«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 455 Қаулысы
(2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 375 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қосымшаға сәйкес құрамда «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін сайлауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директор кандидатурасы жөнінде ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 маусымдағы
№ 455 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2007.24.09. № 829 (бұр.ред.қара); 2008.28.03. № 298 (бұр.ред.қара) Қаулылармен құрам өзгертілді
«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы
Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ». |
Бүркітбаев Серік Мінуарұлы | - «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |