Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары;
2) Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 30 қантардағы
№ 77 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің
үлгі штаттары
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары
қызметкерлерінің үлгі штаттары
Лауазымдардың атауы | Штат бірліктерінің саны (топтардың санына қарай) |
1-3 | 4-5 | 6-7 | 8-9 | 10 және одан да көп |
Меңгеруші | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Әдіскер | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Меңгерушінің шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары | _ | _ | _ | _ | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 0,5 | 1 | 1 | 1 | - |
Медбике | 0,5 | 1 | 1 | 1,5 | 1,5 |
Емдәмбике | - | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Бухгалтер | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1,5 |
Хатшы | - | - | 0,5 | 0,5 | 1 |
Бас аспаз | - | - | - | - | 1 |
Аспаз | 1,5 | 2 | 3 | 3 | 2 |
Көмекші жұмысшы | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 2 |
Қоймашы | - | - | - | - | 1 |
Кастелянша | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 |
Ғимараттарда кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 1,5 | 1,5 | 2 |
Кір жуу машиналарының операторы | 1 | 1 | 1 | 2 | 3 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының бір тобына
есептелген тәрбиешілер мен тәрбиешілер көмекшілерінің
штат бірліктері
Лауазымдардың атауы | 6 күндік жұмыс аптасы кезінде балалардың болуы (сағат) |
9 | 10 | 12 | 24 |
Бөбекжай топтары |
Тәрбиеші | 2,25 | 2,5 | 3 | 5,5 |
Тәрбиешінің көмекшісі | 1,3 | 1,5 | 1,75 | 2,75 |
Мектепке дейінгі топтар |
Тәрбиеші | 2,25 | 2,5 | 3 | 3,5 |
Тәрбиешінің көмекшісі | 1 | 1,25 | 1,5 | 1,5 |
5 күндік жұмыс аптасы кезінде балалардың болуы (сағат) |
9 | 10,5 | 12 | 24 |
Бөбекжай топтары |
2,0 | 2,25 | 2,5 | 4,5 |
1,1 | 1,3 | 1,5 | 2,5 |
Мектепке дейінгі топтар |
2,02 | 2,25 | 2,5 | 3,0 |
1 | 1,15 | 1,25 | 1,5 |
Ескертпелер:
1. Интернаттық үлгідегі санаторийлік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілері мен тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері (туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балалар үшін) демалыс және мереке күндеріндегі жұмысын есептегенде балалар тәулік бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктеріне сәйкес белгіленеді.
2. Тәрбиеленушілерді дамытудың басым бағыты бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында мынадай:
әдіскер, бір бірліктен артық емес;
4 жастағы және одан да ересек балалардың әр тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі бойынша балаларды бейінді оқыту жөніндегі оқытушылар лауазымының штат бірліктері белгіленеді.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы музыка жетекшілері лауазымының штат бірліктері 2 жастағы және одан ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді.
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы қазақ тілі оқытушысының штат бірліктері 3 жастағы және одан да ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді.
5. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және осындай балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында әрбір топқа лауазымның бір штат бірлігі сурдопедагог лауазымы қосымша белгіленеді.
6. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында логопед және дефектолог мұғалім лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
7. Әр түрлі тілде оқыту және тәрбиелеу қатар жүргізілетін эксперименттік режимде жұмыс істейтін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында әдіскерлердің лауазымының штат бірліктері топтардың санына қарай, әрбір топқа лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен еңбекақы төлеу қоры шегінде тілдік оқыту және тәрбие берудің әрбір түрі үшін жеке белгіленеді.
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында дене тәрбиесі залы болған жағдайда 3 және одан ересек жастағы балалардың әрбір тобы үшін лауазымның 0,25 бірлігі есебінде дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
9. Қыли көзді және амблиопиясы бар балаларға арналған арнаулы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тифлопедагог мұғалімі және әрбір 3 топқа лауазымның 0,5 штат бірлігі есебінен медициналық аппаратураны жөндеу жөніндегі техник лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
10. Балалардың дене мен психикалық денсаулығын сақтау әрі нығайту жөніндегі міндеттерді орындайтын және физиотерапия кабинеттері бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында дәрігер лауазымының 1 штат бірлігі көзделеді.
11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында компьютерлік және ұйымдастыру техникасы болған кезде осы техникаға қызмет көрсету жөніндегі маманның лауазымдық штат бірлігі қосымша белгіленеді.
12. Гуманитарлық-эстетикалық бейіндегі жұмыс бағыты бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-аналар мен балалардың қазіргі заманға сай талаптары ескеріле отырып, хореограф, эстетика, бейнелеу өнері жөніндегі оқытушылар лауазымдарының және басқа да лауазымдардың лауазымдық штат бірліктері қосымша көзделуі мүмкін.
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
«Мектеп-балабақша» кешендері
Лауазымдардың атауы | Сынып жинақтауыштары мен топтардың саны |
2-3 | 4-6 | 7-9 | 10-14 | 15 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Директордың тәрбие жұмы- сы жөніндегі орынбасары | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары | - | - | - | - | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Медбике | 0,5 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Емдәмбике | - | - | 0,5 | 0,5 | 1 |
Кіші медициналық персонал | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Педагог-психолог | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 |
Әдіскер | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Аға вожатый | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас бухгалтер | - | - | - | - | 1 |
Бухгалтер | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Хатшы | - | - | 1 | 1 | 1 |
Қоймашы | - | - | - | 1 | 1 |
Кастелянша | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 |
Бас аспаз | - | - | - | 1 | 1 |
Аспаз | 1,5 | 2 | 2 | 2 | 3 |
Асүй жұмысшысы | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 2 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Әрбір ғимаратқа вахтер | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Бір топтың тәрбиешілері мен тәрбиешілерінің көмекшілері лауазымының штат бірліктері тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісінің топтағы бір мезгілдегі жұмысы ескеріле отырып, топтың жұмыс режиміне және аптасына белгіленген сағат нормасына қарай белгіленеді.
2. Түнгі кезектегі тәрбиешілерінің көмекшілері лауазымының штат бірліктері екі топқа бір штат бірлігі есебінен белгіленеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін бір немесе тақ санды, сондай-ақ топтарға оқшауланған есігі бар ұйымдарда екі топқа бірдей есептелген тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері жеке топқа да қолданылуы мүмкін.
Жалпы білім беретін мектептер
Лауазымдардың атауы | Мектеп алдындағы дайындықты қоса алғандағы сыныптар (сынып жинақтауыштарының) санына қарай штат бірліктерінің саны |
6-ға дейін | 6-10 | 11-13 | 14-16 | 17-20 | 21-29 | 30 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | 1 |
Бас бухгалтер | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 |
Педагог-психолог | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Аға вожатый | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Медбике | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1,5 | 1,5 |
Кіші медициналық қызметші | - | - | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Кітапхана меңгерушісі | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | - | 0,5 | 0,5 | - | - | - | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Хатшы | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмыс- шы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Әрбір ғимаратқа вахтер | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Ескертпе:
Бастауыш мектептерде директордың лауазымы 8 және одан көп сынып жинақтауыштары әрі оқушылар саны 240-тан кем болмаған жағдайда белгіленеді.
Лицейлер, гимназиялар (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар),
эксперименттік алаңдар
Лауазымдардың атауы | Мектепке дейінгі дайындықты қоса алғанда сынып жинақтауыш санына қарай штат бірліктерінің саны |
6-ға дейін | 6-10 | 11- 13 | 14- 16 | 17- 20 | 21- 29 | 30 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөнін- дегі орынбасары | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Директордың бейін бойынша оқыту жөнін- дегі орынбасары | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруашылық жұмысы жөнінде- гі орынбасары | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | - |
Бас бухгалтер | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 |
Менеджер | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Аға вожатый | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Медбике | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1,5 | 1,5 |
Кіші медициналық қызметші | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Кітапхана меңгерушісі | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | - | 0,5 | 0,5 | - | - | - | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Хатшы | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әрбір ғимаратқа | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған
мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған
мектеп-интернаттар және әскери мектеп-интернаттар
Лауазымдардың атауы | Сынып жинақтауыштың санына қарай штат бірліктерінің саны |
10-ға дейін | 10-20 | 21-30 | 31 және одан да көп |
Директор (бастық) | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың (бастықтың) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | 0,5 | 1 | 1,5 | 2 |
Директордың (бастықтың) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 0,5 | 1 | 1 | 2 |
Директордың (бастықтың) бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың (бастықтың) шаруашылық жұмысы жөніндегі орынба- сары | - | 1 | 1 | 1 |
Интернат меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 |
Шаруашылық қойма меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас бухгалтер | - | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 2 | 2 | 3 | 3 |
Менеджер | 1 | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Дәрігер-педиатр | 1 | 1,5 | 1,5 | 2 |
Медициналық бике | 1 | 1 | 1,5 | 1,5 |
Емдәмбике | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кіші медициналық персонал | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кадр мәселелері жөніндегі инспектор | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кітапхана меңгерушісі | - | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Оқу бөлімінің хатшысы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Хатшы | - | 1 | 1 | 1 |
Мұрағатшы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Комендант, әрбір ғимаратқа | 1 | 1 | 1 | 1 |
Қоймашы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кастелянша | 1 | 1 | 1 | 1 |
Экспедитор | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кір жуу машинала- рының операторы | 1 | 2 | 2 | 3 |
Аяқ киімші | 1 | 1 | 1 | 1 |
Киім бүтіндеу жөніндегі тігінші | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 2 | 2 | 2 |
Шаштараз | 1 | 1 | 1 | 1,5 |
Күзетші, әрбір ғимаратқа | 3 | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әрбір ғимаратқа | 2 | 2 | 2 | 2 |
Жүк тасушы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Тәрбиеленушілердің саны 1-7 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына 2 бірліктен және 8-11 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндері мен демалыс кезеңінде тәрбиешілерді алмастыруды қоса алғанда, бір топқа бір бірліктен белгіленеді.
2. Жатақхана (интернат) бойынша кезекші немесе тәрбиеші көмекшісі лауазымының штат бірліктері әрбір жатын корпусқа жұмыстың ауысымдық режимі ескеріле отырып белгіленеді.
3. Аспаз бен ас үйдің көмекші жұмысшылары лауазымының штат бірліктері оқушылар санына қарай әрбір 60 балаға бір штат бірлігі есебінен енгізіледі.
4. Әскери мектеп-интернаттарда әскери-жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін тир меңгерушісі мен қару қоймасы меңгерушісінің штат бірліктері қосымша енгізіледі.
Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттар
Лауазымдардың атауы | Тәрбиеленушілердің топтар санына қарай штат бірліктерінің саны |
10-ға дейін | 10-15 | 16 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруа- шылық жұмысы жөніндегі орынба- сары | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 1 | 1 | 1 |
Аға вожатый | 1 | 1 | 1 |
Дәрігер | 1 | 1 | 1 |
Тәулік бойы кезекші медбике | 4 | 4 | 4 |
Кіші медициналық персонал | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Кітапхана меңгерушісі | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | 1 | 1 | 1 |
Бас бухгалтер | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші (хатшы) | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | 1 | 1 | 1 |
Аспаз | 2 | 2 | 2 |
Асүй жұмысшысы | 1 | 2 | 2 |
Қоймашы | 1 | 1 | 1 |
Кастелянша | 1 | 1 | 1 |
Экспедитор | 1 | 1 | 1 |
Аяқ киімші | 1 | 1 | 1 |
Киім мен ішкиім жөніндегі тігінші | 1 | 1 | 1 |
Кір жуу машинала- рының операторы | 2 | 2 | 3 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әрбір ғимаратқа | 1 | 1 | 1 |
Жүкші | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Тәрбиешілердің саны демалыс, мереке күндері және демалыс кезеңінде тәрбиешілерді алмастыруды қоса алғанда, 1-7 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына 2 бірлік және 8-11 сыныптардағы тәрбиеленушілердің бір тобына 1 бірлік есебінен белгіленеді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100-ге дейін тәрбиеленушілері бар мектеп-интернаттарда тәрбиеші лауазымының 1 штат бірлігі қосымша белгіленеді, ал 100-ден астам тәрбиеленушілері бар мектеп-интернаттарда әрбір 50 тәрбиеленушіге тәрбиеші лауазымының 0,5 штат бірлігі қосымша белгіленеді.
2. Санаторийлік үлгідегі туберкулез мектеп-интернаттарында дәрігерлер мен медбикелердің штат бірліктері осы интернаттарда оқитын әрбір 100 оқушыға бір дәрігер мен екі медбике бірлігі есебінен белгіленеді.
Өнер мектептері, колледждері (училищелері)
жанындағы интернаттар
Лауазымдар- дың атауы | Тәрбиеленушілердің саны |
25-ке дейін | 25-50 | 50-100 | 101- 120 | 121- 160 | 160 және одан да көп |
Интернат меңгерушісі | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | 1 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 2 | 2 |
Аспаз | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Асүй жұмысшысы | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Кастелянша | - | - | - | 1 | 1 | 1 |
Кір жуатын машиналарының операторы | 0,5 | 1 | 1,5 | 1,5 | 2 | 2 |
Тәрбиешінің көмекшісі | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Шаруашылық меңгерушісі | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Медбике | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
Жалпы білім беретін мектептер жанындағы интернаттарда кемінде, 25 адамнан тұратын топқа бір тәрбиеші лауазымының штат бірлігі, бірақ интернатқа кемінде 1,5 бірлік есебінен белгіленеді.
Интернатта 2 немесе одан да көп жатын корпусы болған жағдайда тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері осы корпуста тұратын тәрбиеленушілердің санына қарай белгіленеді.
Саны 100-ден астам тәрбиеленуші тұратын интернатта жатын корпустың әр қабатына 2 штат бірлігі есебінен тәрбиеші көмекшісінің лауазымы белгіленеді.
Интернаттардағы ғимараттарға, құрылыстар мен жабдықтарға қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы лауазымының штат бірлігі жалпы білім беретін мектепте көрсетілген лауазым болмаған кезде енгізіледі.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
Кәсіптік лицейлер
Лауазымдардың атауы | Білім алушылардың санына қарай штат бірліктерінің саны |
280-ге дейін | 281-880 | 881 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруа- шылық жұмысы жө- ніндегі орынбасары | - | 1 | 1 |
Аға шебер | 1 | 1 | 1 |
Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдас- тырушы | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 1 | 1 | 1 |
Әдіскер | 1 | 1 | 1 |
Медициналық бике | 1 | 1 | 1 |
Бас бухгалтер | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 2 | 2 |
Оқу бөлімінің хатшысы | - | 1 | 1 |
Хатшы (іс қағаз- дарын жүргізуші) | 1 | 1 | 1 |
Кітапхана меңгерушісі | - | 1 | 1 |
Кітапханашы | 1 | 1 | 1 |
Жатақхана меңгерушісі | 1 | 1 | 1 |
Паспортшы | 0,5 | 0,5 | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 1 | 1 | 1 |
Қоймашы | - | 1 | 1 |
Комендант, әрбір ғимаратқа | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | 1 | 1 | 1 |
Аспаз | 2 | 3 | 4 |
Асүй жұмысшысы | 1 | 1 | 1 |
Экспедитор | 1 | 1 | 1 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 2 |
Кір жуу машинала- рының операторы | 1 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әрбір ғимаратқа | 1 | 1 | 1 |
Жүкші | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (кәсіптік лицейлер) оқушылардың санына қарамастан, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
2. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (кәсіптік лицейлер) өндірістік оқыту шебері лауазымының штат бірлігі 12-15 оқушыдан тұратын өндірістік оқу тобына бір штат бірлігі есебінен, ал күрделі жабдықтарға қызмет көрсетуге, қауіпті әрі күрделі жұмыстар орындауға байланысты кәсіптер бойынша жергілікті жағдайға қарай белгіленеді.
3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (кәсіптік лицейлер) филиал меңгерушісі лауазымының штат бірлігі филиалдағы оқушылар саны 150 оқушыдан көп болған кезде енгізіледі.
4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (кәсіптік лицейлер) жатақхана бойынша тәрбиеші лауазымының штат бірлігі жатақханада тұратын әрбір 75 оқушыға және әрбір 25 жетім балаға енгізіледі.
5. Саны 75 және одан көп адамнан тұратын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (кәсіптік лицейлер) жатақханасында әр ауысымның жатақхана бойынша кезекшісі лауазымының штат бірлігі белгіленеді. Көп қабатты, бірнеше кіретін оқшауланған есіктері бар жатақханаларда кезекшілер саны жеке тәртіппен белгіленеді.
6. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (кәсіптік лицейлер) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар саны 500 немесе одан көп болған кезде кадрлар және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
7. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (кәсіптік лицейлер) 20 және одан көп жұмыс істеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және басқалар) болған кезде механик лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
8. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (кәсіптік лицейлер) штат бірліктерін белгілеу кезінде оқу жылының 1 қаңтарындағы оқушылардың тізімдік құрамы бойынша саны негізге алынады.
9. Музыкалық жетекші, көркемдік жетекші, суретші, мұрағатшы лауазымдарының штат бірліктері еңбекақы төлеу қоры шегінде немесе ұсынылған ақылы қызметтерден түскен қаражат есебінен бағдарламалар әкімшілерімен келісім бойынша енгізіледі.
Колледждер, училищелер
Лауазымдардың атауы | Білім алушылардың санына қарай штат бірліктерінің саны |
280-ге дейін | 281-880 | 881 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруа- шылық жұмысы жө- ніндегі орынбасары | - | 1 | 1 |
Медбике | 1 | 1 | 1 |
Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдас- тырушы | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 1 | 1 | 1 |
Әдіскер | 1 | 1 | 1 |
Кадрлар бөлімінің меңгерушісі | - | 1 | 1 |
Кадрлар жөніндегі (арнайы жұмыс бойынша) инспектор | 0,5 | 1 | 1 |
Бас бухгалтер | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 2 | 2 |
Оқу бөлімінің хатшысы | - | 1 | 1 |
Хатшы (іс қағаз- дарын жүргізуші) | 1 | 1 | 1 |
Кітапхана меңгерушісі | - | 1 | 1 |
Кітапханашы | 1 | 1 | 2 |
Жатақхана меңгерушісі | 1 | 1 | 1 |
Паспортшы | 0,5 | 0,5 | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 1 | 1 | 1 |
Қоймашы | - | 1 | 1 |
Комендант, әрбір ғимаратқа | 1 | 1 | 1 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 2 |
Кір жуу машинала- рының операторы | 1 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әрбір ғимаратқа | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ақпараттық жүйені қолдану салалары бойынша мамандар даярлау кезінде директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
2. Осы ұйымдарда бір немесе бірнеше мамандық бойынша кемінде 150 оқушы саны бар болса, әрі мамандық бойынша бөлімше меңгерушісі лауазымының штат бірліктері белгіленеді.
3. Техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиеші лауазымының штат бірлігі жатақханада тұратын әрбір 75 оқушыға белгіленеді.
4. Техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының жатақханасында 100 және одан да көп адам тұратын болса, әр ауысымға жатақхана кезекшісі лауазымының штат бірлігі белгіленеді. Көп қабатты, кіретін бірнеше бөлек есіктері бар жатақханаларда кезекшілер саны жеке тәртіппен белгіленеді.
5. Әскери міндеттілер және әскерге шақырушылар саны 500 немесе одан да көп техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
6. Техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 20 және одан көп жұмыс істеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және т.б.) болған жағдайда механик лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
7. Штат бірліктерін белгілеген кезде оқу жылының 1 қаңтарындағы оқушылардың тізімдік құрамдағы саны негізге алынады.
8. Техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу әдістемелік бірлестік болған кезде директордың оқу әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары, әдіскер, техник лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен
жасөспірімдерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
Лауазымдардың атауы | Тәрбиеленушілер топтарына қарай штаттық бірліктер саны |
8-ге дейін | 9-14 | 15-30 | 31 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу- тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | - | - | - |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 1 | 1 | 1 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруа- шылық жұмысы жө- ніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Аға вожатый | 1 | 1 | 1 | 1 |
Дәрігер | 1 | 1 | 1 | 1 |
Тәулік бойы кезек- шілік ететін медбике | 4 | 4 | 4 | 4 |
Кіші медициналық персонал | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 |
Бас бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші (хатшы) | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кітапхана меңгерушісі | - | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | 0,5 | - | - | 1 |
Қоймашы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кастелянша | 1 | 1 | 1 | 1 |
Экспедитор | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | - | 1 | 1 | 1 |
Аспаз | 2 | 2 | 2 | 3 |
Асхана жұмысшысы | 1 | 1 | 2 | 3 |
Кір жуу машинала- рының операторы | 1 | 2 | 3 | 3 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әр ғимаратқа | 1 | 1 | 1 | 1 |
Жүк тасушы | 1 | 1 | 1 | 2 |
Ескертпелер:
1. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған түзеу ұйымдарында тәрбиешілердің саны тәрбиеленушілердің әр тобына 2 штат бірлігі есебінен белгіленеді.
2. Сыныптар және тәрбиелеу топтарының толықтырылуы даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары туралы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
3. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жексенбі және мереке күндері осы ұйымда қалатын балалар бар арнаулы түзеу ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдар белгіленеді:
осындай әрбір 25 балаға бірақ әр ұйымға 0,25 бірліктен кем болмайтын тәрбиеші лауазымының 0,25 штат бірлігі
ұйымда кемінде осындай 25 бала болған кезде аспаз лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.
4. Жүріп-тұру мүшелері мен сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында 12-15 балаға 1 штат бірлігі есебінен, кемтарлығы күрделі балаларға арналған балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бір штат бірлігі есебінен логопед мұғалім және дефектолог мұғалім лауазымдары белгіленеді.
5. Бір немесе бірнеше мектепке дейінгі топтары бар арнаулы түзеу ұйымдарында әрбір топқа мынадай лауазымдар белгіленеді:
тәрбиеші - 2 штат бірлігі;
естімейтін, нашар еститін, кейін саңырау болған балаларға, зағип және нашар көретін, ойлау қабілеті нашар балаларға топтар үшін арналған дефектолог мұғалім 1 штат бірлігі.
6. Арнаулы түзеу ұйымдарының көру қабілеті бұзылған, жүріп-тұру мүшелері бұзылған мектепке дейінгі балалар топтарында 2 штат бірлігі есебінен тәрбиеші көмекшісінің штат лауазымы, сөйлеу қабілеті өте нашар әрбір 10 балаға және фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбір 12 балаға логопед-мұғалім лауазымының штат бірлігі белгіленеді. Егер мектепке дейінгі топтардың жатын бөлмелері қатар орналасса, әрбір 2 топқа 2,5 штат бірлігі есебінен тәрбиешінің көмекшісі, 0,5 штат бірлігі есебінен кір жуу машинисі лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
7. Арнаулы түзеу ұйымдарында екі немесе одан да көп мектепке дейінгі топтар болған кезде 0,5 бірліктен аспаз және көмекші жұмысшы лауазымдарының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
8. Көру қабілеті бұзылған балаларға, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арнаулы 4-тен 9-ға дейін топтары бар түзеу ұйымдарында көмекші жұмысшы лауазымының 1 штат бірлігі, ал 9 және одан да көп топтар болған кезде 2 штат бірлігі қосымша белгіленеді.
9. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында: осы ұйымдарда саны 100-ге дейін тәрбиеленушісі болса 0,5 штат бірлігі және саны 100-ден асатын тәрбиеленуші болса - 1 штат бірлігі ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөніндегі техник лауазымының штат бірлігі белгіленеді.