106) кәсіпкерлікті дамыту негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыруға жәрдемдесу;
107) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау;
108) реттеуші органға заңнамалық актілерді бұзуға жол берген нарық субъектілерінің кесімді бағаларын енгізу туралы ұсынымдар енгізу;
109) тауар нарығы жай-күйінің, ондағы бәсекелестіктің деңгейін зерделеу және осы негізде монополиялық қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу жөніндегі шараларын әзірлеу;
110) тиісті тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында талдау жүргізу;
111) тиісті тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу;
112) «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша тексерулер жүргізу;
113) орындалуы міндетті болатын нарық субъектілеріне мыналар:
«Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзуларды тоқтату және (немесе) олардың салдарын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
«Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қайшы шарттарды бұзу немесе өзгерту;
басқа да нарық субъектілерімен шарт жасасу;
тұтынушыларға залалды өтеу және (немесе) бюджетке монопольды кірісті аудару туралы ұйғарымдар беру;
114) мемлекеттік органдарға орындалуы міндетті олар қабылдаған шешімдерді бұзу немесе өзгерту туралы, заң бұзуларды тоқтату туралы ұйғарымдар беру, сондай-ақ «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қайшы шарттарды бұзу немесе өзгерту;
115) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіпте әкімшілік жазалар қолдану;
116) талап-арыздармен және өтініштермен сотқа жүгіну, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын қолданумен және оны бұзумен байланысты істерді соттар қараған кезде процеске қатысу;
117) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуымен байланысты қылмыстардың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін материалдарды жіберу;
118) мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің және олардың лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуды тергеу жүргізуі;
119) экономикалық шоғырлану үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
120) «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді алдын ала келісу;
121) монополияға қарсы заңнама талаптарына қайшы экономикалық шоғырлануға жол бермеуді қамтамасыз ету;
122) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге бағытталған актілерін, әрекеттерінің (әрекетсіздіктерін) тию;
123) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдаланудың алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету;
124) бәсекеге қарсы, жосықсыз бәсекелестікті болдырмау және тиюды жүзеге асыру.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және босататын Министрдің орынбасарлары (Вице-Министрлері) болады.
17. Министр Министрлікке жүктелген міндеттерді орындауға және оларға өз функцияларын жүзеге асыруына басшылықты жүзеге асырады және дербес жауапты болады.
18. Министр:
1) реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету құзыреттілігін және тәртібін айқындайды;
4) өз қызметінде оның бақылауындағы ведомстволар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) ведомстволар актілерінің әрекетін толықтай немесе жартылай тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
7) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
8) Министрлікті Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
9) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
10) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің бұйрығымен ресімделеді.
20. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
21. Үкімет, Министр отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкілеттігі тоқтатылмайды.
22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп беруі тиіс.
23. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрдің келісімінен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Министрдің келісімінен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрдің келісімінен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Министрмен комитеттердің басшылары тағайындау үшін ұсынатын комитеттер басшыларына орынбасарларын тағайындауды келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, орталық атқарушы органдар қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселелерді шешеді;
13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) органның жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрдің келісімінен кейін мемлекеттік органды қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыны дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлік атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24. Жауапты хатшы мыналарға:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.
25. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады.
26. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативті-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрлік құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен министр бекітеді.
27. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері, олардың қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Министрлік жұмысының регламентімен және Министрмен келіскеннен кейін жауапты хатшы бекітетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
28. Министрлік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болады. Министрлік мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және айналым құралының негізгі қорынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен қалыптасады.
29. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
30. Егер заңда өзгедей белгіленбесе, Министрліктің оған бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
31. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 616 ; 2006.14.09. № 868; 2007.15.01. № 22 ; 2007.09.04. № 280 (бұр.ред.қара); 2007.11.05. № 376 ; 2007.18.09. № 818 ; 2007.05.12. № 1180 қаулыларымен тізбе толықтырылды
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлік қоғамдар
1. ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 2005.19.07. № 742 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8. ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9. «Шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы» жабық акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
10. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
12. ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
13. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ , Астана қаласы
14. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
15. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
16. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
17. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
18. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
19. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
20. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен Құрылымдар алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң
Құрылымы
ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен құрылым өзгертілді
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен құрылым өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Сауда қызметін реттеу комитетiнiң
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен құрылым жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істерi
комитетінің құрылымы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
құрылымы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Инвестиция комитетiнiң
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2008.07.05. № 429 қаулысымен тiзбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерiнiң
тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінiң Алматы облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Атырау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
5. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
6. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
7. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
8. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
9. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қостанай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
10. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
11. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
12. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнің Павлодар облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
13. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
14. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
15. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Астана қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
16. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен тізбе алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.05.07. № 741 қаулысымен тізбе толықтырылды (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 (бұр. ред. қара.); 2007.05.12. № 1180 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.17.01. № 25 (бұр.ред.қара); 2008.28.01. № 72 (бұр.ред.қара); 2008.07.05. № 429 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Өнеркәсіп комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. "Машинажасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Қарағанды қаласы.
2. ҚР Үкіметінің 2008.17.01. № 25 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
4. «Кентау СуШар» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.
5. "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Жезқазған қаласы.
6. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Алматы қаласы.
Акционерлік қоғамдар
1. ҚР Үкіметінің 2008.07.05. № 429 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара.)
3. "Қазақжарылысөнеркәсiбi" акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
4. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара.)
5. ҚР Үкіметінің 2008.07.05. № 429 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. "Иналмасалтын" ашық акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
7. ҚР Үкіметінің 2007.19.03. № 212 қаулысымен алып татсалды (бұр.ред.қара)
8. "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамы, Павлодар қаласы.
9. "Қазақстандық келісім-шарт агенттiгi" жабық акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
10. ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. . ҚР Үкіметінің 2008.07.05. № 429 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік мекемелер
1."Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
2. "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.
ҚР Үкіметінің 2008.17.01. № 25 қаулысымен бөліммен толықтырылды
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
«Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.16.04. № 352 қаулысымен; 2008.21.04. № 371 қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдарының
тiзбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн) республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
2. «Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны» (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
3. «Координатор» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Астана қаласы.
ҚР Үкіметінің 2008.21.04. № 371 қаулысымен бөлім алып тасталды (бұр.ред.қара)
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС, Астана қаласы.
ҚР үкіметінің 2008.03.04. № 317 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. "Мемсараптама" мемлекеттік жобаларды ведомстводан тыс сараптау республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
2. "ҚазСҚСҒЗИ" Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
3. ҚР Үкіметінің 2008.03.04. № 317 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Акционерлік қоғамдар
"Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
«Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен тізбемен толықтырылды
ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.25.08. № 878 қаулысымен тізбе толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен Бекiтілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлік қоғам
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамы, Алматы облысы.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен тізбемен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті
қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесi
1. Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
2. Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
3. Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
4. Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
6. Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
8. Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
9. Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
10. Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
11. Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
12. Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
15. Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма
16. Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 қарашадағы № 1233 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы.
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 121-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 және 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 16, 161-құжат).