Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы № 170 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 19 қаңтардағы № 73 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.01.02 ж. № 41 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы № 170 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 6, 46-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер олардың жалақысы қолданылып жүрген заңнамада Р000281_ көзделген барлық қосымша ақылар мен үстеме ақылар ескерілгенде, бұрын алынған қосымша ақылар мен үстеме ақылар, салалық, аудандық коэффициенттер, биік таулы, шөл далалы және сусыз жерлерде жұмыс істегені үшін коэффициенттер ескерілгенде бұрын алып жүрген жалақысынан төмен болған және сол лауазымында жұмыс істеуін жалғастырған жағдайда қызметкерлерге жалақы айырмасын төлейді. Бұл ретте көрсетілген айырма жалақы қорында көзделеді.".
2. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі