2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 Қаулысы
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
292, 293, 294, 295, 296, 297, 298, 299, 300, 301, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 314-1, 314-2, 315, 316, 317, 318, 319, 320, 321, 322, 323, 324, 325, 326, 327, 328, 329, 330, 331-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
292-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 782 022 мың теңге (бір миллиард жеті жүз сексен екі миллион жиырма екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 30 маусым № 905; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының перспективалық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысы;»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 899 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау жүйесін дамытудың және оны жетілдірудің мемлекеттік саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттегі денсаулық сақтаудың ахуалын толыққанды және уақтылы мониторинг жүргізу; халықты қауіпсіз, қол жетімді, сапалы медициналық көмекпен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығымен қамтамасыз ету; қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімдері мен дағдыларын жаңарту және тереңдету; салауатты өмір салтын насихаттау; бәсекелес ортаны дамыту, мемлекеттік медицинаны монополиясыздандыру; жедел және стратегиялық шешімдерді қабылдаудың сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық шағын жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту.
ҚР Үкіметінің 2007.08.05. № 369 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін функцияларды жүзеге асыру. Бәсекелес ортаны дамыту, мемлекеттік медицинаны монополиясыздандыру. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу. Республикалық деңгейде салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шаралар өткізу. Денсаулық сақтау объектілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Медициналық қызмет көрсету саласында, дәрілік заттар айналымы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында бақылауды жүзеге асыру. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды аттестаттау және оларға біліктілік санаттарын беру. Медициналық қызметті тәуелсіз сараптамадан өткізу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, оның ведомстволық және олардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің денсаулық сақтау саласындағы басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша біліктілігін арттыру. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және оның ведомстволарының мамандарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелде оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы бойынша басқармаларының ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдары үшін есептеуіш, ұйымдастыру және телекоммуникациялық техникасы құралдарын, лицензиялық бағдарламалық өнімдерін, шығын және жинақталым материалдарын сатып алу. Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдер кешендерінің ілеспе және іске қосу жөніндегі қызметтерді төлеу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдалған кабель тораптары мен серверлеріне әкімшілік ету жөніндегі қызметтерді төлеу. Есептеуіш, ұйымдастыру және телекоммуникациялық техника құралдарына техникалық қызмет көрсету және алдын алу қызметтерін төлеу. Телекоммуникациялық қызметтерді төлеу. Азия даму банкінің JFRP № 9052-RЕG «Орталық Азия елдері мен Монғолиядағы азық-түлік өнімдерін орнықты фортификациялау» жобасы бойынша ақша қаражатын қалпына келтіру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды уақтылы және тиімді қамтамасыз ету; ел ішінде орта есеппен 35 қызметшінің біліктілігін арттыру; орта есеппен 38 қызметшіні ағылшын тіліне оқыту; орта есеппен 180 қызметшіні мемлекеттік тілге оқыту; орта есеппен 35 адамды, дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның қызметшілерін шетелде оқыту және денсаулық сақтау, медициналық қызмет көрсетуді бақылау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің орта есеппен 28 маманын шетелде оқыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражатын тиімді жұмсау.
Бір қызметшіні ел ішінде біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығыстар - 22,1 мың теңге;
бір қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 35,3 мың теңге;
бір қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 35,3 мың теңге;
дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның бір қызметшісінің шетелде біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығыстар - 2114,9 мың теңге;
денсаулық сақтау, медициналық қызмет көрсетуді бақылау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің бір қызметшісінің шетелде оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 1428,5 мың теңге.
Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халықаралық стандарттарға сәйкес болуы.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шаралардың белгіленген мерзімдерде орындалуы.
Сапасы: денсаулық сақтау жүйесін басқару деңгейін арттыру; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне және оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
293-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 230395 мың теңге (екі жүз отыз миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 24, 35, 43-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 3 , 7 , 18, 48-баптары; «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы; «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау | Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес республикалық медициналық білім беру ұйымдарында орта кәсіптік білімді мамандарды даярлау. Орташа жылдық контингент - 1023. Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарында - білім алушыларды жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережеге сәйкес білім алушыларға мемлекеттік стипендия төлеу жолымен әлеуметтік қолдау. Білім алушы-стипендиаттардың жылдық орташа контингентіне - 767 мемлекеттік стипендия төлеу. Орта оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындардың жазғы және қысқы каникулдар, кезінде жылдың басында бітірмей тұрғанда - 723, бітіретіндерге - 300 оқушылардың контингентіне жолақысына ақшалай өтемақы төлеуге берілетін трансферттерді аудару арқылы азаматтардың жоғары кәсіптік білім алуы кезінде әлеуметтік қолдау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқушыларды оқуға қабылдау - 450 адам, стипендиаттардың орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендиялар төлеу - 767, стипендиямен қамтамасыз ету - білім алушылардың 75 пайызы.
Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығыс мөлшері - жылына 221488 теңге. Бір оқушының айлық стипендиясының мөлшері 5147 теңге. Қысқы және жазғы каникулдар кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға жол жүруге 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу.
Уақтылығы: денсаулық сақтау саласының орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандарының күтілетін бітірушілер саны кемінде 300 адам.
Сапасы: медицина колледжін үздік бітірген, орта кәсіптік білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 16 пайызы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
294-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 6 179 709 мың теңге (алты миллиард бір жүз жетпіс тоғыз миллион жеті жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 3 , 25, 26, 27, 43 және 44-баптары; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 48-бабы; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысы; «Мемлекеттік білім беру гранты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы, «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; «Ерекше мәртебесі бар оқу орындары жөніндегі типтік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Мемлекеттік атаулы стипендияларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 125 қаулысы; «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы; «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысы; «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімді мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау саласының білікті кадрларын даярлауды қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарының студенттерін медициналық мамандықтар бойынша запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік білім беру гранты бойынша мамандар даярлау | Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша студенттер мен интерндерді даярлау. Оқу процесін ұйымдастыру үшін материалдық-техникалық жағдай жасау. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен басшы қызметкерлерінің белгіленген жалақыларын 1,75-ке көбейтетін коэффициентін төлеуге байланысты шығыстарды субсидиялау. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша студенттер мен интерндердің орташа жылдық контингенті 13453. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
3 | | 101 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жоғары оқу органдарының әскери кафедраларының запастағы офицерлер даярлау | Медициналық ЖОО-лардағы оқу жоспарына сәйкес запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттерді әскери даярлауды жүзеге асыру. Запастағы офицерлердің орташа жылдық контингенті 1449. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
4 | | 102 | Жоғары оқу орындарының студенттерін стипендиямен қамтамасыз ету | Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарында білім алатын жекелеген санаттарға мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережеге және Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесіне сәйкес студенттер мен интерндерге мемлекеттік стипендия төлеу арқылы оларды жоғары кәсіптік білім алуы кезінде әлеуметтік қолдау. Студенттер мен интерндердің орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендия төлеу 11 602. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
5 | | 103 | Ғылыми кадрлар даярлау | Ғылыми кадрлардың медицинаның өзекті мәселелері жөніндегі жеке ғылыми зерттеулерін әзірлеуі және оларды жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда докторлық, кандидаттық және магистрлік диссертациялар түрінде ресімдеу, ғылыми зерттеулердің әдіснамасын меңгеру, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда тереңдетілген медициналық білім алу, ғылыми кадрларды даярлау процесін қамтамасыз ету. Орташа жылдық саны: докторанттар - 102, аспиранттар - 200, клиникалық ординаторлар - 195, магистранттар - 110. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
6 | | 104 | Ғылыми кадрларды стипендиямен қамтамасыз ету | Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарында білім алатын жекелеген санаттарға мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережеге сәйкес мемлекеттік стипендия төлеу арқылы 102 докторанттың, 200 аспиранттың, 195 клиникалық ординатордың және 110 магистранттың орташа жылдық контингентін әлеуметтік қолдау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7 | | 105 | Мемлекеттік жоғары оқу орындарын күрделі жөндеу | Мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес С.Ж.Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетіне, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына, Семей мемлекеттік медицина академиясына, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясына, Қазақ мемлекеттік медицина академиясына, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтына, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебіне ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеуге күрделі трансферттер аударуға күрделі трансферттер аудару арқылы оқытудың сапасын көтеру үшін жағдай жасау мақсатында мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындары ғимараттарының техникалық жағдайын жақсарту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
8 | | 106 | Студенттердің жоғары оқу орындарында оқуды аяқтауы | 1999 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орнына түскен студенттер мен интерндерді мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес даярлау. Оқу процесі үшін материалдық-техникалық жағдай жасау. 1999 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орнына түскен студенттер мен интерндердің орташа жылдық контингенті - 6. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
9 | | 107 | Жоғары оқу орындарында оқу аяқтайтын студенттерді стипендиямен қамтамасыз ету | Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарында білім алатын жекелеген санаттарға мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережеге сәйкес 1999 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орнына түскен студенттер мен интерндерге мемлекеттік стипендия төлеу арқылы студенттер мен интерндерді олардың жоғары кәсіптік білім алуы кезінде әлеуметтік қолдау. 1999 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орнына түскен студенттер мен интерндердің орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендия төлеу - 5. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
10 | | 108 | Кәсіптік жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқандар арасынан жастардың жол жүруіне өтемақы төлеу | Жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындардың жазғы және қысқы каникулдар кезінде жылдың басында бітірмей тұрғанда 11266, бітіретіндерге 1721 студенттердің контингентіне жолақысына ақшалай өтемақы төлеу үшін берілетін трансферттерді аудару арқылы азаматтарды жоғары кәсіптік білім алуы кезінде әлеуметтік қолдау. | 1, 2 тоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
11 | | 109 | Мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындарының жанынан оқу-клиникалық орталықтар құру | С.Ж.Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетінің, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының, Семей мемлекеттік медицина академиясының, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының, Қазақ мемлекеттік медицина академиясының, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының жанынан оқу-клиникалық орталықтарын ашу және оларды қазіргі заманғы жабдықтармен (муляждар, фантомдар, тренажерлар) жарақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: студенттерді мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау - 4000; медициналық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына запастағы офицерлерді қабылдау - 600; докторанттар - 33, аспиранттар - 63, клиникалық ординаторлар - 90, магистранттар - 70; 1-курс студенттерін стипендиямен қамтамасыз ету (жаңа қабылдау) - 100 пайыз, оқуды жалғастырушылар орта есеппен - 86 пайыз және интерндер - 90 пайыз; магистранттар, клиникалық ординаторлар, аспиранттар және докторанттар - 100 пайыз.