9) қаржылық есептiлiк - егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайтын мемлекеттік мекемелердiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
10) қаржылық бұзушылық - бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін бұзуға әкеп соққан құқыққа қайшы әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік).
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау
133-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгiлерi
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай үлгiлерге бөлiнедi:
1) сәйкестiкке бақылау жасау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн бағалау;
2) қаржылық есептiлiктi бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) тиімділікті бақылау - бюджеттік бағдарламаны іске асыру, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін пайдалану аяқталғаннан кейін іс-шаралардың орындалу мерзімін және күтілетін нәтижелерге, индикаторларға қол жеткізу дәрежесін үнемділік пен өнімділікті бағалауды қолдана отырып тексеру. Тиімділікті бақылау тиісті іс-шараларды іске асыру аяқталғаннан кейін жүргізіледі, олардан кейін салынған қаражаттан нәтижелер алу мерзімі басталады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
4) нәтижелілікті бақылау - бюджеттік бағдарламаның паспортында белгіленген, күтілетін нәтижелерге қол жеткізілуін тексеру;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
5) орындылығын бақылау - бюджеттік бағдарламаның паспортында белгіленген мақсатқа және индикаторларға қол жеткізілуін тексеру;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
6) негізділігін (құқыққа сыйымдылығын) бақылау - бюджет қаражатының бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген іс-шараларды іске асыруға, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің пайдаланылғанын тексеру.
134-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлерi
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) кешендi бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегi қызметiн барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) тақырыптық бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегі қызметiн жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісiне қатысты ақпарат алу қажеттiгiне байланысты үшiншi тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бiрдейлiгiне қарай бiр-бiрiмен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды бiлдiредi. Yстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша және тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде жүргiзiледi.
135-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптерi мен стандарттары
1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргiзу құпиялылық режимiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, тәуелсiздiк, объективтiлік, анықтық, ашықтық, құзыреттiлiк, жариялылық принциптерi мiндеттi түрде сақталып жүзеге асырылады.
Тәуелсiздік принципi - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, iшкi бақылау қызметтерiнiң және олардың қызметкерлерi мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгiне, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiнде олардың жүргiзiп жатқан бақылау iс-шарасының тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн кез келген араласушылыққа жол бермеу.
Бақылаудың объективтiлiк принципi - бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестiлiкпен жүргiзу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелерi бойынша анықталған және құжаттармен расталған фактiлер негiзiнде ғана шешiмдер қабылдау.
Бақылау нәтижелерiнiң анықтық принципi - бақылау нәтижелерiн бухгалтерлiк, банктiк құжаттармен және мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсiнiң өзге де құжаттарымен растау.
Бақылаудың ашықтық принципi - бақылау нәтижелерiн баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентiне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға есеп беретiндiгi.
Құзыреттiлiк принципi - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, iшкi бақылау қызметтерi қызметкерлерiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерiнiң бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшiн қажеттi кәсiби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.
Жариялылық принципi - құпиялылық режимiн, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етудi ескере отырып, бақылау нәтижелерiн жариялау.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бiрыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
3. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi ішкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып әзiрлейдi және оларды Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi бекiтедi.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi, олардың қызметкерлерi мен мүшелерi орындауға мiндеттi.
136-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша қабылданатын актiлер
Бақылау нәтижелерi бойынша мынадай актiлер қабылданады:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) қорытынды - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері және (немесе) аудиторлық есептер негiзiнде жасайтын құжаты;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң қаулысы - Республикалық бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есеп комитетiнiң отырысында алқалы негiзде қабылданатын және оның бақылау нәтижелерi бойынша, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қабылдаған шешімдер бойынша барлық актілерінiң қолданылуын растайтын құжат.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетi туралы ережемен және оның регламентiмен айқындалады;
3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - белгiленген тәртiппен қабылданған және тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиiстi жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын игерудiң барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететiн ұйымдар орындауға мiндеттi құжат;
4) ұсыным - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшiн, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелерi бойынша жiберетiн құжаты;
5) нұсқама - iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның басшысы өз құзыретi шегiнде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына мiндеттi түрде орындау үшiн жiберiлген, белгiленген нысандағы құжат;
6) бақылау актiсi - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;
7) бақылау жүргiзу туралы есеп - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшіндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы құжат.
29-тарау. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері
137-бап. Сыртқы бақылау
Сыртқы бақылауды:
1) республикалық деңгейде - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi;
2) жергiлiктi деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
138-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының өкiлеттiктерi
1. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
2. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
3. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң жұмысы туралы тоқсан сайын ақпарат бередi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Президентінің республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды талдауға, оның қорытындылары мен нәтижелерiне, салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiне, бюджет қаражатының, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларды орындайды;
3) Қазақстан Республикасының Парламентiне ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi табыс етедi, ол өзiнiң мазмұны жағынан Қазақстан Республикасы Үкіметінiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi бойынша қорытынды болып табылады және Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады;
4) iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган табыс еткен республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау актілерін талдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиiстi iшкi бақылау қызметтерiне республикалық бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) республикалық бюджет қаражаттарын, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін пайдалану мәселелерi жөніндегі мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсi лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;
6) мемлекеттік бюджет саясатын iске асыруға қатысады;
7) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарын атқару сәйкестiгiне, қаржы есептiлiгi мен тиiмділігiне бақылауды жүзеге асырады;
8) мемлекеттік қаржы бақылауы стандарттарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
9) сыртқы бақылау саласында кадрлардың біліктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10) тармақша өзгертілді
10) мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет кепілгерліктерінің, республикалық бюджеттен мемлекеттiң мiндеттемелерiн өтеуге арнап берiлген қаражаттардың, мемлекеттiң байланысты гранттарының, активтерiнiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік органдар мен барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың республикалық бюджетке түсiмдердiң толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады;
12) республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) республикалық бюджеттік бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) атқарылу, сондай-ақ мемлекет активтерінің пайдаланылу тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiне баға бередi;
14) мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалардың iске асырылуының тиiмділігiне баға бередi;
15) бюджеттік инвестицияларды бақылауды жүзеге асырады;
16) республикалық бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуы бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзедi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, мемлекеттік органдардан, мемлекеттік қаржылық бақылаудың басқа да объектiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органнан және бақылау объектісіне қатысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иеленетін басқа да заңды тұлғалардан республикалық бюджет қаражаттарының, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің түсуi мен пайдаланылуының толықтығына қатысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттамалар мен ақпарат сұратады және алады;
18) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерi жөніндегі мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының есептерiн тыңдайды;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19) Қазақстан Республикасының Президентiне мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының республикалық бюджеттiң атқарылуы және мемлекет активтерін пайдалану туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсынымдар енгiзедi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерiнен өзi белгiлеген мерзiмде республикалық бюджеттiң, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
21) республикалық бюджет қаражатының, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің нысаналы емес, негiзсiз (құқыққа қайшы) және тиiмсiз пайдаланылуын анықтау және болғызбау жөнiнде осы Кодекске және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес шаралар қолданады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 22) тармақша толықтырылды; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
22) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылуы, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін тарту және пайдалану мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысады және алады;
2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 23) тармақша өзгертілді
23) республикалық бюджеттiң атқарылуына, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің пайдаланылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттік органдардың тиiстi мамандарын және, қажет болған жағдайда, республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тартады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
23-1) бақылау объектісінен бақылау қорытындысын растайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құжатталуға және сақталуға жататын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) алады;
24) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
4. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
1) өзiнiң мазмұны жағынан жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жергiлiктi атқарушы органның есебi бойынша қорытынды болып табылатын жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептi белгiленген мерзiмде мәслихатқа бередi және мәслихат бекiткеннен кейiн ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады;
2) мәслихат пен әкiмдiкке бақылау нәтижелерi бойынша жергiлiктi бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсiз және тиiмсiз пайдаланылу фактілері жөнiнде, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі жұмыстағы кемшілiктер туралы ақпарат бередi;
3) iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган табыс еткен жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылау жүргiзу актілеріне талдау жасайды және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарын атқару сәйкестігiне, қаржы есептiлiгi мен тиiмдiлiгіне бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының жергiлiктi бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;
6) жергiлiктi мемлекеттік органдардың жергiлiктi бюджетке түсiмдердiң толық және уақтылы келiп түсуiне қатысты мәселелер жөніндегі қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
7) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысы жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзеді;
8) тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асырады;
9) құпиялық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiң атқарылу мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысады;
10) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерiнен белгiленген мерзiмде жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алады;
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге жергiлiктi мемлекеттік органдардың тиiстi мамандарын және, қажет болған жағдайда, жергiлiктi бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдар мен сарапшылар тартады;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
30-тарау. Iшкі бақылауды ұйымдастыру негіздері
139-бап. Iшкi бақылау
Iшкi бақылауды iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асырады.
140-бап. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның өкiлеттiктерi
Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын атқару сәйкестiгiне, қаржылық есептiлiгi мен тиiмдiлігіне бақылауды жүзеге асырады;
2) iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын бақылау тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң нысаналы емес, негiзсiз және тиiмсiз пайдаланылуын анықтау, болғызбау және оған жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
4) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына хабардар ету үшiн бақылаудың тиiстi жоспарлары мен актілерін жiбередi;
5) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерiне жiберiлген нұсқамалардың және бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын пайдалану кезіндегі iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;
7) iшкi бақылау қызметтерiнiң мемлекеттік қаржы бақылау стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
8) iшкi бақылау саласындағы кадрлардың біліктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
9) iшкi бақылау қызметi бар мемлекеттік органдардың жоспарларды орындау және iшкi бақылау жүргiзу нәтижелерi туралы есептерiн қарайды;
10) мемлекеттік органдар мен барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың республикалық және жергiлiктi бюджетке салықтық емес түсiмдерiнiң толық және уақтылы енгiзiлуiне қатысты мәселелер жөніндегі қызметiне бақылауды өз құзiретi шегiнде жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11) тармақша өзгертілді
11) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден берiлген бюджет қаражатының, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет кепілгерліктерінің мемлекеттiң байланысты гранттары мен активтерiнiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
12) республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) атқарылуының тиiмдiлiгiне және нәтижелiлiгiне баға бередi;
13) мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түскен өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақшаны қалыптастыруын және пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
14) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша өзi белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратады және алады;
15) төтенше мемлекеттік бюджеттiң атқарылуын бақылауға қатысады;
16) iшкi бақылау қызметтерi бар мемлекеттік органдардан қажеттi ақпарат алады;
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
17) бақылау жүргiзуге мемлекеттік органдардың тиiстi мамандарын және қажет болған жағдайда республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды және сарапшыларды тартады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 18) тармақша толықтырылды
18) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, мемлекеттiң байланысты гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түскен, өздерiнiң иелігінде қалатын ақшаларды пайдалану мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысады;