Қазақстан Республикасының радиожиілiк спектрiн пайдаланудың кейбір
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 21 тамыздағы № 932 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1016 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 18 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1016 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қоса берiліп отырған:
1) Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесi;
1-1) Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесi;
2) радиожиiлік спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудің жылдық ставкалары;
3) теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым ставкалары;
4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиектi құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурсын (спектрiн) пайдалану үшін республикалық бюджетке ақы төлеу ережесін және ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 маусымдағы № 825 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 23, 235-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысымен
бекітілген
Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк
спектрiн пайдалануға рұқсат беру ережесi
1. Осы Ереже теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттар (рұқсаттар телнұсқаларын) беру тәртібін анықтайды.
2. Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдары радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне радиожиiлiктi белгiлеуге арналған өтiнiмдi екi данада ұсынады.
3. Радиожиiліктi белгiлеуге арналған өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiлуi тиiс:
1) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелуi туралы нотариалды куәландырылған куәлiктiң көшiрмесi;
2) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) теледидар және дыбыстық (радио хабарларын тарату) бағдарламаларды трансляциялау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензияның көшiрмесi;
4) антенна бағытталуының нормаланған диаграммалары қоса берiлген белгiленген үлгідегi радиоэлектрондық құралға арналған сауалнама;
5) сұралатын жиiлiк белдеуiнiң негiздемесi келтiрiлетiн, жоспарланған радиоторабының (радиожелiсi) мақсаты мен сипаты, қолдануға жоспарланған радиоэлектрондық құралдардың ерекшелiктерi туралы мәлiметтер нақты жазылған түсiндiрме жазба, байланыс ұйымының схемасы;
6) теледидар (радио хабарларын тарату) станцияларын орнату орны көрсетiлген болжамды қызмет көрсету аумағының жергiлiктi жерi картасының көшiрмесi;
7) бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi.
4. Байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi радиожиiлiктi белгiлеуге арналған өтiнiмнiң және оған қоса берiлген құжаттардың жинақталуын әрi дұрыс ресiмделуiн тексередi және техникалық қорытынды бередi.
Радиожиiлiктi белгілеуге арналған өтiнiмдi техникалық қорытындысын дайындаумен қоса қарау мерзiмi оның тiркелген күнiнен бастап 10 күннен аспауы тиiс.
Өтінiм толық жинақталмаса немесе дұрыс ресiмделмесе, ол қажеттi толықтырулар және/немесе түзетулер енгізу үшiн теледидар немесе радио хабарларын тарату ұйымына қайтарылады.
Радиожиілiктi белгiлеуге арналған өтiнiм қайта берiлген жағдайда оны қарау мерзiмi жаңартылады.
Радиожиiлiктi белгiлеуге арналған өтiнiмнiң бір данасы осы тармақтың бірiншi абзацында көрсетiлген техникалық қорытындымен бірге байланыс саласындағы уәкiлеттi органға жiберіледi, екiншi данасы байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнде қалады.
5. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Ереженiң 4-тармағының бесiншi абзацында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн белгiленген тәртiппен радиожиiлiктердi келiсу рәсiмiн жүргiзедi, сонан соң бір ай мерзiм iшiнде не радиожиілiк спектрiн пайдалануға тиiстi рұқсатты ресiмдейдi не жазбаша түрде дәлелдi бас тартады. Басқа да негiзгi пайдаланушылармен немесе шектес мемлекеттермен үйлестiру жүргiзiлген жағдайда радиожиiлiктi белгiлеуге арналған өтiнiмдi қарау мерзiмi бір айға дейiн ұзартылуға мүмкiн.
6. Рұқсаттарда мiндеттi түрде мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
1) жиiлiктердiң қолдану түрi және өрiсi;
2) хабар тарату құралының қуаты.
7. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат теледидар немесе радио хабарларын тарату ұйымына беру үшiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне жiберiледi. Рұқсатты алғаннан кейiн аумақтық бөлiмше үш күн мерзiм iшiнде өтiнiш берушiге хабарлайды.
8. Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алымды бюджетке енгізгенiн растайтын құжатты ұсынғаннан кейiн беріледi.
9. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат жоғалған, бүлiнген немесе жойылған жағдайда, теледидар немесе радио хабарларын тарату ұйымдары байланыс саласындағы уәкілетті органға және оның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне телнұсқасын алуға жазбаша өтiнiш бередi.
"Телнұсқа" деген белгiсi бар радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттың телнұсқасын төлеушi теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттың телнұсқасын бергенi үшiн алынатын алым ставкасына сәйкес теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алымның бюджетке енгiзiлгенiн растайтын құжаттарды бергеннен кейiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiштi алған күннен бастап 15 күннiң iшiнде бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысымен
бекітілген
Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс
саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгілеу ережесi
1. Радиожиілiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн бір жолғы төлем (бұдан әрi - бір жолғы төлем) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс саласындағы уәкілеттi орган өткiзетiн конкурс (аукцион) қорытындылары бойынша анықталады.
2. Радиожиілiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиілiк спектрiнiң номиналдары) үшін бастапқы бағаны конкурс (аукцион) өткізу жөніндегі комиссия анықтайды, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн радиобайланыстың тиiстi түрiнiң радиожиілiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетін төлемнiң жылдық ставкасынан кем болмауы керек.
3. Конкурс өткiзiлетiн жағдайда бір жолғы төлем бастапқы бағаны құрайды.
4. Аукцион өткiзiлген кезде бір жолғы төлемнiң мөлшерi байланыс саласындағы уәкілеттi орган бөлген, радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарына қатысушы ұсынған неғұрлым жоғары баға негiзiнде анықталады.
5. Бір жолғы төлемдi конкурс (аукцион) жеңiмпазы қорытынды шешiм шығарылғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушiнiң тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттік бюджетке төлейдi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысымен
бекітілген
Радиожиiлік спектрін пайдаланғаны үшін
ақы төлеудің жылдық ставкалары
Р/с N | Радиобайланыс түрi | Пайдалану аумағы | Ақы төлеудің жылдық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Пейджинг - дербес радиошақыру радиожүйелерi (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн болғанда және оны қоса алғанда енi 25 кГц жиiлiк белгiленгенi үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елді мекен | 139 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 90 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 48 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бірлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 5 |
2 | Пейджинг - дербес радиошақыру радиожүйелерi (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-ты қоса алғанда және одан астам болғанда енi 25 кГц жиiлiк белгiленгенi үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 278 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 180 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 96 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бірлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 10 |
3 | Пейджинг - сол аумаққа бекітілген, сол жиiлiктерде репитердi пайдалану кезiнде дербес радиошақыру радиожүйелерi (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн болғанда енi 25 кГц жиiлiк белгіленгенi үшін) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 69,5 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 45 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 24 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бірлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 2,5 |
4 | Транкинг байланысы (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн болғанда қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшін) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 94 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 61 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 33 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бірлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 4 |
5 | Транкинг байланысы (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-ты қоса алғанда және одан жоғары болғанда қабылдау ені 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 188 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 122 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 66 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бірлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 8 |
6 | Сол аумаққа бекітілген, сол жиiлiктерде репитердi пайдаланған кездегi транкинг байланысы (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн болғанда қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 47 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 30,5 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 16,5 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бірлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 2 |
7 | УҚТ-өрiстi радиобайланыс (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн және оны қоса алғанда қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 47 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 31 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 14 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бірлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 3 |
8 | УҚТ-өрiстi радиобайланыс (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-тан астам болғанда қабылдауға ені 25 кГц/беруге 25 кГц дуплексті арна үшін) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 94 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 62 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 28 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бірлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 6 |
9 | Сол аумаққа бекітілген, сол жиiлiктерде репитердi пайдалану кезінде УҚТ-өрісті радиобайланыс (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн болғанда қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшін) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 23,5 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 15,5 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 7 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бірлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 1,5 |
10 | УҚТ-өрiстi радиобайланыс (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн және оны қоса алғанда енi 25 кГц симплекстi арна үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 23,5 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 15,5 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 7 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бірлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 1,5 |
11 | УҚТ-өрiстi радиобайланыс (таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-тан астам болғанда енi 25 кГц симплекстi арна үшiн) | | |
1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 47 |
2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 31 |
3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 14 |
4) | | басқа әкiмшiлiк- аумақтық бірлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 3 |
12 | ОТ-өрiстi радиостанциялар (27 МГц) (бip станцияда пайдаланылатын барлық жиіліктер үшiн) | | 1 |
13 | | облыс | 10 |
14 | облыс | 20 |
15 | Радиоұзартқыштар (таратқыштың шығу қуаты 25 кВт-қа дейiн болғанда қабылдауға ені 25 кГц/беруге 25 кГц дуплeкcтi арна үшiн): | | |
1) | Бір арналы | облыс | 6 |
2) | Көп арналы | облыс | 0,6 |
16 | Радиоұзартқыштар (таратқыштың шығу қуаты 25 кВт-тан астам болғанда қабылдауға ені 25 кГц/беруге 25 кГц дуплексті арна үшiн): | | |
1) | Бір арналы | облыс | 12 |
2) | Көп арналы | облыс | 1,2 |
17 | | облыс | 0,5 |
| | 0,2 |