1) қазіргі бар стандарттарды талдау және жүйелеу жөніндегі:
2) мыналарды әзірлеу жөніндегі;
темір жол саласындағы, автомобиль жолы мен көлік саласындағы стандарттарды;
көмір саласындағы каталогтар мен жіктеуіштерді;
өнеркәсіп саласындағы эталондарды;
энергия жабдықтарын пайдалану, жөндеу, монтаждау және реттеу кезінде электр энергетикасы мен электр энергиясы қондырғыларының сенімділігі саласындағы және қауіпсіз пайдаланылу мәселелері жөніндегі ғылыми-техникалық құжаттамаларды;
энергия тұтыну нормативтерін;
3) мыналарды өткізу:
Қазақстанның ІАҒ және ІLAC халықаралық ұйымдарына кіруі бойынша дайындық жұмыстары, соның ішінде халықаралық сарапшыларды тарту;
халықаралық сарапшылардың зерттеу және тексеру зертханалар аккредиттеуі;
халықаралық деңгейде аккредиттеу саласындағы мамандардың біліктілігін көтеру жөніндегі іс-шаралар.
Аграрлық сектор саласындағы мемлекеттік саясат 2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталатын болады.
2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бюджет шығыстары Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кірген кезде ауыл шаруашылығының барабар жағдайларын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, мыналардың негізінде айқындалатын болады:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы шешімімен мақұлданған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы №654 қаулысымен бекітілген оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 963 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы шығыстардың басым бағыттары мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
қолайлы эпизоотикалық және фитосанитарлық жағдайларды қамтамасыз ету;
субсидиялау жолымен ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау.
Азық-түлік қауіпсіздігін, республиканың жұмылдыру қажеттілігін Қазақстанның астық нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін 500 мың тонна көлемінде мемлекеттік азық-түлік резерві жасалды. Бұл ретте, ең аз қор халықты астықпен және оның қайта өңделген өнімдерімен қамтамасыз етуді кепілдендіруі қажет.
Азық-түлік астығының мемлекеттік резервін жаңарту және отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында жыл сайы 450-500 мың тонна шеңберінде астықты мемлекеттік сатып алу жүргізіледі Астықты сатып алу көлемі мен құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен белгіленеді.
2008-2010 жылдары елдің ветеринарлық және фитосанитарлық жағдайын қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды ұлғайту Халықаралық эпизоотикалық бюросының халықаралық стандарттары мен талаптарына сәйке көлемде қамтамасыз етілетін болады. Соның нәтижесінде ветеринария саласындағы Ұлттық заңнаманы ЖСҰ-ның санитарлық және фитосанитарлық шаралары жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес үндестіру; Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі алдында Қазақстан Республикасының ғимараттары мен зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру; жылына екі рет барлық мал басын диагностикалық зерттеумен 100% қамту жұмыстары жүргізілетін болады.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру мал ауруларының аса қауіпті жұқпаларының туындауынан экономикалық зиянға жол бермеуді қамтамасыз етуге және республика өңірлерінде эпидемиологиялық нашарлаудың алдын алуға, ветеринарлық-санитарлық жағынан қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
Алда республиканың ДСҰ-ға кіруін ескере келе, ауыл шаруашылығында субсидиялау жолымен мемлекеттік қолдау жалғасатын болады. Бұл ретте, ауыл шаруашылығын субсидиялау Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің келіссөз процесі нәтижелерін ескере отырып жүргізілетін болады.
Республиканың экспорттық әлеуетінің кеңеюі шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның нақты «серпінді» жобаларды іске асыруға арналған, соның ішінде: көрме-жәрмеңке кешенін салуға, ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермаларын құруды қаржыландыруға, Поти (Грузия) және Амирабад (Иран) порттарында астық терминалдарын салу мен жарақтандыруға және қазақстандық тауарларды экспорттық нарыққа жылжыту мақсатындағы өзге де жобаларға арналған жарғылық қорды ұлғайту көзделіп отыр.
2008-2010 жылдары табиғи су қоймаларының су биоресурстарын сақтау, молықтыру және тиімді пайдалану, тауарлы балық шаруашылығын дамытуға жағдайлар жасау есебінен балық шаруашылығы кешенінің тұрақты жұмыс істеуі негізінде салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен балық ресурстарын қорғау және молықтыру шараларын іске асыру жалғасуда.
Балық шаруашылығын дамытуға арналған шығыстар көлемі Қазақстанның балық шаруашылығын тұрақты дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, экономиканың балық саласын сақтауды және жаңғыртуды, сондай-ақ балық шаруашылығы кешенін басқару құрылымын оңтайландыруды ескере келе айқындалатын болады, бұл тұтастай алғанда балық шаруашылығын басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге және бәсекеге қабілетті және сапалы қосымша құны жоғары отандық балық өнімдерін жасауға көмектесетін болады.
Туризм және спорт саласындағы мемлекеттік бюджет шығыстары халықтың денсаулығын нығайту мен жоғары жетістікті спортты дамыту үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия мен дене тәрбиесі мен спорттың тиімді жүйесін жасауға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру шеңберінде елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру, визалық және тіркеу рәсімдерін оңайлату, туристік қызметтерді халықаралық сапа стандарттарына сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады, соның ішінде:
Қазақстан өңірлерінде туристік кластерлерді дамыту;
туристік инфрақұрылымы дамыған және Қапшағай су қоймасы жағалауы мен Шучье-Бурабай курорттық аймағында ойын-сауық объектілері бар туристік орталық құру;
Жібек жолы бойымен туризмді дамыту, сондай-ақ Каспийде жағажай және круизді туризмді дамыту үшін жағдай жасау.
Жүргізілген іс-шаралар есебінен кейінгі жылдардағы келушілер санының өсуіне байланысты ішкі және кіру туризмі бойынша туристер легінің 2007 жылға қарағанда 2009 жылы орташа 25% өсуі қамтамасыз етілетін. Сондай-ақ туризм саласындағы халықты жұмыспен қамту 499,4 мың адамға дейін қамтамасыз етілетін болады.
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру мақсатында бірінші кезекте жоғары жетістікті спорт пен халықтың салауатты өмір сүруін қалыптастыратын бұқаралық спорт дамытылатын болады, соның ішінде:
Алматы қаласында 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу үшін спорт объектілерін қайта құру және салу;
жоғары жетістіктер спортының ғылыми-әдістемелік базасын жасау;
аудан орталықтарында, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу.
Шығыстар саясаты дамуға бағытталған бағдарламалар жағына ауыстырылатынын ескере келе, санға емес сапаға көңіл аударылады, ол бюджет заңнамалары ережелерін сақтау және мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Басым бағыттардан басқа, орта мерзімді кезеңге арналған шығыстар саясаты сондай-ақ экономикалық және бюджет саясаты басымдықтарына қарамастан - елдің қорғаныс, құқықтық, соттық, қүқық қорғау, қаржылық, сыртқы саяси қызметтері мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру - олар бойынша міндеттемелерді мемлекет көтеретін функцияларды қамтамасыз етуге де бағытталған.
Қажеттілікке арналған шығыстарды жоспарлаудың негізі Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы №299 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери доктринасы болып табылады, соған сәйкес қорғанысқа арналған шығыстар көлемі ЖІӨ-нің 1% кем емес мөлшерде көзделіп отыр, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әскери-саяси, стратегиялық, экономикалық және техникалық негіздері мен Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығы айқындалды.
Жоспарланған орта мерзімді кезең шығыстарында әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейту көзделген, ол:
әскери атақ жалақысын, жауынгер және сержант лауазымындағы келісім- шарт бойынша әскери қызметшілердің жалақыларын ұлғайтуды;
әскери қызметтің ерекше жағдайларына үстемақыны және үшу, үшу-көтеру, инженерлік-техникалық құрам мен құрылықтағы әскерлердің лауазымындағы келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің жалақыларын ұлғайтуды;
кем дегенде 8 жыл қызмет атқарған келісім-шарт бойынша істейтін әскери қызметшілер үшін елдің жоғары оқу орындарында оқу ақысы құнының 50 % өтеуді;
жалпы әскери паектің құнын ұлғайтуды қарастырады.
Алдын ала тексеру сапасын жақсартуға, қылмыстық процесте кәмелетке толмағандар құқықтарын сақтауға бағытталған сот жүйесін жетілдіру және “Қазақстандағы ювенальды әділет” жобасын іске асыру мақсатында кәмелетке толмағандар істері бойынша экспериментальды (ювенальды) соттар кұруға арналған шығыстар көзделген.
“Қазақстандағы ювенальды әділет” жобасы міндеттерінің бірі кәмелетке толмағандарға қылмыстық іс қозғау санын азайту, ал ол қозғалған болса - тәрбиелік сипаттағы институттарды кеңінен қолдана отырып істі сотқа жібермеу мүмкіндігін іздестіру болып табылады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады, соның шеңберінде Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен қоршаған ортасын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, зақымдаудың қазіргі заманғы құралдары мен террорлық актілер салдарынан қорғау, олардың алдын алу мен жою күштері мен құралдарын дамыту жүйесі тиімділігін одан әрі жетілдіру және көтеру жүргізілетін болады.
Қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады, соның шеңберінде басқаруды ұйымдастыру жетілдірілетін және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде адамдарды ұстау жағдайлары жақсаратын, сотталғандардың қоғамнан оқшаулануына байланыссыз қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларының тиімділігі артатын болады, сондай-ақ бас еркінен айыру орындарынан босаған адамдарды әлеуметтік сауықтыру үшін жағдайлар жасалады.
Есірткіні пайдаланудың өсуін және оның заңсыз айналымын тоқтату, есірткінің таралуын біртіндеп қысқарту үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №1678 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын одан әрі іске асыру жалғасатын болады.
2005 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің инвестициялық құрамдас бөлігі ұлғаюда, ол мемлекеттік бюджеттің даму бағдарламасы шығыстары үлесінің өзгеруінен көрінуде. Орта мерзімді кезеңде бұл үрдіс жалғасатын болады және даму бюджетінің үлесі шығыстардың жалпы көлемінің 28,1-38,4% шеңберінде болады.
2008-2010 жылдары бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру Орта мерзімді жоспар шеңберінде және орта мерзімді кезеңде бекітілген Басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
6-сурет. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі ағымдағы және инвестициялық шығыстар үлесінің өзгеруі
Экономиканың стратегиялық салаларын дамытуға мемлекеттік ықпал ету (құралдарының бірі мемлекеттің қаржы активтерін - заңды тұлғалардың акция пакеттері және меншікке қатысу үлесін сатып алу.
Орта мерзімді перспективада мемлекеттік активтерді басқару саласындағы мемлекеттік саясат экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуды, соның ішінде мемлекеттік меншіктің мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылау жүйесін қалпына келтіру және күшейту, мемлекеттік меншіктің құрылымын оңтайландыруды жүзеге асыру жолымен реттеуге бағытталған.
Қаржы активтерін сатып алу экономиканың стратегиялық салаларының мемлекет тарапынан елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету сондай-ақ оларды тиімді дамытуға бағытталған тиісті бақылануын орнату құралдарының бірі болып табылады.
2007-2008 жылдары мемлекеттік холдингтер мен компаниялардың жарғылық капиталдарының ұлғаюы экономиканы жаңғырту, әртараптандыру жөніндегі міндеттерді одан әрі іске асыру үшін олардың қаржылық базасын қалыптастыруға, қосылған құны жоғары ғылымды қажет ететін, инновациялық өндірістердің санын ұлғайтуға, тиімді инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған.
“Каз Агро” Ұлттық холдингі” АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға бірқатар жобаларды іске асыруға бағытталған:
экспорттық инфрақұрылымы дамыған бордақылайтын алаңдарды құру;
биодизел және биоэтанол өндіру зауыттарының құрылысы;
Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме нарығының құрылысы;
“Самғау” ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі” АҚ жарғылық капиталын ұлғайту есебінен:
басымды, тәуекел және бастамашыл ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме жобалар бойынша қаржыландыру көлемі ұлғайтылатын болады;
қосымша қаражат “электрондық үкіметті” қалыптастырудың Мемлекеттік Бағдарламасы аясында мемлекеттік органдардың электрондық қызметін дамытуға және қалыптастыруға бағытталатын болады.
Даму бағдарламалары бойынша республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемінде қаржы активтерін сатып алуға арналған шығыстардың үлесі 2008 жылы - 20,3%, 2009 жылы -19,2 %, 2010 жылы - 18 %-ды құрайды.
7-сурет. Республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемдегі категориялары бойынша шығыстар үлесінің өзгеруі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген, 2008-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттің мөлшерін, макроэкономикалық болжамды және даму бағдарламалары бойынша мемлекеттік шығыстардың болжамын негізге ала отырып, Ұлттық қордан 2010 жылға арналған кепілдендірілген трансферттің болжамды мөлшері айқындалды, ол 326,8 млрд. теңгені құрайды. 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі кезеңдегі кепілдендірілген трансферт орта есеппен 2008 жылдың басында қор активтерінің 12,9%-ын қүрайды.
Ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қордың активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кіріске тең кепілдендірілген трансферттің мөлшеріне қол жеткізу саясаты жалғастырылатын болады, бұл үлкен дәрежеде мұнай емес кірістердің және мұнай жинақтарының есебінен экономиканың өсу талпынысына жауап беретін болады.
8-сурет. Мемлекеттік бюджеттің 2005-2007 жылдардағы мұнай емес түсімдері және 2008-2010 жылдарға арналған болжамы, ЖІӨ-ге %-бен
Ұлттық қордың активтерін басқарудан күтілетін инвестициялық кірісті болжамы тиісті кезеңнің соңында бір жылда жинақталған жалпы соманы орташа 3,4%-ын құрайды.
9-сурет. Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығының серпіні, ЖІӨ-ге %-бен
Шығыстар саясаты бюджеттің мұнай емес тапшылығын қысқарту қажеттілігіне тікелей байланысты, ол бюджет шығыстарының өсу экономиканың нақты өсуіне байланысты болатын шектелген фискалдық саясат жүргізуді болжайтын елдің макроэкономикалық тұрақтылығына әсер ету құралдарының бірі болып табылады. Бұл шаралар негізінен әлеуметтік бағыттар бойынша мемлекет шығыстарының көлемін өсіру қажеттілігі жағдайында инфляциялық қысымды жеңілдетуге және экономиканы мүмкін ауытқулардан қорғауға бағытталған.
Жүргізіліп отырған фискалдық саясат және 2006 жылдан бастап қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатын қалыптастыру және пайдалану ұстанымдары 2006 жылы мұнай емес тапшылықтың 2005 жылға қарағанда 182,6 млрд. теңгеге едәуір қысқаруына алып келді.
Осыған байланысты, бюджеттің инвестициялық құрамының ұлғаюы жағдайында мұнай емес тапшылықтың одан әрі төмендеуі бюджеттік жобаларда ескерілетін, экономикаға өнімді әсер етпейтін ағымдағы шығыстарды қайта қарау және оңтайландыру есебінен ғана болуы мүмкін.
2008 - 2010 жылдары мемлекеттік шығыстар өсімінің қарқыны ЖІӨ-нің номинальды өсу қарқынынан төмен болжанып отыр және тиісінше орташа 17,2% және 18,6 %-ды құрайды.
10-сурет. Мемлекеттік шығыстар мен ЖІӨ-нің өсу қарқыны, өткен жылға %-бен Мемлекетттік бюджеттің шығыстары 2008 жылы - ЖІӨ-ге 22,5 %, 2009 жылы ЖІӨ-ге 21,9 %, және 2010 жылы ЖІӨ-ге 21,8 % құрайды.
5-кесте
Мемлекеттік бюджеттің 2008-2010 жылдарға арналған шығыстарының болжамы
Атауы | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл |
ЖІӨ-ге %-бен | үлесі %-бен | ЖІӨ-ге %-бен | үлесі %-бен | ЖІӨ-ге %-бен | үлесі %-бен |
ШЫҒЫСТАР | 22,5 | 100,0 | 21,9 | 100,0 | 21,8 | 100,0 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 1,2 | 5,3 | 1,2 | 5,3 | 1,1 | 5,0 |
Қорғаныс | 1,4 | 6,2 | 1,4 | 6,2 | 1,4 | 6,4 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 1,8 | 7,9 | 1,6 | 7,5 | 1,6 | 7,1 |
Білім беру | 3,7 | 16,4 | 3,8 | 17,6 | 3,8 | 17,4 |
Денсаулық сақтау | 2,7 | 11,8 | 2,8 | 13,0 | 2,9 | 13,5 |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | 3,8 | 17,1 | 3,7 | 17,1 | 3,6 | 16,7 |
Тұрғын үй-комму- налдық шаруашылық | 1,4 | 6,2 | 1,4 | 6,3 | 1,6 | 7,1 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақп- араттық кеңістік | 0,9 | 3,8 | 0,8 | 3,8 | 0,8 | 3,9 |
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану | 0,6 | 2,6 | 0,4 | 2,0 | 0,4 | 1,8 |
Ауыл, су, орман , балық шаруа- шылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 1,2 | 5,3 | 1,2 | 5,3 | 1,1 | 5,2 |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 0,05 | 0,2 | 0,05 | 0,2 | 0,04 | 0,2 |
Көлік және коммуникация | 2,0 | 9,1 | 1,8 | 8,2 | 1,7 | 8,0 |
Басқалар Борышқа қызмет көрсету | 1,4 0,4 | 6,4 1,7 | 1,3 0,3 | 5,9 1,4 | 1,3 0,3 | 6,2 1,5 |
6. Бюджеттік кредит беру
Бюджеттік кредит беру Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында көрсетілген мемлекеттік және салалық бағдарламалардың құрамында іске асырылатын жобалардың шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Экономикалық және әлеуметтік тиімділік, өтелімділік өлшемдерін міндетті түрде сақтай отырып, бюджеттік кредит берудің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) кредит беру;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді және кепілгерліктерді орындау;
жергілікті атқарушы органдарға, оның ішінде ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының болжамы жағдайында кредит беру;
қаржы агенттіктері мәртебесі бар қаржылық даму институттарына кредит ресурстарын беру.
Жоспарланған кезеңде республикалық бюджет есебінен кредит берудің негізгі бағыттары ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау және Тұрғын-үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджетке тұрғын-үй салуға кредит беру жөніндегі іс-шаралар болып табылады.
Халықаралық қайта құру және Даму Банкінің қарыз қаражаты есебінен іске асырылатын ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау жобасының екінші кезеңін іске асыру шеңберіндегі шығыстар фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың қаржылық қызметке қол жеткізуін ауылдық қаржылық консультациялық қызмет жүйесін құру арқылы қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді ауыл шаруашылығы инвестицияларын бағалау бойынша коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялардың функционалдық мүмкіндіктерін нығайтуға, микроқаржы мекемелерін институционалды дамытуға және олардың коммерциялық банктермен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталатын болады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында ішкі нарықта айналдыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруын қоспағанда республикалық бюджеттен бюджет кредиттерін алу нысанында ғана жүзеге асырылатын болады.
Жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредит беру фискалдық саясатқа және Үкімет пен өңірлердің 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
7. Бюджетаралық қатынастар
Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексінде белгіленген қағидаттардан және түсімдер мен шығыстардың бюджет деңгейлері арасында бөлінуінен бастау алады әрі өзара қатынастардың анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбір басқару деңгейінің дербестігін күшейтуге, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуге бағытталған. Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы реттеледі, ал облыстық және аудандық бюджеттер арасында бұдан басқа, кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
2007 жыл Заңмен және облыстық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген жалпы сипаттағы трансферттердің үшжылдық көлемінің әрекет етуінің аяқталу жылы болып табылады. Жалпы алғанда, орта мерзімді кезеңге субвенциялар мен алуларды жыл сайынғы өзгеріссіз бекіту өз тиімділігін көрсетті.
Жергілікті атқарушы органдардың барлық қосымша кірістері жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілмеген, олардың салық салу базасын кеңейтуге қосатын үлесі өздерінің иелігінде қалады.
Үш жылдық Заңның қолданыстағы кезеңінде жергілікті атқарушы органдар 206,5 млрд. теңге сомасында қосымша кіріс алды (2005 жылы - 78,5 млрд. теңге, 2006 жылы - 128,0 млрд, теңге).
Өңірлердің бюджеттік қамсыздандырылу деңгейі өсіп отыр және республика бойынша орташа алғанда 1 адамға жергілікті бюджеттің шығысы:
2005 жылы - 46,4 мың теңге;
2006 жылы - 58,5 мың теңге;
2007 жылы - 77,1 мың теңге.
Алайда, бюджетаралық қатынастардың қолданыстағы жүйесі өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерінің айырмашылығын, өңірлерде мемлекеттік қызмет алушылардың санын және өңірлердің шығындары деңгейіндегі айырмашылықтарға негізделетін басқа да объективті факторларды ескермеді, бұл шығыстарды объективсіз айқындауға және салық әлеуетін ұлғайтуға ынталылықтың жетіспеушілігіне алып келді.
2007 жылы бұдан бұрын жіберілген кемшіліктер ескерілген жаңа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі №599 қаулысымен жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі бекітілді. Әдістеменің негізгі мақсаты - бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын кепілдендірілген мемлекеттік қызметтерге барлық өңірдегі халықтың бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету болады.
Әдістеменің басым бағыттары:
экономикалық дамуда өңірлерді ынталандыру, салық салынатын базаны кеңейту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде әкімдердің дербестігін арттыру;
өңірде бюджеттік қызметтер көрсетілетіндердің санын, сол немесе өзге өңірдің ерекшелігіне қарай шығыстардың өзгеруіне әсер ететін факторларды ескеру (климаттық ерекшеліктер, халықтың тығыздығы және басқа да факторлар) болып табылады.
Жаңа әдістеменің негізгі ұстанымы бюджеттік қызметтерді алушылардың санын және объективті факторларды ескере отырып, функционалдық топтар/кіші топтардың бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемінің есебіне негізделеді.
Осы әдістеменің негізінде (Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы” Заң қабылданатын болады.
Келесі орта мерзімді кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде республика заңнамасына, оның ішінде, Еңбек және Салық кодекстеріне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ бұрын республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы ағымдағы шығындар ескерілді.
Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің әрекет ету кезеңінде бюджетаралық қатынастарды жедел реттеу құралы нысаналы ағымдағы трансферттер болады.
Нысаналы даму трансферттері қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік, салалық (секторалдық) немесе өңірлік бағдарламаларда көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) олардың көлемінің өңірлердің білім беру мен денсаулық сақтау, сумен жабдықтау мекемелері желісімен қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру міндеттерімен өзара байланысын сақтай отырып, іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындауға беріледі.