Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 348 Қаулысы
(2009.20.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына сәйкес, тұрғын үй нарығындағы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.23.12. № 1206 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Астана қаласының әкіміне пәтерлер сатып алуға аудару үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен нысаналы трансферттер түрінде «41000000000 (қырық бір миллиард) теңге, 2008 жылы - 21500000000 (жиырма бір миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін, 2009 жылы 19500000000 (он тоғыз миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлу көзделсін.
2. Астана қаласының әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес Астана қаласының құрылыс объектілеріндегі құрылыс салушылардан бір шаршы метр үшін құны 115000 (бір жүз он бес мың) теңгеден аспайтын пәтерлерді сатып алсын.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.20.07. № 1101 қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамдарына және олардың еншілес ұйымдарына заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласының құрылыс объектілеріндегі пәтерлерді сатып алу ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |