Қазақстан Республикасы Yкіметінің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша
кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 760 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 6 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 11 тамыздағы
№ 760 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің өрт қауіпсіздігi
мәселелері бойынша кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
«Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 327-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесінде:
5-тармақтың бірінші абзацында «және қадағалау» деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтың екінші абзацында «өрттен қадағалауды» деген сөздер «өртті бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың бірінші абзацында:
«жергілікті мемлекеттік өрт қадағалау органына» деген сөздер «мемлекеттік өртті бақылау органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды өтеудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 287-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды өтеудің тәртібінде:
мәтінде:
«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі өртке қарсы мемлекеттік қызметінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Өртке қарсы мемлекеттік қызмет», «Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің», «Өртке қарсы мемлекеттік қызметінің», «Өртке қарсы мемлекеттік қызметі», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет», «Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің» деген сөздер тиісінше «өртке қарсы қызмет органдары», «өртке қарсы қызмет органының», «өртке қарсы қызмет органы» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Өрт-техникалық өнімдерін шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 46, 466-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт-техникалық өнімдерін шығару ережесінде:
25-тармақта «қадағалауды» деген сөз «бақылауды» деген сөзбен ауыстырылсын.
4. «Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 302 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 162-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тізбесінде:
1-тармақта «және қадағалау» деген сөздер алынып тасталсын.