Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
бастапқы медициналық санитарлық көмектің медициналық ұйымдарын
штаттық нормативтерге сәйкес медициналық кадрлармен жасақтауға
және жалпы практикадағы дәрігерлердің жүйесін дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 4 997 571 мың теңге (төрт миллиард тоғыз жүз тоқсан жеті миллион бес жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 17, 21, 48-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы шілдедегі Заңының 10-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1304 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмекті жақсарту, Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) деңгейінде көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: БМСК-ның медициналық ұйымдарын медицина штат нормативтеріне сәйкес медицина кадрларымен толықтыру және жалпы практика дәрігерлері жүйесін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бастапқы медициналық санитарлық көмектің медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес медициналық кадрлармен жасақтауға және жалпы практикадағы дәрігерлердің жүйесін дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес бейінді мамандармен толықтыру және жалпы практика дәрігерлері жүйесін дамыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: БМСК және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдарды бейінді мамандармен толықтыру және жинақтау (2548,2 бірлік).
Түпкі нәтиже: халықтың БМСК-ге қолжетімділігін қамтамасыз ету, халыққа БМСК деңгейінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру және жалпы практика дәрігері жүйесін дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: дәрігердің бір штат бірлігін толықтыру мен жинақтауға жұмсалатын орташа шығыстар - 337,0 мың теңге.
Уақтылығы: әкімдіктің шешіміне сәйкес.
Сапасы: БМСК және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдардың қызметінің тиімділігін арттыру.
Ескерту:
*) Республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі, сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
319-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне құрылатын ақпараттық-талдамалық орталықтардың қызметін қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 41447 мың теңге (қырық бір миллион төрт жүз қырық жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласында ақпараттық жүйелерді енгізу және ілестіру үшін өңірлік институттардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылған ақпараттық-талдамалық орталықтардың қызметін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 031 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне құрылатын ақпараттық-талдамалық орталықтардың қызметін қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару Ашылған 14 ақпараттық-талдау орталығының қызметін қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне құрылған 14 ақпараттық-талдамалық орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару.
Түпкі нәтиже: құрылған 14 ақпараттық-талдамалық орталықтың денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін бағдарламалық-техникалық ілеспесі бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір ақпараттық-талдау орталығына жұмсалатын орташа шығын 2961 мың теңге.
Уақтылығы: құрылған ақпараттық-талдамалық орталықтардың қызметкерлеріне ай сайын еңбекақы төлеу.
Сапасы: құрылған ақпараттық-талдамалық орталықтардың қызметкерлерінің сапалы қызметінің дәлелділігін қамтамасыз ету.*
*) Ескертпе: Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
320-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000000 мың теңге (бір миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 23-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы облысы мен Алматы қаласы денсаулық сақтау объектілерінің сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы облысының және Алматы қаласының жекелеген денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 032 | | Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері | «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына тізбе бойынша және сомалар шегінде денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту үшін Алматы облысының бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансферттерін аудару. Денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды жүргізу «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша және сомалар шегінде денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту үшін Алматы облысының бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансферттерін аудару. Денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды жүргізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысының және Алматы қаласының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Алматы облысы мен Алматы қаласының денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: Алматы облысы мен Алматы қаласының денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды арттыру.
Уақтылылығы: қызметтерді берушілермен жасалған шарттарға сәйкес сеймикалық нығайту бойынша көлемді орындау.
Сапа: Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту.
Ескерту:
*) Объектілердің тізбесі «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1204 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
321-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпидемиологиялық қадағалау жүргізу үшін тест-жүйелерді сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 033 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11489 мың теңге (он бір миллион төрт жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы № 176-ІІІ Заңы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: АҚТҚ/ЖҚТБ және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын диагностикалауды жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: АҚТҚ инфекциясын және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын эпидемиологиялық қадағалау технологиясына халықаралық стандарттарды енгізу жолымен АҚТҚ инфекциясын және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын (вирусты С гепатиті, мерез) зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 033 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпидемиологиялық қадағалау жүргізу үшін тест-жүйелерді сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер аудару АҚТҚ және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын (вирусты С гепатиті, мерез) зерттеуге арналған диагностикалық тест-жүйелерді сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: АҚТҚ және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын зерттеуге арналған дигностикалық тест-жүйелердің кемінде 896 жинағын сатып алу.
Түпкі нәтиже: АҚТҚ инфекциясын және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын эпидемиологиялық қадағалаудың қазіргі заманғы стандарттарын енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: диагностикалық тест-жүйелердің 1 жинағын сатып алуға жұмсалатын орташа шығындар 12,8 мың теңге.
Сапасы: халықаралық стандарттарға сәйкес АҚТҚ инфекциясын және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын зерттеуді жүргізу.
*) Ескерту:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
322-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
амбулаториялық емдеу деңгейіндегі 5 жасқа дейінгі балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 035 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 596614 мың теңге (бес жүз тоқсан алты миллион алты жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 25, 26-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысы; «Азаматтардың дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазан № 962 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, балалар өлімінің деңгейін төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 5 жасқа дейінгі балаларды амбулаториялық емдеу деңгейінде уақтылы тегін дәрілік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 035 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне амбулаториялық емдеу деңгейіндегі 5 жасқа дейінгі балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. 5 жасқа дейінгі балаларды емдеудің амбулаториялық деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: амбулаториялық емдеудегі 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды уақытында тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (балалардың орташа жылдық саны - 623 595).
Түпкі нәтиже: 5 жасқа дейінгі балаларды дәрілік препараттармен тегін қамтамасыз ету есебінен балалардың өлім-жітімін төмендету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір жағдайды амбулаториялық емдеу кезіндегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған орташа шығыстар 957 теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: негізделген шағымдардың болмауы.
Ескерту:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
323-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жүкті әйелдерді құрамында темір және йод бар препараттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 036 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 665733 мың теңге (алты жүз алпыс бес миллион жеті жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысы; «Азаматтардың дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазан № 962 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: организмдегі темір және йод тапшылығына байланысты жүкті әйелдердің денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жүкті әйелдерді құрамында темір мен йод бар препараттармен уақытында тегін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 036 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жүкті әйелдерді құрамында темір және йод бар препараттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне амбулаториялық емдеу деңгейінде жүкті әйелдер үшін құрамында темір мен йод бар препараттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Амбулаториялық емдеу деңгейінде жүкті әйелдер үшін құрамында темір мен йод бар препараттарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: амбулаториялық деңгейде жүкті әйелдерді құрамында темір мен йод бар препараттармен тегін қамтамасыз етуге уақытында нысаналы трансферттер аудару (жүкті әйелдердің орташа жылдық саны - 300 171).
Түпкі нәтиже: жүктілік пен босану асқынуларын төмендету, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің аурушаңдығын төмендету, ана және перинаталдық өлімді төмендету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір жүкті әйелді құрамында темір мен йод бар препараттармен қамтамасыз етуге орташа шығыстар - 2, 2 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: негіздемелеген шағымдардың болмауы.
Ескерту:
*) Республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру, сандық және сапалық көрсеткіштер жөніндегі іс-шаралардың тізбесі жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
324-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала медициналық тексеруді жүзеге асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 3 848 767 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз қырық сегіз миллион жеті жүз алпыс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 7-бабы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 12 және 13-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысы.