Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 522 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 91 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
1. «Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 522 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 235-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша «салық органы», «салық органынан», «салық органын», «салық органына» деген сөздер «салық немесе кеден органы», «салық немесе кеден органынан», «салық немесе кеден органын», «салық немесе кеден органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аукционшыны және (немесе) бағалаушыны айқындау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) - мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган және/немесе кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе оның тапсырмасы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы салық немесе кеден органы;»;
21-тармақта «жағдайда,» және «мақсатында» деген сөздерден кейін «өз құзыретінің шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
32-тармақта «шешімнің» деген сөз «өз шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |