Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы №102 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №1216 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысымен бекітілген “Салауатты өмір салты” кешенді бағдарламасы.
Медициналық қызметтердің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге мемлекеттік қаражат есебінен іске асыру көзделіп отырған немесе іске асырылатын мынадай іс-шаралар бағытталған:
кластердің құрылымына кіретін мемдициналық орталықтарды басқару үшін жетекші шетелдік компанияларды тарта отырып, Астана қаласында медициналық кластер құру;
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін (100 мектеп, 100 аурухана жобасы шеңберінде) пайдалана отырып, аурухана секторының қажеттілігін айқындау әдістемесіне және қайта құрылымдауға сәйкес Қазақстан өңірлерінде денсаулық сақтау объектілерін (ауылда көп бейінді ауруханалар мен емханалар, дәрігерлік амбулаториялар) салу;
денсаулық сақтау ұйымдарын, оларды автономдандыру және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне кезең-кезеңімен көшіру үшін аккредитттеу;
“Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін” енгізу шеңберінде емделушілердің электронды медициналық картотекасын қалыптастыру;
бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының қолданыстағы желілерінің номенклатурасын мемлекеттік нормативтерге сәйкестендіру.
Орта мерзімді кезеңде денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуда әкімшілік функцияларын медициналық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету стандарттарына келтіру бөлігінде маңызды сәтке айналуда. Әзірленіп жатқан “Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодекс денсаулық сақтау жүйесін толық қамтитын және медициналық қызмет көрсету сапасын басқарудың жаңа әдістерін көрсететін құжатқа айналады.
Бұдан басқа, мынадай бірқатар әкімшілік іс-шаралар жүргізілетін болады ана мен бала өлімін азайту шараларын іске асыру мақсатында ана мен баланың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі халықаралық тәсілдер енгізіледі, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған бала жасындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу стратегиясының шеңберінде Аурулар мен дәрілік заттардың тізбесі жасалды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған Балалық жас ауруларын ықпалдасқан жүргізудің стратегиясын енгізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады;
халықты туберкулезден қорғау жөніндегі, оның ішінде «Туберкулезбен ауыратын науқастарды қадағалау жөніндегі ұлттық тізілім» ақпараттық компьютерлік бағдарламасын іске асыру жолымен, шаралар күшейтілді;
АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауруды азайту, трансфузиялық көмектің қауіпсіздігін сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қан қызметін жетілдіру бойынша шаралар;
жеке меншік медицинаны және ерікті медициналық сақтандыруды дамытуды ынталандыру бойынша шаралар әзірленеді;
денсаулық саласында пайдаланылатын рәсімдерді одан әрі стандарттау мақсатында диагностикалау мен ауруларды емдеудің 450-ден астам хаттамаларын жасау және енгізу бойынша жұмыстар жалғасады;
осы саладағы қазіргі проблемаларды жүйелі шешу үшін қажет амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу.
Барынша білімді халық экономикалық өсудің барынша жоғары қарқынымен және осы саладағы басқарудың күшті жүйесімен байланысына құрылған білім беру саласындағы бюджет саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес іске асырылатын болады.
Орта мерзімді кезеңде негізгі күш мына іс-шараларды жүргізу жолдарымен экономиканы кәсібилігі жоғары техникалық бағыттағы мамандармен қамтамасыз етуге жұмсалатын болады:
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын жоғары білім беру бағдарламаларымен үйлестіруге мүмкіндік беретін Техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау;
өңдеуші салада және машина жасауда техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау бойынша өңіраралық орталықтар құру;
жұмыс берушілер мен инвесторларды кәсіптік білім беру оқу орындарының оқу-өндірістік базаларын құруға және нығайтуға тарту, басым салалар қажетсінетін кадрларды даярлауда мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту жөніндегі шаралар әзірлеу;
техникалық мамандықтарға ден қоя отырып, мемлекеттік тапсырыстың кұрылымын өзгерту.
Бұдан басқа, жоғары білім беру саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді үш сатылық жүйеге: бакалавриат - магистратура - докторантура өзгерту бойынша, жоғары оқу орнының мамандануы мен мәртебесіне байланысты мемлекеттік білім беру гранттарын саралауды міндетті енгізумен мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырудың жаңа қағидаттарын енгізу жұмыстары жалғасады.
2008 жылдан бастап жоғары оқу орындарының жекелеген білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Республиканың жоғары оқу орындарына шет елдік оқытушылар мен консультанттар тартылатын болады, ал Қазақстанның дарынды азаматтары бұдан әрі де Қазақстан Республикасының халықаралық “Болашақ” стипендиясы шеңберінде әлемнің таңдаулы жоғары оқу орындарында оқи алатын болады.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі және мектеп қарсаңындағы оқытумен қамтуды ұлғайту бойынша шаралар қабылданатын болады. 2009 жылы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту кемінде 30%, мектеп қарсаңындағы даярлық - кемінде 80% құрайтын болады. Осы көрсеткіштерге қол жеткізуге мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін салудағы белсенді ұстанымы жәрдемдесетін болады.
Жалпы білім беру жүйесінде 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады, осыған байланысты педагогтарды қайта даярлау жұмысы жалғасады.
Үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге жалпы орта білім беру желісін, мектептердің апаттық жағдайдағы ғимараттарын қайта жаңалау және мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде және бюджет қаражаты есебінен мектептер салуды (оның ішінде «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы шеңберінде) дамыту жәрдемін тигізеді. Жалпы орта мерзімді кезеңде 156 білім беру объектісінің құрылысын салуды аяқтау жоспарланып отыр.
Осы заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды оның ішінде, «Мультисервистік ақпараттық коммуникациялық білім беру желісі» көп функционалды жүйесін енгізу жолымен білім беру қызметінің сапасын арттыруға көп көңіл бөлінетін болады, отандық оқулықтарды, баспа және электронды әзірлеу және оқу үдерісіне енгізу жалғасады, ағылшын тілінің шет елдік оқытушылары тартылатын болады.
Бюджет саясатының әлеуметтік саладағы негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың қорытындыларын, атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік үш деңгейлі жүйесін жасау, мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды халықаралық стандарттарға жақындату, негізгі әлеуметтік тәуекелдерді әлеуметтік сақтандыруды дамыту бойынша бекіту болып табылады.
Әлеуметтік саладағы міндеттердің бірі халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту болып табылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеу жүйесі зейнетақы жинақтауларын сақтау және қартайған шақта олардың жеткіліктілігі жөніндегі мемлекет кепілдіктерінің тетігін және басқа іс-шараларды әзірлеу жолымен де жетілдіріледі.
Зейнетақы төлемінің мөлшері арттырылатын болады, бұл ретте орта мерзімді екі кезең бойы осы өсу 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 еседен астамды құрайды, бұл ретте, зейнетақыларды есептеу үшін есепке алынатын шектеу 2008 жылдан бастап 15 АЕК-ден 25 АЕК-ге дейін көтерілді.
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілетін болады:
1998 жылғы 1 қаңтарға зиянды және ауыр еңбек жағдайларында еңбек өтілін жинақтаған адамдарға қосымша жәрдемақылар енгізіледі;
бала тууына байланысты жәрдемақыларды ұлғайту;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы орта мерзімді екі кезең бойы 2,5 еседен астам арттырылатын болады;
жүктілігі бойынша демалыста және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын әлеуметтік төлемдерден зейнетақы жарналарын аударуды жалғастыра отырып, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, бала тууды және ана болуды міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында әлеуметтік диалогтың рөлі артады және жұмыс берушілердің зиянды өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына ерікті, кәсіптік аударымдарды жүзеге асыруы үшін шарттық әлеует пайдаланылады.
Одан басқа әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы және мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету сапасы күшейтілетін болады.
2007 жылы жетілдірілген еңбек заңнамасы заңды секторда өнімді еңбекке уәждемені күшейте түсуге мүмкіндік береді және жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен тәуелділігін орнату үшін жағдай жасайды. Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауын бақылауды күшейту жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Жаңа Еңбек кодексінің ережелерін іске асыруға еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақылары енгізіледі.
Мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды халықаралыққа кезең-кезеңімен жақындатуға сәйкес жұмыс күшінің қарапайым молықтырылуын қамтамасыз ететін жалақының ең төменгі мөлшері белгіленетін болады.
Бюджет саласы қызметшілерінің еңбекақысын төлеу жүйесі жалақының мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайта отырып, жетілдірілетін болады.
Сондай-ақ бюджет саласы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі кезең-кезеңмен жалақы мөлшерін ұлғайту арқылы жетілдірілетін болады. Адами капиталды дамытуда рухани даму, адамдардың демалысы мен шығармашылығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ елдің мәдени мұраларына қол жеткізуді қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады.
2008-2010 жылдары мемлекеттік бюджеттің шығыстары мәдениеттің осы заманғы дамыған жүйесін қалыптастыруға, Ұлттың мәдени және рухани әлеуетінің өсуін қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілдің рөлін нығайтуға, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталатын болады.
Оның шеңберінде сараланған инновациялық технологиялық әдістемелерді пайдаланумен мемлекеттік тілді үйретудің тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тілдер туралы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар қабылданатын Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады, бұл 2009 жылға қарай оны меңгермеген мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілді оқытумен 100% қамтуға қол жеткізуге, сондай-ақ 16 өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге орыс және ағылшын тілдерін одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Қазақстандық мәдениет пен өнерді одан әрі дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлығымен бекітілген «Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен бекітілген “Көне Отырарды қалпына келтіру” 2005-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.
Осы бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тарихи-мәдени мұраларды сақтау және тиімді пайдалану, оның ішінде тиісті заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасады.
Мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру мақсатында діни сенім бостандығы мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қамтамасыз ету бойынша шаралар жүзеге асырылатын болады.
Үкіметтің мәдениет саласындағы шаралардың тиімділігін арттыру мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың серіктестігі тетігін одан әрі нығайтуға, сондай-ақ оның көлемін кезең-кезеңмен ұлғайта отырып мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында сандық телерадиохабарларын таратуды дамыту бағдарламасы әзірленуде. Осы бағдарламаның негізгі мақсаты мемлекеттік құралдарды ұсынатын бұқаралық ақпараттық қызмет көрсету сапасының артуын қамтамасыз ету болады.
Қоршаған ортаны қорғауға шығыстардың құрамында халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты және Қазақстан Республикасы экологиялық жүйелерін іске асыруға бағытталған, мынадай негізгі бағыттарда қаражат құрайтын болады:
қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның орнықты экологиялық дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру, табиғи ортаға арта түсіп отырған антропогенді әсерді азайту;
жердің шөлейттену және құнарсыздану үдерісін тоқтату және алдын алу;
тұтастай алғанда Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру, оның ішінде жекелеген өңірлер мен республиканың экологиялық жай-күйінің автоматтандырылған мониторингін жетілдіру;
елдің экономикалық әлеуетін дамытуды ұтымды аумақтық ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау.
Су ресурстарын, орман мен жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану бойынша 2010 жылға дейінгі бағдарламасы және “Жасыл мұнай” жүйелерін енгізу бойынша шаралар кешені әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасы бойынша, биологиялық әралуандық бойынша БҰҰ Конвенциясына және климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясына Киот хаттамасына қол қою мәселелерін пысықтау жоспарланып отыр.
2008-2010 жылдары орман қорын, жануарлар әлемін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған шығыстар құрылымында ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін арттыру үшін, орман ресурстарын ұтымды және жүдетпей пайдалану, оларды қорғау, сақтау және молықтыру, орман шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, мемлекеттік табиғи-қорықтық және орман қоры объектілерінің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету, тұяқты жабайы жануарлар мен киіктердің сирек және жоғалып бара жатқан түрлерінің олардың кәсіпшілік санына және жыл сайынғы өсімінің биологиялық негізділігіне қол жеткізу үшін табиғи еркіндік жағдайында таралымын сақтауға жағдайлар жасау бойынша шығындар негізгі орын алатын болады.
Қазақстан Республикасының су шаруашылығын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының көлемі мен қүрамы су ресурстары тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтау деңгейін арттыру және халықты ауыз сумен қажетті көлемде және кепілдендірілген сапада тұрақты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясаттың мақсаттары негізінде айқындалатын болады. Бұл еліміздің шектеулі су ресурстарын үтымды және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Халықты сапалы ауыз сумен одан әрі қамтамасыз ету және су ресурстарының тапшылығын қысқарту Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі экономиканың су секторын және су шаруашылығы саясатын дамыту тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 маусымдағы №1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
2008-2010 жылдары бюджеттің қосымша қаражаты жер асты сулары объектілерін қорғауды және өнеркәсіптік төгінділерді тазартуды дамытуға және Қазақстанның қалаларында су шаруашылығы объектілерін пайдаланатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталатын болады.
2008 жылы су құбырлары желісінен су ағуларды табу үшін және қалалық су арналары зертханалары мен бақылау-қадағалау қызметтері үшін жабдықтар сатып алуға, Ертіс өзені мен жер асты суларына улы заттардың түсуін алдын алу жолымен Өскемен, Семей, Павлодар қалаларының және Ертіс өзенінің бойында орналасқан елді мекендердің халқының тұрмыс деңгейін арттыру және денсаулығын жақсарту мақсатында мониторинг және егжей-тегжейлі жобалау бойынша қызметтер көрсетуге келісім-шарттар жасауға қоршаған ортаны қалпына келтіруге және өңірдің экологиясын жақсартуға қаражат бағытталатын болады.
Су шаруашылығы объектілерін пайдаланатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар бюджет қаражаты есебінен құрылыс, құнарландыру техникасымен және технологиялық жабдықтармен кезең-кезеңімен жарақтандырылатын болады, бұл өндірістік міндеттерді шешу, қаржылық сауықтыру, өнімділікті арттыру және еңбек жағдайын жақсарту жолымен суды үзіліссіз беруді қамтамасыз етеді.
Тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету және жылжымайтын мүлік нарығын дамыту да әлеуметтік бағдары бар (тұрғын үймен ең бірінші кезекте аз қамтылған азаматтарды қамтамасыз ету) және 2005-2007 жылдары қолданыста болған мемлекеттік бағдарламаның кемшіліктері ескерілген, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын Үкіметтің дәйекті саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Түрғын үй қүрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу қаржыландырудың тиімді тетіктерін дамыту есебінен, оның ішінде ипотекалық кредит беру және тұрғын-үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы қамтамасыз етілетін болады. Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет кредиті есебінен тұрғын үйлер салуы жалғасады, сондай-ақ индустриалды тұрғын үй құрылысын дамыту, тұрғын-үйдің жалгерлік секторы, тұрғын-үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымы, тұрғын-үй құрылысының сапасын жақсарту бойынша жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылданады.
Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің адами капиталды дамытуға шығыстары жалпы шығыстар көлемінің кемінде 61% құрайды, бұл Үкіметтің экономиканың мәселелерін шешкен кезде өзінің басым артықшылықтарын пайдалануға бағытталған саясаты - елдің адами капиталын іске қосуды растайды, бұл Ұлттық экономиканың барынша өсуіне және болашақта одан асып түсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
5-сурет. Адами капиталды дамытуға арналған шығыстардың жалпы көлеміндегі әр түрлі бағыттар бойынша шығыстардың үлесі
Бір немесе бірнеше секторлардың басымдықтарынан бас тартуды және экономиканың жаңа бәскелестік секторларын құруды көздейтін Ұлттық экономиканы әртараптандыру міндеті жоспарланып отырған орта мерзімді кезеңде өзекті болып қала береді және экономиканың жедел дамуын қамтамасыз ететін салиқалы қадамдарды қабылдауды және осы үдерісті одан әрі ынталандыру бойынша мақсатты күш-жігерді талап етеді.
Саяси, экономикалық және ұйымдастырушылық-құқықтық шаралардың жиынтығы, экономикалық саясаттың қағидаттары, басымдықтары ретіндегі Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде экономиканың құрылымында индустриаландырудан кейінгі және ілгері инновациялық дамуға қарай сапалық өзгерістер жүргізуді қамтамасыз етуге арналған негізделген іс-шаралар жүргізілетін болады.
2007 жылы Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына оның мынадай бөліктерде күшейтілуіне бағытталған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады:
«Қазына» АҚ орнықты даму қоры, «Самұрық» АҚ мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі мемлекеттік холдингі, «ҚазАгро» АҚ, «Самғау» АҚ дамуын ескере отырып осы үдеріске мемлекеттік ықпал ету құралдарының рөлін айқындау және нақтылау жолымен мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру;
қызметі Ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілетті және ресурс үнемдейтін өндірістерін жасауға бағытталған, елеулі қосылған құны және ел экономикасы үшін мультипликативті әсері бар экономиканың басым бағыттарында корпоративтік көшбасшыларды дамыту;
өңдеу өнеркәсібіне және қызмет көрсету саласына инвестиция тартуды ынталандыру және экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз етуге қабілетті «ұшқыр» макрожобаларды іске асыру және 2015 жылға қарай Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруіне мүмкіндік береді.
Стратегияның іс-шараларын қаржыландыру үшін бюджет қаражаты ғана емес даму институттарының, Ұлттық холдингтердің, Ұлттық компаниялардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаржы ресурстары да, сондай-ақ жаңа технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді құруға, инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған ең басым және тиімді жобаларды іске асыру үшін халықаралық ұйымдардың және донор-елдердің көмегі де іске қосылатын болады.
“Серпінді жобаларды” іске асыру міндеттері шеңберінде және экономиканың шикізат емес салаларындағы инвестициялық белсеңділікті ынталандыру мақсатында Қорлар қоры жобасының шеңберінде Қазақстан-Қытай инвестициялық қоры кұрылды. “Қорғас” халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын одан әрі дамыту жүзеге асырылады.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін зияткерлік және инфракұрылымдық негізді құрайтын салалар бюджеттік инвестициялар басымдықтары қатарында қала беретін болады. Олардың болуы корпоративті көшбасшылардың орнығуы үшін ғана емес, тұтастай алғанда іскерлік және инвестициялық белсенділіктің күшеюінің маңызды жағдайы болып табылатын қажетті базалық инфрақұрылымның дамуының бұл арада аса елеулі мәні бар.
Республикалық бюджет шеңберінде көлік инфрақұрылымын, оның ішінде су көлігі инфрақұрылымын қолдау, жаңарту мен кеңейту және авиациялық тасымалдау саласының дамуы бойынша іс-шараларды қаржыландыру жалғасады.
Осы шаралардың есебінен атқарылатын жұмыстардың сапасын міндетті түрде бақылауды жүзеге асыра отырып республикалық маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу жұмыстарының теңгерімі, жергілікті маңызы бар автожолдарды күрделі жөндеу қамтамасыз етілетін болады.
Кеме қатынасы және өзен көлігімен жүк тасу көлемінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін жол жұмыстары кешені, сол сияқты навигациялық жабдықтарды қою (алып тастау) және күтіп ұстау, түбін тереңдету түзету, түбін тазарту жұмыстарын орындау, Өскемен, Бүхтарма, және Шүлбі шлюздерін жөндеу және апатсыз жұмыс істеуді қамтамасыз ету, Ертіс, Қара Ертіс және Жайық өзендері учаскелерінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу, флотты жөндеу, мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен экономика салаларына жүйелі мониторинг, талдау және бағалау, сондай-ақ басқа елдер мен трансұлт корпорациялардың бәсекелі салаларына салыстырмалы талдау жасау үшін жетекші елдер мен салалар компанияларының негізгі тауарлар нарығының рейтингінің статистикасы мен шолулары енгізілген Еuгоmоnіtor Іnternatіonal компаниясының Glodal Market Іnformatіon Datadase (GMІD) халықаралық іскерлік ақпараттардың онлайн ақпараттық ресурстарына қол жеткізу коды сатып алынатын болады.
Экономиканың өсуін қолдауға және басқаруға көмек көрсететін халықаралық техникалық стандарттарды тездетіп және кеңінен енгізуге мынадай іс-шаралар ықпал ететін болады: