«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 455 Қаулысы
(2007.24.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 375 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қосымшаға сәйкес құрамда «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін сайлауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директор кандидатурасы жөнінде ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 маусымдағы
№ 455 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2007.24.09. № 829 Қаулысмен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы
Бүркітбаев Серік Мінуәрұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, төраға |
Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы | - «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ». |