2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған жағдайларда өткізілуі мүмкін.
2. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
сараптама комиссиясының не сарапшының тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
тапсырыс берушінің веб-сайтын айқындау және мұндай веб-сайттың электрондық мекенжайы туралы уәкілетті органға жазбаша түрде хабарлау;
екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды Бюллетеньде және тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялау;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма табыс етуі;
әлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды табыс етуі;
сараптама комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылауы;
сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшеліктерін әзірлеуі;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының бекітуі;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберуі;
2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.
4-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері
1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу сапалық сипаттамаларының тапсырыс беруші үшін елеулі маңызы жоқ тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі, бұл ретте баға оның шешуші шарты болып табылады.
2. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құны жағынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана баға ұсыныстарын сұрату тәсілі қолданылады.
3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде белгілі бір тауарды, белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін олардың біреуінің мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделгеннен кем болатындай бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.
31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мем-
лекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің веб-сайтында не ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін кез келген басқа да веб-сайтта мынадай ақпаратты:
1) сатып алуға бөлінген сомаларды көрсетпестен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы;
2) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс етуінің басталу және аяқталу мерзімі туралы ақпаратты;
3) елеулі талаптарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын орналастыруға міндетті.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аталған ақпаратты орналастырған күні осы тармақта көзделген ақпарат орналастырылған веб-сайт туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен алда болатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты веб-сайтта жариялау туралы талап олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
Веб-сайтта орналастырылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен алда болатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлем алынбастан қолжетімді болуға тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен алда болатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты веб-сайтта орналастырумен бір мезгілде кемінде екі әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақырту жіберуге құқылы, онда осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген ақпарат қамтылуға тиіс. Шақыруға елеулі талаптары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілуге тиіс.
3. Әлеуетті өнім беруші бір ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын табыс етуі оның мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулі талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.
Баға ұсынысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертпен табыс етіледі.
Белгіленген мерзім өткенге дейін баға ұсыныстары салынған конвертті берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тиісті журналына енгізілуге тиіс. Аталған мәліметтер журналға әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруіне қарай хронологиялық тәртіппен енгізіледі.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей баға ұсыныстары салынған конверттерді ашады, баға ұсыныстарын салыстырады және ең төменгі баға ұсынысын табыс еткен әлеуетті өнім берушіні айқындайды.
Егер ең төменгі баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші табыс еткен болса, онда баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
5. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізілуіне жол берілмейді.
6. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде екіден кем әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверт ұсынылса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімін бес жұмыс күніне ұзартады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген іс-шараларды орындайды.
7. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер:
1) ол аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кетсе;
2) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың елеулі талаптарымен келіспесе не оны өзгертуді және (немесе) толықтыруды ұсынса, ол қабылданбайды.
Баға ұсыныстарын өзге негіздер бойынша қабылдамай тастауға жол берілмейді.
8. Егер осы баптың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екіден кем баға ұсынысы қалса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
9. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын осы Заңның 7-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының лауазымды адамы әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бекітуге тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қорытындылар туралы ақпаратты осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат орналастырылған нақ сол веб-сайтта орналастыруға міндетті.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын жариялау туралы талап мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай сатып алу қорытындылары туралы тапсырыс берушіге ақпарат беруге міндетті. Аталған ақпаратта қамтылуға тиісті мәліметтер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалады.
11. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қойып, оны ең төменгі баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына ең төменгі баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші не осы баптың 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес айқындалған жеңімпаз оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шарттың жобасын табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қоюға тиіс.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының елеулі талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізіледі.
12. Егер әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты тапсырыс берушіге табыс етпесе, тапсырыс беруші:
1) дәл сондай баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушімен, ал мұндай әлеуетті өнім беруші болмаған кезде — мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші ұсынған бағадан кейін ең төмен баға ұсынған әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5-тарау. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
32-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру негіздері
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу, егер:
1) қандай да бір өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында нақ сол тапсырыс берушіден басқа да сатып алуды жүргізу қажеттігі туындаса;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпей қалды деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Осы ереже конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайын және (немесе) апта сайын қажетті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болса, жүргізілуі мүмкін.
33-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді, онда мынадай мәліметтер:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
2) техникалық өзіндік ерекшелігін, жоспарларын, сызбалары мен нобайларын қоса алғанда, қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттамасы көрсетіле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаты;
3) мемлекеттік сатып алуды өткізудің нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің орны;
5) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдеме беру;
6) төлем шарттары және елеулі талаптары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу талаптары, нысаны, көлемі және тәсілі;
8) бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәлімет;
9) осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарының тізбесі, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растау үшін табыс етуге тиіс құжаттар тізбесі;
10) әлеуетті өнім берушінің қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзімі қамтылуға тиіс.
2. Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай ақпаратты:
1) әлеуетті өнім берушінің жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларын көрсете отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;
2) әлеуетті өнім берушінің және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарын;
3) ұсынылып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағалардың жазбаша негіздемесін ұсынуға тиіс.
3. Осы Заңның 32-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпеді деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші табыс еткен құжаттарды олардың біліктілік талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндігін айқындау мақсатында қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
34-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тиісті хаттама жасауға міндетті, онда мынадай ақпарат:
1) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
3) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиіс.
2. Тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыруға міндетті. Аталған талап мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
6-тарау. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта және ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу
35-бап. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушілерге ұйымдастырылған электрондық сауда-саттыққа рұқсат беру, ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу, сондай-ақ ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жинау, қорыту және талдау Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын және пайдаланылатын мемлекеттік ақпараттандыру жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
36-бап. Тауарларды ашық тауар биржалары
арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Тауарларды ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Егер биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық көрінісі тұрғысынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып кетпеген жағдайда, тапсырыс беруші, егер Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында өзге ең аз көлем айқындалмаса, тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.
7-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
37-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу
1. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған үлгілік шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
2. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.
3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт осы Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау үшін белгіленген он жұмыс күнінен ерте емес мерзімде және осы Заңның 31-бабының 11-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың мерзімін қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы әлеуетті өнім берушіге жіберілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жасалуға тиіс.
4. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде көзделген жағдайларда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісінше орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алудың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап ашық тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, оны берген өнім берушілерге қолданылмайды.
5. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар бір қаржы жылынан асатын мерзімге:
1) келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) оларды аяқтау мерзімімен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды;
2) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын тауарларды;
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, бір қаржы жылынан асатын мерзімге көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін.
6. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акциясының (үлесінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.
7. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
8. Бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге ғана осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға жол беріледі.
9. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта мынадай:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген көмекті көрсету фактілерінің бірі анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиіс.
10. Тапсырыс беруші және өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледі.
38-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
жасасудан жалтару
1. Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, осы Заңның 37-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылады.
2. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:
1) ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және уәкілетті органға тиісті мәліметтерді табыс етеді және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді;
2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудың салдарынан келтірілген шығындарды өтеткізу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
39-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізудің
негіздері
1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:
1) тараптардың бірі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасаса;
2) өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында шарт жобасының сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізуге жол берілсе;
3) шарт сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса жол беріледі.
Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
2. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:
1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағаны және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісуі бойынша, егер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу процесінде осыған ұқсас сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары азаю жағына өзгерсе;