Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 111 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:
«Қызметкерлер кәсіптерінің, лауазымдарының, санаттарының атауы» деген 2-бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда:
1) тармақшада «Денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің)» деген сөздерден кейін «дәрігерлерінен, орта медицина қызметкерлерінен, санитарларынан басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада «Денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің» деген сөздерден кейін «дәрігерлерінен, орта медициналық қызметкерлерінен басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшада «туберкулезге қарсы кабинеттердің» деген сөздерден кейін «дәрігерлерінен, орта медициналық қызметкерлерінен, санитарларынан басқа» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«
18) | Туберкулез (туберкулезге қарсы) мекемелерінің, диспансерлерінің, аудандық орталық ауруханалардың және басқа да денсаулық сақтау ұйымдары бөлімшелерінің дәргерлеріне, орта медицина қызметкерлеріне, санитарларына туберкулездің мультирезистенттік түрімен ауыратын сырқаттармен жұмыс істегені үшін | | БЛЖ-дан 220 % | |
19) | Туберкулездік (туберкулезге қарсы) мекемелерінің, диспансерлерінің, орталық аудандық ауруханалар және басқа да денсаулық сақтау ұйымдары бөлімшелерінің, санаторийлердің, санаторий-профилакторийлердің, емдеу-өндірістік шеберханалардың, бөлімшелердің, палаталардың, емдеу-алдын алу ұйымдарының туберкулезбен ауыратындарға арналған оқшаулағыштардың, интернат-үйлерінің туберкулезге қарсы кабинеттердің, балалар туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) дәрігерлеріне, орта медицина қызметкерлеріне, санитарларына | | БЛЖ-дан 190 % | |
20) | Жұмысында рентген сәулелі диагностика пайдаланылатын дәрігерлерге, орта медицина қызметкерлеріне | | БЛЖ-дан 80 % | |
21) | Жұмысында ультродыбыстық диагностика пайдаланылатын дәрігерлерге, орта медицина қызметкерлеріне | | БЛЖ-дан 60 % | |
»;
реттік нөмірі 6-жолда:
2) тармақшада:
бірінші абзац «акушер-гинекологиялық» деген сөздерден кейін «, неонатологиялық, гематологиялық» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«неонатолог»;
жиырма екінші абзацтағы «травматология» деген сөздің алдынан «нәрестелердің физиологиясы және патологиясы бөлімшелерінің, шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшелерінің нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық бикесі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«
| хирургиялық бейінді медициналық бикесі | | БЛЖ-дан 50% | |
| химиялық терапия жүргізумен айналысатын гематолог | | БЛЖ-дан 80% | |
| гематологиялық сырқаттарға химиялық терапияны жүзеге асыратын медициналық бикесі | | БЛЖ-дан 40% | |
»;
5) тармақшада:
«жалпы сараптамалық зерттейтін» деген сөздер алынып тасталсын;
5-бағанда:
бірінші абзацтағы «мәйіттерді сараптаумен» деген сөздерден кейін «және мәйіт материалдарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
Ескертпенің 1-тармағындағы «70 %» деген сандар «220 %» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 22-қосымшада:
«Қызметкерлер мамандықтарының, лауазымдарының атауы» деген бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда:
2) тармақшадағы «операция медициналық бикесі» деген сөздерден кейін «, хирургия медициналық бикесі» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда:
1) тармақшадағы «жалпы сараптамалық зерттеулердің» деген сөздер алынып тасталсын, «мәйіттердің сараптамасымен» деген сөздерден кейін «және мәйіт материалдарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
«
8 | Терапиялық бейінді мамандар: | |
1) | Дәрігер: | Реанимацияның, қарқынды терапия мен жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы 500 грамм болатын шала туған нәрестелерге күтім жасау нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық күйзеліс, кезекшілікке және шұғыл шақыртуларға байланысты қатты шаршау, арнайы жабдықтармен тұрақты жұмыс істеу (өкпені жасанды желдету аппараттары, кювездер, реанимациялық үстелдер) |
неонатолог |
2) | орта медицина персоналы: |
жаңа туған нәрестелер физиологиясы және патологиясы бөлімшелерінің жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық бикесі |
шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшелерінің жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық бикесі |
3) | дәрігер: | Жоғары өлім болуы мүмкін қатерлі қан ауруларымен ауыратын сырқаттарға химиялық терапия жүргізу нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық күйзеліс, тәулік бойғы кезекшілікке, дереу шешім қабылдауды талап ететін өміріне қауіп төндіретін асқынулардың жоғары пайызына байланысты қатты шаршау |
химиялық терапияны жүргізумен айналысатын гематолог |
4) | орта медицина персоналы: |
гематологиялық сырқаттарға химиялық терапияны жүзеге асыратын медициналық бикесі |
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |