2. Мақта талшығының тиісті сапа паспортынсыз мақта талшығын өткізу - жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге — он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасымен белгіленген талаптарды бұзғаны туралы уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамау не тиісінше орындамау - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысудан жалтару - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мақта өңдеу ұйымдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңында тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңының талаптарын бұза отырып, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге қоюы, сондай-ақ оларсыз шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүлде мүмкін болмайтын немесе айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, негізгі құрал-жабдықтарды мақта өңдеу ұйымының иеліктен шығаруы - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мақта қолхатын ұстаушылардың өтініштері бойынша мақта мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін оларды құжаттамалық растау талабымен үнемі (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) бұрмалау - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Лицензиаттың лизенция алу кезінде көрінеу жалған ақпарат беруі - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқарған кезеңде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңын бұзуы - жеке және лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұру мерзімі өткен соң, осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 310-бап өзгертілді
310-бап. Ветеринария туралы заңдарды бұзу
Ветеринария туралы заңдарды:
1) мiндеттi ветеринариялық - санитариялық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту және оларды жүргiзудiң мерзiмдерiн бұзу;
2) карантин мен шектейтiн iс-шаралардың шарттарын және талаптарын сақтамау;
3) ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды өз уақытында немесе толық өткiзбеу;
4) ауру жұқтыратын малды тарату;
5) малды өсiру кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi сақтамау;
6) республика аумағын малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындамау;
7) малды тасымалдау (айдап апару) кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi бұзу;
8) рыноктарда (сауда ұйымдарында), ветеринариялық бақылаудың қадағалауындағы жүктердi дайындау, сақтау, қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарда, қоймалық үй-жайларда, карантин базаларында, тиеу-түсiру алаңдарында және көлiк құралдарында ветеринариялық -санитариялық ережелер мен нормативтердiң талаптарын сақтамау;
8-1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті қорытындысынсыз жаңа, жетілдірілген ветеринария препараттарын қолдану;
8-2) ветеринариялық-санитариялық объектілерді салу мен ұстауды қамтамасыз етпеу;
9) ветеринария саласында iндеттiң немесе өзге де ауыр зардаптардың таралуына әкеп соқпаған басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ iндетке қарсы күрес мәселелерi жөніндегі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiн бұзу түрiнде жасалған бұзушылық, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 311-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
311-бап. Иттердi және мысықтарды күтiп-ұстау ережелерiн бұзу
1. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттердi күтiп-ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде мысықтарды күтiп ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 20-1-тараумен толықтырылды (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді)
20-1-тарау. Білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
311-1-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу
1. Педагог қызметкердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне ұқыпсыз немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқыту және тәрбиелеу процесінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен қызметкерлерінің денсаулығына жеңіл нұқсан келтірсе, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Лицензиаттың білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелерін, білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережелерін, білім алушыларды ауыстыру және оқуына қайта қабылдау ережелерін бұзуы -
лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі, заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Берілетін білім беру қызметтерінің білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын өзгеше бұзу -
лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7. Осы баптың бірінші-алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әркеттер (әрекетсіздік) -
лицензиядан айырып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің - оннан он беске дейінгі, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
21-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың
денсаулығына қол сұғатын әкімшілік
құқық бұзушылық
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 312-бап өзгертілді
312-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу немесе орындамау
1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен, құрылыс нормаларымен және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезіндегі ережелермен, мемлекеттік стандарттармен көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы құрал-саймандарды, жабдықтарды, өрттi табу мен өшiрудiң автоматтық құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау ережелерiн бұзу немесе орындамау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның оны бұзуы, егер ол адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрген өрттiң шығуына әкеп соқтырса, қылмыс құрамы болмаған кезде, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапқа қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi елу айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома елеулi мөлшердегi залал деп танылады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 313-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 313-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
313-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап бермейтiн өнiмдердi
шығару және өткізу
Техникалық регламенттердің талаптарын қоспағанда, жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткізу не мемлекеттік өрт қадағалау органдарының ұйымның, өндiрiстiк учаскенiң, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөніндегі қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе iрi материалдық залал келтiрмесе, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi мөлшер болып табылады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 314-бап жаңа редакцияда
314-бап. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе
орындамау
1. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапты адамның оларды бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулі залал келтірсе, қылмыс белгілері болмаған кезде, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 315-бап өзгертілді
315-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк
талаптарын бұзу
Уәкілетті мемлекеттік органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивтi заттарды негiзсiз немесе әдейi шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не олардың біліктілігiн көрсететiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмейтiн адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсіндегі жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 316-бап өзгертілді
316-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу
Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртібін бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 317-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 317-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
317-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу
1. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы:
1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді өткізу;
2) стандарттау жөніндегі мәлімделген нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келмейтін өнімді бөлшек сауда ұйымдарында, рыноктарда сатуға шығару;
3) тауарларды буып-түю және буып-түйілген тауарларды кез келген орама түрінде өткізу кезінде ережелерді сақтамау, егер бұл өнім сапасының төмендеуіне, бұзылуына немесе өнімнің нормативтен артық ысырап болуына әкеп соқса;
4) сәйкестігі міндетті растауға жататын, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы жоқ, сондай-ақ оны қолдан жасаған, қолдану мерзімі өткен немесе тоқтатыла тұрған жағдайда өнімді әкелу және (немесе) өткізу;
5) тиісті нормативтік құжаттарсыз өнімді (соның ішінде жөндеуден) шығару, жеткізу (өткізу) немесе пайдалану (жарату), жұмыстар мен қызметтерді орындау;
6) өнімді стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттамаларын тапсырыс берушіге не өндіріске беру;
7) сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу ережелерін бұзу;
8) сәйкестік сертификатын негізсіз беру немесе қолданылу күшін растау, сол сияқты сәйкестік туралы декларацияны, декларацияны мәлімдеуді негізсіз қабылдау немесе тіркеу;
9) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде сәйкестікті растау саласында аккредиттелмеген жұмыстарды жүзеге асыру;
10) мемлекеттік сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, сондай-ақ тексерілмеген немесе жөнделмеген өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді айналымға шығару;
11) тиісті рұқсатсыз өлшем құралдарын дайындау, тексеру және жөндеу, сондай-ақ стандарттық үлгілерді шығару және метрологиялық аттестаттау;
12) мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану;
13) тексеруден немесе өлшем құралдарын калибрлеуден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын пайдалану;
14) тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі тәртіпті бұзу, сол сияқты тауардың шығу сертификатын заңсыз беру түрінде жасалған бұзушылық, —
аккредиттеу аттестатын, сарапшы-аудитор аттестатын тоқтата отырып не онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайлардан басқа, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың нұсқауларын орындамау не тиісінше орындамау, —
аккредиттеу аттестатынан, сарапшы-аудитор аттестатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —
аккредиттеу аттестатынан, сарапшы-аудитор аттестатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 317-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді)
317-1-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу
Субъектінің тамақ өнімдерінің, химиялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерде және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезден бастап өнімдердің өмірлік циклі процестерін жүзеге асыруын тоқтатпауы, сол сияқты мемлекеттік органдардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындамауы, —
қызметі тоқтатыла отырып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден үш жүз онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүзден бір мың алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы бапқа қатысты тамақ өнімдерінің, химиялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерге сәйкес өнімдердің қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар субъектілер деп танылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 318-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
318-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау
Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен саябақтарда, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темір жолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, поселкелер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттік орман және су қорлары, мемлекеттік қор және ұйғарымнан кейiн ұйымдарға бекiтіліп берiлген жерлерiнде жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 319-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
319-бап. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн егiстiктi күзетудi
қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Құрамында есiрткi заттары бар сора, көкнәр немесе басқа өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмдерiн сақтау мен қайта өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар бастырудан қалған егiстiктердi және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 319-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 319-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
319-1-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және
прекурсорларды өткізу мен тұтынудың жолын кесуге
шаралар қолданбау
1. Көңiл көтеру ұйымдары лауазымды адамының және (немесе) меншiк иесiнiң есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізу мен медициналық тұрғыдан тыс тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы, -
қызметi тоқтатыла тұрып не онысыз, лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне жеке кәсiпкерлiк қызметiне тыйым салынып не онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаларға - заңды тұлғаның қызметiне тыйым салынып не онысыз, бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.