Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
(2004 ж. 24 сәуірдегі № 548-II)
(2007.27.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 6 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Кодекске енгізілетін өзгерістерді қара:
2007.12.01. № 220-III ҚР Заңы (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңы (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
Жалпы бөлік (1 - 67 баптар)
1-бөлім. Бюджет жүйесі (1 - 37 баптар)
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар)
2-тарау. Бюджет жүйесі (6 - 11 баптар)
3-тарау. Бюджеттің құрылымы (12 - 22 баптар)
4-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (23 - 25 баптар)
5-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама (26 - 37 баптар)
2-бөлім. Бюджетаралық қатынастар және түсімдер мен (38 - 53 баптар)
шығыстарды бюджет деңгейлері арасында бөлу
6-тарау. Бюджетаралық қатынастар (38 - 45 баптар)
7-тарау. Түсімдерді бюджеттер деңгейлері арасында бөлу (46 - 49 баптар)
8-тарау. Шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу (50 - 53 баптар)
3-бөлім. Бюджеттік қатынастарды реттеу (54 - 67 баптар)
саласындағы мемлекеттік басқару
9-тарау. Мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік (54 - 64 баптар)
қатынастарды реттеу саласындағы құзыреті
10-тарау. Бюджеттік комиссиялар (65 - 67 баптар)
Ерекше бөлік (68 - 224 баптар)
4-бөлім. Бюджетті әзірлеу мен бекіту (68 - 85 баптар)
11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері (68 - 71 баптар)
12-тарау. Бюджеттер жобаларын әзірлеу (72 - 78 баптар)
13-тарау. Бюджет жобасын қарау мен бекіту процесінің (79 - 81 баптар)
негізгі ережелері
14-тарау. Қазақстан Республикасы Парламентінің Республика (82 - 83 баптар)
бюджет жобасын қарау және бекіту процесі
15-тарау. Мәслихаттың жергілікті бюджет жобасын (84 - 85 баптар)
қарау және бекіту процесі
5-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы мен нақтылануы (86 - 117 баптар)
16-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер (86 - 91 баптар)
17-тарау. Бюджеттің атқарылу негізі (92 - 95 баптар)
18-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі (96 - 110 баптар)
19-тарау. Бюджеттерді нақтылау мен түзету (111 - 113 баптар)
процесінің негізгі ережелері
20-тарау. Бюджеттерді нақтылау мен түзету процесі (114 - 117 баптар)
6-бөлім. Бюджеттік есепке алу және есептілік (118 - 130 баптар)
21-тарау. Бюджеттік есепке алу туралы жалпы ережелер (118 - 119 баптар)
22-тарау. Есептілік туралы жалпы ережелер (120 - 122 баптар)
23-тарау. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп (123 - 124 баптар)
24-тарау. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы (125 - 126 баптар)
бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп
25-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң (127 - 128 баптар)
атқарылуы туралы есеп
26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (129 - 130 баптар)
қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп
7-бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау (131 - 146 баптар)
27-тарау. Жалпы ережелер (131 - 132 баптар)
28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгiлерi, (133 - 136 баптар)
түрлері, принциптері мен стандарттары
29-тарау. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері (137 - 138 баптар)
30-тарау. Iшкі бақылауды ұйымдастыру негіздері (139 - 141 баптар)
31-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері (142 - 146 баптар)
мен органдарының, мәслихаттардың тексеру
комиссияларының өзара іс-қимылы
8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар (147 - 155 баптар)
32-тарау. Бюджеттік инвестицияларды (147 - 153 баптар)
жоспарлау мен жүзеге асыру
33-тарау. Бюджеттік инвестицияларды іске асыру (154 - 155 баптар)
мониторингі және олардың тиімділігін бағалау
9-бөлім. Гранттар (156 - 162 баптар)
34-тарау. Гранттар туралы жалпы ережелер (156 - 158 баптар)
35-тарау. Гранттарды тарту және пайдалану (159 - 160 баптар)
36-тарау. Гранттарды пайдалану мониторингі (161 - 162 баптар)
және пайдалану тиімділігін бағалау
10-бөлім. Бюджеттік кредиттеу (163 - 190 баптар)
37-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері (163 - 171 баптар)
38-тарау. Бюджеттік кредиттеу шарттары (172 - 178 баптар)
39-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсімдері (179 - 184 баптар)
40-тарау. Бюджеттік кредитті қайта (185 - 186 баптар)
құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру
41-тарау. Талап қою мерзімі, бюджеттік кредиттер (187 - 188 баптар)
бойынша кредиторлар талаптарының тоқтатылуы
42-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша (189 - 190 баптар)
бақылау, мониторинг, есепке алу
11-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет (191 - 221 баптар)
кепілдік берген қарыз алу мен борыш
43-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік (191 - 197 баптар)
берген қарыз алу мен борыш туралы жалпы ережелер
44-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы (198 - 201 баптар)
45-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы (202 - 204 баптар)
46-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш (205 - 218 баптар)
47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау (219 - 221 баптар)
12-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер (222 - 224 баптар)
48-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (222 - 224 баптар)
Осы Кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейдi және бюджет жүйесi жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының негiзгi ережелерiн, принциптерi мен тетiктерiн белгiлейдi.
Жалпы бөлік
1-бөлім. Бюджет жүйесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды.
3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актілері тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
4. Егер заң актілерінде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетiн ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелерi қолданылады.
3-бап. Бюджет жүйесiнiң принциптерi
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекітілген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк принципi - бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткізу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттік процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, осы Кодекстiң 40-бабының 6-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттiң активтерi - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде мемлекеттік меншікке алынған мүліктiк және мүліктiк емес игiлiктер мен құндық бағасы бар құқықтар;
2) бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
3) облыстың бюджетi - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджеттi, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiн бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
4) бюджеттік қамтамасыз етiлу - мемлекеттік басқару органдары тиiстi бюджет қаражаты есебiнен ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсетудi алушылардың бiрлiгiне шаққандағы заттай нормалар есепке алынған мемлекеттік қызметтер көрсету құны;
5) бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;
6) бюджеттік инвестициялық бағдарлама - сипаты техникалық-экономикалық негiздеу сатысында қол жеткізу мерзiмiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн бiрыңғай инвестициялық мақсатты көздейтiн iс-шаралар жиынтығы;
7) бюджеттік инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiкке жету мақсатымен мемлекет активтерiнiң құнын ұлғайтуға, адам ресурстарын дамытуға және табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру;
8) бюджеттік операциялар - бюджеттi атқару процесiнде жүзеге асырылатын операциялар;
9) бюджеттік қатынастар - бюджет процесiнде туындайтын қатынастар;
10) бюджет қаражаты - мемлекеттік меншiкке түсуi мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақша және өзге де активтерi;
11) бюджеттік инвестициялық жоба - шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жиынтығы;
12) бюджет процесi - бюджеттi жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджет есебi мен есептiлiгiн жүргiзу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) кепілдік берілген трансферт - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін қайтарылмайтын түсімдер;
13) мемлекеттік инвестициялық саясат - инвестициялық процестердi ұлттық экономиканың мүдделерi үшiн мемлекеттік реттеудiң экономикалық және қаржылық негiзделген шараларын көрсететiн әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14) мемлекеттік бағдарлама - салааралық сипаты бар, әлеуметтiк-экономикалық дамудың стратегиялық және неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге және мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, құқық тәртібін, заңдылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі әзiрлейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн бағдарлама;
15) мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
16) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
17-1) индикаторлар - алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бағдарламаны іске асыру нәтижелерін көрсететін сандық көрсеткіштер;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
17-2) шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджеттен, облыс бюджетінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударылатын, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджет түсімдерінен құралған бюджет;
18) жергiлiктi бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi;
19) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, жергiлiктi бюджеттiң орташа мерзiмдi кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
20) бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттi атқару, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептiлiктi жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
21) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу функциясын жүзеге асыратын атқарушы орган;
22) кiрiстердi бөлу нормативi - кiрiстердi әртүрлi деңгейлердегi бюджеттердiң арасында бөлудiң проценттiк арақатынасы;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23) салалық (секторлық) бағдарлама - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) стратегиялық және неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама;
24) басым (республикалық немесе жергілiктi) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi - республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзiмi болып табылатын, республиканы немесе аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарына қосымша;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
25) бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын пайдаланатын, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлігінде жеке және заңды тұлғалар, шаруа (фермер) қожалықтары, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсететін, оның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде қаржылық қызметтер көрсететін тұлғалар;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
26) аймақтық бағдарлама - мәслихаттар бекiтетiн, өңірді (аумақты) әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27) түзетiлген бюджет - тиiсiнше Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы органдар енгiзген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қаржы жылы ішінде бөлуді ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған республикалық немесе жергілікті бюджет;
28) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орташа мерзiмдiк жоспары Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе мәслихат бекiтетiн, республиканы немесе аймақты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негiзгi көрсеткiштерi мен бағыттарын және оларды iске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат;
29) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
30) бекітілген бюджет - тиiстi қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат бекiткен бюджет;
31) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиiстi қаржы жылына бекітілген бюджет;
32) қаржыландыру - бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;