Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қазандағы № 1016 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 860 Қаулысымен күші жойылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 23, 311-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесi;»;
көрсетiлген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегi кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесiмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 1 қазандағы № 1016 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 21 шілдедегі № 932 қаулысымен
бекітілген
Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс
саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгілеу ережесi
1. Радиожиілiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн бiр жолғы төлем (бұдан әрi - бiр жолғы төлем) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс саласындағы уәкілеттi орган өткiзетiн конкурс (аукцион) қорытындылары бойынша анықталады.
2. Радиожиілiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиілiк спектрiнiң номиналдары) үшін бастапқы бағаны конкурс (аукцион) өткізу жөніндегі комиссия анықтайды, бiрақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн радиобайланыстың тиiстi түрiнiң радиожиілiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетін төлемнiң жылдық ставкасынан кем болмауы керек.
3. Конкурс өткiзiлетiн жағдайда бiр жолғы төлем бастапқы бағаны құрайды.
4. Аукцион өткiзiлген кезде бiр жолғы төлемнiң мөлшерi байланыс саласындағы уәкілеттi орган бөлген, радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарына қатысушы ұсынған неғұрлым жоғары баға негiзiнде анықталады.
5. Бiр жолғы төлемдi конкурс (аукцион) жеңiмпазы қорытынды шешiм шығарылғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушiнiң тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттік бюджетке төлейдi.