35. Ашық конкурсқа қатысуға келісімін білдірген әлеуетті жеткізуші Тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде және мөрленген конвертте конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтінімді береді.
Ашық конкурсқа қатысуға өтінімімен не ашық конкурсқа қатысуға өтінімнің ажырамас бөлігі болып табылатын құжаттар және (немесе) материалдармен конвертті конкурстық құжаттамада көрсетілген оларды берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін беруге рұқсат етілмейді.
36. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінде мыналар қамтылады:
1) конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін көрсетумен ашық конкурсқа қатысуға өтінім;
2) тапсырыс беруші конкурстық құжатта келтірген нысан бойынша және оны қалыптастыру тәртібіне сәйкес конкурстық өтінімнің бағасы;
3) оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын әлеуетті жеткізуші ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілетін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілеттігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжатты, жеке куәлігінің көшірмесін, оның біреуінде СТН болуы тиіс) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін береді. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесін береді. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзінді көшірмесін береді;
әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы (қайта тіркелгені) куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін (БСН-ді көрсетумен);
құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалды куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалды куәландырылған үзіндіні;
төлем қабілетін растайтын құжаттар:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының № 1973 болып тіркелген 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде және ипотекалық ұйымдарда бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің (банк филиалының) немесе банктің мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан бұрын алынуға тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін осындай әлеуетті жеткізушіні тану үшін негіздеме болып табылмайды;
бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда әлеуетті жеткізушіге соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға рұқсат етіледі;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы ұсынылуы мүмкін;
ҚҚС бойынша төлеушіні есепке қою туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);
4) жеткізілетін тауарлардың және (немесе) орындалатын жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің техникалық және сапалық сипаттамасын сипаттаумен техникалық ерекшелігін, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін (конкурстық құжаттамада тиісті талаптар болған жағдайда);
5) ашық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету (конкурстық құжаттамада тиісті талаптар болған жағдайда);
6) әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын және (немесе) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар тұлғаларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінімге қол қоюға және конкурстық комиссияның отырыстарында әлеуетті жеткізушінің мүдделерін білдіретін адамға және (немесе) адамдарға берілетін сенімхат.
37. Осы Ереженің 36-тармағында көзделген құжаттардан басқа, конкурстық өтінімнің шартты бағасын есептеу үшін әлеуетті жеткізуші мыналарды ұсынады:
1) егер әлеуетті жеткізуші тауарларды қазақстандық өндіруші болып табылатын болса, өткізілетін сатып алудың номенклатурасына сәйкес техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген, тауардың қазақстандық шығарылуын растайтын СТ KZ нысанындағы сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) егер әлеуетті жеткізуші жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндіруші болып табылатын болса, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша олардың азаматтығын көрсетумен, қызметкерлердің болуы және саны туралы әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қойған және әлеуетті жеткізушінің мөрімен куәландырылған мәліметтер.
38. Конкурстық өтінім тігілген түрде, нөмірленген беттерімен беріледі, соңғы беті жеке тұлға үшін - ашық конкурсқа қатысушының қолымен, ал заңды тұлға үшін - бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен куәландырылады.
39. Конкурстық өтінім салынған мөрленген конверт:
1) конкурстық құжаттамада көрсетілген деректемелер бойынша тапсырыс берушіге жіберіледі;
2) «_____________ лот сатып алу бойынша ашық конкурс ________» (ашық конкурстың мәні мен лоттың атауы) және «________________ дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтиды (конкурстық құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты);
3) әлеуетті жеткізушінің атауы мен нақты тұрғылықты жерін қамтиды.
40. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімнен кем болмауы тиіс.
41. Осы Ереженің 35, 39-тармақтарының талаптарын бұзумен ашық конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт ашылмайды және конкурстық өтінім салынған конвертті алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті жеткізушіге қайтарылады.
42. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін тапсырыс берушіге әлеуетті жеткізушілерге осы мерзімді қосымша уақыт кезеңіне ұзарту туралы сұрауды жіберуге рұқсат етіледі. Әлеуетті жеткізуші сұраудан бас тартқан жағдайда, оның конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі қолданудың ұзартылмаған мерзімінің бітуі бойынша аяқталады.
43. Ашық конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізуші оларды берудің конкурстық құжаттамада көрсетілген түпкілікті мерзімі өткенге дейін ұсынады.
44. Ашық конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін ұсынған әлеуетті жеткізушілер туралы мәліметтер конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында хронологиялық тәртіппен көрсетіледі.
45. Ашық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірілмей, мыналарға рұқсат етіледі:
1) ашық конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) ол енгізген қамтамасыз етуді қайтаруға құқығын жоғалтпастан, ашық конкурсқа қатысуға өз өтінімін қайтарып алуға.
Ашық конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, бірден өтінім салынған конвертті берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
46. Әлеуетті жеткізуші ашық конкурс тәсілімен сатып алуға оның қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші сатып алу қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерге жауапты болмайды.
Ашық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
47. Ашық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті жеткізуші енгізеді (егер конкурстық құжаттамада өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу қаралған жағдайда), кепілдік ретінде, егер ол:
1) өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін ашық конкурсқа қатысуға өз өтінімін қайтарып алмайды не өзгертпейді және (немесе) толықтырмайды;
2) оны ашық конкурстың жеңімпазы деп анықтаған жағдайда тапсырыс берушімен ашық конкурс қорытындылары туралы хаттамада белгіленген мерзімде сатып алу туралы шарт жасасады және егер конкурстық құжаттама шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуді көздесе сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
48. Ашық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мөлшерін осы тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін конкурстық құжаттамада көзделген соманың бір пайызынан артық көтеруге жол берілмейді.
49. Әлеуетті жеткізушіге ашық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мына түрлерінің біріне рұқсат етіледі:
1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілді ақшалай жарна;
2) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір немесе бірнеше банктерінің банк кепілдігі.
50. Жеткізушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақшалай жарнасына толық не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
51. Жеткізушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін тапсырыс берушінің енгізілген кепілдік ақшалай жарнасын пайдалануына жол берілмейді.
52. Ашық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу туралы талап қоғамдық мүгедектер ұйымдарына қолданылмайды.
53. Тапсырыс беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
1) әлеуетті жеткізуші ашық конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ашық конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
2) ашық конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
3) ашық конкурстың жеңімпазы әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жасап, егер оны енгізу конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орыдамаса.
54. Осы Ереженің 53-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, ашық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тапсырыс берушінің кірісіне есептеледі.
55. Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:
1) осы әлеуетті жеткізуші ашық конкурсқа қатысуға өз өтінімін ашық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай ашық конкурс жеңімпазы деп айқындалған ашық конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) сатып алу туралы шарт күшіне енген және ашық конкурс жеңімпазы егер оның енгізілуі конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
4) әлеуетті жеткізушінің ашық конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу
56. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттамаға сәйкес көрсетілген конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ осы Ереженің 35-39-тармақтарында көрсетілген талаптардың бұзылуымен ұсынылған әлеуетті жеткізушілердің ашық конкурсқа конкурстық өтінімдерін қарамайды.
57. Конкурстық комиссия конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу орны, күні мен уақыты туралы конкурстық құжаттаманың ережелеріне сәйкес конкурстық өтінім салынған конверттерді ашуды жүргізеді.
58. Конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның уәкілетті өкілінің ашық конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді ашу кезінде аудиожазбаны жүргізу құқығына рұқсат етіледі.
Конкурстық комиссияның отырысына қатысушы тұлғаларға конкурстық комиссияның қызметіне араласуына жол берілмейді.
59. Конкурстық өтінімді ашу хаттамасы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімінде ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілетті тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімінде қалыптастырады және орналастырады және оларды ашу күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімінде ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілетті Тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімінде жасалған конкурстық өтінімді ашу хаттамасының қағаздағы данасына конкурстық комиссия мүшелерінің конверттерді ашу рәсімі кезінде төраға, хатшы мен барлық қатысушылар қол қояды.
60. Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу хаттамасында мына мәліметтер көрсетіледі:
1) тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан жері;
2) отырысты өткізудің күні, уақыты және орны;
3) конкурстық комиссияның құрамы;
4) ашық конкурстың мәні (егер ашық конкурс мәніне бірнеше лоттар кірген жағдайда лоттардың атауы);
5) конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті жеткізушілердің атауы, нақты орналасқан орны;
6) конкурстық құжаттаманы өзгертудің және (немесе) түсіндірудің қысқаша сипаттамасы (егер осындайлар болған жағдайда);
7) конкурстық өтінімді ұсынған өтінімді ұсынудың күні және уақыты көрсетумен әлеуетті жеткізушілердің атауы, нақты орналасқан жері;
8) әлеуетті жеткізушілердің атауын, осы Ереженің 35-39-тармақтары талаптарының бұзылуымен оларды ұсыну түрінде қайтарылған немесе әлеуетті жеткізушінің осы Ереженің 45-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қайтарып алынған конкурстық өтінімдер;
9) әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімін өзгерту және (немесе) толықтыру туралы мәліметтер;
10) әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімін ашу мазмұны туралы ақпараты;
11) әлеуетті жеткізушілердің ашылған конкурстық өтінімінің бағасы;
12) ашық конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізушілердің атауын, нақты орналасқан орны;
13) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысушы әлеуетті жеткізушілердің өкілдері туралы мәліметтер.
Конкурстық өтінімдерді қарау тәртібі және ашық конкурс
жеңімпазын анықтау
61. Конкурстық комиссия, егер онда конкурстық құжаттамада баяндалған сипаттамалар, жағдайлар мен өзге де талаптарды елеулі өзгертпеген елеусіз ауытқулар болса немесе елеулі ауытқулар болмаса немесе егер онда конкурстық өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, талаптарға жауап беретін конкурстық өтінімді қарастырады. Кез келген мұндай ауытқулар мүмкіндігінше, сандық көрініс береді және конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде ескеріледі.
62. Осы Ереженің 65-тармағында келтірілген шарттар бойынша конкурстық өтінімдер конкурстық комиссиямен бағалайды және салыстырады және Заңның 63-2-бабының 3-тармағында көзделген шартты төменгі баға бойынша өлшемдерді ескере отырып, ең төменгі баға негізінде жеңген конкурстық өтінімді анықтайды.
63. Конкурстық өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру кезінде:
1) конкурстық комиссия ашық конкурсқа қатысушылардан конкурстық өтінімдерді олардың мазмұнын өзгертпестен қарауды жеңілдету үшін олардың қонкурстық өтінімдерімен байланысты түсіндірулерді беруді сұрауына рұқсат етіледі;
2) конкурстық өтінімді өткізу үшін, конкурстық құжаттаманың және осы талаптарға сәйкес осы ереженің талаптарына жауап бермейтін ешқандай сұрауларға, ұсыныстарға немесе рұқсат берулерге жол берілмейді.
64. Конкурстық комиссия әр лот бойынша конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шешім қабылдау арқылы егер тек конкурстық құжаттамада бұдан ұзақ мерзім белгіленбесе ашық конкурс қорытындыларын шығарады.
65. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімді қабылдамайды, егер:
1) осы конкурстық өтінім конкурстық құжаттаманың талаптарына осы Ереженің 61-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жауап бермесе;
2) әлеуетті жеткізуші осы Ереженің 8-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімде ұсынған бағасы осы сатып алуда көзделген соманы асырған жағдайда.
66. Ашық конкурс қорытындылары бойынша конкурстық комиссия толық немесе жекелеген лот бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ашық конкурс жеңімпазын жариялау туралы;
2) ашық конкурстың сәйкес келмейтін жағдайлары ретінде қабылданған өтінім беруші екі қатысушыдан кем қатысуына байланысты өтпеді деп тану туралы.
67. Ашық конкурстың қорытындылары бойынша шешім жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімінде ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілетті тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасы түрінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімінде қалыптастырады және орналастырады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімінде ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілетті тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
68. Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың қағаз данасына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің қалыптасқан тізіліміне конкурстық комиссия мүшелері қорытындыларды шығару рәсімі кезінде төраға, хатшы және барлық қатысушылар қол қояды.
69. Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттама мыналарды қамтиды:
1) тапсырыс берушінің атауын және тұрған жерін;
2) конкурстық комиссияның отырыс өтетін күнін, уақыты мен орнын;
3) конкурстық комиссияның құрамын;
4) ашық конкурстың мәнін (егер ашық конкурстың мәніне бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атауын);
5) конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттардың ережелерінің түсініктемелерін жинақтап баяндау (конкурстық комиссияның талабы бойынша түсініктеме берген жағдайда хаттамаға енгізіледі);
6) ашық конкурсқа қатысушылардың атауы және нақты тұрған жерінің мекен-жайын;
7) конкурстық өтінімдері қабылданбаған, олардың қабылданбаған себептерін көрсете отырып, ашық конкурсқа қатысушылардың атауы және нақты тұрған жерінің мекен-жайын;
8) бағаның шартты төмендеуін ескере отырып, ашық конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық өтінімдерінің бағасын (лоттар бойынша);
9) ашық конкурс жеңімпазының атауын, нақты тұрған жерінің мекен-жайын және конкурстық өтінімнің бағасын (лоттар бойынша) және (немесе) егер ашық конкурстың нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса себептерін көрсету (лоттар бойынша);
10) лоттар бойынша өткізілген ашық конкурстың нәтижелері бойынша жеңімпазбен шарт жасасу мерзімдерін.
70. Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес белгіленген мерзімде, ашық конкурс жеңімпазының конкурстық өтінімінің талаптарына сәйкесетін жағдайда ашық конкурстың жеңімпазымен шарт жасалады.
71. Ашық конкурстың жеңімпазы ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес белгіленген мерзімде өткізілген ашық конкурстың нәтижелері бойынша шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс беруші ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес жеңімпаздың ұсынысынан кейін ұсынысы тапсырыс беруші үшін ең қолайлы болып табылатын басқа қатысушымен шарт жасасуға рұқсат етіледі.
72. Егер ашық конкурс өтпеді деп танылса, онда тапсырыс беруші осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген хабарлау тәсілдерін қолдана отырып, қайтадан ашық конкурс өткізуге немесе бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
73. Егер өтінімдері ашық конкурстың талаптарына сәйкес келмейтіні ретінде қабылданбаған барлық жеткізушілер сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда тапсырыс беруші Ереженің 30-тармағында көрсетілген хабарлау тәсілдерін қолдана отырып, қайтадан ашық конкурс өткізуге рұқсат етіледі.
4. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бағалық ұсынымдарды
сұрату тәсілімен сатып алу
74. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бағалық ұсынымдарды сұрату тәсілімен сатып алу сапалық сипаттамалары тапсырыс беруші үшін елеулі мәні жоқ тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі, бұл ретте шешуші жағдай баға болып табылады.
75. Бағалық ұсынымдарды сұрату тәсілі, егер нақты тауарды не нақты жұмысты, қызметті сатып алудың жылдық көлемі құндық тұрғыда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың есе мөлшерінен аспаған жағдайда ғана қолданылады.
76. Бағалық ұсынымдарды сұрату тәсілін қолдану мақсатында қаржы жылының ішінде нақты тауарды, нақты жұмысты, қызметті сатып алудың жылдық көлемін олардың бірінің көлемі осы Ереженің 75-тармағында көзделгеннен аз болғанда бөлшектеуге рұқсат етілмейді.
77. Бағалық ұсынымдарды сұрату тәсілімен біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушінің лоттарды сатып алу туралы хабарландыруда осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді міндетті түрде бөлу арқылы көрсетілген тәсілмен бірыңғай сатып алуды ұйымдастыруына және жүргізуге рұқсат етіледі.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірнеше түрлерін бағалық ұсынымдарды сұрату тәсілімен сатып алу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын қарау, бағалау және салғастыру, сондай-ақ жеңімпазды анықтау сатып алу туралы хабарландыруда көзделген әр лот бойынша жүзеге асырылады.
78. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу туралы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне және аптасына кемінде үш рет жарияланатын және мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында орналастырады.
79. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне орналастырылатын баға ұсыныс сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру мынадай ақпаратты қамтиды:
1) тапсырыс берушінің атауын және тұрған жерін;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу затын (егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу затына бірнеше лот кірген жағдайда лоттардың атауын);