жергілікті малдың асыл тұқымды және өнімділік сапасын, оның ішінде шетелдік гендікқорды пайдалана отырып жақсарту бойынша мақсатты селекциялық-асыл тұқымды іс, сондай-ақ импорттық селекцияның тұқымын әкелу және бейімдеу;
жоғары класты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және өз төлінен өсіруді кеңейту үшін мал басын толықтыратын төлдерді өсіруді субсидиялау;
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сататын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) құнын арзандату;
арнайы технологиялық, лабораториялық жабдықтардың, сондай-ақ малдың асыл тұқымды ісін дамыту yшін сатып алынатын арнайы ауыл шаруашылығы техникасының және оргтехникасының құнын өтеу;
малдарды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, ауыл шаруашылығы малдарын сою алаңдарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен салу, ұстау және қайта жаңарту;
мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын сатып алу жөніндегі дайындау пункттерінің желісін құруды ынталандыру;
карантинді-экспорттық алаңмен сиыр және қой етін өндірудің семірту алаңдарын құру;
құрама жем өнеркәсіптерін дамытуды қолдау жолымен малдарды және құстарды сапалы және теңгерімді азықтандыруды қамтамасыз ету;
сүтті, сиыр, шошқа, құс еттерін және жұмыртқаны өндіру үшін құрама жемнің құнын арзандату есебінен мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
табиғи жайылымдарды пайдалану есебінен малды өсірудің төменгі шығынды технологиясын пайдалану;
ірі елді мекендердің маңайына сүтті (сүт белдеулерін) өндіретін аймақтар құру;
дүниежүзілік селекцияның өнімділігі жоғары тұқымын пайдалана отырып сүтті малдың бәсекеге қабілетті типін жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын 2006 жылдан бастап қаржыландыру.
19-кесте. Құрама жемді өндіру және тұтыну
Жылдар | Өндіру, мың тонна | Тұтыну, мың тонна |
2003 | 366,2 | 875,0 |
2004 | 370,4 | 940,0 |
2005 | 430,0 | 1020,0 |
2008 | 970,0 | 1360,0 |
20-кесте. 2008 жылға арналған құнарлы жемшөпті тұтыну есебі
Облыстар | Ірі қара мал, мың | Қой мен ешкі, мың | Жылқы, мың |
бас | шартты мал басы | бас | шартты мал басы | бас | шартты мал басы |
Ақмола | 446,5 | 357 | 306,0 | 31 | 99,5 | 99,5 |
Ақтөбе | 435,6 | 348 | 1075,0 | 108 | 76,0 | 76,0 |
Алматы | 683,7 | 547 | 2898,0 | 290 | 200,0 | 200,0 |
Атырау | 166,0 | 133 | 615,0 | 62 | 47,0 | 47,0 |
Шығыс Қазақстан | 805,0 | 644 | 1706,0 | 171 | 170,0 | 170,0 |
Жамбыл | 326,0 | 261 | 2238,0 | 224 | 81,2 | 81,2 |
Батыс Қазақстан | 474,4 | 380 | 788,9 | 79 | 55,0 | 55,0 |
Қарағанды | 432,9 | 346 | 1175,0 | 118 | 137,5 | 137,5 |
Қостанай | 521,8 | 417 | 300,0 | 30 | 72,0 | 72,0 |
Қызылорда | 231,0 | 185 | 788,9 | 79 | 55,0 | 55,0 |
Маңғыстау | 7,6 | 6 | 531,3 | 53 | 33,1 | 33,1 |
Павлодар | 385,5 | 308 | 360,0 | 36 | 64,2 | 64,2 |
Солтүстік Қазақстан | 379,5 | 304 | 209,3 | 21 | 85,9 | 85,9 |
Оңтүстік Қазақстан | 634,5 | 508 | 3108,6 | 311 | 133,6 | 133,6 |
Республика бойынша | 5930,0 | 4744 | 16100,0 | 1610 | 1310,0 | 1310,0 |
кестенің жалғасы
Түйе, мың | Шошқа, мың | Құс, мың | Шартты мал басының барлығы | 1 шартты мал басына орташа жылдық норма, тонна | Бір жылға қажет етіле- ді, мың тонна |
бас | шартты мал басы | бас | шарт- ты мал басы | бас | шарт- ты мал басы |
0,1 | 0,1 | 256,7 | 77 | 3450,0 | 52 | 616 | 0,87 | 536 |
22,9 | 22,9 | 104,2 | 31 | 960,0 | 14 | 601 | 0,52 | 312 |
7,0 | 7,0 | 151,0 | 45 | 7700,0 | 116 | 1205 | 0,67 | 807 |
30,4 | 30,4 | 1,9 | 1 | 36,6 | 1 | 273 | 0,29 | 79 |
0,5 | 0,5 | 128,3 | 38 | 3520,0 | 53 | 1076 | 0,58 | 624 |
4,4 | 4,4 | 54,3 | 16 | 1410,0 | 21 | 608 | 0,5 | 304 |
4,0 | 4,0 | 28,9 | 9 | 870,0 | 13 | 539 | 0,48 | 259 |
1,2 | 1,2 | 120,8 | 36 | 1800,0 | 27 | 666 | 0,58 | 386 |
0,2 | 0,2 | 290,0 | 87 | 4000,0 | 60 | 667 | 0,92 | 613 |
26,0 | 26,0 | 3,2 | 1 | 450,0 | 7 | 352 | 0,34 | 120 |
37,9 | 37,9 | 0,2 | 0 | 8,4 | 0 | 130 | 0,25 | 33 |
- | - | 111,7 | 34 | 1080,0 | 16 | 458 | 0,6 | 275 |
- | - | 233,1 | 70 | 2400,0 | 36 | 516 | 1,05 | 542 |
15,5 | 15,5 | 25,7 | 8 | 2315,0 | 35 | 1010 | 0,48 | 485 |
150,1 | 150,1 | 1510,0 | 453 | 30000,0 | 450 | 8717 | 0,62 | 5405 |
21-кесте. 2006 - 2008 жылдарға арналған қолдан
ұрықтандыру пункттерін ұйымдастырудың қажеттілігi
Облыстар | 2006 | 2007 | 2008 | Барлығы |
Ақмола | 29 | 20 | 19 | 68 |
Ақтөбе | 23 | 29 | 35 | 87 |
Алматы | 29 | 20 | 20 | 69 |
Атырау | 11 | 12 | 13 | 36 |
Шығыс Қазақстан | 60 | 38 | 39 | 137 |
Жамбыл | 14 | 19 | 24 | 57 |
Батыс Қазақстан | 34 | 44 | 53 | 131 |
Қарағанды | 7 | 12 | 15 | 34 |
Қостанай | 10 | 13 | 13 | 36 |
Қызылорда | 60 | 38 | 39 | 137 |
Маңғыстау* | 5 | 10 | 10 | 25 |
Павлодар | 19 | 21 | 25 | 65 |
Солтүстік Қазақстан | 55 | 58 | 61 | 174 |
Оңтүстік Қазақстан | 15 | 20 | 25 | 60 |
Республика | 371 | 354 | 391 | 1116 |
* қойларды ұрықтандыратын пункттерді ашу
Күтілетін нәтижелер:
мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемдерін ұлғайту;
мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу көлемдерін ұлғайту және қайта өңдейтін кәсіпорындардың қуаттылығының қамтылуын көтеру;
табынның өз төлінен өсуін жақсарту;
сиырлардың өнімділігі сүтті 2008 жылы 5,5 млн. тоннаға дейін өндірудің жалпы көлемі кезінде 2500 килограммға дейін артады;
2008 жылы ет пен ет өнімдерінің экспорты 10 мың тоннаға дейін, сүт - 100 мың тоннаға дейін өседі, импорттың көлемі 161 мың тоннаға дейін, құс еті - 79 мың тоннаға дейін, жұмыртқа - 100 млн. данаға дейін айтарлықтай қысқарады;
сатылатын малдың сапасын көтеру;
жалпы табында асыл тұқымды малдың үлесін арттыру;
отандық өндірілген мал шаруашылығы өнімінің ішкі рыногын толық қамтамасыз ету.
22-кесте. Мал шаруашылығы өнімін өндірудің ұсынылатын көлемі
Жылдар | Сүт | Ет |
барлығы | сиыр | шошқа | қой | жылқы | құс еті |
2006 | 4913 | 813,0 | 365,2 | 213,0 | 114,0 | 68,5 | 48,0 |
2007 | 5159 | 868,0 | 385,0 | 228,0 | 121,0 | 73,0 | 55,0 |
2008 | 5468 | 930,0 | 410,0 | 244,0 | 129,0 | 77,5 | 63,0 |
кестенің жалғасы
Жұмыртқа, дана | Қой жүні | Тері шикізаты, мың дана |
ірі | ұсақ |
2650,0 | 32,0 | 2370,0 | 6430,0 |
2860,0 | 34,5 | 2404,0 | 6650,0 |
3100,0 | 37,0 | 2425,0 | 6850,0 |
§ 2.2. Мал шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеудi
техникалық жарақтандыруды арттыру
Мәселелер:
өнімді өндіру мен қайта өңдеудің қарабайыр және ескірген технологиясы, сондай-ақ техниканың моральдық және табиғи тозуы;
кәсіпорындарда өндірісті елеулі жетілдіруге қаражаттың болмауы;
өнімді өндіру мен қайта өңдеу процестерін механикаландыру мен автоматтандыру деңгейінің төмендігі;
кредит беру кезінде және өтімді кепілдікті қамтамасыз етудің болмауынан пайыздық ставка жоғары болғандықтан екінші деңгейдегі банктердің кредиттік қаражатына қолдың жетпеуі;
қойларды механикаландырылған қырқу, дайындау және жемшөппен қамтамасыз ететін сервис орталықтарының болмауы.
Міндеттер:
мал шаруашылығы өнімін өндіру процестерін механикаландыруды өсіру негізінде еңбектің өнімділігін арттыру;
мал шаруашылығы өндірісіне сервистік қызмет көрсету жүйесін құру;
технологиялық процестер мен жабдықтарды жетілдіруді жеделдету;
мал шаруашылығының қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы машиналары мен механизмдеріне қажеттілігін қанағаттандыру.
Шаралар:
арнайы технологиялық жабдықтарды (сауатын және тоңазытатын жабдықтар, азықтандыруға және жемшөп беруге арналған жабдықтар), көліктік құралдарды, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын алғашқы қайта өңдейтін ықшам цехтарды сатып алуға осындай кооперативтерге жұмсақ кредиттерді беру жолымен ұсақ тауар өндірушілерді кооперативке біріктіруге ықпал ету;
мал шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеудің технологиялық процестерін жетілдіру;
мал тұқымын асылдандыру ісі үшін криогенді және технологиялық жабдықтардың өндірісін ұйымдастыру;
лизингке берілетін ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың номенклатурасын кеңейту;
мамандандырылған бордақылайтын алаңдарды, сондай-ақ жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған, сауыны жоғары табындары бар сүтті-тауарлы фермаларды ірі қалалардың маңайына құруды ынталандыру;
арнайы жабдықтардың қаржылық лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу;
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингісіне мемлекет бөлетін қаражатты ұлғайту.
Күтілетін нәтижелер:
мал шаруашылығы өнімін өндірудің технологиялық процестерін жетілдіру;
лизингке тұтасымен қол жеткізілуін арттыру;
өндіріс ресурстарын ұтымды пайдалану және еңбек өнімділігін өсіру;
агросервис саласында кәсіпкерлікті дамыту.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 5 қазандағы № 908 Қаулысымен 2.3 параграфы өзгертілді (бұр. ред. қара)
§ 2.3. Мал шаруашылығындағы
кластерлік басымдық негізінде сатылас және деңгейлес
ықпалдасқан өндірісті құру
Қостанай облысындағы сүт кластері, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кластерлік әлеуеттерді дамыту
Мәселелер:
ішкі рыноктың жеткіліксіз сыйымдылығы;
өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамды шикізатының жетіспеушілігі, оның сапасының төмендігі;
жеңілдетілген қаржыландырудың болмауы (мысалы, жабдықта қайта инвестицияланатын кәсіпорындар үшін);
мемлекеттік техникалық реттеудің жетілдірілмегендігі (декларацияланбаған импорт және басқалары);
заңнама базасының жетілдірілмегендігі;
экспорттаушы компаниялар үшін жеңілдіктің және импорт үшін тосқауылдың болмауы;
кластерге әлеуетті қатысушылардың өзара әрекетінің әлсіздігі және олардың кластерлік дамытудың артықшылығынан болатын пайда туралы ақпараттану деңгейінің төмендігі;
өндірістің ұсақ тауарлығы және осындай жағдайда ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асырудың қиындығы.
Міндеттер:
Қостанай облысында бәсекеге қабілетті экспортты бағдарлы сүт кластерін құру, басқа өңірлерде кластерлік бастамшылықты дамыту.
Шаралар:
мал шаруашылығы бойынша орташа және ірі субъектілерді құру және осы үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарының және бюджеттік субсидиялардың қаражаттарын кешенді пайдалану;
Қостанай облысының әр селолық округында жануардың түрлерін аудандастыру бағыты бойынша базалық шаруашылықты құру;
облыстық бюджет қаражатынан асыл тұқымды мал бастарын сатып алуды субсидиялау;
жұқпалы аурулы малдарды залалсыздандыру ережесін сақтамағаны үшін иелерден заңнама деңгейінде құқықтық жауапкершілікті талап ету;
машинамен сауу және оның бастапқы салқындатылған сүтті жинау пунктерін ұйымдастыру шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылайтын лабораториялық базаларды, олардың техникалық қайта жарақтандыруын дамыту;
қазіргі технологиямен құрама жем зауытын салуға инвестицияларды тарту;
жемшөп өндіру жөнінде өңірлік бағдарламаны әзірлеу;
жеке ауладағы мал басы үшін қолдан ұрықтандыратын қосымша пункттерді ашу.
Күтілетін нәтижелер:
табынның құрылымында жоғары өнімді асыл тұқымды мал бастарын және мал шаруашылығында қарқынды және өнеркәсіптік технологиялар бойынша жұмыс істеп жүрген шаруашылық үлестерін арттыру;
эпизоотиялық қолайлылық, өнімді өткізу рыногына кедергісіз шығу;
жеке секторда малдың төлдеуі мен өнімділігінің шығуын ең жоғары арттыру.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 5 қазандағы № 908 Қаулысымен 5 бөлім 2.3.1 параграфпен толықтырылды
Параграф 2.3-1. «Балық өсіру, балық өнеркәсібі
2.3-1.1. Балық өсіру
Мәселелер:
балық ресурстарын ұлғайтудың перспективалы бағыттарының бірі ретінде тауарлық балық өсіруді дамыту және балықты қолдан өсіру үшін жергілікті маңызы бар су тоғандарын пайдалану саласындағы заңнамадағы олқылықтар;
балық отырғызу материалының жоғары өзіндік құны;
республика аумағына балық отырғызу материалы (личинкаларын, балық шабақтарын және басқаларды) мен азықтық ағзаларын әкелу кезіндегі кедендік баждың жоғары ставкалары;
тауарлық балық өсіруді дамыту үшін жеткілікті қуаттылықтардың болмауы;
арнайы азықтардың, тыңайтқыштардың, емдік препараттардың, электр қуатының, су, жер ресурстарын пайдаланудың жоғары құны;
тауарлық балық өсіруді мемлекеттік қолдау шараларының болмауы;
тауарлық балық өндірудің төмен рентабельділігі;
тауарлық балықты өсірудің алғашқы кезеңдерінде айтарлықтай мол шығын болатындықтан, балық өнімінің жоғары өзіндік құны.
Міндеттер:
балық шаруашылығының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
тауарлы балық өсіруді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету.
Шаралар:
балық ресурстарын ұлғайтудың перспективалы бағыттарының бірі ретінде тауарлық балық өсіруді дамыту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
бекіре балық түрлерінің уылдырығын қайта өңдеу мен сатуға мемлекеттік монополия енгізу;
балық отырғызу материалдарын және жем сатып алу үшін көл-тауарлық, тоғанды және басқа да балық өсіру шаруашылықтарына 50 пайыздық субсидия беру;
балық жемін, балық өсіру жабдықтары мен мүкәммал шығаратын кәсіпорын құру;
техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және Қапшағай су қоймасының, Майбалық, Петропавл және Қамыстыбас балық көшеттіктерінің негізгі құралдарына күрделі жөндеу жүргізу.
Күтілетін нәтижелер:
нормативтік құқықтық базаны тауарлы балық өсіру мен балықты қолда өсірудің қазіргі заманғы технологияларының талаптарына сәйкес келтіру;
2009 жылға қарай индустриялық, көл-тауарлы, тоғанды, судағы торлы балық шарбағы және басқа да тауарлы балық өсіретін 50 шаруашылық құру;
жерсіндіру және балық жіберу схемасына сәйкес тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын қажеттілігін отырғызу материалымен қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау үшін молықтыру кешені кәсіпорындарының қуаттылығына күрделі жөндеу жүргізу;
тауарлы балық өсіру шаруашылықтарынан тауарлы балық аулау жылына 300 тоннаға дейін жеткізіледі.
2.3-1.2. Балық өнеркәсібі
Мәселелер:
өндіріс саласында маркетингтік зерттеулердің болмауы, балық өнімінің түрлері бойынша, облыстар бойынша балық пен балық өніміне әлеуетті сұраныс (қажеттілік), балық өнімінің қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттың жеткіліксіздігі;
ішкі және сыртқы рыноктағы маркетинг, қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті тауарлардың рынокқа қол жеткізуі және басқа да мәселелер зерттеуді талап етеді;
бағаны қалыптастыруға, балықты қайта өңдеу кәсіпорындарының рентабельділігіне, олардың түр-түріне және республикамыздың рыногына ұсынылған балық өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуші факторлар анықталмаған;
елімізде шығарылатын өнімнің негізгі түрлерінің көлемі мен түр-түрі аз, қазіргі заманғы сапа стандарттарына сәйкес емес;
аулау және қайта өңдеу, әсіресе терең қайта өңдеу жабдықтарының 100 пайызға жуық моральдық және табиғи тозуы, ескірген технологияларды қолдану;
жаңа мұздатылған, өңделмеген балықтың экспорт түріндегі балық өнімі экспортының тек шикізаттық бағытта болуы;
балық аулайтын теңіз флотының жоқтығы;
соңғы 5 жыл бойына шабақ, майшабақ, кефаль кәсіпшілігі жоқ;
балық аулау және қайта өңдеу секторы кәсіпорындарының экономикалық байланыстарының үзілуі;
жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын айқындау тетігінің жоқтығы.
Міндеттер:
балық өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жеке кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету.
Шаралар:
балық өнеркәсібін қолдау мақсатында оны дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру;
ересек итбалық пен ақүрпектің терісін, еті мен майын қолдану және ұтымды пайдалану мүмкіндігін зерделеу;
мемлекет беретін жеңілдіктер мен преференцияларды пайдаланбайтын балық ресурстарын пайдаланушылардың құқықтық және экономикалық сауаттылығын арттыру;
жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілеу тетігін айқындау;
балық өнімінің республикалық көрмесін өткізу;
Арал өңіріндегі балық өнімін сатып алуға, қайта өңдеуге және сатуға бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру мәселесін пысықтау;
салықтық және кедендік режимдерді қоса алғанда, су биологиялық ресурстарының және олардың өнімдерінің, әсіресе бекіре балығы түрлерінің қайта өңделуі мен айналымына бақылауды күшейту.
Күтілетін нәтижелер:
балық өсіру және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын құру;
әлемдік рыноктағы қазақстандық балық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту және балық өнімдеріне "Қазақстандық Брэндті" қалыптастыру.
2.3-1.3. Балық шаруашылығы саласындағы ғылыми әлеует пен білім беруді дамыту
Мәселелер:
жоғарғы білімі, техникалық және кәсіптік орта білімі бар білікті мамандардың жетіспеуі. Балық саласының дамуына қарай, балық шаруашылығына тартылған жоғары білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар (орта буындағы) мамандарға қажеттілік артады;
тауарлы балық өсіру саласындағы жаңадан әзірленген әдістемелердің жоқтығы;
мемлекеттік ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
Міндеттер:
саланың ғылыми әрі білім беру әлеуетін және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуін дамыту.
Шаралар:
жыл сайын бекіре балығының және басқа теңіз биоресурстарының жай-күйін бағалау бойынша Каспий маңындағы басқа мемлекеттермен бірлескен зерттеулер жүргізу;
балық шаруашылығы саласындағы мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту;
жоғарғы оқу орындарында балық шаруашылығы кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
республиканың балық шаруашылығы су тоғандарында ғылыми зерттеулер жүргізудің тиімділігін арттыру;
балық шаруашылығы бойынша оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиет және балық шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер жинағын шығару.
Күтілетін нәтижелер:
Қазақстанның тауарлы балық өсіру мен балық өнеркәсібі жөніндегі оқу құралдарын жасау;
жоғарғы оқу орындарында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
балық шаруашылығы саласының мамандықтары бойынша білім беру грантын көбейту және республиканың жоғарғы оқу орындарында балық шаруашылығы факультеттерін ашу.
2.3-1.4. Атырау облысындағы балық кластері
Мәселелер:
балық аулайтын флоттың, балықты қайта өңдейтін салалардың материалдық-техникалық базасының қанағаттанғысыз жай-күйі, балық өнімдерін қайта өңдейтін қазіргі заманғы технологиялардың жоқтығы;
қайта өңдейтін қуаттардың нашар дамуынан шағын балықтар сатып алу бағасының төмендігі;
балық шаруашылығы учаскелерін балық шаруашылығы кәсіпорындарына бекітудің қысқа мерзімді сипаты;
балық ресурстарын қорғау және өсімін молайту жөніндегі жұмыстардың төмен деңгейі;
майшабақтар, кефаль, шабақ балықтар және теңіз итбалықтары (теңіз балық аулау шаруашылығы) үшін аулаушы және қайта өңдеуші қуаттардың болмауы;
кластерге әлеуетті қатысушылардың өзара іс-қимылының әлсіздігі және олардың кластерлік дамудың пайдасы мен артықшылығы туралы ақпарат алу деңгейінің төмендігі;
консервілеу өндірісінің нашар дамуы;
жаңа мұздатылған балық өнімі экспортының, сондай-ақ тереңдетпей қайта өңделген өнімнің елеулі үлесі;
балық өнімін пайдаланудың төмен көрсеткіші, 14 кг тұтыну нормасымен салыстырғанда жан басына шаққандағы тұтыну - 3,8 кг;
білікті мамандармен қамтамасыз етудің жетіспеуі.
Міндеттер:
Атырау облысында бәсекеге қабілетті балық кластерін құру;
ішкі рыноктың қажеттілігін қанағаттандыру және өнімділігі жоғары тауарлы балық шаруашылығын дамыту негізінде балық өнімінің экспортын арттыру.
Шаралар:
балық ресурстарын, оның ішінде шабақ балықтарды және балықтардың басқа да шағын түрлерін аулауды ұлғайту;
консервіленген балық өнімін шығару саласында жоғары технологияларды енгізу;
тереңдете қайта өңдеу өндірісін ынталандыру;
жергілікті маңызы бар перспективалы су тоғандарында балық өнімін өндірудің баламалы, бәсекеге қабілетті әдістерін енгізу;
балық өнімінің маркетингін жақсарту және балықшылар мен балықты қайта өңдеушілердің өткізу рыногына қол жеткізуін жеңілдету;
республика су тоғандарында балықтың құнды түрлерінің кәсіпшілік санын қалыптастыру;
балық саласына инвестициялар тарту, сондай-ақ балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) пайдаланушыларға ұзақ мерзімді негізде бекітіп беру жолымен балық ресурстарын қорғау және молықтыру ахуалын жақсарту.
Күтілетін нәтижелер:
балықтарды, итбалықтарды одан әрі қайта өңдеу арқылы оларды аулауды және қайта өңдеуді ұлғайту, балық шаруашылығын дамытудың мүмкіндігін кеңейту;
тереңдете қайта өңделген өнімнің экспортын ұлғайту;
көлеңкелі айналымды қысқарту, бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайту;
балықты және балық өнімін жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткішін ұлғайту;
саланың кірістілігін және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру;
балық ресурстарын қорғау және өсімін молайту жай-күйін жақсарту.
§ 2.4. Мал шаруашылығы өнімінің азық-түлік рыноктарын
реттеу тетігi
Мәселелер:
мал шаруашылығы өніміне бағаны қалыптастырудың маусымдық сипаты;
сатып алу операциясын созуға әкеп соғатын сатып алу басқыншылықтарын реттеу саласындағы заңнаманың жетілмеуі;
мал шаруашылығы өнімін сатып алу жолымен бағаның маусымдық секіруіне ықпал ету үшін "Мал өнімдері корпорациясы" АҚ қаржылық қаражатының жетіспеушілігі;
көлікпен тасымалдауға жоғары тарифтер, арзан көлік коридорының болмауы;
ауыл шаруашылығы өнімі экспортының шикі сипаты;
бордақылау және малдарды экспортқа ұйымдастырылған түрде жөнелту бойынша инфрақұрылымның болмауы;
малдардың карантинді экспортты алаңдар арқылы міндетті өтуі жөнінде және оны экспорттау кезінде қажетті ветеринариялық диагностикалық және профилактикалық (карантиндік) іс-шараларды жүргізуде импорттаушы-елдердің талаптарды сақтамауы;
ауыл шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау және бастапқы қайта өңдеу жөніндегі пунктердің желілерінің болмауы, оның ассортимент, көлем және өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамдылық дәрежесі бойынша сапасы төмен және жетіспеушілігі.
Міндеттер:
мал шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу инфрақұрылымын дамыту;
интервенциялық тетіктер арқылы ауыл шаруашылығы рыногын реттеу тиімділігін арттыру.
Шаралар:
мал шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі операцияларды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңды реттеуден алып тастау;
мал шаруашылығы өнімі тізбесін және мемлекеттік сатып алу операцияларын жүргізу тетігін айқындау;
мал шаруашылығы өнімін экспортқа шығаруды кеңейту үшін "Мал өнімдері корпорациясы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту;
мал шаруашылығы өнімінің әлеуметтік мәні бар түрлері бойынша сатып алу операциялары және азық-түлік интервенцияларын мемлекеттік бюджет қаражаты арқылы жүргізу;
мал шаруашылығы өнімін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және сату жөніндегі инфрақұрылымды дамыту;
мал бордақылау және жетілдіру алаңдарын, сондай-ақ экспортты карантинді алаңдарды салу (2-сурет);
ТМД елдерінің және алыс шетелдердің рыноктарына тірі малды және етті экспорттаудың қазіргі заманғы жүйесін ұйымдастыру арқылы шығу;
кедендік-тарифтік реттеу шарасын әзірлеу және іске асыру, әсіресе құс шаруашылығы саласында;
ауыл шаруашылығы өнімі мен оның қайта өңдеу өнімдерін өткізу рыноктарын кеңейту бойынша Қазақстан Республикасының шетел мекемелерін активтендіру.
2-сурет. Экспортты карантинді алаңдар
Күтілетін нәтижелер:
ішкі бағаны тұрақтандыру және мал шаруашылығы өніміне инфляция деңгейін төмендету;
халық үшін мал шаруашылығы өнімінің қол жетімдігін қамтамасыз ету;
мал мен еттің экспорттық көлемдерін ұлғайту және олардың импорт көлемдерін төмендету;
қазіргі бордақылау алаңдарын ұйымдастыру жобасын іске асыру жыл сайын жалпы сомасы 7 млн. АҚШ доллары болатын 100 мыңнан астам қой басын, сомасы 1,2 млн. АҚШ доллары болатын 400 тонна қой етін экспорттауға мүмкіндік береді.
§ 2.5. Мал шаруашылығы өнімін өндірудің экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Мал шаруашылығында агробизнестің экологиялық қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін мынадай шаралар көзделеді:
мал шаруашылығы өнімін сатып алу пункттерін ұйымдастыру үшін экологиялық қолайлы жерлерде орналасқан оңтайлы орындарды анықтау;
«Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заңды әзірлеу және қабылдау, мұнда жайылымның құнарсыздануы бақыланатын елді мекендердің маңайында малдарды жайып бағудың шектеулі шаралары көзделуі керек;
сүттің және оның қайта өңдеу өнімдерінің, сапасы мен қауіпсіздік лабораторияларының материалдық-техникалық базасын құру;
жаңа технологиялар бойынша жүзеге асырылатын мал шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеуге мониторинг жүргізу;
экологиялық таза өнімдерді өндіруді қамтамасыз ететін мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеген кезде пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың жобаларын комиссиялық іріктеу;
мал шаруашылығы шикізатын дайындау бойынша пункттердің аумақтарын көркейту және санитариялық тазалау;
эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету және малдан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігіне ветеринариялық бақылау деңгейін көтеру.
§ 2.6. Мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы өнімдерін
өндіру мен қайта өңдеуді дамыту жөніндегі іс-шараларды
қаржылық қамтамасыз ету
23-кесте. Қаржылық қамтамасыз ету*
млн. теңге