кiрiспедегi "мемлекеттік бюджет" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетілдіру" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
коэффициенттердi қолдана отырып, лауазымдық жалақыларды және әскери атақтар бойынша жалақыларды, арнаулы атақтар мен сыныптық шендер үшiн қосымша ақыларды; сондай-ақ қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстеме ақыларды;
коэффициенттердi қолдана отырып, лауазымдық жалақыларды (ставкаларды), сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерінің еңбек жағдайы үшiн қосымша ақы мен үстемеақыларды есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақының мөлшері 5060 теңге деңгейінде белгiленсiн.".
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметінің күшін жойған кейбір
шешімдерiнің тiзбесі
1. "Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететiн және мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына еңбек сіңiрген жылдарына проценттік үстемеақы төлеу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 19 қыркүйектегі № 1142 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 38, 358-құжат).
2. "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы № 170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 6, 46-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 6 ақпандағы № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 107-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлерiнің еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 1861 қаулысы.
5. "Мемлекеттік білiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне ауылды жерде жұмыс iстегенi үшін, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін, сынып жетекшілiгi үшiн, дәптерлер, жазба жұмыстарын тексергенi үшін, оқу кабинеттерiнің меңгерушiлiгi үшiн, тереңдетіп оқытқаны үшiн қосымша ақы және басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1927 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 55, 618-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 6 ақпандағы № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 73 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 17-құжат).