Қазақстан Республикасының радиожиілiк спектрiн пайдаланудың кейбір
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 21 тамыздағы № 932 қаулысы
(2005.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 11 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1016 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қоса берiліп отырған:
1) Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесi;
1-1) Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесi;
2) радиожиiлік спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудің жылдық ставкалары;
3) теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым ставкалары;
4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиектi құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурсын (спектрiн) пайдалану үшін республикалық бюджетке ақы төлеу ережесін және ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 маусымдағы № 825 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 23, 235-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысымен
бекітілген
Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк
спектрiн пайдалануға рұқсат беру ережесi
1. Осы Ереже теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттар (рұқсаттар телнұсқаларын) беру тәртібін анықтайды.
2. Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдары радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне радиожиiлiктi белгiлеуге арналған өтiнiмдi екi данада ұсынады.
3. Радиожиiліктi белгiлеуге арналған өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiлуi тиiс:
1) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелуi туралы нотариалды куәландырылған куәлiктiң көшiрмесi;
2) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
ҚР Үкіметінің 2005.18.10. № 1044 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлген лицензияның көшiрмесi;
4) антенна бағытталуының нормаланған диаграммалары қоса берiлген белгiленген үлгідегi радиоэлектрондық құралға арналған сауалнама;
5) сұралатын жиiлiк белдеуiнiң негiздемесi келтiрiлетiн, жоспарланған радиоторабының (радиожелiсi) мақсаты мен сипаты, қолдануға жоспарланған радиоэлектрондық құралдардың ерекшелiктерi туралы мәлiметтер нақты жазылған түсiндiрме жазба, байланыс ұйымының схемасы;
6) теледидар (радио хабарларын тарату) станцияларын орнату орны көрсетiлген болжамды қызмет көрсету аумағының жергiлiктi жерi картасының көшiрмесi;
7) бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi;
ҚР Үкіметінің 2005.18.10. № 1044 қаулысымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамы беретiн радиоэлектронды құралдардың азаматтық мақсаттағы қолданыстағы және пайдалану үшiн жоспарланатын радиоэлектронды құралдармен электр магниттiк үйлесiмділігі сараптамасының қорытындысы.
ҚР Үкіметінің 2005.18.10. № 1044 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi радиожиiлiктi белгiлеуге арналған өтiнiмнiң және оған қоса берiлген құжаттардың жинақталуын әрi дұрыс ресiмделуiн тексередi.
Радиожиiлiктi белгілеуге арналған өтiнiмдi қарау мерзiмi оның тiркелген күнiнен бастап 10 күннен аспауы тиiс.
Өтінiм толық жинақталмаса немесе дұрыс ресiмделмесе, ол қажеттi толықтырулар және/немесе түзетулер енгізу үшiн теледидар немесе радио хабарларын тарату ұйымына қайтарылады.
Радиожиілiктi белгiлеуге арналған өтiнiм қайта берiлген жағдайда оны қарау мерзiмi жаңартылады.
Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген радиожиiлiктi белгiлеуге арналған өтiнiмнiң бiр данасы байланыс саласындағы уәкiлеттi органға жiберіледi, екiншi данасы байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнде қалады.
ҚР Үкіметінің 2005.18.10. № 1044 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Байланыс саласындағы уәкiлетті орган осы Ереженiң 4-тармағының бесiншi абзацында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейiн белгiленген тәртiппен жиiлiктер, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) белдеулерiн беру рәсiмiн жүргiзедi және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентiне сәйкес радиожиіліктердi халықаралық үйлестіру және радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресiмдеу жөніндегі іс-шараларды орындайды.
Өтiнiм жасалған радиожиілік (радиожиiлiк арнасы) бос болған жағдайда, сондай-ақ радиожиіліктердi келiсудi және халықаралық үйлестiрудi жүргізуде қажеттiлiк болмаса, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгіленген үлгiдегi өтінім түскен күннен бастап екі ай мерзiмнен кешіктірмей радиожиілік спектрін пайдалануға арналған тиiстi рұқсатты ресiмдейдi. Өзге жағдайда байланыс саласындағы уәкiлетті орган радиожиіліктерді радиожиiлiк органдарымен келiсу рәсiмiн және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентiне сәйкес радиожиіліктерді шекаралас мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) халықаралық үйлестірудi жүргiзедi, бұл ретте өтiнiмдi қарау мерзiмi тиiсiнше отыз күнге және төрт айға дейiн ұзартылуы мүмкін.
Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган радиожиіліктердi шекаралас мемлекеттермен халықаралық үйлестiрудi жүргiзу кезiнде өтiнiм иесiне өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы алдын ала жазбаша нысанда хабарлама бередi. Радиожиілiктердi келiсу және халықаралық үйлестiру нәтижелерi бойынша радиожиілік спектрін пайдалануға тиiстi рұқсат ресімделеді не жазбаша дәлелдi бас тарту берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.18.10. № 1044 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Радиожиілік спектрiн пайдалануға берiлген рұқсат міндетті түрде мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
1) жиілік, радиожиілік (радиожиілiк арнасы) белдеуi және қолданылу түрі;
2) техникалық құралдардың орналасқан жерi, оның iшiнде географиялық координаталарды көрсете отырып, антенна құрылғыларының орналасуы;
3) хабар беруші құралдың нақты қуаты.
7. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат теледидар немесе радио хабарларын тарату ұйымына беру үшiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне жiберiледi. Рұқсатты алғаннан кейiн аумақтық бөлiмше үш күн мерзiм iшiнде өтiнiш берушiге хабарлайды.
8. Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алымды бюджетке енгізгенiн растайтын құжатты ұсынғаннан кейiн беріледi.
9. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат жоғалған, бүлiнген немесе жойылған жағдайда, теледидар немесе радио хабарларын тарату ұйымдары байланыс саласындағы уәкілетті органға және оның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне телнұсқасын алуға жазбаша өтiнiш бередi.
"Телнұсқа" деген белгiсi бар радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттың телнұсқасын төлеушi теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттың телнұсқасын бергенi үшiн алынатын алым ставкасына сәйкес теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алымның бюджетке енгiзiлгенiн растайтын құжаттарды бергеннен кейiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiштi алған күннен бастап 15 күннiң iшiнде бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысымен
бекітілген
Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс
саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгілеу ережесi
1. Радиожиілiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн бiр жолғы төлем (бұдан әрi - бiр жолғы төлем) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс саласындағы уәкілеттi орган өткiзетiн конкурс (аукцион) қорытындылары бойынша анықталады.
2. Радиожиілiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиілiк спектрiнiң номиналдары) үшін бастапқы бағаны конкурс (аукцион) өткізу жөніндегі комиссия анықтайды, бiрақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн радиобайланыстың тиiстi түрiнiң радиожиілiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетін төлемнiң жылдық ставкасынан кем болмауы керек.
3. Конкурс өткiзiлетiн жағдайда бiр жолғы төлем бастапқы бағаны құрайды.
4. Аукцион өткiзiлген кезде бiр жолғы төлемнiң мөлшерi байланыс саласындағы уәкілеттi орган бөлген, радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарына қатысушы ұсынған неғұрлым жоғары баға негiзiнде анықталады.
5. Бiр жолғы төлемдi конкурс (аукцион) жеңiмпазы қорытынды шешiм шығарылғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушiнiң тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттік бюджетке төлейдi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысымен
бекітілген
Радиожиiлік спектрін пайдаланғаны үшін
ақы төлеудің жылдық ставкалары
Р/с N | Радиобайланыс түрi | Пайдалану аумағы | Ақы төлеудің жылдық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Пейджинг - дербес радиошақыру радиожүйелерi (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн болғанда және оны қоса алғанда енi 25 кГц жиiлiк белгiленгенi үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елді мекен | 139 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 90 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 48 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 5 |
2 | Пейджинг - дербес радиошақыру радиожүйелерi (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-ты қоса алғанда және одан астам болғанда енi 25 кГц жиiлiк белгiленгенi үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 278 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 180 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 96 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 10 |
3 | Пейджинг - сол аумаққа бекітілген, сол жиiлiктерде репитердi пайдалану кезiнде дербес радиошақыру радиожүйелерi (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн болғанда енi 25 кГц жиiлiк белгіленгенi үшін) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 69,5 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 45 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 24 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 2,5 |
4 | Транкинг байланысы (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн болғанда қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшін) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 94 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 61 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 33 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 4 |
5 | Транкинг байланысы (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-ты қоса алғанда және одан жоғары болғанда қабылдау ені 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 188 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 122 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 66 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 8 |
6 | Сол аумаққа бекітілген, сол жиiлiктерде репитердi пайдаланған кездегi транкинг байланысы (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн болғанда қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 47 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 30,5 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 16,5 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 2 |
7 | УҚТ-өрiстi радиобайланыс (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн және оны қоса алғанда қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 47 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 31 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 14 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 3 |
8 | УҚТ-өрiстi радиобайланыс (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-тан астам болғанда қабылдауға ені 25 кГц/беруге 25 кГц дуплексті арна үшін) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 94 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 62 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 28 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 6 |
9 | Сол аумаққа бекітілген, сол жиiлiктерде репитердi пайдалану кезінде УҚТ-өрісті радиобайланыс (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн болғанда қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшін) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 23,5 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 15,5 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 7 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 1,5 |
10 | УҚТ-өрiстi радиобайланыс (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн және оны қоса алғанда енi 25 кГц симплекстi арна үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 23,5 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 15,5 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 7 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 1,5 |
11 | УҚТ-өрiстi радиобайланыс (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-тан астам болғанда енi 25 кГц симплекстi арна үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 47 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 31 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 14 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 3 |
12 | ОТ-өрiстi радиостанциялар (27 МГц) (бip станцияда пайдаланылатын барлық жиіліктер үшiн) | | 1 |
13 | | облыс | 10 |
14 | облыс | 20 |
15 | Радиоұзартқыштар (таратқыштың шығу қуаты 25 кВт-қа дейiн болғанда қабылдауға ені 25 кГц/беруге 25 кГц дуплeкcтi арна үшiн): | | |
1) | Бiр арналы | облыс | 6 |
2) | Көп арналы | облыс | 0,6 |
16 | Радиоұзартқыштар (таратқыштың шығу қуаты 25 кВт-тан астам болғанда қабылдауға ені 25 кГц/беруге 25 кГц дуплексті арна үшiн): | | |
1) | Бiр арналы | облыс | 12 |
2) | Көп арналы | облыс | 1,2 |
17 | | облыс | 0,5 |
| | 0,2 |