Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 Қаулысы
(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.25.01. № 65 (бұр. ред. қара); 2008.15.04. № 344 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен базалық және шекті ставкалар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1314 қаулысымен
бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және
шекті ставкалары
Р/с № | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Қалдықтардың қауіптілік деңгейі | Базалық ставка, теңге | Шекті ставка, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Ластаушы заттардың тұрақты көздерден шығарындылары1 | шартты тонна | | 582 | 2600 |
2 | Ластаушы заттардың қозғалмалы көздерден шығарындылары: | пайдаланыл- ған отынның тоннасы (бұдан әрі - тонна) | | | |
этилденбеген бензин үшін | | 384 | 890 |
дизель отыны үшін | | 523 | 1411 |
сұйытылатын, сығылған газ үшін | | 285 | 800 |
3 | Ластаушы заттардың төгінділері: | шартты тонна | | | |
су көздеріне2 | | 15654 | 35000 |
жинақтауыштарға сүзу алаңдарына, жер бедеріне | | 1100 | 21000 |
4 | Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар3 | тонна | | 227,5 | 770 |
5 | Өнеркәсіптік қалдықтар | | | | |
өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру | тонна | «қызыл» тізім | 8332 | 38500 |
«янтарь» тізім | 4166 | 19200 |
«жасыл» тізім | 1041,5 | 4800 |
жіктел- мегендер | 521 | 2500 |
Бұдан басқа | | | | |
аршынды жыныстар4 | тонна | | 2,8 | 10,7 |
байыту шлактары, шламдары, қалдықтары4 | | 21,7 | 109,5 |
күл мен күлшлактар4 | | 18,1 | 1536 |
ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары | | 10,5 | 512 |
6 | Радиоактивті қалдықтар: | гигабек- керель | | | |
трансуранды қалдықтар | | 442,1 | 2060 |
альфа-радиоактивті қалдықтар | | 221 | 1030 |
бета-радиоактивті қалдықтар | | 22,1 | 103 |
шынақты радиоактивті көздер | | 221 | 1030 |
7 | Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары | шартты тонна | | 2600 | 61134,5 |
Ескертпе:
1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
40,75 коэффиценті;
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 344 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:
энергия өндіруші ұйымдар;
табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі
1 0,3 коэффициенті;
2 0,43 коэффициенті;
3 0,25 коэффициенті;
3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
30,2 коэффиценті;
4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 344 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.