Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан
стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлерінің еңбегіне
ақы төлеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
18 желтоқсандағы № 1861 қаулысы
ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 41 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының кадр әлеуетін нығайту мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін талдамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі ретіндегі оның мәртебесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына 1,75 көтеріңкі коэффициенті белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлерінің еңбегіне 1,75 көтеріңкі коэффициентін қолдана отырып, ақы төлеу шығыстарын қаржыландыру институтты ұстауға 2001 жылға және келесі жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
3. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Қ. Тоқаев |