2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 33-40-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 25 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 40-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
33-ҚОСЫМША
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік
материалдық резерв жүйесін басқару саласындағы уәкілетті
органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5296528 мың теңге (бес миллиард екі жүз тоқсан алты миллион бес жүз жиырма сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Авариялық құтқару қызметтері және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы заңы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдайлардың алдын алу және мемлекеттік материалдық резервті құру мен дамытуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың, Азаматтық қорғаныстың, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жұмыстарын үйлестіру. Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс академиясында оқитын тыңдаушылардың және олардың отбасыларының белгіленген орынға бару және кері қайту транспорттық шығындарын қамтамасыз ету. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарды, оның ішінде стандарттарды, ережелерді, нұсқауларды, басшылықтар мен ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі мерзімді журналдар шығару бойынша қызмет көрсетулерді төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламаларды ұйымдастыру және орындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдары |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың, Азаматтық қорғаныстың, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жұмыстарын үйлестіру. Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс академиясында оқитын тыңдаушылардың және олардың отбасыларының белгіленген орынға бару және кері қайту транспорттық шығындарын қамтамасыз ету. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарды, оның ішінде стандарттарды, ережелерді, нұсқауларды, басшылықтар мен ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі мерзімді журналдар шығару бойынша қызмет көрсетулерді төлеу. | ІІ-ІҮ тоқсан | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Министрліктің аумақтық органдарының ғимараттары мен үй-жайларын күрделі жөндеу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс Қазақстан, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының ТЖД, Қызылорда облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Орталық аппарат пен оның аумақтық органдарының қызметтерін материалдық-техникалық жарақтандыру | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және оның аумақтық органдары |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Ақпараттық жүйелерді техникалық, технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету. Есептеу техникасы мен лицензиялық бағдарламалық өнімдерді, оның ішінде: жинағымен дербес компьютерлер, ноутбуктар, сканерлер, серверлер, ЕСЭДО серверлерін, жоғары жылдамдықтағы сканерлер, 4 ТБ тұрақты сақтайтын дискілер сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және оның аумақтық органдары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
а) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
б) - 250 адамның, оның ішінде: аумақтық органдардан 225 адамның кәсіби деңгейін көтеру;
- 1776 адамға, оның ішінде: аумақтық органдардан 1641 адамға мемлекеттік тілді оқытып-үйрету.
Түпкі нәтиже:
а) төтенше жағдайлар оқиғаларын азайту, төтенше жағдайлардың алдын алатын жұмыс істеп тұрған жасақтарды күшейту;
б) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін 17,3 пайызға, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілді оқытып-үйретуді 44,3 пайызға арттыру қажеттілігін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) республикалық бюджеттің қаражатын тиімді бөлу;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеуге - 44300,0 мың теңге, өрт қауіпсіздігі саласында - 8185,0 мың теңге;
3) бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 31,1 мың теңге.
4) бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытып-үйретуге кететін орташа шығын - 13,1 мың теңге.
Сапасы:
а) төтенше жағдайлардың алдын алуға, оларды жоюға белгіленген регламент шеңберінде дер кезінде ден қою;
б) адам факторларына байланысты төтенше жағдайлар санының, қаза болғандар мен зардап шеккендердің, сондай-ақ өрттердің, өндірістік объектілердегі және жеке меншік секторларындағы апаттардың нәтижесіндегі материалдық залалдың өсуін азайту;
в) қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсына бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудегі үлесі - 44,3 пайыз; біліктілігін арттыру курсын өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 6,2 пайыз.
Уақтылығы: іс-шараларды жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
34-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды
жоюды ұйымдастыру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 704 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 17640678 мың теңге (он жеті миллиард алты жүз қырық миллион алты жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «28237, 52859, 68303 әскери бөлімдерін Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына бағындыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 264 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 наурыздағы № 400 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық объектілері мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі және олар туындаған кезде қорғауды қамтамасыз ету және халыққа жедел көмек көрсету; авариялық-құтқару күштерінің ұдайы дайындықты және төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюды тұрақты және үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: дүлей зілзала, авариялар мен апаттар нәтижесінде зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету;
бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда іс-қимылдарға жоғары дайындықты қамтамасыз ету, апат аудандарына және берілген жауынгерлік міндеттер орындалатын аудандарда авариялық-құтқару қызметтерінің жедел ден қоюы, уақтылы баруы; жетуі қиын аудандарда, қиындығы жоғары объектілерде құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
ақпараттарды уақтылы және тұрақты түрде қабылдау және жедел өңдеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттік басқару органдарымен үздіксіз және тиімді байланысты қамтамасыз ету;
қадағалау және хабардар ету қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; мониторинг және сел қауіпі бар объектілер мен сел ағындарын бақылау;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде уақтылы ден қою үшін арнайы техникалық құралдардың дайындығын қамтамасыз ету;
төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылардың дайындық деңгейін арттыру;
өрт қауіпсіздігі, өрттің алдын алу мен оларды жою саласындағы, шаруашылық ету объектілері мен тұрғын үйлердің өртке қарсы қорғанысын арттыру бойынша жұмыстарды жетілдіру;
төтенше жағдайлардың салдарларын жою бойынша іздестіру-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жедел жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 704 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру | | | |
2 | | 100 | Республикалық жедел құтқару жасағы | "Республикалық жедел-құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесін ұстау (штат саны - 56 бірлік). Ауа қабы бар кемелерді, амфибия жол талғамайтын көлігін, жедел жұмыс үшін сүңгуір жарақтары; авариялық құтқару құралдарын мен оргтехника сатып алу. Алматы қаласындағы РЖҚЖ ММ базасын күрделі жөндеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
3 | | 101 | Әскери бөлімдер | Әскери бөлімдерді ұстау (штат саны - 1202 бірлік, оның ішінде мерзімді қызметтегі 929 бірлік әскери қызметшілер). Азық-түлік, дәрі-дәрмектер, заттай мүліктер сатып алу, мерзімді қызметтегі 153 бірлік әскери қызметшінің келісім-шартты қызметке өтуі. Камаз базасындағы отын құятын көлік, КС кранын, Камаз базасында (бортты 6х6) автомобилін, 15 т ж/т өздігінен түсіргіш Камаз, жеке құрамды тасымалдау үшін ПАЗ жедел құтқару автомобилін, құтқару жабдығын; спорт құрал-саймандарын; байланыс мүліктерін; тыл жабдықтарын, оның ішінде "Ливенка" отын құйғышын, кір жуғыш машиналар, центрифугалар, шойын қазандықтар, шатырлар, бейнебақылау жүйелерін, дала асханасын, мұздатқыш камералар, мұздатқыштар, дизель электр станциясы, су қайнататын қазандықтар, отын құятын колонкалар; техникалық құралдар, оның ішінде "Самсунг" теледидарын, бейнекамера, санитарлық бөлімнің жабдықтарын, оның ішінде ДТ-50-3 тоқпен емдеу, ОКН-1 сәулелендіргіш аппаратын сатып алу. 52859 әскери бөлімінің үй-жайларын (үйлер мен ғимараттарын) күрделі жөндеуді аяқтау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
4 | | 102 | Аэроұтқыр өңірлік жедел-құтқару жасақтары | Өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасақтарын ұстау (штат саны - 168 бірлік). Автокөлік құралдарын, оның ішінде Нива-Марш авариялық құтқару автомобилін, Камаз базасында кунгті автокөлік, қарда жүретін көлікке арналған автотіркеме, авариялық құтқару, сүңгуір жабдықтарын, байланыс құралдарын, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын, құтқарушы құрамалардың тыныс-тіршілігі үшін құрал-саймандар, оның ішінде "Максим" тренажерын, атлетикалық тренажер, электрлі, жүгіру жолын, кинология, оның ішінде иттерді тасымалдауға арналған бокстар, үйрету костюмдерін, іздестіру және авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін иттер сатып алу. Астана қаласындағы ОӨАЖҚЖ ММ ғимаратын, коммуникацияларын күрделі жөндеу және оның аумағын көгалдандыру | Жыл бойы | Орталық өңірлік жедел-құтқару отряды, Батыс өңірлік жедел-құтқару отряды, Шығыс өңірлік жедел-құтқару отряды, Солтүстік өңірлік жедел-құтқару отряды, Оңтүстік өңірлік жедел-құтқару отряды мемлекеттік мекемелері. |
5 | | 103 | Республикалық дағдарыс орталығы | "Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесін ұстау (штат саны - 25 бірлік). Төтенше жағдайларға ден қою бойынша жабдықтар, оның ішінде бейнеконференцбайланыстың мобильдік жинағын, конференц жүйесінің бейнекамерасын, А3 түрлі түсті лазерлік желілік принтер түрлі түсті көшіру аппаратын (А3 форматы), ноутбуктер, плоттерлер, ақпаратты уақытында және сапалы қабылдау мен жедел өңдеу үшін желілік сымсыз жабдықтарды (желіге кіру нүктелері, антенна, желілік карталар), жерсеріктік терминал сатып алу. | Жыл бойы | "Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесі |
6 | | 104 | Қазселденқорғау | "Қазселденқорғау" ММ ұстау (штат саны - 540 бірлік). 1) Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында он жеті гидротехникалық құрылыстарға, гидрологиялық бекеттерге, диспетчерлік пункттерге, сейсмикалық полигондар мен бөгеттерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, бақылау және хабарлау бекеттерін ұстау, аэрошолу жұмыстары, мұздық көлдерді ағызу бойынша алдын алу жұмыстары, жер сілкіністерін қысқа мерзімді болжауды қамтамасыз ету бойынша ғылыми-болжау жұмыстарын жүргізу, қар көшкіндерін, сел тасқындары мен сырғымаларды алдын ала түсіру бойынша жару жұмыстары. 2) Құрылыс техникасы мен автокөлік, оның ішінде САТ-319 СLN экскаваторын, НYNDAI НL760-7 жүк тиеуішін, Б-10 бульдозерін, КС-55713 автокранын, Камаз базасындағы бетонсорғыш, 6520 Камаздарын (өзі түсіретін) НЕФАЗ тіркемелерін, АГП-40 гидравликалық көтергіш, мотопомпалар, ДЗ-98 автогрейдерін, МТЗ базасындағы баралық машинасын, МТЗ базасындағы қар тазартқыш машинасын, электр станцияларын, жедел қызметтік автомобилдерін, байланыс құралдары мен жабдықтарын, гидрометеорологиялық аспаптар, оның ішінде жауын-шашын өлшеуіштер, аспирациялық психрометрлер, ұйымдастыру техникасы мен жабдықтар, оның ішінде компьютерлер, А3 түрлі түсті көшіру аппараттарын, бейнекамералар, фотоаппараттар, ақ-қара түсті көшіру аппаратын, ламинатты аппарат, А3 офистік сканер, UРS кернеу реттеуіштерін сатып алу. | Жыл бойы | "Казселезащита" ММ |
7 | | 105 | Төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету үшін арнайы техникалық жабдықтардың дайындығын ұйымдастыру | Авиациялық техникаларды ұстау, ұшу-техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу, оның ішінде жанар жағармай материалдарының шығындары, ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету, авиациялық техниканы орналастыру, метео қамтамасыз ету, авиатехникаларға әуежай және жер арқылы қызмет көрсету, әуе кемелерін орналастыру, сақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
8 | | 106 | "Қазқұтқару" бөлімшесі құтқарушыларының сайынғы (халықаралық) жиын-семинарын өткізу | "Қазқұтқару" құтқарушыларының жыл сайынғы жиын семинарын өткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде кеңсе және басқа тауарларды, жанар-жағармай материалдарын сатып алу, жиын семинарға қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, вымпелдар, дипломдар, мақтау қағаздарын, бейдждер жасау, жүлделер сатып алу, жүлделер мен кубокторға жазу түсіру, фото және бейнематериалдарды жасау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
9 | | 107 | Өрт сөндіру қызметі | "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесін ұстау (штат саны - бірлік). Автокөлік құралдарын, оның ішінде Урал базасында АЦ-40 автоцистерналарын, ЗИЛ базасында АЦ-40 автоцистерналарын, Камаз базасында АГВТ газбен-сумен өшіру автомобильдерін, Камаз базасында АЦЛ-4-40/22 сатылы автоцистерналар, арнайы көліктер, оның ішінде Камаз базасында АСА-20 авариялық құтқару автомобильдерін, Камаз базасында АСО-20 байланыс және хабарлау автомобильдерін, Мерседес Бенс базасында 54 м барынша жоғары биіктікті телескопиялық көтергіштер, қосалқы көліктер, оның ішінде Нива базасында ОСА-5 жедел қызметтік автомобилін, жылдам жүретін жедел қызметтік автомобиль, сығылған ауамен жұмыс істейтін резервтік композициялық баллондары және панарамалық маскалары бар демалу аппаратының жинаған, Тейзер-1600" мотопомпасын, компрессорлар, "Тhurаyа" спутниктік телефондарын, ақпараттарды өңдеу мен өрттерді жедел жоюға арналған радиостанциялар жинағын сатып алу. Қызмет филиалдарының өрт сөндіру депосы ғимараттарын күрделі жөндеу және олардың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша шығындар. "АРМ Диспетчер" орталықтан басқарудың автоматтандырылған ақпаратты жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеу бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу. | Жыл бойы | "Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары" мемлекеттік мекемесі |
10 | | 108 | Жедел құтқару қызметі | Жедел құтқару жасақтарын ұстау (штат саны - 285 бірлік). Автокөлік құралдарын, оның ішінде жабдықтарды тасымалдауға арналған Газель, жедел қызметтік Нива автомобилін, УАЗ базасында өткізгіштігі жоғары автомашина (11 орындық), байланыс құралдарын, авариялық құтқару аспаптары мен жабдықтарын, суда құтқару жабдығын және сүңгуір жарағын сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Екібастұз қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Орал қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласындағы "Жедел-құтқару отряды мемлекеттік мекемесі. |
11 | | 109 | Апаттар медицинасы орталығы | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер:
Құтқарушылар азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен, заттай киім-кешектермен қамтамасыз етілді, ғимараттарға, жабдықтарға және басқа да негізгі құралдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Алматы қ. ӨЖҚЖ ММ күрделі жөндеу жүргізілді; 1 ауа қабы бар кеме, 1 амфибия жол талғамайтын көлігін, сүңгуір жарақтары мен аспабын, авариялық-құтқару аспаптары мен жабдықтары, ұйымдастыру техникасының жинағы сатып алынды;
- 52859-әскери бөліміне күрделі жөндеу жүргізілді; 1 құтқару жабдығы, 5 автомобиль техникасы, оның ішінде: Камаз, базасындағы отынқұйғыш, КС Краны, Камаз (өзі түсіретін) базасындағы автокөлік, ПАЗ базасындағы жеке құрамды тасымалдау үшін ОСА; спорттық заттар, байланыс мүлігін, тыл жабдығын; техникалық құралдар; санитарлық бөлім жабдығы сатып алынды.
- ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді және ОӨАЖҚЖ аумағы көгалдандырылды; 6 автокөлік құралдары, оның ішінде: 4 бірлік Нива "Марш", Камаз автомобилі, қарда жүретін автоприцеп; авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтары; сүңгуір құралдары мен жабдықтары; байланыс құралдары; тіршілікпен қамтамасыз ету құралдары; кинологиялық қызмет жабдықтары сатып алынды;
- бейнеконференц байланысының 2 жинағы, конференц жүйесінің 2 бейнекамерасы, 1 принтер, 1 түрлі түсті көшіру аппараты, 2 ноутбук, плоттер, жерсеріктік терминал, желілік сымсыз жабдықтар жинағы сатып алынды;
- жер сілкінісін қысқа мерзім ішінде болжауды қамтамасыз ету жөнінде аэрошолу, алдын алу, жарылыс және гидрометеорологиялық сипатын айқындау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 1 бульдозер, 1 автокран, Камаз базасындағы 1 бетон сорғыш, өзі түсіретін 3 КАМАЗ 6520, НЕФАЗ 2 тіркемесі, 1 автокөлік гидравликалық көтергіш, 2 мотопомпа, 1 автогрейдер, МТЗ базасындағы 1 бар машинасы, МТЗ базасындағы 1 қар жинайтын машина, электр станцияларын 2 жинағы, 15 жеделқызметтік автомобилі, байланыс құралдары мен жабдықтары, гидрометеорологиялық аспаптары; ұйымдастыру техникасы мен жабдықтар жинағы сатып алынды;
- авиация техникасын ұстау жөніндегі қызмет көрсетулер қамтамасыз етілді, 1 отын құятын орын сатып алынды;