2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын тапсырыс берушілердің, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды кейіннен енгізе отырып, жоспарланатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқығы бар.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аталған шешімнің көшірмесін және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мемлекеттік сатып алу жоспарынан үзінді көшірме табыс етуге міндетті.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарын ақпараттық жүйелерді не электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен жібереді.
6. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізілуге жатпайды.
7. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайды.
Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда ғана қабылдауға құқылы.
8. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күнделікті немесе апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартуға құқылы.
10. Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс берушінің бюджеттік бағдарламасының паспортына, бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер енгізілген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші осындай шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге;
2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті
6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға
байланысты шектеулер
1. Әлеуетті өнім беруші, егер:
1) осы әлеуетті өнім берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
3) мемлекеттік сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшыларының мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатыстары бар болса және осындай заңды тұлғаларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін негіз болған жол берген бұзушылықтары сот шешімімен танылса;
4) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
5) баланстық құны тиісті негізгі құрал-жабдықтар құнының он процентінен асатын әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) мүлкіне тыйым салынса;
6) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
3. Мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мүддесіне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ.
4. Осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім беруші не өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге тиіс.
7-бап. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүддесін білдіретін оның лауазымды адамын айқындайды.
2. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бола алады.
Тапсырыс беруші өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемені не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп айқындауға құқылы.
3. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай талаптарға:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесі болуға;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қызметінің бейіні тапсырыс беруші үшін сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне сай болуға тиіс.
4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен аффилииренген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
5. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;
4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
5) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы.
6. Осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны) айқындауға осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда жол беріледі.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарында өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындауға міндетті. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан айқындалуға тиіс.
8-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік
талаптары
1. Әлеуетті өнім берушіге жалпы және арнайы біліктілік талаптары қойылады.
2. Әлеуетті өнім беруші мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуі:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;
2) төлем қабілеттілігінің болуы, үш айдан асатын мерзімге салық берешегінің болмауы;
3) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы тиіс.
3. Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісі осы баптың 2-тармағында белгіленген жалпы біліктілік талаптарынан басқа, мынадай арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуі:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржы және еңбек ресурстарының болуы;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі жеткілікті деңгейдегі мамандарының болуы тиіс.
4. Әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген тиісті құжаттарды табыс етеді.
5. Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды табыс етеді.
6. Әлеуетті өнім беруші жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай құжаттардың бірін:
1) әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгендігін растайтын құжатты;
2) әлеуетті өнім берушінінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор не тауар биржасының үзінді көшірмесін;
3) Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылатын аудиторлық ұйымның оң аудиторлық қорытындысын беру арқылы растауға құқылы.
Лицензиялануға тиісті қызметтің түрлерін жүзеге асырушы әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеті оның Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін беруі арқылы расталады.
7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары сонымен қатар әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігер ретінде не өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын қызметтерді көрсету жөніндегі бірлескен орындаушы ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлескен орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беруге тиіс.
Әлеуетті өнім беруші тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерінің (бірлескен орындаушыларының) жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігі осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін табыс ету арқылы расталуы мүмкін.
Лицензиялануға тиісті қызметтің түрлерін жүзеге асыратын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) құқықтық қабілеті Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін табыс ету арқылы расталады.
Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлеріне (бірлескен орындаушыларына) орындауға берілуі мүмкін жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің түрлері, сондай-ақ олардың шекті көлемі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде белгіленеді.
8. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу өткізілетін соманың жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдік түрінде шартты орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабілеті туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай жағдайларда:
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтініммен бірге растауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;
2) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін жеткілікті мерзімге оның біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау кезеңінде растауға құқылы.
9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31, және 36-баптарында көзделген мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда қолданылмайды.
10. Осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың ерекше және арнайы тәртіптерді қолдану арқылы мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
9-бап. Әлеуетті өнім берушіні біліктілік талап-
тарына сәйкес келмейді деп танудың негіздері
1. Әлеуетті өнім беруші мынадай негіздердің бірі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылуға тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) табыс етпеуі не тиісінше ресімделмеген құжат (құжаттар) табыс етуі;
2) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) сәйкестігін растау үшін табыс етілген құжаттарында қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісінің анықталуы;
3) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы.
2. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлескен орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
10-бап. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік
талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруінің
салдары
1. Біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.
2. Әлеуетті өнім беруші табыс ететін біліктілік талаптары бойынша ақпараттың дұрыстығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген кезеңінде анықтауы мүмкін.
3. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісін анықтаған тұлғалар:
1) осындай факті анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса беріп, тапсырыс берушіні және уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге;
2) осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арыз беруге міндетті.
Осы тармақшаның талаптары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен мәслихаттардың тексеру комиссияларына қолданылмайды.
11-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында
қалыптастырылатын тізілімдер
1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай:
1) тапсырыс берушілердің;
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (жіктеуіштің);
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың;
4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бірыңғай республикалық тізілімдерін (бұдан әрі — тізілімдер) қалыптастыруды және оларды жүргізуді жүзеге асырады.
2. Тапсырыс берушілердің тізілімі өздерінің жұмыс істеуі, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауы үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесі болып табылады.
3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі (жіктеуіші) тапсырыс берушілердің осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі болып табылады.
4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерін орындауының нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесі болып табылады.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге болмайды.
5. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:
1) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің;
2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім берушілердің;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан әлеуетті өнім берушілердің;
5) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісті дәрежеде орындамаған өнім берушілердің тізбесі болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жасалады.
Осы тармақтың 1) — 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он сегіз ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушімен жасалуы мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындамаған не тиісті дәрежеде орындамаған өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап отыз ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы Заңда белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аталған тізілімнен шығарылып тасталады.
Уәкілетті орган әлеуетті өнім берушінің не өнім берушінің мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оған хабарламаның жіберілгені және оны алғаны фактісін растайтын тәсілмен тиісті хабарлама жібереді.
Әлеуетті өнім берушіні не өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың сот тәртібімен шағым жасауына болады.
6. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайтта орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс.
12-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
тәсілдері
1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
1) конкурс тәсілімен (ашық не жабық). Ашық не жабық конкурстар екі кезеңді рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
4) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық;
5) ашық тауар биржалары арқылы.
2. Тапсырыс беруші уәкілетті органмен келіспей-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес таңдайды.
3. Өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін тапсырыс беруші айқындауға құқылы.
4. Осы баптың 1-тармағы 1)-3) тармақшаларында көзделген тәсілдер арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ақпараттық жүйелер және электрондық құжат айналымы пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алу жүйесін мемлекеттік реттеу
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) осы Заңның нормаларын қолданбастан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын, ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін бекітеді;
3) үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
4) осы Заңның нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбесін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;
5) мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;