Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 371 Қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оған жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Казметконсалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-87-жол алынып тасталсын;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетіне» деген бөлім және реттік нөмірі 277-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 292-1-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 292-2-жолмен толықтырылсын:
«292-2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС»;
3) ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |