3) әр лот бойынша сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы, өлшем бірлігі, саны, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемін;
4) әр лот бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі мен орнын;
5) баға ұсыныстарын қабылдау орнын, бастау және аяқтау мерзімін;
6) баға ұсыныстары бар конверттерді ашу орнын, күні мен уақытын;
7) әр лот бойынша тауарларды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген соманы;
8) әлеуетті жеткізушінің тауарларды жеткізумен, жұмыстарды орындаумен, қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығынды баға ұсыныстарын қосу қажеттігі туралы талабын;
9) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды дайындауға және жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаның тегін, атын, байланыс телефонының нөмірін;
10) сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімін;
11) осы Ереженің 100-тармағына сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудан бас тарту мерзімі және тәртібі туралы мәліметтерді;
12) маңызды жағдайларды көрсетумен сатып алу туралы шарттың жобасын.
80. Мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылатын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру осы Ереженің 79-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың жобасын алу орны туралы ақпаратты қамтиды.
81. Әлеуетті жеткізушінің тек бір баға ұсынысын (лотқа), беруіне жол беріледі, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
82. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын беруі сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген маңызды шарттарды сақтай отырып, тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.
83. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы мыналарды қамтиды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты тұрған жерінің мекенжайы, БСН (заңды тұлғалар үшін), тегі, аты, тұрғылықты жері, ИСН (жеке тұлғалар үшін) және банк реквизиттері;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу заты (егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу затына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атауы);
3) әр лот бойынша сатып алынатын тауарлардың атауы, сипаттамасы, саны, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны мен мерзімі;
5) әлеуетті жеткізушінің лотқа ұсынған бағасы.
84. Баға ұсынысында қамтылатын тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарына сәйкес тапсырыс беруші орналастырған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы хабарландыруда қамтылатын шарттарда көрсетіледі.
85. Бірінші басшы немесе әлеуетті жеткізушінің уәкілетті адамы қол қойған және әлеуетті жеткізушінің мөрімен расталған баға ұсынысы конвертке желімденеді және белгіленген жерге және мерзімде беріледі.
Баға ұсынысына уәкілетті адам қол қойған жағдайда конверт оның өкілеттігін растайтын құжатты қамтиды.
86. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беткі жағына мына мәліметтерді көрсетеді:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы және нақты тұрған жерінің мекен-жайы;
2) тапсырыс берушінің атауы және нақты тұрған жерінің мекен-жайы;
3) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу заты (егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу затына бірнеше лот кірген жағдайда лоттардың атауы, оларға қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы беріледі).
87. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынған әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның уәкілетті өкілі аудиожазбаны жүргізу құқығымен баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде қатысуға рұқсат етіледі.
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашуға қатысушы тұлғалар ашу рәсіміне араласуға жол берілмейді.
88. Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы бар конверттерді алған кезде:
1) осы Ереженің 86-тармағында көзделген баға ұсыныстары бар мәліметтердің конвертте болуын тексереді. Осы Ереженің көрсетілген тармағының талаптарын бұза отырып ресімделген баға ұсыныстары бар конверттер оларды алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті жеткізушіге қайтарылады;
2) баға ұсыныстары бар конверттерді қабылдайды және осы Ереженің 89-тармағында көзделген бағалық ұсынымдар бар мәліметтерді тіркеу журналына енгізеді.
89. Баға ұсыныстарын тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу заты (егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу затына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атауы);
2) әлеуетті жеткізушінің атауы және нақты тұрған жерінің мекен-жайы;
3) баға ұсыныстарын беру тәсілі;
4) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беру күні мен уақыты.
Баға ұсыныстарын тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және парафирленеді, конкурстық өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті тапсырыс берушінің мөрімен бекітіледі. Бір қаржы жылының ішінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді барлық сатып алу бойынша бірыңғай баға ұсыныстарын тіркеу журналын жүргізуге рұқсат етіледі.
90. Баға ұсыныстарын беру мерзімі өткен соң немесе осы Ереженің 86-тармағының талаптарының бұзылуымен алынған бағалық ұсынымдар бар конверт қаралмайды, бірақ баға ұсыныстарын тіркеу журналына тіркелуі тиіс және осы Ереженің 88-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.
91. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімінде ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілеттік берілген тапсырыс берушінің лауазымды адамы белгіленген мерзімде:
1) баға ұсыныстары бар конверттерді ашады;
2) баға ұсыныстары бар конвертті берген әлеуетті жеткізушінің өкілінің өкілеттігін құжаттық растаудың болуын тексереді;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне орналастырады, қалыптастырады, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасына электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тапсырыс берушінің атауы және тұрған жері;
2) отырыс өткізу күні, уақыты және орны;
3) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу заты (егер бағалық ұсынымдарды сұрату тәсілімен сатып алу затына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атауы);
4) баға ұсыныстары бар конверттерді ұсынған әлеуетті жеткізушілердің атауы, нақты тұрған жерінің мекен-жайы;
5) баға ұсыныстары бар конверттер қайтарылған әлеуетті жеткізушілердің атауы, нақты тұрған жерінің мекен-жайы;
6) әлеуетті жеткізушілердің ашылған баға ұсыныстарының бағасы (лоттар бойынша);
7) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу рәсіміне қатысқан әлеуетті жеткізушілердің өкілдері туралы мәліметтер.
92. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасының қағаз данасына, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде және оларды жасаушылар пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қалыптасқан тізіліміне тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.
93. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімінен кейін бір жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші бағалық ұсынымдарды сұрату тәсілімен сатып алудың қорытындысын шығарады.
94. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындысы бойынша шешімді осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындылар туралы хаттама түрінде, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті, тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы қалыптастырады және орналастырады және Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті, тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларының хаттамасы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тапсырыс берушінің атауы және тұрған жері;
2) отырыс өткізу күні, уақыты және орны;
3) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алынатын зат (егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алынатын затқа бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атауы);
4) ашық конкурсқа қатысушылардың атауы және нақты тұрған жерінің мекенжайы, қабылданбаған, оларды қабылдамау себептері көрсетілген баға ұсыныстары;
5) әлеуетті жеткізушілердің қабылданған баға ұсыныстарының бағасы (лоттар бойынша);
6) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жеңімпазының атауы, нақты тұрған жерінің мекенжайы және баға ұсыныстырының бағасы (лоттар бойынша) және (немесе) егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың нәтижесінде осы Ереженің 101-тармағына сәйкес жеңімпаз (лоттар бойынша) анықталмаса, себептерін көрсету.
95. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары хаттамасының қағаз данасына, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қалыптасқан тізіліміне тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.
96. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың қорытындысын шығарған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде барлық қатысқан әлеуетті жеткізушілерге осы Ереженің 78-тармағында көрсетілген хабарлау тәсілдерін қолдана отырып, қорытындылар туралы хабарлайды.
97. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы, егер:
1) ол лотта осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түссе;
2) әлеуетті жеткізуші келіспеген не сатып алу туралы шарт жобасының маңызды шарттарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды ұсынса;
3) әлеуетті жеткізуші лотқа бір бағалық ұсынысынан көп ұсынса, қабылданбауға тиіс.
Баға ұсыныстарын басқа негіздер бойынша қабылдамауға рұқсат етілмейді.
98. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы ең аз бағалық ұсынымдардың негізінде тапсырыс беруші анықтайды.
99. Егер ең аз баға ұсынысын бірнеше әлеуетті жеткізуші ұсынған жағдайда баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады.
100. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудан бас тарта алады. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын қабылдаудың мерзімі өткен күннен кешіктірмей осы Ереженің 78-тармағында көрсетілген хабарлау тәсілдерін қолдана отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізуден бас тартуға рұқсат етіледі.
101. Баға ұсыныстары болмаған не бағалық ұсынымдарды қабылдау мерзімі ішінде жалғыз ұсыным болған жағдайда тапсырыс беруші осы Ереженің 78-тармағында көрсетілген хабарлау тәсілдерін қолдана отырып баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімге баға ұсыныстарын қабылдауды ұзартуға рұқсат етіледі.
102. Осы Ереженің 97-тармағына сәйкес қабылданған баға ұсынысы болмаған, не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жалғыз ұсынымы болған жағдайда өтпеді деп танылады.
103. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс беруші осы Ереженің 78-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қайтадан сатып алуды жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
104. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші осы Ереженің 78-тармағында көрсетілген хабарлау тәсілдерін қолдана отырып баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қайтадан сатып алуды жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
5. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден
тәсілімен сатып алу
105. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу мынадай жағдайларда жүргізіледі, егер:
1) ашық конкурс өтпеді деп танылғанда;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу екі рет өтпеді деп танылғанда;
3) қандай да бір жеткізушіден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде қолда бар тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен үйлесімділікті бірыңғайлау, стандарттау немесе қамтамасыз ету мақсатында сол жеткізушіден басқа тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігі туындағанда;
4) бұрын осы қызметтерді көрсету туралы шарт жасалған жеткізушімен бірге үй-жайды жалдау бойынша қызметтерді сатып алғанда, оны ұзарту (жаңа қаржы жылына қайта жасау) қажеттілігі туындағанда;
5) табиғи монополиялар субъектілерінен, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу, сондай-ақ белгілі бір нарықта басым (монополиялық) жағдайға ие тұлғадан сондай нарықтағы үлесі жүз пайызға тең, не тиісті тауар нарығында басым (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне сәйкес оның қызметінің негізгі мәні бойынша мемлекеттік монополия субъектілерінен сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алғанда;
6) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғалардан, зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алғанда;
7) тексеру жолында дереу қалпына келтіруді талап ететін ақаулар пайда болған, коммуникациялар, механизмдер, агрегаттар, қосалқы бөлшектер мен материалдар істен шыққан кезде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алғанда;
8) аварияларды жою үшін төтенше жағдайлардың зардаптарын шектеу және (немесе) жою үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алғанда;
9) ауыр жұмыстарда, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында, сондай-ақ қауіптілігі жоғары машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін жұмысшыларды міндетті медициналық тексеру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алғанда;
10) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған және сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді дайындайтын ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алғанда жүргізіледі. (Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбелерін, сондай-ақ осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және белгілейді).
106. Бір көзден сатып алу туралы шартты жасағанға дейін тапсырыс беруші жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімінде және бір көзден сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруды және әлеуетті жеткізушінің сатып алған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің номенклатураларын, көлемін, сапасын, сондай-ақ бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға арналған негіздемесін көрсетіп, аптасына кемінде үш рет жарияланатын және мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарына орналастырылады.
107. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімінде ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу туралы хаттаманы қалыптастырады және орналастырады және электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қояды.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімінде қалыптастырылған бір көзден тәсілімен сатып алу туралы хаттаманың қағаз данасына тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.
108. Тапсырыс беруші бір көзден тәсілімен сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ереженің 106-тармағында көрсетілген хабарлау тәсілдерін қолдана отырып, бір көзден тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хабарландыруды орналастыруға міндетті.
6. Электрондық сатып алу жүйесі арқылы тауарларды, жұмыстар мен
қызметтерді сатып алу
109. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу осы Ереженің 7-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген тәсілдермен және осы Ережеде белгіленген тәртіппен электрондық сатып алу жүйесі арқылы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сатып алу жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
110. Электрондық сауда жүйесі арқылы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы шарттар бойынша хабарландыруларды, хаттамаларды және деректерді жинау жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімі арқылы жүзеге асырылады.
7. Тауарларды тауарлық биржалар арқылы сатып алу
111. Тауарларды тауарлық биржалар арқылы сатып алу Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз ету
112. Сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда онымен жасалған сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттерін тиісінше және толық орындалуына кепілдік ретінде енгізеді.
113. Сатып алу туралы шарт орындалуын қамтамасыз ету шарт сомасының үш пайызынан аспайтын көлемде енгізіледі.
114. Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мына түрлерінің бірін әлеуетті жеткізушінің енгізуіне рұқсат етіледі:
1) тапсырма берушінің банктік шотына енгізілген кепілді ақшалай жарна;
2) банктік кепілдік.
115. Жеткізушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін енгізілген кепілді ақшалай жарнаға толық не бір бөлігіне үшінші тұлғалардың талап ету құқығының туындауына әкелетін әрекеттерді жасауына рұқсат етілмейді.
116. Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін жеткізуші енгізген кепілді ақшалай жарнаны тапсырыс берушінің пайдалануына рұқсат етілмейді.
117. Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талаптар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілерге және мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына қолданылмайды.
118. Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, егер онымен жасалған сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса не тиісінше орындамаса, тапсырыс беруші қайтармайды.
119. Осы Ереженің 118-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы тапсырыс берушінің табысына есептеледі.
120. Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушіге ол енгізген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, егер ол онымен жасалған сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін уақытында, толық және тиісінше орындаса, үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
9. Сатып алу туралы шарт
121. Тапсырыс беруші сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде әлеуетті жеткізушіге сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
122. Қазақстан Республикасының бейрезидентімен сатып алу туралы шарт жасасу жағдайларында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, олар ұсынған нысанмен сатып алу туралы шартты ресімдеуге рұқсат етіледі.
123. Тапсырыс беруші қазақстандық өндірушімен тауарды сатып алу туралы шартты шарттың ережесінде жасасқан жағдайда жасасқан келісім-шарт шеңберінде берілетін тауар көлеміне техникалық реттеу және метрология саласында уәкілетті орган берген және қазақстандық тауардың шығуын растайтын СТ KZ нысанындағы сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін беру туралы талап етуге рұқсат етіледі.
124. Тапсырыс беруші қазақстандық өндірушімен шарттың ережесіндегі жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда жеткізушінің жұмысты орындау, қызметтер көрсету кезеңінде жеткізуші қызметкерлерінің жалпы еңбекақы төлеу қорындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қорының үлесі туралы мәліметтерді талап етуі көрсетіледі.
125. Жеткізуші тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлік ұйымдарды тартқан жағдайда тапсырыс беруші бекіткен нысан бойынша және мерзімдерде, сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы есепті мердігерлік ұйымдардың беруі туралы талабы шартта көрсетіледі.
126. Сатып алу туралы жасалған шартқа шарттың ережелерін мәнді өзгертетін, оның ішінде сатып алу көлемін және тауардың, жұмыстың, қызметтің бірлігі үшін бағаны ұлғайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне рұқсат етілмейді.
127. Сатып алу туралы шарт сатып алу қорытындыларын шығарған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жасалады.
128. Осы Ережемен көзделген жағдайларда, жеткізуші сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
129. Сатып алу туралы шарт мына жағдайларды қоспағанда, бір қаржы жылынан аспайтын мерзімге жасалады:
1) жобалау-сметалық құжаттамада көзделген, аяқталуы келесі (кейінгі) қаржы жылындағы (жылдар) мерзіммен жұмыстарды сатып алу;
2) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы олардың келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдар) жеткізілуін негіздейтін активтерді және тағы басқа тауарларды сатып алу;
3) орындалудың ұзақтығына байланысты орындау мерзімі (көрсету, жеткізу) жұмыс бағдарламасында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдар) негізделген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу.
130. Осы Ереженің 129-тармағында көзделген жағдайларда сатып алу туралы шарттың қолданылуын бір қаржы жылынан артық мерзімге, тек бір көзден сатып алу тәсілімен, ашық конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша анықталған жеткізушілермен ғана жасасуға рұқсат етіледі.
131. Сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен жеткізуші көрсетілген шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда орындалды деп есептеледі.
132. Тапсырыс беруші сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде шарт туралы деректерді Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімінде орналастырады.
10. Қорытынды ережелер
133. Осы Ереженің шарттарына сәйкес тапсырыс беруші құзыретті органға ұсынатын ақпаратты құзыретті орган келісімшартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындауын бақылауды және мониторингті жүзеге асыру үшін қолданады.
134. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу барысында осы Ереженің талаптары бұзылған жағдайда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар және қызметтердің кез келген әлеуетті жеткізушісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс берушінің әрекетіне шағымдануға құқылы.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде тауарларды,
жұмыстар мен қызметтерді сатып
алу ережесіне
1-қосымша
Қызметкерлердің болуы және саны туралы мәліметтер
Р\с | Тегі, аты-жөні | Лауазымы | Осы ашық конкурста сатып алынатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру саласындағы жұмыс өтілі | Диплом бойынша біліктілігі немесе мамандығы, білім туралы куәлік және басқа да құжаттары | Тұлғаны куәландыратын құжат № | Еңбек шартының № | Азаматтығы |
| | | | | | | |
Қолы _______
МО
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде тауарларды,
жұмыстар мен қызметтерді сатып
алу ережесіне
2-қосымша
Сатып алу бойынша ашық конкурсқа (ашық конкурстың мәні) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші берген конкурстық өтінімдер салынған
конвертті ашудың
№ ________ ХАТТАМАСЫ
________________________________ (Ашу рәсімін өткізу орны) | 20__ ж. «__» __________ |
1. Тапсырыс берушінің атауы _____________________________________________________________________________________
2. Тапсырыс берушінің тұрғылықты жері ____________________________________________________________________________
3. Құрамдағы конкурстық комиссия:
Конкурстық комиссияның төрағасы: ____________________________________________________________________________
(Тегі, аты-жөні)
Конкурстық комиссияның мүшелері:
___________________________________________________________________________________________________________
(Тегі, аты-жөні)
___________________________________________________________________________________________________________
(Тегі, аты-жөні)
Конкурстық комиссияның хатшысы
___________________________________________________________________________________________________________
(Тегі, аты-жөні)
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін өткізді.
4. Ашық конкурстың мәні: ________________________________________________________________________________________
(Лоттардың атауы егер ашық конкурстың мәніне бірнеше лоттар кірген жағдайда)
5. Конкурстық құжаттаманы мына әлеуетті жеткізуші берген: