Бюджеттік даму бағдарламаларының орта мерзімді кезеңге арналған жергілікті деңгейдегі басым бағыттары білім беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен жабдықтау объектілерін бірінші кезекте ауылдық жерлерде салу мен қайта жаңарту және тұрғын үй салу болады.
Тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылатын жергілікті атқарушы органның, сондай-ақ орталық органның ортақ жауапкершіліктерін ескере отырып, нысаналы трансферттерді пайдалану тиімділігі мен нәтижелілігін бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.
8. Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқару
Қазақстан Республикасы Үкіметінің елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құруға бағытталған саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №234 Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі №351 қаулысымен бекітілген оны іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асырылады.
2007 жылға дейінгі кезеңде Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың және Ұлттық Банктің борыштарын қамтитын мемлекеттік сыртқы борышты басқару деңгейін арттыруға бағытталған шаралар оң нәтижеге алып келді. Мемлекеттік борыш 2001 жылдан бастап азайып отыр және қазіргі уақытта Қазақстанның үкіметтік сыртқы борышының мөлшері бірқалыпты болып табылады.
2006 жылға дейін елдің жалпы сыртқы борышын үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдардың функциялары нақты айқындалмаған болатын және қарыз қаражатын беретін сыртқы қарыздар жөнінде бірыңғай саясат болмады, бұл Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы тәуекелдерінің өсуіне алып келді.
11-сурет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышы, ЖІӨ-ге %-бен
2008 жылы ағымдағы жылға жоспарланған және жүргізіліп отырған іс-шараларды ескере отырып, елдің борышын басқару процесін регламенттейтін тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Қазіргі уақытта Тұжырымдаманы іске асыруда жүргізіліп отырған іс-шаралар мемлекеттік жүйелі көзқарасты және қазіргі берешектерді реттеудің көпжоспарлы сипатын қамтамасыз етеді, бұл орта мерзімді кезеңде осы проблемаға оң әсерін тигізуі тиіс және елдің жалпы сыртқы борышының тиісті деңгейін орта мерзімді кезеңде ЖІӨ-ге 65-70 % деңгейіне дейін төмендетуге және оны одан әрі қауіпсіз деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, мемлекеттік борышты, сондай-ақ мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышын, мемлекеттің шартты міндеттемелерін сапалы басқару және несие капиталының сыртқы нарығында жеке сектордың қарыз алу мәселелерін тиімді реттеу саясаты сақталатын болады.
2007 жылы елдің борышын басқару процесін реттеу мақсатында тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірленеді және бекітілетін болады.
Орта мерзімде кезеңде жауапты мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мынадай ұйымдық іс-шараларды жүргізетін болады:
үкіметтік және мемлекет кепілдік берген тәуекелдерді және халықаралық әдіснаманы ескере отырып, және басқа елдермен салыстыруда республиканың сыртқы борышының салыстырмалы көрсеткіштерінің жай-күйін бағалау;
мемлекеттік сектордың сыртқы борышының, оның ішінде мемлекетті қатыстыра отырып ұйымдардың, сондай-ақ олардың еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын ұйымдары бойынша борышының, жеке қаржылық әрі корпоративтік секторлардың сыртқы борышының, қайта қаржыландыру тәуекелдерінің, өтімділік, валюталық және пайыздық тәуекелдердің мониторингі;
кірістілік ауытқымасын құру үшін қор нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін қажетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін ұстап тұру.
Үкіметтің қарыз алуы орта мерзімді кезеңде бес жылдық кезең үшін орташа жылдық мәнде ЖІӨ-нің 1%-ынан аспайтын мөлшерде шектей отырып, республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.
Үкіметтік қарыз алу мен борыштың көлемін жоспарлау ең алдымен, үкіметтік қарыз алудың, борыштың, оған қызмет көрсету шығындары мен тәуекелдің оңтайлы деңгейін қалыптастыруды ескере отырып, мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталатын болады:
табыстылық ауытқымасын құру үшін қор нарығында бағдар («benchmark») белгілеу үшін қажетті құрылымы бар мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін ұстау;
жинақтаушы зейнетақы қорларының және қор нарығының басқа да қатысушыларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін борыштық құралдарды, әсіресе, инфрақұрылымдық облигациялардың нарығында баламалы құралдарды дамыту, бұл өз кезегінде қайталама нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар секторындағы сауда-саттықты жандандыруға алып келуі тиіс;
12-сурет. Республикалық бюджет тапшылығын үкіметтік қарыздар есебінен қаржыландыру
2008-2010 жылдары мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласында жүргізіліп жатқан саясат шеңберінде мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
1) бюджет тапшылығы мен борыш көрсеткіштері:
Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді ескере отырып, орта мерзімді перспективада мұнайдан тыс тапшылықтың мөлшері мен бюджет теңгерімділігіне қол жеткізуге негізделе отырып, республикалық бюджет тапшылығының параметрлерін айқындау;
жинақтау саясаты шеңберінде үкіметтік борыштың оңтайлы мөлшерін анықтау;
қаржы тетігін шартты міндеттемелерді (кепілдікті және кепілдемелерді) мемлекеттің орындауын қамтамасыз етуді құру;
2) ішкі қарыз алу:
жылдар бойынша бөліністегі мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзімді кезеңге арналған үлгі схемасын жасау;
ішкі қарыздарды тарту мерзіміне қарай түрлі қарыз алу құралдарын қолдану;
пайыздық тәуекелдерді барынша азайту;
бағалы қағаздар рыногында («benchmark») бағдарлар белгілеу;
міндеттемелердің орындалмау тәуекелін азайту әрі қысқа және орта мерзімді перспективада ішкі үкіметтік борышты өтеу жөніндегі төлемдер төлеудің ең жоғары шегін төмендету.