Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1314 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 65 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қоршаған ортаға эмиссия үшін базалық және шекті ставкалар мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
«7 | Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары | шартты тонна | | 30567,3 | 61134,5 |
»
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер Министрі | К. Мәсімов |