
1) мемлекетаралық құрылыс нормалары мен ережелерін;
2) құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды;
3) жобалау және құрылыс жөніндегі мемлекетаралық ережелер жинағын қамтиды.
4. Мыналар мемлекеттік нормалау объектiлерi болып табылады:
1) қоныстандыру жүйелерi, елдi мекендер мен олардың бөлiктерi;
2) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың, сондай-ақ жекелеген үй-жайлардың сәулеттiк, технологиялық, инженерлiк және құрылыстық бөлiгi;
3) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың инженерлiк және (немесе) технологиялық жабдықтары;
4) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары;
5) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау-сметалық, құжаттамасы.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердi сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерiнiң, сондай-ақ жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң оларды пайдалану және күтiп ұстау бөлігiнде меншiк иелерi мен пайдаланушыларының (жалдаушылардың, жалға алушылардың) сақтауы мiндеттi болып табылады.
6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi мәселелерi жөнiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік басқару және бақылау органдарының заңдарда белгiленген тәртiппен шешiмдер шығаруына негiз болып табылады.
7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттарды бекiткен мемлекеттік басқару органдары нормативтiк талаптардың техникалық, экономикалық және әлеуметтiк жағынан негiздiлiгi мен олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауапты болады.
8. Мемлекеттік нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекіту, тiркеу және қолданысқа енгізу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) тәртібін аталған мәселелер құзыретiне кiретiн басқа орталық атқарушы органдармен келісім бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтiк құжаттардың түрлерi
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер:
1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау, геодезиялық жұмыс, жобалау мен құрылыс салуға арналған инженерлiк iздену, құрылыс жүргiзудi ұйымдастыру, пайдалануға қабылдау, құрылыстағы қауiпсiздiк техникасы нормативтерiн қамтитын ұйымдастыру-әдiстемелiк нормативтiк құжаттарға;
2) ғимараттар берiктiгiнiң, өрт және жарылыс қауiпсiздiгiнiң негiзгi ережелерiн, табиғи, антропогендiк және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғауды, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының технологиялық рұқсат шегiн және өзара ауыстыруға біркелкілігі мен сәйкестігін қамтитын жалпы нормативтік-техникалық құжаттарға;
3) елдi мекендердiң аумағын және азаматтардың бағбандық бiрлестiктер аумақтарын ұйымдастыру, жоспарлау, құрылыс салу және абаттандыру, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық кәсiпорындарының бас жоспарларын әзiрлеу жөніндегі талаптарды, ережелер мен шектеулерді қамтитын қала құрылысы нормативтерiне;
4) тұрғын үй-азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды, көлiктiк, гидротехникалық, мелиорациялық құрылыстарды, сондай-ақ магистральдық және кәсiпшiлiк труба құбырлары мен коммуникацияларды қоса алғанда, жобалау және салу жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттарға;
5) елдi мекендердi немесе олардың бөліктерiн, жеке үйлердi, ғимараттарды және олардың кешендерiн инженерлiк жағынан қамтамасыз етуге арналған нормативтiк құжаттарға;
6) құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;
7) құрылыс және құрылыс-монтаж ұйымдарын жарақтандыруға, уақытша және оңтайлы құрылыстар салу мен оларды жабдықтауға арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;
8) баға белгiлеу және смета жөніндегі нормативтiк құжаттарға;
9) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөніндегі нормативтiк құжаттарға;
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, мемлекеттік экологиялық сараптама, өнеркәсiп және кен қадағалау жұмыстарын жүргiзу қауiпсiздiгi жөніндегі мемлекеттік қызмет) саласындағы мемлекеттік қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына;
11) құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы нормативтiк құжаттарға бөлінедi.
30-бап. Құрылыс салу ережелерi
1. Елдi мекендердiң аумақтарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жергiлiктi жерде реттейтiн аумақтық (облыстық, аудандық, қалалық) құрылыс салу ережелерi қолданылады.
2. Құрылыс салу ережелерi аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары және елдi мекендердiң бас жоспарлары негiзiнде әзiрленедi.
3. Құрылыс салу ережелерi сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалану, елдi мекендер аумағы мен қала маңындағы аймақтарды жобалау мен оларға құрылыс салу жағдайлары мен талаптарын анықтайды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктiң жаңа объектiлерiн орналастыруға және салуға немесе қолда барын өзгертуге (қайта бейiндеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, реконструкциялауға, кеңейтуге, күрделi жөндеуге) рұқсат етiлетiн рәсiмдердi өткізу тәртібін белгiлейдi.
Ерекше қала құрылысын реттейтiн аумақтарда жылжымайтын мүлiк объектiлерiн орналастырудың, салудың немесе өзгертудiң қосымша талаптары белгiленуi мүмкiн.
4. Құрылыс салудың аумақтық ережелерiн әзiрлеу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
5. Аумақтарда құрылыс салу ережелерiн бекіту және оларды қолданысқа енгізу немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Аумақтық құрылыс салу ережелерi экологиялық сараптамадан өткізiлуге тиiс.
6. Жобаларды келiсу және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) құрылыс салу ережелерi немесе оларға енгiзiлген өзгерістер қолданысқа енгенге дейiн заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат бұрын берiлген рұқсат құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде қолданылады.
Бұл ереже жаңа талаптарды енгізуге байланысты осының алдындағы ережелердiң қолданылуы адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрудi жоймайтын жағдайларда қолданылмайды.
7. Құрылыс салу ережелерiне осы ережелердiң қолданылуы салдарынан заңды мүдделерi бұзылған жеке және заңды тұлғалар сот тәртібімен шағымдануы мүмкiн.
6-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы
31-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын ұйымдастыру
1. Сәулет-құрылыс бақылауын:
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган республикалық маңызы бар объектілер құрылысына инспекция жүргізу жолымен;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) жергілікті маңызы бар объектілер құрылысына инспекция жүргізу жолымен атқарылатын бақылау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар;
3) құрылысты техникалық қадағалауды және объектiнi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру жолымен тапсырысшы;
4) құрылысқа авторлық қадағалау енгізу жолымен жобалық құжаттаманы әзiрлеушiлер;
5) жұмысшылар, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
2. Сәулет-құрылыс бақылауымен қоса:
1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау бөлігiнде - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган;
2) өнеркәсiп және кен қадағалау жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу, объектiлердiң пайдаланылуы мен нормативтiк күтiп ұсталуына бақылау жүргiзу бөлігiнде - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) аумақтар мен объектiлердiң санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйіне бақылау жүргізу бөлігінде - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы уәкілетті орган;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) объектiлердi немесе олардың бөліктерiн салу және (немесе) пайдалану салдарынан аумақтың экологиялық жай-күйіне олардың әсер етуіне бақылау жүргізу бөлігінде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
5) мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткізудi қамтамасыз ету бөлiгiнде - халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органы қадағалау қызметiн жүргiзедi.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталған мемлекеттік органдардың заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген ұйғарымдары, нұсқаулары мен өзге де шешiмдерi Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
4. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi мен сәулет-құрылыс бақылауы органдарының (қызметтерiнiң, лауазымды адамдарының) арасындағы өзара талаптар мен даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы
1. Белгіленген тексеру мерзімі туралы хабарлама тапсырысшыға (меншік иесіне), авторлық қадағалау тобына және осы құрылыс объектісі бойынша мердігерге (бас мердігерге) тексеру басталғанға дейін бес күннен кешіктірілмей жіберіледі.
2. Тапсырысшы (меншік иесі) және мердігер (бас мердігер) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы немесе мемлекеттік құрылыс инспекторы сұратқан осы объект жөніндегі жобалау және атқару техникалық құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалар бойынша сараптама қорытындысын ұсынады.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы (мемлекеттік құрылыс инспекторы) объектілерді тексеру барысында:
1) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттың болуын;
2) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуын;
3) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдары, конструкциялары) мен жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық), оның ішінде тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін және ғимараттарды (құрылыстарды) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігін;
4) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын (кіру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және тағы басқа) ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
5) атқару құжаттамаларының уақтылы және дұрыс ресімделуін;
6) мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын объектілер құрылысы кезінде тапсырыс берушілердің (меншік иелерінің) техникалық қадағалауды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруын анықтайды.
4. Құрылыс сапасына жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысандағы анықталған ақаулар жазылған анықтама және объектілер ведомосы жасалып, олар жұмысы тексерілген мердігерге (бас мердігерге), сондай-ақ тапсырысшыға (меншік иесіне) беріледі.
5. Сәулет-құрылыс бақылауының мемлекеттік органдарының немесе мемлекеттік құрылыс инспекторларының нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы.
6. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру объектіні пайдалануға беруді, төтенше жағдайлардың туындауын, қылмыстық іс қозғалуын, шағын кәсіпкерлік субъектісінің өзі өтініш беруін, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған, анонимді өтініштерден басқа, расталған фактілерді қоспағанда, үш жылда бір реттен жиі болмайтындай етіп жүзеге асырылады.
32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1. Жеке және заңды тұлғалардың жобалау-iздену, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндiру жөніндегі жұмыстарды орындауға оларда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің аталған түрлерін жүзеге асыруға құқық беретiн лицензия болғанда ғана жол берiледi.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жобалау-iздену, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөніндегі жұмыстарды лицензиялауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, облыстың) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 2-1 тармақпен толықтырылды
2-1. Жергілікті атқарушы органдар берген лицензиялардың күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады.
3. 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4. Бас лицензияны иеленушiге қойылатын біліктілiк талаптарына лицензиаттардың сәйкестiгiн растайтын құжаттарды (материалдарды, ақпаратты) лицензиарға есеп беру нысанында:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру жөніндегi жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғалар - жыл сайын;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, жобалау-іздену және сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғалар - үш жылда кемiнде бiр рет;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)