Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және
Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік
режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ
жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын
операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысы
(2008.13.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 15 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8, 125, 142, 153, 165, 175, 182, 240-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар;
2) кеден қоймасының кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
3) бажсыз сауда дүкенiнiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
4) тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
5) тауарларды еркiн айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
6) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) тауарлар экспорты кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі (2-қосымша);
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) тауарлардың кері экспорты кедендiк режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi (3-қосымша);
7) еркiн қоймаларда тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған жекелеген тыйым салулар мен шектеулер;
8) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі жекелеген операцияларға арналған шектеулер бекiтілсін.
ҚР Үкіметінің 2005.11.07. № 717 қаулысымен 1-1 тармақпен толықтырылды
1-1. Кедендiк аумақта тауарларды қайта өңдеудiң, көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалданатын тауарлардың экспорты мен кейiннен темір жол көлігіне тиелетiн, су көлiгiмен тасымалданатын тауарлардың керi экспортын қоспағанда, тауарлардың керi экспортының кедендiк режимдерiне сәйкес қосымшаларға сай Қазақстан Республикасы өндiретiн ағаш материалдарын, кесiлген ағаш материалдарын және сүректен жасалған жекелеген бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 343 қаулысымен тыйым салулар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен
бекітілген
Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан
Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан
әкетуге тыйым салулар
1. Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған тауарлар
1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару-жарақ және оның оқ-дәрiлерi, жаппай қырып-жою қаруы, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтар.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмдерiне сәйкес әкелiнуi мүмкiн.
2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек-жарақтар.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарларды әкелу Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар.
ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 617 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Озонды бұзатын заттар
P/c N | Тауардың атауы | Тобы | Зат | ҚР СЭҚ ТН коды |
1. | Трихлорфторметан | CFCL3 | (ХФУ-11) | 2903410000 |
2. | Дихлордифторметан | CF2CL2 | (ХФУ-12) | 2903420000 |
3. | Трихлортрифторэтандар | C2F3CL3 | (ХФУ-113) | 2903430000 |
4. | Дихлортетрафторэтан | C2F4CL2 | (ХФУ-114) | 2903441000 |
5. | Хлорпентафторэтан | C2F5CL | (ХФУ-115) | 2903449000 |
6. | Бромхлордифторметан | СҒ2BrCL | (Галон 1211) | 2903461000 |
7. | Бромтрифторметан | CF3Br | (Галон 1301) | 2903462000 |
8. | Дибромтетрафторэтандар | C2F4Br2 | (Галон 2402) | 2903469000 |
9. | Хлортрифторметан | CF3CL | (ХФУ-13) | 2903451000 |
10. | Пентахлорфторэтан | C2FCL5 | (ХФУ-111) | 2903451500 |
11. | Тетрахлордифторэтан | C2F2CL4 | (ХФУ-112) | 2903452000 |
12. | Гептахлорфторпропан | C3FCL7 | (ХФУ-211) | 2903452500 |
13. | Гексахлордифторпропан | C3F2CL6 | (ХФУ-212) | 2903453000 |
14. | Пентахлортрифторпропан | C3F3CL5 | (ХФУ-213) | 2903453500 |
15. | Тетрахлортетрафторпропан | C3F4CL4 | (ХФУ-214) | 2903454000 |
16. | Трихлорпентафторпропан | C3F5CL3 | (ХФУ-215) | 2903454500 |
17. | Дихлоргексафторпропан | C3F6CL2 | (ХФУ-216) | 2903455000 |
18. | Хлоргептафторпропан | C3F7CL | (ХФУ-217) | 2903455500 |
19. | Төртхлорлы көмiрсутегi | CCL4 | (ТХК) | 2903140000 |
20. | Метил хлороформ (1,1,1-трихлорэтан) | C2H3CL3 | (МХФ) | 2903191000 |
21. | Бромметан (метилбромид) | CН3Br | | 2903303300 |
ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 617 қаулысымен 3-2 тармағымен толықтырылды
3-2. Тауарлар, егер оларда 3-1-тармақта санамаланған озонды
бұзатын затта болса,
P/c N | Тауардың атауы | ҚР СЭҚ ТН коды |
22. | Жеңiл және жүк автомобильдерiне арналған кондиционерлер (олардың автомобильдерде орнатылғанына немесе орнатылмағанына қарамастан) | 8415200000 |
23. | Тоңазытқыштар, мұздатқыштар мен өзге де тоңазытатын немесе мұздататын электрлi немесе басқа да үлгідегi жабдық; 8415 тауар позициясының ауаны баптауға арналған қондырғыларынан басқа, жылу сорғылары | 8418-ден |
24. | Мұздатқыш камералар | 841830, 841840, 841850, 841861, 841869-дан |
25. | Ауа құрғатқыштар | 8479891000, 8479899800 |
26. | Сумен салқындататын құрылғылар | 8419-дан |
27. | Мұзды генераторлар | 8418-ден |
28. | Кондиционерлер мен жылу сорғылары | 8415, 841861, 841869-дан |
29. | Озонды бұзатын заттары бар аэрозольдi өнiмдер (медициналық аэрозольдердi қоспағанда) | 3208, 3209, 321000, 321290, 330300, 3304300000, 3305, 3306, 3307 (3307410000-ден басқа), 3808, 380910, 381400, 3402, 3403, 3405-тен |
30. | Көшпелi өрт сөндiргiштер | 842410-нан |
31. | Оқшаулағыш қалқандар, панельдер және озонды бұзатын заттары бар көбiктендiрушi ретiнде саңылау құраушылар пайдаланылатын құбырлар жабындысы | 3925, 3926-дан |
32. | Фторполимерлер (озонды бұзатын заттары бар саңылау құраушылармен көбiктенген полистирольдар мен полиуретандар) | 390950, 3903110000 |
Ескерту:
Осы тармақта көрсетiлген тауарлар адамдардың қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдарын не олардың қайта өңделген өнiмдерiн Қазақстан Республикасының Кеден кодексiнде белгiленген тәртiппен кедендiк режимдер шарттарына сәйкес керi әкелу туралы міндеттемелерiн орындау үшiн әкелiнуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2006.28.12. № 1301 қаулысымен 3-3 тармағымен толықтырылды
3-3. Рулі оң жақтан баскарылатын автокөлік құралдары.
Ескертпе. Осы тармақ «тауарларды еркін айналыс үшін шығару» және «тауарлар мен көлік құралдарын уакытша әкелу» кедендік режимдерінде тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге қолданылады.
2. Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарлар
4. Әр тектi әскери үлгiдегi қару-жарақ, оның оқ-дәрiлерi және әскери жабдықтар, жаппай қырып-жою қаруы, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтар.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмдерiне сәйкес әкетiлуi мүмкiн.
5. Өнер туындылары, көне заттар және елеулi көркем, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылықты бiлдiретiн өзге де заттар.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген заттар тек Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен берiлетiн Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң ерекше рұқсатымен ғана әкетiлуi мүмкiн.
6. Қызыл кiтапқа енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң өкiлдерi және киiк мүйiзi.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне және Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға сәйкес әкетiлуi мүмкiн .
7. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған құралдар.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарларды әкету Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Күшi жойылған бағалы қағаздар.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 343 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен
Бекітілген
Кеден қоймасының кедендiк
режимiне орналастыруға тыйым салынған
тауарлардың тiзбесi
1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару, оның оқ-дәрiлерi, әскери жабдықтар мен жарылғыш заттар.
2. Қару-жарақ, әскери техника, оларды өндiруге арналған арнайы жиынтық бұйымдар.
3. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды материалдар.
4. Өнер туындылары, көне заттар және елеулi көркем, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылықты бiлдiретiн өзге де заттар.
5. Киiктердiң, маралдардың, теңбiл бұғылар мен үзбаралардың мүйiздерi, сондай-ақ теңбiл бұғының терiлерi.
6. Күшi жойылған бағалы қағаздар.
7. Қару-жарақ заттарын, оқ-дәрiлердi және ұшу аппараттарын дайындауға арналған станоктар мен машиналар.
8. Есiрткi және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек-жарақтар.
9. Күштi әсер ететiн улар.
10. Радиоактивтi материалдар.
11. Шифрлар және шифрланатын (криптографиялық) құралдар.
12. Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге және ақпараттардың жария етiлуiнiң техникалық арналарын анықтауға арналған арнайы техникалық құралдар.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 343 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен
Бекітілген
Бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне
орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi
1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару, оның оқ-дәрiлерi және әскери жабдықтар, есiрткi және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған керек-жарақтар.
2. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды материалдар.
3. Өндiрiстiк және әскери-техникалық мақсаттағы тауарлар.
4. Ауыр салмақты тауарлар (салмағы 20 кг-дан астам) және абажадай тауарлар (ұзындығы, енi және биіктігі бойынша өлшемдерiнiң жиынтығы 200 см-ден астам).
5. Спирттiң барлық түрлерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1142 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 343 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу кедендік
режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың
тiзбесi
P/c № | Тауардың атауы | ҚР СЭҚ TH бойынша тауардың коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Спирттiң барлық түрлерi | 2207, 2208 90 910 0, 2208 90 990 0 |
2 | Бөренелер, шөркелер түріндегі, оның iшiнде шөркелер, шөпшек байламдар түрiнде немесе осыған ұқсас түрлерде сексеуілден дайындалған отындық сүрек | 4401 10 000 0-нан* |
3 | Үгінділер және сексеуіл сүрегінiң қалдықтары | 4401 30-дана* |
4 | Өңделмеген, қабығы аршылған немесе аршылмаған немесе шелқабығы бар немесе долбар кесектелген немесе кесектелмеген ағаш материалдары | 4403 10 000 - 4403 20-дан*, 4403 91 - 4403 99-дан* |
5 | Бөшке жасайтын сүрек; жарылған бөрене; ағаштан жасалған ұшталған, бiрақ ұзынынан тілінбеген қадалар, қазықтар және бағаналар; долбар тегістелген, бiрақ қашалмаған, бүгілмеген немесе басқа тәсілмен өңделмеген таяқтар, қолшатырлар, құралдардың тұтқаларын немесе ұқсас бұйымдар жасау үшiн пайдаланылатын ағаш материалдары; аршылған және ұқсас сүрек | 4404 |
6 | Темір жол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар | 4406 |
7 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргіленбеген, тегiстелген немесе тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ қылқан жапырақты ағаш материалдары | 4407 10 |
8 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, тегістелген немесе тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ еменнен жасалған ағаш материалдары (Quercus spp.) | 4407 91-ден |
9 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ басқа ағаш материалдары | 4407 99 |
10 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi бөлiп алынғандарды қоса алғанда), жапсырылған фанер немесе басқа ұқсас қабатты сүректерге арналған табақтар және өн бойына араланған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм аспайтын жанама қосылыстары бар немесе жоқ қылқан жапырақты тұқымдас өзге де ағаш материалдары | 4408 10 |
11 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi бөлу арқылы алынғандарды қоса алғанда), жапсырылған фанер немесе басқа ұқсас қабатты сүректерге арналған табақтар және өн бойына араланған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргiленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм аспайтын жанама қосылыстары бар немесе жоқ өзге де ағаш материалдары, өзге де | 4408 90 |
12 | Жиектерiнiң, жандарының немесе жазықтарының кез келгенi бойынша кескiнделген погонаж түрiндегі (тарақтары, кертпелерi бар, шпунтталған, жиектерi тегiстелген, жартылай дөңгелек калевка түріндегі, фасонды, дөңгеленген немесе соған ұқсас), сүргiленген немесе сүргіленбеген, тегiстелген немесе тегiстелмеген, жанама қосылыстары бар немесе жоқ кесiлген материалдар (Жинақталмаған, еденнiң паркеттiк жабынына арналған жұқа тақтайшалар мен фриздердi қоса алғанда) | 4409 |
13 | Бетон құюға арналған қалып | 4418 40 000 0 |
14 | өзге ағаш ұсталық құрастырмалар: белдемдер, мәткелер, төбе жабындысының тiректерi | 4418 90 900 0-ден* |
* Тауар номенклатурасы тауардың ҚР СЭҚ TH кодымен де, атауымен де айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен
Бекітілген
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта
өңдеудiң кедендiк режимiне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тiзбесi
ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1142 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 343 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Р/с № | Тауардың атауы | Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды |
1 2 | Спирттің барлық түрлері Темекі шикізаты | 2207, 2208 90 910 0, 2208 90 990 0 2401 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта
өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 28.07.04 ж. № 797; 03.11.04 ж. № 1142 (бұр. ред. қара); 2008.15.04. № 343 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
P/c № | Тауардың атауы | Тауардың ҚР СЭҚ TH бойынша коды |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 | Спирттiң барлық түрлерi Бөренелер, шөркелер түріндегi отындық сүрек Өңделмеген кесiлген немесе кесiлмеген, нобайлап шабылған немесе шабылмаған ағаш материалдары Жарылған бөренелер; ұшталған, бірақ ұзынынан кесiлмеген, ағаштан жасалған қадалар мен қазықтар; таяқтар, қолшатырлар, саймандарға арналған тұтқалар немесе ұқсас бұйымдар жасау үшін пайдаланылатын, қылқанжапырақ тектестерден жонылған бiрақ қырылмаған, иiлмеген немесе басқа тәсiлмен өңделмеген ағаш материалдары; аршылған және ұқсас сүрек; Темір жол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар Қылқанжапырақты ұзынынан кесiлген немесе жарылған, сүргiленген немесе аршылған, жонылған немесе жонылмаған, қырналған немесе қырналмаған, жуандығы 6 мм астам кертiкке қосылысы бар немесе жоқ ағаш материалдары Қылқанжапырақ тектестердiң ұзынынан кесiлген немесе жарылған, сүргiленген немесе аршылған, жонылған немесе жонылмаған, қырналған немесе қырналмаған, жуандығы 6 мм астам кертiкке қосылысы бар немесе жоқ емен ағаш материалдары (Quercus spp); Қылқанжапырақ тектестердiң ұзынынан кесiлген немесе жарылған, сүргiленген немесе аршылған, жонылған немесе жонылмаған, қырналған немесе қырналмаған, жуандығы 6 мм астам кертiкке қосылысы бар немесе жоқ өзге де ағаш материалдары Қылқанжапырақ тектестерден ұзынынан кесiлген, бөлiктерге бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, қырналған немесе қырналмаған, жуандығы 6 мм астам кeртiкке қосылысы жоқ сүрек Қылқанжапырақ тектестерден ұзынынан кесiлген, бөлiктерге бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, қырналған немесе қырналмаған, жуандығы 6 мм астам кертiкке қосылысы бар немесе жоқ өзге де сүрек Қылқанжапырақ тектестерден сүргiленген немесе сүргiленбеген, қырналған немесе қырналмаған, кертiкке қосылмаған тақтайлар Қылқанжапырақ тектестерден ағаш құрылыс бұйымдары, бетондауға арналған қалып Қымбат бағалы металдардың немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдардың қалдықтары мен сынықтары; қымбат бағалы металы немесе қымбат бағалы металдар қосылысы бар өзге де қалдықтар мен сынықтар Қара металл қалдықтары мен сынықтары; қайта балқыту үшiн қара металл құймалары (шихталық құймалар) Түстi металл қалдықтары мен сынықтары, олардың балқымалары | 207, 2208 90 910 0, 2208 90 990 0 4401 10 000 0* 4403 10 - 4403 20, 4403 91* 4404 10 000 0 4406 4407 10 4407 91 4407 99 4408 10 4408 90 4409 10 4418 40 000 0 7112 (7112 92 000 0-ді қоспағанда) 7204 7403, 7404, 7502, 7503, 7601, 7602, 7604 10 100, 7605, 7801, 7802, 7901, 7902, 8001, 8002, 8101, 8102, 8103, 8104, 8105, 8106, 8107, 8108, 8109, 8110, 8111, 8112, 8113 |