ауыл халқын кәсіпкерліктің негізіне үйрету жүйесінің жоқтығы.
Міндеттер:
ауыл халқына қол жетімді кредит беру жүйесін қалыптастыру негізінде кәсіпкерлік белсенділікті дамыту.
Шаралар:
ауыл халқына шағын кредит беруді ұйымдастыруға мемлекеттік қаржы бөлу көлемін ұлғайту;
ауылда шағын кредит беру желісін дамыту;
экономикалық белсенді ауыл халқының қаржы-кредит ресурстарына қол жетімділігін жеңілдету;
ауыл халқын кәсіпкерліктің негізіне үйрету семинарларын өткізу.
Күтілетін нәтижелер:
шағын кредит берудің тұрақты және тиімді қызмет жүйесін қалыптастыру;
ауыл халқының кәсіпкерлік белсенділігін жақсарту есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу көлемін өсіру және ауылда экономикалық қызмет саласын кеңейту;
ауыл халқын кәсіпкерлік қызметке тарту жолымен ауылдағы кедейлік деңгейін төмендету және еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету.
Ауыл шаруашылығын сақтандыру
Мәселелер:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеке сақтандыру компанияларына сенбеуі;
ауыл шаруашылығы қатерін сақтандыру мәдениетінің төмендігі;
міндетті сақтандыру туралы заңнама талаптарын сақтандыру рыногына қатысушылардың сақтамауы;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сақтандыру компанияларынан алыстығы;
гидрометеостанциялардың (бекеттердің) жеткіліксіз желісі;
қолданыстағы заңнамадағы міндетті сақтандыру тетіктерінің жеке ережелерінің реттелмегендігі.
Міндеттер:
сақтандырудың түрлі схемаларын пайдалануға негізделген ауыл шаруашылығы өндірісін сақтандырудың тиімді жүйесін құру.
Шаралар:
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер енгізу;
метеостанциялардың (бекеттердің) санын ұлғайту;
«Өзара сақтандыру қоғамдары туралы» заң жобасын әзірлеу және ауылды жерде мемлекеттің қатысуымен өзара сақтандыру қоғамдарын құру.
Күтілетін нәтижелер:
инвестициялау кезінде қауіпті азайтудың кепілді факторы болып табылатын ауыл шаруашылығын сақтандырудың тиімді жүйесін құру;
халықтың сақтандыру рыногына сенімі;
мемлекеттің қатысуымен пилоттық өзара сақтандыру қоғамдарын құру.
§ 4.5. Ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету
Мәселелер:
агроөнеркәсіп субъектілері мен ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимыл тетіктерінің жетілдірілмегендігі;
агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін ақпараттық қамтамасыз ету, оқытатын және консультация беретін қызметтер көрсетудің жеткіліксіздігі;
аграрлық секторға ақпараттық-маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсететін компаниялардың қызметтері тар бағытты, ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз етілген және өңірлік желілері жоқ;
бірыңғай ақпараттық жүйенің, мәліметтер базасының жоқтығы, республиканың аса кең аумағы, "Қазагромаркетинг" АҚ өңірлік бөлімшелерінің шалғайлығы және ауылды жерлерде ақпараттық технологияның жеткіліксіз дамуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің "Қазагромаркетинг" АҚ дер кезінде ақпарат алуын қиындатады.
Міндеттер:
ақпараттық-маркетингтік қызметке қол жетімділікті кеңейту және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру жолымен агробизнестің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету.
Шаралар:
агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамытуды реттейтін нормативтік құқықтық акті қабылдау;
ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтар базасында агробизнес жүргізудің негіздері бойынша оқыту семинарларын тұрақты өткізуді қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау аясында өтеусіз берілетін "Қазагромаркетинг" АҚ ақпараттық-консультативтік орталықтарының желісі арқылы агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін ақпараттар мен қызмет тізбесін кеңейту;
агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінде "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бір автоматтандырылған жүйесін құру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің онлайн режиміндегі электрондық коммерция жүйесін құру;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін пилоттық жоба аясында ауылдық округтер деңгейіне дейін дамыту;
өңірлік көрме-жәрмеңкелер іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
Күтілетін нәтижелер:
аграрлық рынокқа қатысушылардың шынайы ақпарат алмасуын және тығыз өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру;
ауылдық жерлерде ақпараттық инфрақұрылымды жақсарту, жалпы алғанда ақпараттық және консалтингтік рыноктың ауылда дамуына қолайлы жағдай туғызатын, оның материалдық-техникалық базасын нығайту;
кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың дамуына, ТМД және басқа елдердегі әріптестермен іскерлік байланыс орнауына ықпал ету жүйесін ұйымдастыру.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 5 қазандағы № 908 Қаулысымен 4.6 параграф өзгертілді (бұр.ред. қара )
§ 4.6. АӨК саласын ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету
Мәселелер:
ғылыми-техникалық салада нормативтік құқықтық базаның жетілмегендігі;
ауыл шаруашылығы ғылымдарын (ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімінің 0,24 %), және кадр дайындауды республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігі;
шектеулі қаржы қаражаттарының негізсіз кеңейтілген ғылыми бағыттарға бөлінуі;
агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуын анықтаушы мамандықтар бойынша кадрлар дайындауды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және оқу орындарының материалдық-техникалық базаларының жеткіліксіздігі;
аграрлық бағыттағы ғылыми мекемелердің инновациялық қызметтерінің төмен деңгейі және ғылым жетістіктерін өндіріске енгізудің оперативтік және тиімді икемді тетіктерінің жоқтығы;
аграрлық секторда ғылыми-консультациялық қызметтер көрсетудің ақпарат-сервис жүйесінің жетілмегендігі;
агроөнеркәсіп кешені салалары бойынша ғылыми-техникалық қазіргі заманғы әдебиеттерге мемлекеттік органдардың қол жетімділігінің жеткіліксіздігі;
аграрлық сектор үшін кадрлардың болуына және қажеттігіне жүйелі мониторинг болмауынан еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс арасында біліктілік-кәсіптік теңсіздіктің болуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдары мен білім беру ұйымдарының арасында әлеуметтік әріптестікті салықтық ынталандыру тетіктерінің болмауы;
аграрлық сектор үшін мамандықтар бойынша кадрлар дайындаушы білім беру ұйымдарын бітірушілердің өндірістік-технологиялық тәжірибесінің жеткіліксіз болуы салдарынан олардың тәжірибелік дайындығының деңгейі төмен болуы;
мамандарды жұмысқа орналастыру деңгейінің төмендігі;
білім, ғылым және өндіріс арасындағы ықпалдастықтың нашарлығы.
ғылыми ұйымдардың бәсекелес сектор жұмыс істейтін өндірістік салаға негізсіз қатысуы, бұл ғылыми зерттеуге арналған бюджеттік қаражатты арнаулы емес өндірістік мақсаттарға аудару үшін жағдай тудырады» деген жетінші абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жүргізу үшін жұмыс жүргізу үшін шарттардың халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету жүйесінің жеткіліксіз дамуы;
аграрлық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарын білікті ғылыми кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, ғылыми кадрлардың қартаю үрдісі;
ғалымдардың жеткіліксіз әлеуметтік қорғалуы.
Міндеттер:
АӨК салаларының тұрақты дамуына аграрлық ғылым үлесін арттыру, ғылыми жетістіктерді экономикалық айналымға енгізуді жеделдету, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру, инновациялық еңбектерді ынталандыру;
ғылыми еңбектерді коммерциялаудың тиімді инфрақұрылымдары негізінде аграрлық ғылымның беделін көтеру.
Шаралар:
ғылым, санаткерлік меншікті қорғау, ғылыми-зерттеу жетістіктерін экономикалық айналымға енгізу, инновациялық қызметті, халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру және көздерін молайту, ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын анықтау және қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын бөлу жүйесін жетілдіру үшін ұйымдық және экономикалық шаралар қолдану; зерттеулерді аграрлық өнеркәсіп өндірісінің басым бағыттарында шоғырландыру;
аграрлық зерттеулерді дамыған елдердің деңгейіне жақындатып оларды қаржыландыруды кезең-кезеңмен жақсарту (2015 жылы бюджет қаражатын ауыл шаруашылығы ішкі жалпы өнімінің 2,5 % деңгейіне жеткізу); жеке меншік инвестицияларды, даму институттарының қаржысын, халықаралық ұйымдар гранттарын тарту;
ғылыми-зерттеу мекемелері мен білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын ары қарай жаңғырту;
ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу жүйесін және тетіктерін жасау;
агроөнеркәсіп кешені саласында ғылыми және инновациялық инфрақұрылымның (технопарктердің, ғылым-білім орталықтарының және т.б.) қазіргі заманғы элементтерін құру және қызметін қолдау;
аграрлық ғылымдар саласындағы ғалымдар мен мамандарды материалды және моральды қолдау;
Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан ғылыми-техникалық кітапхана ашу;
агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуын қамтамасыз ететін білікті жұмысшылар мен мамандардың еңбек рыногындағы қажеттілігіне тұрақты мониторинг;
агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуын қамтамасыз ететін мамандықтар бойынша оқу орындарын мемлекеттік бюджет есебінен бітіргендердің жұмысқа орналасуына тұрақты мониторинг;
агроөнеркәсіп кешенінің дамуын және еңбек рыногының қажеттіктерін ескеріп, мамандықтардың мемлекеттік классификаторларын жетілдіру;
республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік гранттар мен кредиттердің есебінен кадрлар даярлаудың қажетті көлемін енгізу;
студенттер оқыту бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерді ынталандырудың тетіктерін әзірлеп енгізу;
алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы құрылымдары базасындағы шарттарға сәйкес студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру;
кәсіптік білім берудегі мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын, агроөнеркәсіп кешені салаларының мамандықтары бойынша оқу бағдарламасын және жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемеліктерін және оларды ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келістіру тәртібін енгізу;
агроөнеркәсіптік кешен саласы үшін білікті жұмысшы кадрларын және техникалық мамандарын және қызмет көрсету жұмыстары үшін кәсіптік мектептер (лицейлер), колледждер желісін кеңейту;
оқу мекемелерін бітірушілерді, бірінші кезекте бюджет қаражаты есебінен оқығандарды мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру бойынша қажетті шаралар қолдану (тұрғын үй сатып алуға, жеке меншік қосалқы шаруашылық ашуға және т.б. жеңілдіктер беру);
аграрлық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының және ауылдық кәсіптік мектептердің (лицейлер) инженерлік-педагогтық кадрларының шет елдік жетекші ғылыми орталықтарда және оқу орындарында біліктілігін жетілдіру және тағылымдамадан өткізу;
жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу ұйымдары негізінде агроөнеркәсіптік кешен кадрларын қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру жүйесін жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде аграрлық ғылымның қалыптасуы;
білім, ғылым және өндіріс арасындағы тығыз ықпалдастық;
ғылыми зерттеулерге қаражатты тұтас пайдалану, бюджеттік қаржыландыруды оңтайландыру, жекеменшік инвестициялар тарту, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру арқылы ғылыми ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын нығайту;
ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын агроөнеркәсіп кешенінің басымдықтарына және әлемдік ғылымның даму тенденцияларына сәйкес қалыптастыру және іске асыру;
материалдық-техникалық базаның жаңарту кезінде ғылыми және білім беру процестерінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру;
аграрлық секторда ғылыми-консультациялық қызметтер көрсетудің тиімді ақпарат-сервис жүйесін құру;
ғылыми-зерттеу ұйымдары, оқу орындары мен әртүрлі меншік түрлеріндегі ауыл шаруашылығы құрылымдарының өзара тиімді ынтымақтастығының тетігін жасау;
агроөнеркәсіп кешені салаларын, аграрлық бағыттағы ғылыми ұйымдар мен оқу мекемелерін бәсекеге қабілетті, жоғары білікті, кәсіби міндеттерін дербес және творчестволық тұрғыдан шешетін кадрлармен қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіп кешені кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 5 қазандағы № 908 Қаулысымен 4.7 параграф өзгертілді (бұр.ред. қара )
§ 4.7. Қызмет көрсету инфрақұрылымдарын және өнімдердің
қауіпсіздігі мен сапасын бағалау жүйелерін дамыту
жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету
25-кесте. Қаржылық қамтамасыз ету*
млн. теңге
| Іс-шаралар | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжам" ММ мониторинг қызметін беруді көздей отырып, аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына мониторинг жүргізу | 554,5 | 775,4 | 720,4 |
2. | Аса қауіпті зиянды организмдермен күрес жүргізу | 2295,9 | 2595,1 | 2589,8 |
3. | Карантиндік зиянкестердің, өсімдік ауруларының, арамшөптердің таралу ошақтарын табу, оқшаулау және жою іс-шараларын жүргізу | 740,2 | 917,0 | 917,0 |
4. | Өсімдік карантині бойынша мемлекеттік инспекторлардың штаттық санын 200 бірлікке көбейту жөнінде ұсыныс енгізу және АШМ өсімдік карантині бойынша басқарма құру | - | 120,0 | 120,0 |
5. | Карантинге жатқызылатын өнімдерде карантиндік объектілердің барлығына зертханалық сараптама жүргізу, егу және отырғызу материалдарын- дағы жасырын жұқпалыларды табу | 39,7 | 76,1 | 95,7 |
6. | Тұқымдар мен гербицидтерді уландыруды арзандату | 665,0 | 665,0 | 665,0 |
7. | Ауыл шаруашылығы дақылдарының сыналатын сорттарының сапасын бағалау жөніндегі зертхананы жарақтандыру | - | | 520,0 |
8. | АШМ "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорықтық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" ММ Астана қаласына көшіру | - | 3,1 | - |
9. | Өсімдіктердің генетикалық түрлері өзгерген объектілерге қатыстылығын анықтау жөніндегі зертхана құру | - | 500,5 | 500,5 |
10. | Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдістемелік ұлттық орталық ұйымдастыру | 97,8 | 174,2 | 182,3 |
11. | Мал және құстардың ауруларын диагностикалау бойынша іс-шараларды орындау | 1506,5 | 2838,1 | 3309,2 |
12. | Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының аса қауіпті ауруларымен күрес жөніндегі эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру | 3218,0 | 8434,4 | 8273,7 |
13. | Малдар мен құстардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою | 172,5 | 190,1 | 193,3 |
14. | Республиканың ветеринарлық зертханасын ғимараттар мен құрылыстардың халықаралық стандарттарына сәйкестендіру | - | 450,4 | 8816,3 |
15. | Ауылдық тұтыну кооперативтеріне, шаруашылық серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдарға, ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өндіру, даярлау, сақтау, қайта өңдеу, өткізу, тасымалдау, сондай-ақ басқа да қызметтер көрсету жөніндегі өндірістік кооперативтерге жеңілдікпен кредит беру жолымен ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктіруді ынталандыру; | 3541,5 | 3500,0 | 3500,0 |
16. | Ауылдық кредиттік серіктестіктер желісін кеңейту және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту арқылы оларға кредит беру | 5400,0 | 9860 | 5638,0 |
17. | Ауылда ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті дамыту | - | 1700,0 | 2200,0 |
18. | Астық қолхаттары бойынша кепілдік беру көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлеріне осы схеманы қолдануды кеңейту | 800,0 | 1500,0 | 1500,0 |
19. | Ауыл халқына микрокредит беру жолымен ауылдық кәсіпкерлікті қолдау және ауыл халқының табыстылығын арттыру | 2000,0 | 5000,0 | 8000,0 |
20. | Өзара сақтандыру қоғамдарын құруды ынталандыру | - | 520,0 | 260,0 |
21. | Сақтандыру компанияларының қолайсыз табиғат жағдайы туған жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілген сақтандыру төлемдерінің 50%-ын өтеуi | 100,0 | 1000,0 | 1000,0 |
22. | "Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау" инвестициялық жобасының 2 кезеңін іске асыру | 975,5 | 2328,1 | 4047,6 |
23. | "Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру" инвестициялық жобасын іске асыру | 806,5 | 2490,5 | 3758,4 |
24. | Агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетинггік жүйесінде "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру (ауылдық елді мекендердің мониторингі, бірдейлендіру, электрондық сату | - | 377,7 | 602,5 |
25. | ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред. қара ) |
26. | Ауылда ақпараттық инфрақұрылым- дарды дамыту мақсатында "Қазагромаркетинг" АҚ материалдық-техникалық базасын нығайту | 756,3 | - | - |
27. | АӨК дамыту саласында берілетін маркетингтік және ақпараттық өтеусіз берілетін қызметтер тізбесін субсидиялау | 110,0 | 231,0 | 242,6 |
28. | Ғылыми терең негізді, ылғалқорсақтауды және экологиялық таза өндірістерді құруға бағытталған АӨК саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу | 2123,2 | 2360,5 | 5020,0 |
29. | ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред. қара ) |
30. | Шортанды-1 кентінде ұлттық агроиндустриалды технологиялық парк құру | - | - | 150,0 |
31. | Әлемдік генотиптерді сатып алу негізінде а/ш малдарының, құстары мен балықтарының жоғары бағалы генофондын дамыту | - | 50,0 | 220,0 |
32. | Өсімдіктер мен малдардың генетикалық ресурстарының Ұлттық қоймасын салу | 243,6 | 550,5 | 2824,6 |
33. | Аграрлық ғылымдар саласындағы ғалымдар мен мамандарды қолдау (А.И.Бараев атындағы сыйлық) | 0,6 | 0,63 | 0,6 |
34. | Ғылыми кадрлар мен аграрлық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын аграрлық ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша дайындау, тағылымнан өткізу және біліктігін көтеру | - | 247,2 | 346,2 |
35. | Машина мен құрал-жабдықтарды игеру бойынша (Ауыл шаруашылығын механикаландыру ҒӨО базасында) салааралық технологиялық парк құру | - | | 50,0 |
36. | Студенттер мен ҒЗҰ қызметкерлері үшін қазіргі заманғы оқу корпустарын, жатақханаларды және тұрғын үйлерді салу | 94,1 | 636,1 | 680,0 |
| Барлығы | 26241,4 | 50091,63 | 66943,7 |
*Іс-шараларды республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша ұсынылған қаражаттардың көлемдері және тиісті жылға республикалық бюджетті қалыптастырған кезде нақтылауға және түзетуге жатады
§ 5. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруi
жағдайында агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігi
§ 5.1. Бәсекеге қабілеттігін көтеру - АӨК тұрақты дамуының факторы
Мәселелер:
ауыл шаруашылығы өнімінің бағасына ықпал ететін қолданыстағы мемлекеттік қолдаудың деңгейі ДСҰ рұқсат берген ең аз ұйғарындыдан 2,3 есе төмен (ауыл шаруашылығының жалпы өнімінен 5 %);
отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігіне ықпал ететін АӨК мемлекеттік қолдау құрылымында өлшемнің үлесі төмен (дотация, субсидия) - 35 %, бұл уақытта ЕО ол 80 % жетеді;
ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік бюджеттен қолдау деңгейі жеткіліксіз 1 га егістікке - 14,4 АҚШ доллары, бұл Канадаға (83 АҚШ доллары) қарағанда 6 есе аз, АҚШ-на (412 АҚШ доллары) қарағанда 30 есе аз, ЕО (1112 АҚШ доллары) қарағанда 77 есе аз;
ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі төмен (дәнді дақылдар мен дәнді ірі бұршақтылардың түсімділігі Қазақстанда 2,5 есе төмен, сүт сауу бойынша Канадаға қарағанда 3,9 есе төмен, ұқсас табиғи-климаттық жағдай бола тұра);
ауыл шаруашылығын техника-технологиялық қамтамасыз ету дәрежесі жеткіліксіз, бұл оның тиімділігін төмендетеді, жабдықтарды, технологияларды, шикізатты сатып алу үшін қол жетімді қаражат жеткіліксіз;
ауыл шаруашылығы өнімінің ИСО және ХАСПП қауіпсіздік пен сапасының халықаралық стандартына сәйкес келмеуі;
ИСО және ХАСПП сапа стандарттарын енгізу үшін қажетті білімнің болмауы;
халықаралық СМЖ енгізудің нормативті-құқықтық және әдістемелік базасы нашар, сондай-ақ ИСО және ХАСПП стандарттар талаптарына сәйкес оны сертификаттау бойынша көрсетілетін қызмет құны жоғары;
сертификаттау жөніндегі отандық органдардың, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың және тамақ өнеркәсібінің материалдық-техникалық жарақтануы төмен, осы салалар халықаралық талаптарға сәйкес емес, халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау жұмыстардың жүргізу мүмкін емес;
қолданыстағы мемлекетаралық стандарттардың тамақ өніміне, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнінде ТМД Мемлекетаралық кеңесінің талаптарына, тамақ кәсіпорындарының және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін өнеркәсіптің қауіпсіздік нормалары мен сапа параметрларының халықаралық стандарттар бойынша жұмыста сәйкес еместігі;
Еуропа Одағының, ТМД елдерінің техникалық заңнамасына рұқсаттың болмауы;
қолданыстағы халықаралық стандарттармен және жаңа стандарттарды үйлестіруді әзірлеу бойынша қызметтер құнының жоғарлығы (әр стандартқа 300 мыңнан 1,0 млн. теңгеге дейін);
салық салу жүйесі жетілдірілмеген;
сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізу, стандарттарды әзірлеу жөнінде, ДСҰ аясында төрелік процестерді жүргізу жөнінде білікті мамандар жеткіліксіз;
кедендік-тарифтік реттеу жүйесі жетілдірілмеген: тауарлардың аграрлық азық-түлік тобы бойынша орташа өлшенген импорттық тариф 12,2 % жуықты құрайды, бұл дүниежүзіндегі ең төмені, Болгарияда - 35 %, Қытайда - 15 %, Латвияда - 34 % құрайды;
референт лабораторияның болмауы, шикізат пен өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылайтын лабораториялардың материалдық-техникалық базасы ескірген.
Міндеттер:
мемлекеттік қолдаудың деңгейін Дүниежүзілік сауда ұйымы ұсынған параметрлерге дейін барынша жеткізу;
АӨК отандық өнімінің бәсекеге қабілеттігін көтеруге мүмкіндік туғызатын халықаралық талаптарға сәйкес өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру;
ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарды жетілдіру қамтамасыз ету, және экономикалық әдістерді ынталандыру жолымен олардың өндірістік қуаттылығының жүктемесін арттыру.
Шаралар:
АӨК мемлекеттік қолдауды ұлғайтудың бар резервтерін қажетті тауар-материалдық ресурстарды арзандату бағдарламаларына бағыттау, агробизнестің ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту;
материалдық-техникалық жарақтандыруды көтеру мақсатымен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит берген кезде субсидиялаудың пайыздық ставкасын ұлғайту;
Қазақстанды азық-түліктің әлемдік мамандандырылған рыноктарына отандық өнімдерді маңызды жеткізуші ретінде жайғастыруға тікелей қолдау шарасын бағыттау;
ұлттық стандарттар мен әзірленген техникалық регламенттерді ИСО және ХАСПП талаптарына сәйкес сапаның халықаралық стандарттарымен АӨК өніміне үйлестіру, кәсіпорындардың сапа менеджменті мен стандарттардың халықаралық жүйесіне көшуіне жәрдемдесу;
тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының ИСО және ХАСПП базасында сапа менеджменті жүйесін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға шығарған шығындарын субсидиялау (26-кесте);
кәсіпорындарда қазіргі заманғы сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша әдістемелікті және басшылықты әзірлеу және іске асыру;
халықаралық нормаларға сәйкес және ХЛП және ХАССП принциптерін ескере отырып өнімдерді және мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу қауіпсіздігін бақылаудың технологиялық тізбегін енгізу;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан техникалық реттеу саласында сараптама кеңесін құру және ауыл шаруашылығы өніміне техникалық регламенттерді әзірлеу;
ТМД мемлекетаралық стандарттарын және халықаралық аналогтармен сынау әдістерін үйлестіру;
техникалық регламенттерді әзірлеуге және отандық стандарттарды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге үйлестіруге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту;
артықшылықты насихаттау және кәсіпорындардың ИСО сапасының халықаралық стандарттарына көшуін ынталандыру, заңнама актілеріне сәйкестікке келтіру;
ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнеркәсібін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін ҚҚС бойынша салық жүктемесін төмендету бөлігінде салық заңнамасын жетілдіру және кедендік-тарифтік реттеу жүйелері - тауарлардың аграрлық азық-түлік тобы бойынша тарифтік қорғау деңгейін көтеру;
ауыл шаруашылығы шикізаты мен оның терең қайта өңдеу өнімдері кәсіпорындар-экспортшылардың салалық бірлестіктерін (қауымдастықтарын) құруға жәрдемдесу;
«Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» Заңды әзірлеу және оның негізінде азық-түліктің жеке түрлеріне техникалық регламенттерді қабылдау.
26-кесте. Агроөнеркәсіптік кешен өнімін қайта өңдеу
кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйесін енгізу